Инфоурок Начальные классы КонспектыАқиқатты жолға алып адалдықпен өмір бастаймыз (1 сынып)

Ақиқатты жолға алып адалдықпен өмір бастаймыз (1 сынып)

Скачать материал

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Тақырып: «Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!»

Күні: 05.09.2016 жыл

1

Сынып: 1

Оқушылар саны:

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: шыншылдық, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік. Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық. Оқушыларды шынайы қарым – қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік. Оқушыларды қарапайымдылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа баулу.

Сабақтың барысы:

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі:

-          Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

-          Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

-          Менің аты – жөнім Гүлжәннәт Ибрагимқызы. Өзін – өзі тану пәні мұғалімі.

-          Оқушылар, қанеки сіздермен танысып өтейік. Қазір кезек – кезекпен өзіміздің аты – жөнімізді содан кейін сүйікті ісімізді айтамыз. (Мысалы: Мен, Гүлжәннәт би билегенді ұнатамын)

-          Сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын.

(құралдар, мәлiметтер) классикалық ән жазылған таспа.

Әннің сөзі мен әні жазылған таспа. Дәйексөз. Суреттер. Бояулар.

Тыныштық сәті:

Қане, балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап - таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін.... Әрбір тірі жан иесі: кіп - кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.
Сұрақ:

1) Өзіңді қалай сезіндің?

2) Қандай жағымды әсерде болдың?

Мұғалім қорытынды жасайды: Әр күнде бір – бірімізге жақсылық тілейік. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз!

Оқушының ойын жинақтау, серігу.

Дәйексөз

-          Балалар, мен сіздерге қазір бүгінгі сабақтың дәйексөзін айтамын сіздерменімен бірге қайталап айтасыздар.

«Ақиқат – даналықтың бастауы»

Халық даналығы

Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі.

Оқушыларға 2 – 3 рет қайталатып, жатқа сұралады.                                                                                                                                            

Сұрақ:

 1) Ақиқат деген не?

 2) Адами қасиетке нені жатқызуға болады?

 

Дана сөздер

Әңгімелесу (Мұғалімнің сыйы)

Елеместің адамгершілігі

Ертегі

Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді.

Әмиянды жерден көтеріп алып:

- Мынау кімнің әмияны? Кім жоғалтты? – деп жар салады.

Бұл сөзді естіген жәрмеңкеде жүрген қала жұрты аңтарылып Елемеске қарап қалады. Осы кезде Елеместі Қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария шығып:

- Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жиып-терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім тігіп берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам, әмиянді ашып көрші, — дейді.

Елемес әмиянды қарап тұрған жұрттың көзінше ашады. Расында да ішінде гүлді орамалға түйілген алтын теңгелер бар екен. Жоғын тапқан қария қуанып Елемеске алғысын айтады.

- Балам, өзің кім боласын?Қайдан келесің? Қайда бара жатырсың? – деп жөн сұрайды

Елемес қарияға барлық мән-жайды айтып береді. Оның әңгімесін естіп болған қарт:

- Сен мейірімді, адал жан екенсің. Егер қаласаң, осы қалада қал. Менің үш ұлым бар еді, төртіншісі бол, — дейді.

Елемес қарияға еріп оның үйіне барады. Қарияның балаларымен бірге жер қазып, егін егеді. Бір күні жер қазып жүрген оның күрегіне бір зат ілінеді. Алып қараса — алтын. Алтынды көрген ол одан әрі қаза түседі. Сол жерден ат басындай алтын тағы шығады. Елемес тапқан алтынды алып, қарияның үйіне келеді де:

- Әке, мен ат басындай алтын таптым. Міне, алыңыз, — деп алтынды шалға ұсынады. Оның көңіліне разы болған қария:

- Балам, бұл алтынның маған қажеті жоқ. Қашанғы бізбен бірге тұра берем дейсің. Өзіңше үй-жай болып, өніп-өс. Бұл – адалдығың мен еңбегіңнің арқасында тапқан байлығың, — деп кеңес береді.

Елемес алғыс айтып, алтынның бір бөлігін қарияға береді. Өзі қалған алтынын сатып, үйленіп, үй болады. Мал-мүлік жинайды. Ешқандай қара жұмыстан қашпай, күні-түні еңбек етеді.

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Әңгімелесейік

Сұрақ:

1.      Қарт Елемеске қандай кеңес береді?

2.      Елеместің өмірі қалай жалғасты?

3.      Елемес қандай адам?

4.      Оның адалдығын қандай ісінен көруге болады?

5.      Адал болу не үшін қажет?

 

Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Шығармашылық жұмыс

1.      Оқушыларға тақырыпқа байланысты бояулар тапсырылады.

2.      Оқушылар оларды бояп әңгіме құрастырып айтады.

3.      Балалар адал адамға тән қасиеттерді тағы да қайталап айтып, бекіте түседі.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Топпен ән айту

"Бала тілегі" Сөзі:С.Молдасанұлынікі

                         Әні:Ф.Лұқпанованікі

 1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет)

 

2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)

 

3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен  көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет)

 

 Қорытынды:

Сұрақ: балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді үйрендік?

Сендердің бойларында бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

скачанные файлы (4)

Кері байланыс

Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды.

Сабақты ой елегінен өткізу

 

Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Тақырып: «Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!»

Күні:

2

Сынып: 1

Оқушылар саны:

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: шыншылдық, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік. Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық. Оқушыларды шынайы қарым – қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік. Оқушыларды қарапайымдылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа баулу.

Сабақтың барысы:

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі:

-          Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

-          Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

-          Көңіл күйіміз қалай?

(құралдар, мәлiметтер) классикалық ән жазылған таспа.

Әннің сөзі мен әні жазылған таспа. Дәйексөз. Суреттер.

Тыныштық сәті:

Тыныс алу

Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 9-10 рет, баяу жасалады.

Сұрақ:

1) Өзіңді қалай сезіндің?

2) Қандай жағымды әсерде болдың?

Мұғалім қорытынды жасайды: Әр күнде бір – бірімізге жақсылық тілейік. Көзіңізді ашып, күлімдеңіз!

Оқушының ойын жинақтау, серігу.

Дәйексөз

-          Балалар, мен сіздерге қазір бүгінгі сабақтың дәйексөзін айтамын сіздерменімен бірге қайталап айтасыздар.

«Ақиқат  жолымен жүрген адам адал өмір сүреді»

Халық даналығы

Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу

Бәріміз қосылып айту.   

Сұрақ:

 1) Адал деген не?

 2) Адамдар неліктен адал өмір сүру керек деп ойлайсыздар?

 

Дана сөздер

Әңгімелесу (Мұғалімнің сыйы)

Түлкі мен ешкі

Ертегі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.
   Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді.
 - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
 - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
   Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
   «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Әңгімелесейік

Сұрақ:

1.      Түлкінің айтқаны шындыққа жата ма?

2.      Неліктен?

3.      Әрдайым шындықты айтқан дұрыс па? Неліктен?

4.      Өз өмірлеріңде шындықпен жол тапқан мысалдар келіріңіздерші?

5.       

Оқушының сөздік қорын дамыту.

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

 

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Шығармашылық жұмыс

1.      Балалар ертегі кейіпкерлерінің суретін дәптерге салады.

2.      «Түлкі мен ешкі» ертегісінен не үйренгендерін, яғни қандай құндылықтар мен қасиеттерді үйренгендерін айтып береді.

 

Оқулық, дәптермен жұмыс.

Топпен ән айту

«Біз осылай өсеміз»

Сөзін жазған М.Әлімбаев

Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз.

Қанаттанып өсеміз.

 

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

Қайырмасы.

Сұрақ: 1) Өлең не туралы?

2) Біз осылай өсеміз дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім қорытынды жасайды. Еңбектеніп, талаптанып өскен ұрпақ еш уақытта жаман әрекеттерге бармайды.

 

 Қорытынды:

Сұрақ: балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді үйрендік?

Сендердің бойларында бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін.

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

 

 

Күлегештер, кері байланыс

Соңғы тыныштық сәтi.

- Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

 «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Өзгелерді ренжітпей, жануарларға қамқорлық көрсетіп, киянат жасамауға үйренейік

Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар. Ертеңгі күндеріңе сәттілік тілеймін.

 

Сабақты ой елегінен өткізу

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақиқатты жолға алып адалдықпен өмір бастаймыз (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.10.2016 8160
    • DOCX 176.7 кбайт
    • 66 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кәсілің Гүлжәннәт Ибрагимқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кәсілің Гүлжәннәт Ибрагимқызы
    Кәсілің Гүлжәннәт Ибрагимқызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15650
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 689 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции