Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңыздылығы

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың тиімділі


Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі – халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білім жетілдірушілер, қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді. Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада, Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 миллионнан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғ-дың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуды. Ағылшын тілі Британдық және Американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі.

Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы,

Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет.

Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.

Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отрып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан ауызша сөйлемдерді енгізген кезде сөз тіркестерін балалр игеріп қана қоймай тез ұғып алып, ұғымдарды дұрыс қолдана алатындай етіп жүргізу қажет. Сондай-ақ, ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын – ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады – қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы – еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті үлгерімі төмен оқушылардың да қолынан келеді.Тіпті тіл даярлығынан төмен оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін, кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну – сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі – «мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін» деген ой оқушы жадына келеді.

Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен – сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен, күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.
Міндеттері:
1. Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабағында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге.

2. Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға.
3.Жасөспірімдердің ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктерін атап көрсетуге.

Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

1.Ойынның мақсаты нақты болуы керек.

2.Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек

3.Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек 
4.Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек.

Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз –ақыл –ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс –тәсілдерді, сондай –ақ ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.

Ағылшын тілін ерте жастан оқыту барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілідік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтануына негіз қаланады.

Электрондық оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тестік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады.

Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады. Бұл оқушының ақпаратты, қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі. Осындай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымаққа баулиды.

Оқушылдарының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет.

Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды.

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.

Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезлігенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалқпауы үшін көбінесе жаңаша үйретіу тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты, моралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.


Әдебиеттер:


1.«Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.
2.«Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В, 2007.
3.Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет.
4.Креативтілікті дамытудағы ойын технологиясы // Интернет.
5.Колесникова И.Е. Игры на уроке английского языка. 1999 ж.
6. Мектептегі шет тілі, 2006 ж. №2
7. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5
 
8.Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы:
9. «Шет тілін оқыту әдістемесі»
 Амандықова Г.Н, Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С




Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 17.08.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров752
Номер материала ДA-006727
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх