Инфоурок / Другое / Конспекты / Ағылшын тілі сабағында лингвистикалық білімді дамытудағы әдіс- тәсілдер мен дидактикалық ойын түрлері.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Ағылшын тілі сабағында лингвистикалық білімді дамытудағы әдіс- тәсілдер мен дидактикалық ойын түрлері.

библиотека
материалов

Ағылшын тілі сабағында лингвистикалық білімді

дамытудағы әдіс- тәсілдер мен дидактикалық ойын түрлері.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту” деп атап көрсетеді. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты. Қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту. Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдармен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды - тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды, өйткені шығармашылық іс- әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.

Ағылшын тілі пәнінде де шығармашылыққа, интеллектіні дамытуға берілетін тапсырмаларды қолдану қажет. Шығармашлыққа бағытталған тапсырмалар сабақты балалар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналдырады. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте-бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса бастайды. Әсіресе дамытушылық мақсаты «жасырын» тұрған бір қарағанда қызықты көрінетін дидактикалық ойындар жоғары эмоциялық жағдайда өтеді.

Солардың бірі «What is this?» «Ол не?» ойыны. Оқушылар өздеріне ұнайтын заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеулері керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.

Мұғалім: "This is a boy. It is round. The color this of the toy can be different. It will be big and small. The children like this toy very much. They play different games with it". Бұл ойынды әртүрлі нұсқада ұжым болып та, топтарда да, қолдануға болады. Ең негізгісі – балаға дұрыс меңгерте отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Жауаптарда айтылғанға сәйкес ұқсас заттардың табылып жатуы мүмкін. Ол ойынды одан әрі қызықтыра түседі. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін,бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пай-далы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде «Жақсы-жаман» «Good-bad» ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қай-таламаулары керек.

Мұғалім: «Pencil. It is red-good, it is thin-bad. We can use it with our hands-good, we cannot put it in the bag–bad.

Бұл тапсырма арқылы балалардың объективті дүниені тану, диалектикалық заңдылықтарды ұғыну, оның қарама-қайшылықтарын түсіну, сапасы мен санын ажырата білу сияқты қасиеттері қалыптасып, логикалық ойлай білуге, жүйелілікпен талдай білуге үйренеді. Тапсырманың соңғы үшінші түрі қиындау бірақ өте қызықты. Ойынды жүргізу үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Тек ойдың ретін жоғалтып алмаса болғаны. Сынып жағдайында күніне бірнеше рет қайталап ойнауға болады. Бұл шығармашылық қабілеттердің негізгі өлшемдерінің бірі-білімді жаңа жағдайға тасымалдай білуді қалыптастырады.

Қазіргі талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту,сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса , білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады. Бұл орайда төмендегідей жұмыстарды ұсынуға болады.

Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді даярлап , оқушыларға үлестіру. Олар мәтіндегі сөйлемдердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.

Мысалы, «Where did you get it?»

When uncle Peter came to their house, mother said I`m sorry I have no cheese I know you like it very much little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good eyes Where did you get it the boy answered from the rat-trap.

«Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол сөздерді орныорнына қойып, сөйлем құрау, оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.

Мұғалім: «A thirsty man». A man along a road was walking. was thirstyHe. saw a swimming pool He.There two boys were swimming. He them asked to show a shop the way to. He the store came to. The shop assistant on the phone was talking. It long talk was very. The man and was angry the store left.

«Қосымшасын тап».Жеке атау сөздерден құралған сөздер беріп, оларға тиісті қосымшалар, предлогтарды қойып сөйлем құрату.

Omar…. Ales were watch…TV…8 o'clock. My friend came home…9 o' clock yesterday evening.His mother was cook the kitchen.

«Қалып қойған сөзді тап». Оқушыларға мәтін беріп, оның ішінен кейбір сөздерді қалдырып кетемін. Сол нүктенің орнына керікті сөздерді тапқызып жаздырту.

Мұғалім: «Pete' s story. One day a teacher says to his pupils:

«Write….about the football….on Sunday. » Pete….writes three words in his notebook…puts his…

Down on the desk.«Where… your story,…Show it to me!», says the teacher. Pete…to the teacher his story. ….takes his notebook and reads: «Rain. No game»

«Мәтін құра». Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орын – орнына қойып, жүйелеп айтып беруін талап ету.

«Hobbies». Steve enjoys playing football. He has two brothers. His favourite subject is P.E. He knows a few words of Spanishbut he doesn’t like learning foreign languages. He is in the school team. He doesn’t like doing homework. He also likes basketball.

«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қою. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.

«The environment» Cambridge is in the east of England. Cambridge is an ancient city. The main industries in Cam-bridge are tourism and agriculture. The population is about a hundred thousand. It is a small city. There are a lot of English language schools. Where is Cambridge? What kind of city is it? How many people live there? Is it an ancient city? What are the main industries? What kind of schools are there?

«Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қою. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.

Мұғалім: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?

«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беру. Суреттің астына сұрақтар жазып қою. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.

Мұғалім: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?

«Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қою. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.

Teacher: Which is nearer: Africa or the sun?

Pupil: The sun.

Teacher: The sun. Why do you think so?

Pupil…

«Мақалды тап». «I like this place», said the young man. «Tastes differ. As for me, I prefer the seaside», George smiled at his brother.

«Сөздердің антонимдерін тап».

Sly-naive fast-slow

Greedy-kind clever-silly

Cowardly- brave strong-weak

«Полиглот». Аталған мақалдардың қазақша, орысша баламаларын тап.

  1. There is no smoke without fire. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. Нет дыма без огня.

  2. To make a mountain out of a molehill. Түймедейді түйедей ету. Делать из мухи слона.

«Сөзжасам түрлерін тап».

Answer- жауап, to answer- жауап беру

Hand- қол, to hand- қолға беру

Order- бұйрық, to order- бұйыру

Жаңа сөздерді есте сақтау жадысын дамыту бағытында сөз жұмбақтардың

ағылшын тілі пәнінде қолданудың орны ерекше. Сөзжұмбақтарды әртүрлі бағыттарда қолдануға болады:

  1. жасырылған сөзді тауып, сөйлем құрау;

  2. сөз топтарын тауып содан әңгіме құрастыру;

  3. жаңа сөздердің ішінде сөзжұмбақ етіп жасыруға болатындарын анықтау.

Шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор үлес атқарады. Себебі, оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсені еркін айтып, ойын жаза да, айта да біледі. Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже:

  • Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

  • Жеке тұлға өз жұмісінің нәтижесін көре алады;

  • Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;

  • Ой-өрісі дамиды;

  • Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады.

Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттыру қажет. Эксперимент-зерттеудің алғашқы кезеңінде жоғары деңгейде болса, зерттеуден кейін бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер, оқушылардың логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы осындай жұмыстардың нәтижесінде көтеріліп отырды.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-565806

Похожие материалы