Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ақиқаттың ақыны" М.Шахановқа арналған кеш

"Ақиқаттың ақыны" М.Шахановқа арналған кеш

Скачать материал

Ақиқаттың ақыны

/М.Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш/

 

1-жүргізуші: -Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: -Қайырлы күн, ағайын!

1-жүргізуші: - Халқымыз ақыннан кенде болған емес.Сонау ХҮ ғасырдағы жаужүрек

 жыраулардан бастап бүгінгі күнгі поэзия әлеміне көз салсақ, қазақ халқының бүкіл    

 ақыл-ойы, сенім түйсігі, шаттығы мен қайғысы, жеңісі мен жеңілісі ең алдымен,

 ақын жүрегіне жиналғаны байқалады. Олар өз Отанын сөзбен ғана емес, іспен де,  қарумен де қорғады.

2-жүргізуші: - Осындай жырауларымыздың қатарында Қазтуған,   Ақтамберді,   Үмбетей,   Бұқар,    Махамбеттерді айтатын болсақ,  қазіргі заманымыздағы ақиқатты ашына айтар ақындарымыздың қатарында Мұхтар Шахановты атап өтуге болады.

1-жүргізуші;  - Адам мен қоғам өзгерген заманда ақиқатты айтуға,  бабаларымыздың «Бас кеспек болса да , тіл кеспек жоқ» деген қағидасын берік ұстанып,  қоғамның , үкіметтің, басшылардың кемшіліктерін дер кезінде байқап, үлкен азаттық танытып жүрген ақындарымыздың бірегейі – Мұхтар Шаханов.

2-жүргізуші: - Бұл күнде азаттығы мен поэзиясын бүкіл әлем мойындаған Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Ақиқаттың ақыны» атты әдеби-сазды кешімізге хош келдіңіздер!

1-жүргізуші: - Мұхтар ағамыздың поэзиясына кезек берместен бұрын, алдымен ақын ағамыздың өмірімен кішкене танысып алайық.

2-жүргізуші: - Олай болса сөз кезегін   5-сынып оқушыларына берейік.

1-жүргізуші: - Білесің бе,  Сағыныш ! «Мұхтар» сөзі араб тілінен аударғанда азат, білімді, таңдаулы деген мағыналарды білдіреді екен.

2-жүргізуші:  -  Онда Мұхтар ағамыз атына заты сай азамат болып өскен десек қателеспейміз ғой?

1-жүргізуші: - Әрине,  қателеспейміз!  Қазақ  халқы ырымшыл халық қой! Заманымыздың

 Заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы алғаш жарық көрген жылы дүниеге келген сәбиіне  «Мұхтар Әуезовтай дана болсын» деген ырыммен әкесі баласының есімін Мұхтар қойған екен.

2-жүргізуші: - Ендеше,  ақынның өзінің атының қалай қойылғанын сыр шертетін «Мені неге Мұхтар қойған?» атты өлеңін   Өмірзақова Бибіназдың  оқуында тыңдайық.

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Айналайын» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтындар мектебіміздің жас мұғалімдері Индира мен Нұрдәулет

1-жүргізуші: «Бала кезімнен бастап әкем мені алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы балалардың қайсар –қайпас ерлігі мен Шыңғыс ханның зобалаңы туралы сан рет әңгімелейтін. Анамның «Бала әлі жас қой түсіне қояр деймісің» дегеніне әкем «жоқ, түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жібере алмаған  дарақтың ғұмыры келте» дейтін. Менің бірнеше дүркін Отырар жайлы  жазуым бар» дейді ақын. Бұлай жазуыма  тура келсе, осының барлығы әке сөзінің маған берген әсері» дейді ақын.

2-жүргізуші: - Ендеше, жеңілген жеңімпаз хандығы «Отырар» дастаны немесе «Шыңғысханның қателігі» шығармасынан көрініс тамашалаңыздар.

5-сынып оқушылары  «Отырар» шығармасынан көрініс


Оян, Қайыр бабатайым, қасіретім,қымбаттым!

Сан алапат тасырдан соң,

Тасыр дауыл басылған соң,

Жеті жарым ғасырдан соң,

Өзіңді іздеп тіл қаттым.

Аман қапты батыр арман отқа оранған

Отырардан

Қашып шыққан сол баяғы баладан

Бұл күндері санатты ұрпақ тараған.

Дәуірінің қанатында самғаған

Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам!


2-жүргізуші: Н.Тілендиевтің әніне жазылғн Мұхтардың өлеңі «Әке туралы жыр»  әнін қабыл алыңыздар.

Орындайтын Ермұханова Амангүл

1-жүргізуші:-Ақынның алғашқы өлеңдері туған жеріне, отанына арналыпты. Енді осы өлеңдеріне кезек берейік!

«Төрт сәуле бар» өлеңін оқитын Әлібеков Бағылан 

«Тамырсыздық қаупінің тұжырымдамасы» өлеңі оқитын Мурадинова Асылзат

2-жүргізуші: «Мен қаншама жыл өтсе де бірнеше ағалар туралы қалыптасқан сенім-түйсігіме қылау түспейтіндігіме сенімдемін. Менің тағдырыма ерекше әсер еткен жан-Төлеген Айбергенов.Содан  кейін Шәмші  Қалдаяқов. Екеуіміз бір топырақтың перзенті болған соң бірге жүрдік. Шымкентте болғанда Шәмші уақытының көп бөлігін біздің үйде өткізген. Ол маған рухани аға, дос, әрі туыс болып кетті. Менің анам марқұм сұрағанда «менің үш ұлым бар, біріншісі –Шәмші, екіншісі –Төлеген, кішісі- Мұхтар,»-деп жауап беретін. Бірде Дінмұхамед Қонаев марқұм үйде болғанда «Жеңеше-ау қазақтың үш мықтысын бір өзіңіз дүниеге әкелген екенсіз»деп қалжыңдайтын.Оны екі адам  менің  өміріме үлкен шуақ түсірді » дейді Мұхтар Шаханов.

