Инфоурок Доп. образование Другие методич. материалыАқыл-ойы терең зақымдалған балалардың өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру

Ақыл-ойы терең зақымдалған балалардың өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру

Скачать материал

Мүмкіндігі шектеулі балаларға өзіне-өзі қызмет ету дағдысы – күрделі үдеріс, оларға ортада өз орындарын таба білетіндей етіп бағыт берген жөн. Әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауында келісілгендей, әлеуметтік қамту жүйесіндегі интернат үйлеріне ақыл-ойы орташа, ауыр және терең деңгейдегі балалар қабылданады.

Өзіне қызмет дағдыларының міндеттері: «Қоршаған әлем жайындағы танымдық түсініктерін кеңейту, баланың тілін дамыту, қарапайым санитарлық-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру, өз-өзіне қарапайым қызмет көрсете алуға үйрету, жеке және ұжымдық ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру, балардың дене бітімін шынықтыру». Бұл мақсаттар тәрбие жұмысының үрдісінде, күнделікті өмірде және балалармен жүргізілетін арнайы сабақ барысында жүзеге асуы тиіс.
           Мүмкіндігі шектеулі балалардың ақыл ойындағы кемшіліктерді түзету, орнын толтыру, дамыту – педагогика саласындағы басты мақсат.
Мұндай балалардың ақыл-ойын дамытып, белігілі бір ортаға бейімдеу өте күрделі болғандықтан, оларға өте қарапайым тапсырмалар қолдана отырып, олардың қызығушылығын, қозғалыс әрекеттерін байқауға болады.
Бүгінгі таңдағы осындай балалар үшін ең басты мәселе, мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, оларды жан-жақты дамытып, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Сондықтан менің негізгі атқаратын қызметім, әр баланың қабілет-қарымын анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беріп, жарымжан балалардың жастайынан жасық болмай өсуіне ықпал етуім керек.
          Ақыл-ойы терең бұзылған балалар есте сақтау көлемі төмен, соған қатысты есте сақтау көлемі мен материалдық абстрактысы арасындағы байланыс анықталады: неғұрлым мәлімет абстрактылы, айырмашылық болса, соғұрлым мәлімет есте нашар сақталады. Есте сақтаудың нақтылығы мен беріктілгі төмен деңгейде. Қайта жаңғырту барысында олар көбіне қалдырады, логикаларын бұзып толық орындарын ауыстырады, жиі айтқанын қайталайды, әртүрлі кездейсоқ ассоциацияға негізделіп жаңа элементтерді қосады. Кемақыл балалар ырықсыз есте сақтауды қолданады. Күнделікті түзету-дамыту жұмыстарын жүргізе отырып сөздік қорын молайтуға жағдай жасадым. Сондықтан мұндай балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасауды талап етеді.
          Топтағы балаларды әлеуметтік ортаға бірден бейімдеп алып кету оңай болған жоқ. Сондықтан олардың отбасылық жағдайына, мінез-құлық ерекшеліктеріне мән бердім. Бұл балалар қазіргі таңда өз беттерімен тамақтанып, жаялықтарын тастап, әжетханаға өздері барады, суын ағызады. Өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының қалыптастыру жолдарының бірі күнделікті тұрмыста (жуыну, тамақтану, киіну т.б.) іске асырылатын әрекеттерді меңгеру. Балалар тамақтануға келгенде өзінің тиісті орнына отыруын қадағалалап отырамын. Тамақтану кезінде олардың тазалығына мән беремін (үстіне тамызбау, аузын жауып шайнау, кесені екі қолмен ұстау т.б.). Осы тұрмыстағы іс-әрекеттерді пайдалануда баланың психологиялық ерекшеліктеріне мән берген маңызды. Баланың қызығушылығын көбінесе түрлі ойындар ойнату арқылы байқай отырып, оның өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыруды басты назарыма алдым.
           Мысалы, «Таза бала боламын», «Ғажайып ойыншықтар», «Бұл кімнің киімі?», «Құрастыру», «Сыңарын тап» және тағы да басқа ойындар, балалар белсенділігін арттырады және икемділік дағдысы қалыптаса бастайды.
Көріп қабылдау және кеңістікті бағдарлауын дамытуға арналған жұмыс барысында затты толық мөлшерде көріп есте сақтауын қалыптастыру, заттың бөлшегін бөліп қарау, екі затты салыстыруға, заттардың атын атағанда солдан оңға қарай көзбен қадағалауға, кезектілікпен орналастыру тәрізді дағдылары қалыптасады. Осы бағытта түзету-дамыту жұмыстары нәтижелі болу үшін әр түрлі жаттығулар мен ойын түрлері кеңінен пайдалану тиімді. Сабақта қолданылатын материалдар: суреттер, табиғи материалдар, дөңгелектер, кубиктар, т.б. түрлі түсті болуы шарт. Жаттығулар алдымен ойыншықтардан бастап, біртіндеп түрлі формалар мен фигураларға көшеді. Сабақта қолданылатын жаттығулар келесі кезекпен жүргізіледі:
— көрсету (Дәл мен сияқты жаса. Дұрыс істедің бе? Салыстыр);
— талдап көрсеткендей ойда сақтап жасау (Қарап, есіңе сақта, осылай жаса. Салыстыр);
— нұсқау бойынша орындау (мұғалім айтып отырады, балалар жасайды);
Әр берілген тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалау қажет:
— керек затын топ ішінен таңдап алу;
— біркелкі заттарды бөліп көрсету;
— суреттегі заттардың сыңарларын табу;
— еркін өз бетімен құрастыру және жапсырумен айналысу.
           Үйрету мен есте сақтау жұмыстарында қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту мәселелері шешіледі. Қол мен саусақтардың қимылын жеделдету және қозғалыс үйлесімін қалыптастыру, қағазды қайшымен қию, жапсыру және ретімен орналастыру, түрлі фигуралар құрастыру.
Балалардың жалпы қимыл-қозғалысының, саусақ, бұлшық еттерінің сау балаларға қарағанда кеш және қиындықпен дамуын ескере отырып, бұл бағытта арнайы түзету, дамыту жаттығуларын жүргізу дәстүрлі жұмысыма айналды . Жаттығу түрлері: қолды созып алақанды жоғары-төмен, екі қолды бірден кезек ұстау; қолды созып немесе бүгіп алға ұстау, саусақты біріктіріп, ашып, алақанды жоғары, төмен, қаратып ұстау; екі қолдың саусақтарын біріне-бірін қарама-қарсы қойып түйістіру;жұдырықты ашып-жабу; саусақтарды шерту; қарындашты, қаламды, таяқшаларды саусақтарға қыстыру. Саусақ қимыл жаттығуларын жасау барысында тобымдағы бала қасықты өзі ұстап тамақты жеуге үйренді. Терең ақыл-ойы кем балалармен түзету-дамыту жұмыстарын, жаттығулар мен түрлі тапсырмалар жүргізгенде әр баланың даму және жеке ерекшеліктерін еске ала отырып есте сақтау, ойлау, әрі қызығушылық пен белсенділік қабілеттерін дамытып, арттырып отырдым. Осы жұмыстарымның барлығы ата-аналармен үнемі тығыз байланыс жасап және әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру негізгі мақсатыма жеткен жетістігім болды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақыл-ойы терең зақымдалған балалардың өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2017 2073
    • DOCX 17.1 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Увакова Арайлым Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Увакова Арайлым Маратовна
    Увакова Арайлым Маратовна
    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3293
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дополнительные общеобразовательные программы нового поколения: особенности проектирования, реализации и обновления в современных условиях

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс повышения квалификации

Методика и организация образовательной деятельности дополнительного образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 352 человека

Курс повышения квалификации

Проектирование и разработка индивидуального образовательного маршрута обучающегося при получении дополнительного образования как способ повышения качества образовательной деятельности

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 194 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 109 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе