Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ахмет Яссауи хикметтері 8 класс
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ахмет Яссауи хикметтері 8 класс

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Қазақ әдебиеті 8-класс

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи хикметтері

Мақсаты:

Білімділік: білімпаз ғалым,ақын,асқан ойшыл,бүкіл түркі жұртының рухани атасы,сопылық әдебиеттің өкілі жайлы мағлұмат беру, «Даналық кітабынан» үзінді оқытып,сақтандырған бес нәрсені айту,жаздырту.

Дамытушылық: сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту,өз бетімен ізденуге баулу,ой қорытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: ислам дінін уағыздау арқылы ізгілікке, адамгершілікке,мейірімділікке үндеу, рухани тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап ,баяндау,түсіндіру,зерттеу,тест, салыстыру
Көрнекілік: Йасауи суреті, кесенесінің суреті, карта,кітаптар,бүктемелер
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Әбунасыр Әл- Фарабидің «Қашықтасың туған жер қалың елім», «Бауырым қанша сүйгенмен», «Қағаздың түсіп бетіне», «Тамылжып бал тыныштық айналамнан» өлеңдері
2. «Екінші ұстаз » деген тақырыпта шығарма жазу
3. Әбунасыр Әл- Фарабидің өмірі туралы мәліметтерден сұрақтар беру.
Сабақты қорыту: оқушыларға осы кезге дейін өткен сабақтардан карта арқылы сұрақтар беріп, жауаптарын толықтырып, қорытамын.
« Әл Фарабиді тану»картасы
Мұғалім сұрағы Оқушы жауабы
1. Әл Фараби кім?
2.Қайда туған,қай жерде тұрған?
3.Қанша жыл өмір сүрген?
4.Қандай өлеңдерін білесіңдер ?
5. Өлеңдерінде не туралы
айтылған ?
Жаңа сабақ .
1. Оқушыларға сұрақтар бере отырып, әр сұрақтың жауабын айтқан сайын тақтадағы сурет ашылып астынан Ахмет Йасауидің суретін шығару . Берілетін сұрақтар.
1.X-XII ғасырдағы әдебиет нешеге бөлінеді?
2. Сыр бойы әдебиетінің өкілдерін ата.
3. Қарахан әдебиетінің өкілдері н ата
4.Әл-Фараби кім? Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?
Оқушылардан кімнің суреті екенін сұрап, жаңа тақырыпты бастаймын.
Бүгінгі сабақта Сыр бойы әдебиетінің өкілі,ақын,ұстаз,ойшыл Ахмет Йасауидың өмірі, «Диуани хикмет»еңбегі жайлы айтамыз. Сабақты мынандай дәйексөзді негізге ала отырып жүргіземіз: «Ең алдымен,өзіңді өзің таны!»-дейді грек ғалымы.
«Өзіңді танығаның-хақты танығаның»-дейді ұлы бабамыз Қожа Ахмет Йасауи.Хақ деп отырғаны-ақиқат,дүниенің мәні.Демек,әрбір адам,ең алдымен ,өз елінің өткенін,тарихын,ата-бабаларын білуі керек.
Оқушыларға Ахмет Йасауи туралы ізденуге алдын- ала тапсырмалар берілген. Сол тапсырма бойынша тақырып төңірегінде ғалымдар не дер екен,соған назар аударайық.
1.Ахмет Йасауи туралы филолог не дейді?
филолог оқушы жауабы: Сыр бойы Х-ХІІ ғасырдағы Қазақстан жеріндегі ірі мәдени орталықтың бірі  болды.Ол өңірден  Ахмет Йасауи,.Ахмет Йүгінеки,.Сүлеймен Бақырғани сияқты  белгілі  ақындар шықты.
Ахмет Йасауи –ақын,ойшыл,бүкіл түркі жұртының рухани атасы, білімпаз ғалым.Ол қазіргі Шымкент облысындағы Сайрамда туылып,қазақ жерін Үнді,Қытай,Еуропамен байланыстырған,Түркістан қаласында тұрған. Йасауи ата-анасынан 7 жасында жетім қалып,Түркістанда (ол кезде Йасы деп атаған)апасының қолында тәрбиеленді.
Йасауи- бүкіл өмірін исламды уағыздауға,шәкірт тәрбиелеуге арнаған сопылық әдебиеттің өкілі .Ал 63 жасында жер астынан жертөле  қазып, қылует жасатып: «Мұхаммед пайғамбар жасынан асып кеттім,бұдан әрі өмір сүруім күпірлік болады»-деп, қалған өмірін сол жер астында өткізген,73жасында қайтыс болған.Ибраһим,Гауһар есімді ұл-қызы бар екен,ұлы жастай қайтыс болыпты.
Екі ұстазы болған:Арыстан баб және Қожа Иусуф Хамадани.
Екеуі де дүниеге қызықпайтын ,дін тазалығын,адамдық жолын ұстаған кісілер еді.Қожа Ахмет Йасауи де өзіне осы жолды таңдады.
2.Әдебиетші не дейді екен?
Жауабы:Йасауи жер астында отырып,соңғы он жылында «Хикметтер»атты кітабын жазған. «Диуани хикмет» кітабы ,Диуани-жинақ,хикмет-алланың құдірет күші,яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап»деген мағынаны білдіреді.
«Диуани хикмет»-дидактикалық мазмұндағы ақыл кітабы,оның түп нұсқасы сақталмаған.
« Диуани хикмет»-әрбір адамды имандылыққа ,ізгілікке,адамгершілікке бағыттайтын,тәрбиелік мәні аса зор
еңбек. Ендеше,біз баба жайлы білуіміз керек.
1.Ахмет Йасауи-ғалым,ақын,ойшыл,ұстаз,сопылардың пірі
2.Йасауи-сопылық әдебиеттің өкілі.
3.Екі ұстазы:Арыстан баб және Иусуф Хамадани
4. «Диуани хикмет»кітабы
5.Бес нәрседен қашық бол.
Бір аңызға назар аударып тыңдайық .
1. Ысқақ Бабтың ұрпақтарының бірі Ибраһим шайхтан екі бала болады. Бірінің аты Қожа Ахмет Иассауи, екіншісінің аты Садр Шайх. Міне осы екі бала туралы мынадай аңыз-әңгіме бар.
Бірде Қожа Ахмет Иассауи Сайрамда (Испиджаб) тұрған кезінде үйден далаға шықса, атасы Ибраһим Шайх шұқшиып жер шұқып отыр екен. «Ата, не істеп отырсыз?» — деп сұрағанда: — «Е, балам, егістікті жекелеп отырмын» — деп жауап береді. «Ой, ата-ай, соған да уақыт жұмсап, әуре боласыз ба, бір ауыз сөзбен бітірмейсіз бе?» — дейді. «Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан келсе, жасай ғой», – дейді. Сонда жас Қожа Ахмет тұрып: «Жегенің жерге қал, бітенің бетке шық»,-деген екен.Дәрет алып келген атасы қайран қалып: «Е, балам, екі қошқардың басы бір казанға сыймайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек», – депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: «Сіз жасыңыз келген ағасыз, мен жаспын, мен кетейін», – деген екен. Сонымен, ақ түйеге мініп, жүріп кетеді Сондағы ойы – осы ақ түйе қай жерге барып шөксе, сол жерге қоныс тебу. Сөйтіп, ақ түйе шөккен осы Түркістан жері оның мекен-жайына айналады.
Оқушылардың жауаптарын толықтырып , жаңа тақырыпты түсіндіріп шығу.
Сабақты пысықтау: оқушыларға Ахмет кітабында кездесетін түсініксіз кейбір сөздерге сөздік жұмыстарын жүргізу.
1. Сөздік жұмысы.
Сопылық-ислам дініндегі бір ағым,рухани тазалық арқылы Аллаға жақындай түсу жолын іздейтіндер.
Қылует-халуат деген сөзден шыққан, («араб сөзі»оңашалану дегенді білдіреді )жер астында бір кісілік жертөле.
Күпірлік-асып-тасқандық
Пір – (парсы сөзі) жетекші, бастаушы
Сопылық – мұсылман дінінің суфизм деп аталған ағымы.
Зікір – Құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер
Шариғат – ислам заңдары мен әдет-ғұрып жинағы
Мағрифат – дін жолын танып,оқып білу
Тариқат – сопылық идеясы
Хақиқат – Құдай және оған жақындау
Ғазиз – өте үстем
Ғафил – бейқам
Аят – Құран кәрім сүресіндегі ақ жол өлеңдер
Хадис – Мұхаммед пайғамбар жайлы әңгімелер
2.Йасауи шығармасындағы сақтандырған 5 нәрсемен таныстыра отырып,кімнің даналық ойымен сәйкес келетіндігін анықтау,кестені толтыру:
Йасауи: Абай:
1.Алланың ақ жолын мойында 1.Өсек
2.Менмен,тәкәппар болма 2.өтірік
3.Арыңды сатпа 3.мақтаншақ
4.Арамдықтан аулақ бол. 4.еріншек.
5.Еріншек болма. 5.бекер мал шашпақ
Оқушылар осылай кесте толтыртып, олардан Абай мен Ахмет ілімінің үндестігінің бар, жоқтығын, бізді қандай жақсы қасиеттерге тәрбиелейтінін сұрау.
3. Оқушыларға төмендегідей салыстыру кестесін жасату.
Әбу Насыр Әл — Фараби Ортақ қасиеттері Ахмет Йасауи
Отырар қаласында туған.
6 жасында Бағдат қаласына оқу іздеп барған. Математика , музыка, логика, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан. Араб, парсы , грек тілдерін меңгерген. Сыр бойы әдебиетінің өкілдері . Екеуі де ақын, ұстаз. Түркістанда тұрған.
Бар уақытын оқуға, ізденуге жазуға арнаған. Сайрам қаласында туған. 90 мың шәкірті болған. Ақын ойшыл ,ұстаз. Бес жасынан дін жолына түсіп уағыздаған. 7 жасында Арыстанбабты іздеп тапқан. 63 жасынан кейін жер астында өмір сүрген.
Сабақты қорыту : оқушыларға өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыртып, « Сәйкестендіру тесті» толтыртып, жауаптарын толықтырып, қорыту.

Бүгінгі сабағымызда Яссауи бабамыздың даналығын байқадық . Қорыта келгенде,ол:
-Халқыңа,еліңе әділ бол,жаныңды Отан құрбаны қыл;
-Қолыңа түскенді жоқ-жітіктен аяма,жомарт бол;
-Дүниеқұмар,пейілсіз болма.
-Қанағат,рақым сақта;
-Үлкен сөзін,ғұлама сөзін,ұстаз сөзін,ақылдарын екі кетпей тыңдап,ұғын,нағыз тура жол осы,-дейді.
« Сәйкестендіру тесті»
Берілетін сұрақ Сызба Жауаптары
Әбу Насыр Әл- Фараби өмір сүрген жылдар. ҮІІІ ғасыр
«Оғыз Қаған » жыры қай ғасырларда жазылған ? 870-950 жыл
Қорқыт ата қай ғасырда өмір сүрген ? ХVғасыр
Қорқыт айтқан жырлар қай ғасырда қара сөзбен хатқа түскен ? ҮІІІ-ІХ ғасыр

Үйге тапсырма: «Ахмет Йасауи-ақын,асқан ойшыл» тақырыбын оқу, ізденіп реферат дайындау. «Йасауи  шығармаларының тәрбиелік мәні » тақырыбында ойтолғау жазу.

Оқушыларды бағалау :





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-007474

Похожие материалы