1-жүргізуші: «Вальс королі»атанған Шәмші ағамыздың әндерінің өзі бір төбе. Ал әндерге өлең жазған Мұхтар ағамыздың өлеңдері біршама! Атап айтсақ, «Ақ бантик», «Туған күн кешінде»,  « Арыс жағасында», «Қуаныш вальсі», т.б.

1-жүргізуші: -Олай болса осы әндерінің бірін тыңдарман қауымға тарту етейік.

М ұхтар Шахановтың сөзіне жазылған  Шәмші Қалдаяқовтің  әні «Туған күн кешінде». Орындайтын- Әбжанова Ақниет

2-жүргізуші:- М.Шаханов –табиғатынан қайсарлығы басым ақын. Ашынған жүрек, ақырған ашу, қан жылаған қайғыны мезгіл-мекенсіз өлеңнің өзегіне итере алмайды. Соған әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір келбетін жасайды.

1-жүргізуші: Қоғам тіршілігін майданға теңесек, Мұхтар аға ең алдыңғы шепте, оқтың өтінде өлімге бас тіккен жанкешті жауынгер еді.

«Ар ұждан – адамдық өлшемі» өлеңін оқитын Байғабақова Алтынай

1-жүргізуші: «Достық –шын мәнінде махаббатпен тең тұратын қасиет. Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді. Сақтар дәуірінде өмірде бір досы жоқ адамды адам деп есептемеген. Өйткені, досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген» – дейді ақын.

2-жүргізуші:

Достық деген ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанында сатып кете алады,

Қиын шақта досын сатьқан адамдар.

Олай болса, достық өлкесінің заңын биік ұстайық.

Сүйеуов Данияр

Ағыраев Тәуекелдің орындауында «Гүлдәурен»  әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:-Қазақтың зиялы қауымында кімнің кім екенін анықтайтын 1986 жылдың желтоқсаны еді.Осындай бір қиын кезде құрбан болған жазықсыз жандардың жоқшысы болып,өз тағдырын қылыштың жүзіндей қатерге байлап, халық назарының биігіне ақын М.Шаханов көтерілді.

1-жүргізуші:  Мұндай ерлікті тудырушы күш адамның өз халқына деген махаббатынан басқа ештеңе болуы мүмкін емес.Сонау поэзияға алғаш келгеннен  бастап ел тағдырын жырлауға жалықпаған Мұхтар аға Желтоқсан оқиғасы туралы былайша жыр төкті.

«Желтоқсан тағылымы» өлеңі  оқитын Жеткергенов Дәурен

1-жүргізуші: Ақын поэзиясына алтын арқау болған тақырыптарының бірі –ізгі махаббат, шынайы сүйіспеншілік. Аталған тақырыптағы өлеңдерінің бірі де бірегейі «Ғашықтық ғаламаты».  Естай мен Қорлан арасындағы шынайы махаббатты көркем тілмен  шебер жеткізе білген ақын өлеңін

мектебіміздің жас мұғалімі Сейілханов Нұрдәулет орындауында тыңдаңыздар.

«Арыс жағасында» өлеңі орындайтын Сағыныш, Құралбек

1-жүргізуші: «Болашақта Мұхтар қазақтың ұлы ақыны болады» деген Төлеген сөзі бүгінде ақиқатты айқындап берді.

2-жүргізуші: «Төлеген – қазақтың шын мәніндегі апайтөс ақыны, қайталанбас тұлғасы» дейді Мұхтар Шаханов ағамыз. Ендеше, Төлеген Айбергеновтің Мұхтар Шахановқа арналған «Сағыныш» өлеңін қабыл алыңыздар.

Оқитын  Аяшова  Қаракөз

1-жүргізуші: - Мұхтар ақын – баллада  жазудың нағыз шебері. Оның балладалары оқырман жүрегіне жол тапты, халық жатқа оқыды. Халқымыздың ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл Фарабидің балалық шағынан сыр  шертетін «Арман» атты шығармасына көрініс тамашалаңыздар!

Қоюшы  5-сынып оқушылары

«Жұбайлар жыры» орындайтын Г.Мамбетрзаева


1-жүргізуші:

Даласындай дархан халық батыр ел,

Білгің келсе бізге досым жақын кел.

Қазақ халқы –Мұхтарымен жазушы,

Қазақ халқы –Мұхтарымен ақын ел.

 

2-жүргізуші

Кім еліне Мұқаңша сыр ағытты,

Кім Мұқаңша бағындырар уақытты.

Қазақ халқы –Мұхтарымен Алатау,

Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты.

 

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылыған арналған бүгінгі кешімізде өз мәресіне жетіп қалды.

2-жүргізуші: Мұхтар тұлғасы ғасырлар кешінде талай-талай мақталына берері хақ! Өмір мен өнер заңдылығына әлдеқашан айналып, ой-санамызға табиғи түрде сіңісіп, уақыттың ағымымен ұдайы жаңғырып тұратын ұлы құбылыс, ұлы есім!


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ақиқаттың ақыны" М.Шахановқа арналған кеш"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 517 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2016 1941
    • DOCX 17.6 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамбетрзаева Гулбадан Наренбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7963
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой