Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыАғылшын тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі

Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі

Скачать материал

 

 

Тақырыбы:     Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі

XXI  ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру, бүгінгі күннің талабы.

    Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды.

  Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын  тілін  біздің халқымыздың жаппай меңгеруі сол тілде жасалған , жасалатын шексіз байлықты аудару жөніндегі машақаттан , артық шығыннан құтқарады . Демек , балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.

   Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білім жетілдірушілер , қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді.

  Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада , Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғ-дың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуды. Ағылшын тілі Британдық және Американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі.

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз.

 

 

 

 

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Сондықтан бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.

  Үш  тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі екі жыл бірінші  сыныптан бастап өтуде. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезлігенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалқпауы үшін көбінесе жаңаша үйретіу тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс.

  Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан ағылшын тілінің  оқытылуы  басталады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

  Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отрып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан ауызша сөйлемдерді енгізген кезде  This is a…, He has a…    деген сияқты сөз тіркестерін балалр игеріп қана қоймай тез ұғып алып, ұғымдарды дұрыс қолдана алатындай етіп жүргізу қажет. Сондай-ақ, ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер, қысқа ертегілерден қойылымдарды рольде ойнауды  үйреткен тиімді және балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады.

 

 

 

 

 

   Шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге    олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы келмей емін-еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда

 бір- біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.

Ағылшын тілін оқытуды бастауыш мектептен бастау керектігі көптеген елдердің тәжірибесінде сүйене отырып бастаған едім. Өзімнің жұмыс тәжірбиемде бүлдіршіндердің шет тілін өте тез қабылдайтынына және есте сақтау қабілеттерінің де жоғары болатындығына көзім жетті.

    Бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығы байқалуда.Мектеп жасына дейінгі балаларга тән шыдамсыздык, назар аударудагы тұрақсыздық тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып,ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек . Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттін  ойын арқылы өткізудің және оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерінің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.   Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының  жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге

жаттықтырады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан  тиімді оқыту тәсілі болып табылады.

    Бастауыш сыныпта ағылшын тілін үйрету барысында көбінесе әндерді қолданамын. Сабаққа байланысты  ән , тақпақтарды интернеттен алып баланың жас ерекшеліктеріне қарай таңдаймын. Сабақ барысында оқушылармен ән,тақпақтар айтып және олардың  ауызекі тілінің  дамуы  мақсатында ағылшын тіліндегі ертегілерді рөлге бөліп  ойнайды. Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құралып, оны әуенімен қоса айтқанда оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы ағылшын тілінде  мультфилмдер  көрсету арқылы  оқушылардың тыңдап, көру қабілетін арттырамыз.

      Сонымен  қатар электронды оқулықтарды да пайдаланамыз.  Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық  қабілетін  арттыруға, ізденісін  ұлғайтуға, танымдық  көзқарасын   қалыптастыруға, өзіндік   жұмыстарды тез орындап машықтануына  негіздейміз.

  

 

 

 

 

Электрондық оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тестік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады.

     Оқушылдарының  оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет. Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды. Сонымен бірге сағат саны қөбейтілсе, өйткені мектептерде ең бірінші ағылшын әріптерін, сөздері мен грамматикасын оқытады. Енді сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып үйрететін кез келгенде балалар алдыңғы сабақта үйренгендерін ұмытып қалады өйткені сабақтардың аралығы алшақ  болады да,сабақ өзара байланыста өрбіп отырмайды Оқушылардың таным белсенділігін ояту үшін, материалды ұмытпастай есте сақтау үшін  сағат саны көбірек болу керек.

      Оқушыға жалпыға бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету - әрбір оқытушының міндеті.

   Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткіземіз.

 1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану.

 2. Сабақты түрлендіріп өткізу

 3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану

 4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану.

 5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсетеміз.

     Бастауыш сынып оқушыларына шет  тілін меңгертуде әр баланың психологиясына ауыртпалық түсірмейтіндей  әр түрлі әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білсең ғана сапалы білім бере алатынымыз хақ.

Оқушылардың білім сапасының нәтижесіне келетін болсақ:

 Осы зерттеулер мен бақылауларға қарап оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығының артқанын көреміз. Ерте жастан ағылшын тілін үйретудің тиімділігін оқушылардың тілге деген құштарлығынан, жаңа сөздерді жаттау қабілеттерінің ересек оқушыларға қарағанда жылдам жаттауынан және де оқулықтан, жұмыс дәптерінен тапсырма орындағанда тиянақты, ұқыпты орындауларынан байқауға болады. Оқушылардың оқуға деген мотивациясы айтарлықтай жақсарды, олардың  білім алуға деген қызығушылығы  артады.

    Оқушылардың ағылшын тілін үйренудегі тағы бір жақсы жағы 2, 3, 4 сыныптарда сөз қорының едәуір ұлғаюын байқауға болады Жетістіктерімізбен қатар қиыншылықтарымыз да бар дер едім. Қашан да жаңа бастаған істе көптеген кемшіліктер болары анық. Дегенмен біздің жұмысымыздың әлі де дамуына кедергі жасайтын кемшіліктер де бар.

 

 

 

 

Мысалы, балалардың қызығушылығын одан әрі арттыруға үлкен үлес қосатын компьютер жабдықтарының жетіспеушілігі, мультимедиалық электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілмеуі, мультимедиялық кабинеттің осы уақытқа дейін мектебімізге бөлінбеуі көңілді қынжылтады.

     Көш жүре келе түзеледі дегендей қателіктерді болдырмау мақсатында жұмыстар жасаудамыз. Ашық сабақтар , сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырып, өткіздім..

 Қорыта келе , « Ағылшын тілін  бастауыш  сыныптан бастап оқыту »  қазіргі заман талабына сай жүргізу , мектепті технологиялық ақпараттандыру құралдарымен қамтамасыз етуді негізге ала отырып төмендегі өтінішімді  ұсынамын:

1.Оқушылардың ағылшын тілін толық меңгеруіне ықпал тигізетін мультимедиялық кабинет ашу.

 2. Мектептерде шетелдік оқытушылармен  өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу. 

3. Ағылшын тілінен сағат саны көбейтілсе.

     Қазiргi уақытта, ғылым мен техниканың дамыған ғасырында, ағылшын тiлiн меңгеру, еркiн сөйлеу- заман талабы. Елбасы болашаққа үлкен сенiм артып отырғандықтан, жас ұрпаққа ағылшын тiлiнiң қыры мен сырын меңгерту - әрбiр пән мұғалiмiнiң мiндетi. Ұлы Абайдың:

 Ақырын жүрiп анық бас,

Еңбегiң кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, -деген ұлағатты сөзi менiң ұстаздық  жұмысымның негiзгi мақсаты.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 276 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2015 2119
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусагалиева Кулпан Жумахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 12928
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1547 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 469 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Английский язык" в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 913 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания английского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 352 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 232 человека

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 389 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 285 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе