Инфоурок Иностранные языки КонспектыАғылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары.

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары.

Скачать материал

           Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың      

                                 сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары.

 

                                                                                        «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»

                                                                                                                                 М. Жұмабаев

 

       Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық  білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та  оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді.

      Ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді  толық игеруіне көмектеседі. Жалпы ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:

  • қисынды ой-қабілеті дамиды;
  • өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
  • сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
  • зейіні қалыптасады;
  • байқампаздығы артады;
  • өзара сыйластыққа үйретеді;
  • ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
  • бір-біріне деген оқушы сенімі артады;
  • сабаққа қызығушылығы артады.

      Ағылшын тілі мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай ойындарды қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынған. Яғни ағылшын тілін меңгеру барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының өздігінен дамуға, жетілуге және сөйлеу қабілетін  қалыптастыру. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын  сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б.

Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) стол үсті ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) қозғалыс ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар
Стол үсті ойындары
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
Дидактикалық ойындар
Оқушылардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

Қозғалыс ойындары
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізуге болады.

Іскерлік ойындар
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
Интеллектуалдық ойындар
Бұл ойындар оқушылардың зор белсенділігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке,

зеректікке» бейімделген тапсырмалар–шаралар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады. Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған балашығармашылыққа дайын
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы

      Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты - қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Who’s the faster?» ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмалардан басқа  грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының тілімен, оқуға деген және пәнге деген ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады.

     Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай және сөйлеу қабілетін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «доппен ойыны» - балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлде бір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды,мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек,  «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is

it ?” балалар It's red деп жауап береді . Сонымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: «colours”, “friends”, “ school”, “family” .

   Сонымен қатар оқушы сөйлеу қабілетін дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «At restaurant» ойыны. Яғни, оқушылар өздерін мейрамханада отырғандай сезініп, біреуі даяршы, біреуі қонақ болады.Осылайша оқушының сөйлеу қабілетін дамытуға септігін тигізеді.

Менің сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері:
1. «Міlling» – «Сыңарыңды тап» жаттығуы
Бұл жаттығуды кез келген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өтілген тақырып бойынша бір топқа оқиғаның аты, ал екінші топқа – оқиғаның мән-жайы жазылған карточкалар беріледі. Олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.
Мысалы: Тақырып : «Holidays», 6 сынып
«А» тобына: «В» тобына:
HALLOWEEN It“s a holiday for children in Britain.
Children dressed in costumes knock on their neighbours“ doors and ask if he/she would like «trick» or «treat»,
NEW YEAR HOLIDAY People begin celebrating this holiday on December 31. Many families watch television.
2. «
Сөйлемді аяқта…» 7 сынып;
Тақырып: « Eating in Great Britain»
Бұл жаттығуды да кез келген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өткен тақырып бойынша бір топқа сөйлемнің басы, екінші топқа сөйлемнің аяқталуы беріледі, олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.
Мысалы: «А» тобына: «В» тобына:
A good example is the traditional British Sunday lunch which consists… …of roast-beef, roast potatoes and Yorkshire pudding.
British breakfast consists of … …cornflakes with milk, toasts with marmalade, honey and tea.
3. “Kim`s Game” ойыны.
Оқушының сумкасындағы заттарды оқыту үшін бәрін партаның үстіне жинап қойып, оларды қайталату керек. Содан сон бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What“s missing?
4.“Bingo”ойыны
Бұл жаттығуды да кез келген пән сабағында қолдануға болады. Оқушыларға керекті трафареттер мен қиынды қағаздар таратылады. Тақырып бойынша трафареттің ішіне сөздер жазылады. Мұғалім керекті тақырып бойынша айтқан сөздерді оқушылар қағазбен жауып отырады. Кімде бір қатарда ұзынынан немесе көлденеңінен сөздер жабылса, сол оқушы жеңіп шығады.     

        Қорытындылай келе, бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, біз олардың адамзаттық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек. Сондықтанда ойын технологиясын пайдалану оқушылардың таным белсендігін жандандыратын,  өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ  мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Жалпы білім беретін Оян орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама:

          «Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың      

                                 сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

                                                                                                       Орындаған: ағылшын тілі

                                                                                                                              пәні мұғалімі

                                                                                                                              Насырова Р.Х.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 946 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2016 1336
    • DOCX 26.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Насырова Раягуль Ханатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Насырова Раягуль Ханатовна
    Насырова Раягуль Ханатовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8338
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (французский язык)

Учитель французского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики в области преподавания испанского языка

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 272 человека из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 054 человека

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек