Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНЕН ҰБТ- ға ДАЙЫНДАЛУДА ИНТЕРНЕТ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНЕН ҰБТ- ға ДАЙЫНДАЛУДА ИНТЕРНЕТ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ

библиотека
материалов



АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНЕН ҰБТ- ға ДАЙЫНДАЛУДА ИНТЕРНЕТ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ



Райхан Базаровна Сариева

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі

Мұғалжар ауданы



Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми - зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк - педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды. ҰБТ - ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын құру керек.



1. Психологиялық
2. Ұйымдастырушылық
3. Технологиялық
4. Ақпараттық

Заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деген болатын. Бірнеше жылдар көлемінде білім саласында жүргізіліп жүрген бірыңғай ұлттық тестілеу өткізудің бітіруші түлектер үшін маңызы зор. 11 жыл бойы берілген білімнің нақты көрсетілетін нәтижесі де осы - ҰБТ. Әрбір пән мұғалімінің ең түйінді мәселесінің бірі - ҰБТ нәтижесін жақсарту мен көтерудің жолы


Қазіргі таңда мектептерде жаңа технологияларды қолдану мәселесі кеңінен талқыланып жүр. Бұл тек қана жаңа техникалық тәсілдер емес, сондай-ақ оқытудың жаңа формалары мен әдістері. Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушының коммуникативтік мәдениеттілігін және ағылшын тілін практика жүзінде меңгеру шеберлігін дамыту. Мұғалімнің міндеті оқушылардың ағылшын тілін үйренуге қолайлы жағдай туғызу. Яғни оқушы өзінің шығармашылық белсенділігін көрсете алатын оқытудың тәсілін қолдану. Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану формалары:

1. Лексиканы меңгеру.

2. Сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Диалогты және монолгты дамыту.

4. Жоба жұмысына үйрету.

5. Граматтиканы өту.

Соңғы он жылдықта адамзаттың жеткен жетістіктерінің бірі, яғни оқыту үрдісіне елеулі

әсерін тигізген халықаралық желі- Интернет. Ағылшын тілі сабағында интернеттің көмегімен түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындауға болады: оқу дағдыларын қалыптастыру, жазу дағдыларын қалыптастыру, оқушының сөздік қорын кеңейту, ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Оқушы интернет желісімен түрлі олимпиядаларға, жарыстарға, on-line тесттерге қатыса алады. Сонымен қатар тест жұмыстарымен түрлі ойындар арқылы өтетін қызықты жаттығулар жасауға мүмкіндіктері болады. Яғни, қосымша ақпараттар көмегімен білімін кеңейтеді.

Интернетті оқу мақсатында қолдану әдістемесінің жаңа бағыты болып саналады.Интернеттің негізі оқушының мәдениетаралық дағдысын қалыптастыру. Компьютер оқушының жұмысына сын айтпайды, керісінше өзіндік қабілеттерін дамытып, олардың сенімін арттыра отырып қолайлы әлеуметтік психологиялық атмосфера құрайды.

Қазіргі таңда білімді дамыту оқушының ақпараттық потенттік деңгейін дамыту деген сөз.

Әлемдік ақпараттық қоғамға ену үшін оқушы ақпараттық мәдениетті, компьютерлік экранды білуі қажет, яғни интернетпен тығыз байланыста болу керек.

Ақпаратты жүйе ретінде Интернет түрлі ақпараттар мен ресурстарды ұсына алады.

- электрондық хат;

- теле конференция;

- видео конференция;

- өзінің ақпаратын беру, өзінің сайтын құрып Web- серверге орналастыру;

- ақпараттық ресурстарды қолдану;

- ақпараттық жиынтықтар;

- желіде сөйлесу мүмкіндігі [1, 4].

Интернет тапсырмаларын дайындау үш қадамнан тұрады:

1. дайындық

2. ресурстармен интернет желісінде жұмыс жасау

3. сыныпта интернет желісінсіз жұмыс жасау.

1. Дайындық – сөйлеу негіздерін дамыту, мұның алдында алған білімдерін қолдана білу,

сөздерді оқу, тақырыпқа кірістіру.

2. Ресурстармен интернет желісінде жұмыс- интернетте іздеу бағдарламаларымен жұмыс

істеу, оқумен жазу, арнайы мәліметтерді іздеу және оны жауап парақтарына енгізу, сұрақтарға жауап іздеу, және т.б. Осы қадамда оқушылар өздерінің не істеу керектігін және оған қанша уақыттары бар екенін білу керек.

3. Сыныпта интернет желісінсіз жұмыс- алынған мәліметпен алмасу, және желіден жұмыс

жасау уақытында көрген білгенін талқылау [5, 45]. Сонымен қатар интернетті граматиканы, лексиканы дамыту мақсатында қолдануға болады.

Мұнда түрлі лексикалық, граматтикалық, фонетикалық жаттығулар, тесттер, IQ тесттері бар [6].

Интернет ресурстарын қолдану - мәдениаралық компетенцияларын дамыту; түрлі мәдениеттермен танысу, қарым қатынастың белсенді жүргізуге бағыттау.

WWW көптеген сайттармен ҰБТ-ға дайындалуда түрлі бағытта жүмыс істеуге мүмкіндік

береді. Кейбір сайттар ленгвистикалық материялдар жиынтығын құрайлы. Дайындық барысында қаралатын елдің мәдениеті жайлы ақпарат ала аласыз.

Интернет ресурстарын қолдану мүмкіндіктері өте үлкен. Оқушылар интернет желісі арқылы өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға, олимпиадаларға қатыса алады, желі арқылы қажет материалдарды тез табады. Бұған қоса, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отыра, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі қатарын тиімді шешуге болады:
Күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды тікелей пайдаланып, оқылым дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
Желіден алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық айтылым білігін жетілдіру;
Жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат дайындау, жазбаша тіл білігін жетілдіру;
Активті және пассивті сөз қорын қоғамның әлеуметтік және саяси құрылысын, мәдениет дамуының белгілі сатысын білдіретін қазіргі ағылшын тілі лексикасымен толтыру;
Өз бойында тілдік этикетті, түрлі халықтардың қатынас жасау жағдайында тілдік тәлімінің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін қамтитын мәдениеттанымдық білімдермен танысу;
Егер ағылшын тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ тоқталсақ, келесілерді атауға болар еді: мысалы, оқушы Интернет тораптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына – телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктері бар. Мұнда ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік (жылдам кері байланыс пен сұхбат мүмкіндігі), іздеу жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды түрлі тасушыларға ауыстырып салу және т. с. с. Интернеттің артықшылықтары пайдаланылады.
Дегенмен, Е. С. Полаттың көрсетуі бойынша, «қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық-тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан, дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекті болып табылады». Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.


Әдебиет:

1. Teeler D., Gray P. How to use the Internet in ELT. – London: Longman .

2. Клейман Г.Б., Леонов А. Г., Кузьменко М.А. Что Такое Интернет? Информационные и коммуникационные технологии в образовании. 1998.

3 Johnson L. Internet Options in the Classroom. // www.clta.net/lessons/class.html.

4. Полилова Т.А., Пономарева В.В. Внедрение компьютерных технологий в преподавание иностранных языков. // ИЯШ. – 1997.

5. Поляков Т.Ю. Английский язык для диалога с компьютером. Совет по культурному Сотрудничеству; Совет Европы Пресс, 1995.



Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Статьи
Просмотров212
Номер материала ДВ-570714
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх