Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / «Ақиқатты айқындап жариялар, аман болсын ақ шашты қариялар»

«Ақиқатты айқындап жариялар, аман болсын ақ шашты қариялар»

57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

«Ақиқатты айқындап жариялар, аман болсын ақ шашты қариялар»

 мерекелік концерттің бағдарламасы

Қарттарым асыл ардагерлер,

Ақылы ағын судай кемеңгерлер.

Өмірдің қызығына куә болып,

Ауырмай,аман-есен жүріңіздер.

Счастья вам, здоровья и тепла!

Желаем искренне, сердечно.

Чтоб сопутствовали вечно ,

Здоровье, радость и успех!

Сағынып талай жыр туар,

Оралар әлі-ақ сан жыршы.

Даламның иісі бұрқырап ,

Қарттарым аман сау жүрші!

Оңай да болған емес өткелдерің,

Аянбай елің үшін төккен терің.

Әр ісің ұрпақтарға үлгі болып,

Ешқашан ұмытылмас еңбектерің!

1 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!!! «Жастар ұйымының» ұйымдастырумен өтетін
1 - қазан Бүкіләлемдік музыка күніне және Қарттар күніне арналған мерекелік кешімізге қош келіңіздер!
2 - жүргізуші:
- Өмір ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн, айдын, дала аспан - үн!
- Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
- Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,
- Шырқат биік тіршіліктің дастанын!!

1 - жүргізуші:
Халықаралық музыка күні 1975 жылы 1 қазанда ЮНЕСКО шешімімен бекітілді.
Халықаралық музыка күнін бекіту бастамашыларының бірі композитор Дмитрий Шостакович болып табылады. Мереке бүкіл әлемде жыл сайын үздік артистер мен көркем ұжымның қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламалармен мерекеленеді. Бұл күні әлем мәдениетінің құндылығына енген туындылар шырқалады.

2 - жүргізуші:
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1 - қазан қарттар күні мерекесі де келіп қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға - апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

1 - жүргізуші:
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Әліш Саукен ағайға береміз.

Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

2 - жүргізуші:
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.

1 - жүргізуші:

Жанарын жалынды егілген
Жаныңды жадыратар тілегімен
Ізгілік иманымен нәр беретін
Ләззат ал әншілердің жүрегінен.

Ән. Әліш Бейбарыс

2 - жүргізуші:
Музыка әлемі - адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажап дүние.
Музыкада адамның асқақ ойлары мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді.
Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан зор,
Сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.

1 - жүргізуші:
Музыканың жанрлары, түрлері өте көп:
Олар: опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар, әскери және
Аспаптық, вокалдық, эстрадалық, биге арналған, балаларға арналған, және т. Б. Музыка түрлері бар.
Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді.
Олардың музыкалары әр түрлі жанрды қамтиды. Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады.
Ол ерекшелік адам мінез - құлқы, іс - әрекеті, өмірдегі тұрмыс тіршілігі, әдет – ғұрпы,
Түсінік - түйсігі мен ойлау, сезіну қасиеттері сияқты дара сипаттарға байланысты.

2 - жүргізуші:
Сондықтан музыканың ерекшелігі ескермей, бір өлшеммен өлшеуге болмайды.
Музыканың шынайылығы мен өміршеңдігі де сол халықтығында.
Музыканың халықтық, классикалық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де - өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ музыканы тыңдап, түсіну үшін дұрыс таным, талғам болуы тиіс.
Қазақ халқының музыкасы – халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы.

«Қазақтың қара баласы» әні орындайтындар мектеп оқушылары

2 - жүргізуші:
Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым - қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты.

1 - жүргізуші:
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.

2 - жүргізуші:
Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.

Қай жерде де ата - анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.

1 - жүргізуші:
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады.
Сіздерге арнап Жайымовтың «Шаттанамын» күйін орындайтын 5 - класс оқушысы Кежденбек Перизат. Қошеметтеп қарсы алайық!

2 - жүргізуші:
Музыка – адамның тікелей жан дүниесінің тілі.
Музыка өзінің өте нәзік, сырлы әуенімен сезімтал адам жанының бар байлығын ашып бере алады.
Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, қазақстанды мекендеген халықтардың - ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың орыстардың, татарлардың ауызша кәсіби фольклоры негіз салды.

Бишілер емес, құс сияқты
Елестейді бір көрген түс сияқты
Әжемнің ұршығындай үйірілген де
Жер шарын айналдырған күш сияқты - дей келе « қазақ биін» назарларыңызға ұсынамыз!! Қошеметтеп биші қыздарыңызды қарсы алыңыздар!

1 - жүргізуші:
Қазанның 1 - і - халықаралық қарттар күні

Бас ассамблея 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды халықаралық қарттар күні есептеуге деп қаулы етті. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.

Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік - тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелМақсаты: Ауыл қарияларын мерекелерімен құттықтау. Қарияларды  құрметтеуге, ардақтауға, олардың өмір жолымен танысуға үйрету.Ұлттық салт – сананы дәріптеу, үлкенді сыйлауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мерекелік дастархан.

Барысы:

1 – жүргізуші: Құрметті ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер, қонақтар сіздерді 1 – қазан егде адамдар күнімен құттықтаймыз. Шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық тілейміз. Осы қариялар күніне арналған мектебімізде өткелі отырған “ Кеудесі жақсылардың алтын сандық ” атты кешімізге қош келдіңіздер.

2 – жүргізуші: Біздің қадірменді ата – әжелеріміздің кеудесі тұнған шежіре, тарих, дастан деуге болады. Солардың алуан түрлі қымбат қызықтарын, ертегілерін тыңдап өмірге қайта келгендей боласын. Осындай асыл әжелеріміз, ардақты аталарымыз ортамызда ақылшы болып, жөн сілтеп, қартаймай отыра берсе екен деп тілейміз.

1-жүргізуші:Міне балалар, ата-әжеміз бар, әке-шешеміз бар біздер бақыттымыз. Бүгінгідей егемен елде қайғы-қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қариялардың арқасы екенін ұмытпауымыз керек.

Кешімізді бастамас бұрын ақсақалды атамыз Әди атамыздан шелпекке құран оқуын сұраймыз.

1-жүргізуші: Жолдас емес атағым мен дәрежем,

                     Жақын маған сенің жомарт кебежең

                     Мен анамды –анам бардеп көрмедім

                     Өзің барда,көзің барда, ақ әжем

2 жүргізуші:

Қағыс естіп қалбандайды баладай

Ниеті ақ,, пейілі кең даладай

Кімге болса қарттық жетер аяңдап

Мәпелеңдер қарт біткенді аялай-қадірменді қарияларымызды құттықтау үшін сөз кезегі жалпы білім беретін Көздіғара негізгі мектебінің директоры Гүлмира Жолайқызына беріледі.

Ән: «Сенің анаң алтын»

2-жүргізуші:Көп жасаған қария

                     Ақылы теңіз дария

                     Көп өнеге сөзі бар

                     Сөзі соқпақ,сөзі нәр.

Сөз кезегі Кәмшат әже, Нұрбике әже, Бәтима әжелерге беріледі.

Ш.Қалдаяқов әндерінен попури:

1-жүргізуші:Ата салты ардақты,

                     Әрбір сөзі салмақты

                     Сол сөздерді ұқпасан,

                     Тістесің бір күн бармақты

Мәнерлеп оқу: «Әке»

2-жүргізуші:Қамқорым,асыл анам,ғазиза анам,

                     Жүресін көп жақсылық тілеп маған.

                     Өмірде еш жамандық көрмей жүрші,

                     Тілерім осы ғана менің саған.

Сөз кезегі-Нүрипа әже, Үнзира әже, Нағима әжелерге беріледі.

Мәнерлеп оқу: «Қарттарды қадірлейік, құрметтейік»

1-жүргізуші: Санама құйған сансыз ақылыңды,

                       Білемін балаң үшін мақұлыңды.

                      Ақтармын ақ сүтіңді тірі жүрсем,

                      Жаратқан жабырқатпа, жақынымды.

Ән: «Анаға сәлем»

2-жүргізуші: Құрметтеймін атамды,

                       Ардақтаймын апамды.

                       Үлкенді cыйлау-кішілік

                       Үлгілі мінез-кісілік.

Көрініс: Ата Тәлімі.

1-жүргізуші:  Асқар тауым, ақылгөйім ғұлама,

                        Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

                        Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

                        Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана

Сөз кезегі Әди ата, Мәдина әже, Лиза әже, Қадиша әжелерімізге береміз.

1-жүргізуші: Күнделікті өмірде ата-әжелеріміз, әке аналарымыз айтып отыратын көптеген ырым мен тиым сөздер бар. Осы сөздердің не үшін бұлай айтылғанын оқушылардың сіздерден сұрап білгілері келіп тұр.

1- оқушы: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе. Себебі, тірі малдың сүйегі сырқырап ,желіні іседі.

2- оқушы: Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі, кемиді деп есептеген.

3- оқушы: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі, қара пышақ ұзарады.

4- оқушы: Бас киімді лақтырма,теппе,басың аурады. Итті теппе,итке су шашпа, себебі ит жеті қазынаның бірі.

5- оқушы: Нанды шашпа,баспа, нан-өмір нәрі.

6- оқушы: Туысыңа ит, пышақ сайлама,, себебі араз болып қалуың мүмкін.

7- оқушы:  Қуыс үйден құр шықпа, тізеңді бүгіп, дәм ауыз тиіп. Жұма күні кір жума. Жұма мұсылман қауымының қасиетті күні.                                                     

 8- оқушы: Дастарханды баспа, аттама.таңертең міндетті түрде өз үйіңнен оразаңды аш.Себебі ,таңғы тамақ «тәңірден »деген.

2-жүргізуші: Әженің үйрететін өнері көп,

                       Айтамыз ардағы «шежііре»деп

                       Халқымның дәстүрі мен өнегесін,

                       Қалдырар ұрпағына әжелердің.

Ән: хор «Асыл әже»

1-жүргізуші. Атам- кітап, мен-дәптер

                       Ақыл толы сөзіне

                       Қызығым да әлбетте,

                       Көшіремін өзіме

Сөз кезегін Мақсот ата, Мәреш әже, Серік ата, Зәуреш әже, Нина әжелеріміз бен аталарымызға береміз.

Мәнерлеп оқу:  «Қария елдің қазынасы»

1-жүргізуші:

Мың бұралған бишілер аңдап басып

Келеді міне, ортаға толқып тасып

Бишілерін сыйлаған халқым менің көңілді күймен қарсы алайық.

Би: «Анашым»

2-жүргізуші: Есімде бәрі барлық жалын өткенің

                       Туған жер үшін теріңді судай төккенің

                       Еңбекпен салдың, ерлікпен салдың батырым,

                       Кешегі күннің бүгінге жеткен өткелін

Сөз кезегі Жұмабай ата, Нәсіп әже, Қарлығаш әже, Жұмасұлу әже, Света әже, Махмет ата, ққайша әжелеріміз бен аталарымызға беріледі.

Ән: «Ақжайнақ»

1-жүргізуші: Талай жыл еңбек етіп бір салада

                       Қажымай қазына жиып ой-санаңа

                       Болсын деп, болашағы салтанатты

                       Білімнің тұнығын құйдың жас санама,-деп ардагер ұстаздарымыз—–Хамит ата, Жансұлу әже, Сағия әжелемізі бен аталарымызға  сөз кезегін береміз. Көрініс: «Шоти-Боти»

Қорытынды:

1-жүргізуші: Өздерің болсаң жаныңда

                        Ел іші жомарт еңселі

                        Дән исі жүрген қанында                                                                                            

                        Даламның бір-бір бөлшегі.

Ән: «Әгугай» 

2 жүргізуші: Есімде бәрі барлық жалын өткенің

Ән: «Әкелерге арнау»

1-жүргізуші:

Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкені тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Ән: «Отырардағы той»

2-жүргізуші: Сағынтып талай жыр туар,

                       Оралар әлі сан жыршы

                       Даламның иісі бұрқырап,

                       Қарттарым аман-сау жүрші!

Осымен біздің сіздерге арналған кешіміз аяқталды. Тағы да мерекелеріңізбен, ардақты қариялар. Дендеріңізге саулық, таусылмас өмір, тоқталмас ғұмыр берсін !

Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Ақиқатты айқындап жариялар, аман болсын ақ шашты қариялар»

 мерекелік концерт

Дайындаған: Аубакирова Асем Бейбитбековна

2013 — 2014 оқу жылы

57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 02.04.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров381
Номер материала 470758
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх