Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / «Ағылшын тілін меңгеруде инновациялық тәсілдердің маңыздылығы»
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

«Ағылшын тілін меңгеруде инновациялық тәсілдердің маңыздылығы»

библиотека
материалов

К.Кабасова,арнайы пәндер оқытушысы, шет тілдер магистрі

«Ағылшын тілін меңгеруде инновациялық тәсілдердің маңыздылығы»

«Мұғалім – өз білімін үздіксіз жетілдіріп,

іздену үстінде болғанда ғана мұғалім,ал

ізденуді тоқтатқан күні оның мұғалімдігі тоқтайды»…

К.Ушинский.

Жаңа заман талабы білікті азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің білім стандартына бәсеке бола алатын маман даярлап шығаруды талап етуде,сондықтан елімізде шет тілін меңгеру жоғары деңгейде қарқындап отыр.Ендеше, елбасының қолға алған алғашқы саясатының бірі үштұғырлы тіл мәселесіне орай ағылшын тілінің даму аясы ерекше көрініс тапты.Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру еліміздің,ұлттың бәсекеге қабылеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілін меңгеру- уақыт талабы. Елбасы өз сөзінде «Ағылшын тілі –ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын,әлемдік деңгейге шығаратын тіл» - деген еді. Жаһандану дәуірінде көштен қалмай үзеңгілес келе жатқан еліміз әлеуметтік –экономикалық және мәдени жаңарулар оқытылып отырған ағылшын тілі пәнінің өрісін кеңейтті. Егемендік алған жас мемлекетті әлемге танытуда халықаралық қарым-қатынастар көбейе түскендіктен ағылшын тіл мамандары көптеп қажет болды.Жылдан –жылға ағылшын тіліне ықыласы артқан адамдар саны көбейе бастады, шет тілін жаппай меңгеру кезек күттірмес мәселеге айналды.Осыған орай елбасымыз «Жаңа әлемдегі –Жаңа Қазақстан»-атты жолдауында үштұғырлы тіл мәселесіне көп көңіл бөлген, ашып айтсақ« Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді меңгеруі керек қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуі шарт .Көптілділік біз үшін қалыпты жағдайға айналуы керек .Еліміз бүкіл әлемге үш тілді еркін пайдаланатын,жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс» -деген болатын. Демек тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттердің құралы,ойлаудың формасы тілдік дамудың негізі болып саналады. Бұлар:

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл,

Орыс тілі – ұлтаралық тіл,

Ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі


болып танылып отыр.Яғни мен өзімді тіл маманы ретінде үштұғырлы тіл саясатын берік ұстанған, оқушыға сапалы білім,саналы тәрбие беруді міндетім деп білемін.Кез-келген елдің тілін үйренуде алғашқы қадам қызық және оңай болып көрінеді өйткені тілдің құрлысы бірінші дыбыстық жүйеден құрылады бірақ, сол дыбыстық жүйені игеру дұрыс сөйлеудің алғышарты болып табылады.Әр пәннің өз қиындығы бар,ағылшын тілінің оқылуы мен жазылуы екі түрлі болғандықтан фонетикалық аспектіліерге тоқталмай өту мүмкін емес.Жалпы ағылшын тілін оқытудың мақсаты шет тілін іс жүзінде меңгеру оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану.Білімділік мақсаты – шет тілінде сөйлеуге үйрету,байланыста бола алу,ортақ тіл табысып,түсіну арқылы қарым қатынасты нығайтуға ұмтылу болып табылады.Ал тәрбиелік мақсатына келетін болсақ – өзге елдің мәдениетімен танысу арқылы өз пікірі қалыптасып ой –өрісі дамиды.Негізінен нағыз ұстаз –тілді меңгертуде лексикаға көп ден қойғаны дұрыс деп есептеймін.Лексика –қарым –қатынасты ұлғайтуда ең негізгі бағыт -бағдар беретін тілді меңгерудегі ең маңыздысы.Өйткені тілді яғни сөздік қоры бар оқушы грамматикалық қателігі болса да қарым-қатынасқа түсе алады.Мысалы сөйлеушінің сөзінен грамматика арқылы емес, лексикалық сөздің мағынасы арқылы байланыса аласың, яғни сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы түсіністік, сөздің мағынасы арқылы іске асады әрине грамматика қажет емес деп кесіп айтудан аулақпын бірақ, тілдің қарым –қатынас құралы сөздіктің жақсы қалыптасуынан дегім келеді. Елімізге тілді үйретуде өз еркімен келушілер легі(волантерлар) соңғы жылдарда көптеп келгенін білеміз ,бірақ сол үйретушілердің өз араларында да біздің еліміздегі сауаттылықтың жоғары екеніне көз жеткізгенде, қатты таң қалғандары да болды,ал олардың өз араларында грамматиканы жетік меңгермегендері де бар болып шықты,оны өздері мойындап та жатты.Алғашқы жылдары келген еріктілерді елімізде құшақ жая қарсы алып қабылдап жаттық,әрине өзге елдіктердің келгендері де жақсы ғой, дегенмен де қазіргі таңда өз арамыздан педагог кадрларды шетелдерге тәжірибе алмасуға көбірек жіберсе ,соның ішінде колледж оқытушыларын да жиірек жіберуді қолға алса екен деймін.Ағылшын тілін үйретуде түрлі әдіс- тәсілдер пайдаланылады,сөздерді мағыналық заттан суреттер арқылы ,түрлі макеттер мен заттар арқылы тіпті ойыншықтар пайдалану арқылы түсіндіруге болады.Мүмкіндігінше визуалды мысалдар келтірген жөн.Тіпті мысалдарды өмірден алып,өз ортасымен байланыстырсақ білім алушының қызығушылығы артады. Демек шет тілдерін оқытуда тілдік материалдармен танысу ғана емес оның оқыту жолын,қолданылуын көрсетіп, айтуға ,жазуға ,оқуға пайдалану дағдысын қалыптастыруымыз керек .Ал сапалы білім беру жолында еліміздің білім беру саласында аз қызмет атқарылып жатқан жоқ ,алдымен тіл мәселесін бір жүйеге келтірген соң мемлекетіміз білімді педагогтар даярлауға бет бұрды. Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді талап етті. Осы мақсатта көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік берді.

Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттер көзі болды.

Ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып , оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасалды, ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралына айналды.

Заманауи педагогтер қызметкерлерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беру. Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.

«Мұғалім – өз білімін үздіксіз жетілдіріп, іздену үстінде болғанда ғана мұғалім,ал ізденуді тоқтатқан күні оның мұғалімдігі тоқтайды»-деп ұлы педагог Ушинский айтқандай білім алу мен білімді болу қоғам дамуына ықпалы зор факторлар.Нағыз педагог өмір бойы оқиды,үйренеді.Әлемдегі жаһандық өзгерістерге бірінші болып ілесетін, жаңашылдықтың жаршысы – педагог. Еліміздің педагог кадрларды жаңа форматты білім беруде енгізілген үш айлық курс, үш деңгейде оқытып, оны мектеп қабырғасындағы мұғалімдерден бастаған ,яғни білім саласындағы ең кіші сатысы, төменнен жоғарыға дейін оқытуды қамтамассыз еткен бұл бағдарламаның басты мақсаты мен түйінді идеясы маған қатты ұнады. Толығырақ айтатын болсам Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі – педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы білім берудің сапасын арттыру және құрылымдық жүйелердің әрекеттестігімен өзара тиімділігін арттыруда Кембридж Университетінің білім бөлімінің білікті мамандарының Қазақстан педагогтарына арнайы ұйымдастырылған Кембридждегі оқыту тәсілдерінің теориялық негізін елімізге енгізу үлкен жетістік болды.Біздің Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледждің 11 оқытушысы осы бағдарламамен оқып шықты және өз тәжірибесін колледж ұжымына семинар ретінде ұйымдастырып көрсетті.Қазіргі жаһандық заманауи дамуда тұралап қалған еліміздегі білім беру саласының, әлемдік білім беру стандарттарымен таныса отырып, оның тиімді тұстарын жүйелеп, өз елімізде пайдаланып,іске асыру жолында көп жұмыстар атқарылуда. осы курстың заманауи оқытудағы топтастырылған жеті модульмен таныстық.Олар:

1.Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс –тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3.АКТ және сандық технологияларды білім беруде пайдалану.

4.Оқу үшін және оқытуды бағалау.

5.Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу.

6.Орта білім берудегі жас ерекшеліктеріне байланысты топтағы психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері.

7.Мектептегі басқару жүйесімен көшбасшылық

бұл аталған жаңаша оқыту модульдердің барлығы білім берудегі осы уақытқа дейінгі белсенді қолданып келген Жанпейісованың «Модульдік оқыту жүйесі»,Сатылай кешенді оқыту,СТО-стратегиялық бағдарламасы бойынша білім берудегі жаңа технологиялардың қатарын толықтырғандай болды..Сындарлы оқытуда білім алушыға білім бере отырып ,сол алған білімін болашақта пайдалана алуға бағыт беру дағдысын қалыптастыру екен, ал біз дәстүрлі оқытуда алпыс жыл бойы тек білім берсек ал дағды қалыптастырмаған екенбіз.Яғни білім,білік бар да дағды жоқ. Білім алушы өз ойын еркін айтып,сабақта топтық,жұптық, жеке жұмыс жүргізіліп,өзін-өзі және өзара бағалап,топта ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылады, жеке тұлғаға бағытталған, құзіретті тұлға қалыптасады. Сабақ топтық жұмыстармен тығыз байланыста іске асады топтастыруда менің қолдағаным және ұнағаны топтастырудағы топтың үздіксіз ауысып отыруы егер бір орыннан тапжылмаса оқушы дамымайды деген қағидаға толық көз жеткіздім.Өйткені бұл жағдай өз тәжірибемде толық көрініс тапты. Оқу үдepici бeлceндi әpi жaңaны үйpeну тұpғыcындa жүpгiзiлуi кepeк. Шәкipт шынaйы өмip туpaлы жeкe түciнiгiн өзi қaлыптacтыpaды, мұғaлiм oның түciнiгiн қoғaммeн, opтaмeн бaйлaныcтыpуғa жaғдaй туғызуғa, қaжeт бoлғaндa бaғыт- бaғдap, aқыл- кeңec бepeдi. Мeн өз колледжімдегі oқушылapымды шeт eл мeктeптepiнiң oқушылapымeн тeң caнaймын ,бiздiң бaлaлapдың дa қaбылeтi жoғapы өйткeнi мeн колледжде caбaқ бepу бapыcындa oқушылapыммeн жиi пiкipлeceмiн, coндa oлap oқыту мeн oқудaғы нeгiзгi пpoблeмaлapды өзiммeн тeң тiптi acып кeтeтiн құнды oйлap aйтып,өздepiнiң ұcыныcтapын aйтa aлaды. Мыcaлы қocымшa caбaқтap өткiзiп, aғылшын тiлiнeн дaяpлaйтын куpcтapғa бapып, тiптi интepнeт apқылы шeт eлмeн тiкeлeй бaйлaныcып cөйлeceйiкшi дeгeн қызығушылық тaнытaды oл мeнi қaтты қуaнтaды. Өйткeнi oлap өз бoлaшaғын aнықтaуғa жәнe жocпapлaуғa ұмтылaды.

Жaңaшa oқытып oқушының тoлыққaнды бiлiм aлуынa бaғыт бepудe тoппeн жұмыc icтeу өтe тиiмдi бiлiм aлудың шыңы , яғни oлap тaлқылaйды. Тәжipибeдe көpceтeдi,дәлeлдeйдi. Coндa ғaнa, oлap өздepiнe қaжeттi бiлiм aлa aлaды. Осындай дәлелдеулерден соң ,пәндік білім беруді жаңа технологиямен байланыстыра отырып, ағылшын тілінің болашағы елімізде жарқын дамуда деп ,нық сеніммен айта аламын. Ендеше іске сәт құрметті әріптестер.



Пайдаланылған әдебиеттер;

1. Елбасы жолдауы 2006-2007жылдар.

2. Қaзaқcтaн мeктeптеріндегі шетел тілдері жуpнaлы,2013ж,№6,25-бeт[1].

3. Құcaйынoв A.Әлeмдeгi жәнe Қaзaқcтaндaғы бiлiм бepудiң caпacы,

4.Мұғaлiмдepгe apнaлғaн нұcқaулық.1 iлгepi дeңгeй,2012жыл.



Общая информация

Номер материала: ДБ-110076

Похожие материалы