Инфоурок Иностранные языки СтатьиАғылшын тілін үйретуде электрондық оқулықты қолданудың тиімділігі

Ағылшын тілін үйретуде электрондық оқулықты қолданудың тиімділігі

Скачать материал

hello_html_m3b1813e1.gifhello_html_6d86ca8e.gifhello_html_6c94df59.gifhello_html_765d7dbe.gifhello_html_m3b1813e1.gifhello_html_6d86ca8e.gifhello_html_7d38ae0f.gifhello_html_7d38ae0f.gifАтырау облысы

Құрманғазы ауданы

С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі











Педагогикалық оқу



Тақырыбы: Ағылшын тілін үйретуде  электрондық оқулықты қолданудың тиімділігі



 

 





 

Каттыбаева Сагадат Тулегеновна

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі














Мазмұны

 

 

  1. Кіріспе



2.Негізгі бөлімі

2.1. Электрондық оқулықтың құрылымы

2.2. Ағылшын тілін үйретуде  электрондық оқулықты қолданудың тиімділігі



3.Қорытынды

4.Қолданылған әдебиеттер тізімі

















 











Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.


Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.


Жұмыстың міндеті: Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын, атап айтқанда электрондық оқулықтарды тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.


Жұмыстың зерттеу әдістері: HTML тіліндегі электрондық оқулық ұсыну.


Жұмыстың жаңалығы: Заман ағымына сай білім беруді дамыту, білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру – кез келген оқу орынның, оқытушының басты міндеті.



 

Елбасымыз «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы үш құрамдас бөлiктен тұруға тиiс деп оны талдап бердi. Оның бiрiншiсi — бiлiм беру жүйесiн инновациялық даму жолына түсудi қарастырады. Дәстүрлi бiлiм беру әдiсi шәкiрттердi ақпарат және бiлiммен мейiлiнше мол ауқымды қамтамасыз етудi басты орынға қою керек. Қазiргi кезде әрбiр сағат сайын жаңарып жатқан ақпарат пен бiлiмнiң тасқынынан өзiмiзге керектiсiн iрiктеп алу- оны ыңғайына қарай қолданысқа және мамандыққа еңгiзу мәселесi күн тәртiбiнен түспеуi керек. Сондай-ақ жаңаша ойлауды да ұмытпауды еске сала келiп, бұл үшiн жаңа әдiстемелер, оқыту формалары қажеттiгiн айтты.

Осыған байланысты бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.


Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:

—        ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

—        бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

—        оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;

—        оқу жүйесі бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;

бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;

—        педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың қағидалары:

қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi ;

жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;

бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;

жалпы компьютерлiк сауаттылық;

оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация).

Нәтижелер:

жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

— мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;

бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;

республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық желiсiн құруға негiздеп, бiлiм берудiң басқару салаларының ақпараттық желiсiн құру.

 

 

Негізгі бөлім

2.1. Электрондық оқулықтың құрылымы

Мен электронды оқулықтың сыртқы құрылымын қарастыратын болсам. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:

  1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.

  2. материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.

  3. Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.

Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.

Нақтылап айтып кетсем, аса маңызды критерийлердің бірі болып табылатын оқулық мазмұнымен қатар, дизайндық ұйымдастырылуы да құрастырушының назарынан тыс қалмай, бірінші орынға қойылып қарастырылғаны жөн. Менің электрондық оқулығымда қажет стандарттардың барлығы ескерілген болып табылады.

Келесі кезекте оқулықтың кейбір беттері көрсетіліп ұсынылады.

Оқулықтағы кескін-суреттердің, тақырыпқа сай мысалдардың іс жүзінде графикалық түрде бейнеленуі оқулықты меңгеру процессін өте қызықты, ыңғайлы, жылдап әрі сапалы өткізуіне көмек береді.

Материалды меңгерілу деңгейін қарастыру, тексеру үшін арнайы сұрақтар мен тест сұрақтары да кіріктірілген.

Мұғалімге тексеруді ыңғайлату процессін мен оқушы тіркелуімен қамтыдым. Бұл өз кезегінде тестті өткен оқушылардың нәтижесін бірден көруді автоматтандырады.


Сонымен қатар электрондық оқулықты қолданудың түсініктемесі де қарастырылған. Оны арнайы «Көмек» батырмасын шерту арқылы немесе біздің білетін «F1″ перне батырмасын басып шақыруға болады.


Электрондық оқу курсының құрылымы

Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:

сыртқы бетi;

титульдық экран;

мазмұны;

оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер);

оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);

өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;

өзiндiк бақылау жүйесi;

оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе.

Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:

Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.

Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi туралы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады? электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б.



Электрондық оқулықтың құрамы:

пән туралы қысқаша ақпарат;

жұмыс бағдарламалары;

электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

-теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);

-теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

-практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

бақылау тапсырмалары;

лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;

бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;

бақылау тестiлерiнiң жинағы;

телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;

үйренушiнiң жұмыс папкасы.

Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.

 







2.2. Ағылшын тілін үйретуде электронды оқулықтың тиімділігі


Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан мектептің техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері мектебіміз сабаққа қажетті электронды оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.

Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан әрине, электрондық оқулықтың құрылымы сапалы және жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық сонымен қатар, оқушының уақытын да үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге көп ықпал етеді. 
Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.
Ал бұның мұғалімге көмегіне келер болсақ, оқу материалы түгелдей көркемделген. Мұғалімге көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес. Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған. Электронды оқулықтар дыбысталған, оларда оқушының жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.

Біз қазір түсіндіру, жеткізу педагогикасының деңгейінде жүрміз. Біз сабақ барысын түсіндірусіз, көрнекі құралсыз елестете алмаймыз. Егер білім беру жүйесінің хронометражын жасасақ, оқушының пәнді меңгеру үшін сабаққа белсенді қатысуына бар-жоғы екі минут кетеді екен. Сабақ уақытының басым бөлігі оқытушының түсіндіруімен өтеді. Ал электрондық оқыту әдістемесі ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім бағдарламасын толыққанды меңгеруге жол ашады. Ал жаңа әдістемелер педагогикалық үрдіске тың серпіліс әкеледі.Оқушының ынтасы мен белсенділігін арттырады. Оқушы қаншалықты белсенді болса, білім беру де соншалықты тиімді болмақ. Аталмыш әдістемелер оқушының ғылымды жаңа қырынан тануға да ықпал етпек. Оқушыларға мультимедиялық түсіндірмесі бар интерактивті тапсырмалар беріледі. Ең тиімдісі, оқушы тапсырманы орындағанда дұрыс-бұрыстығы бірден айтылады.

Тақырыпты меңгермеген балалар болмайды. Олар әр түрлі жағдайға байланысты:

  • бірнеше сабақты жіберіп алуы;

  • жаңа материалды тыңдамай, түсінбей қалуы;

  • бірден ойды түсінбей қалуы, осының барлығы жиналып қала береді.

Электрондық оқулықтар мұндай қарама-қайшылықтарды жоққа шығарады, олар оқушыға оқу материалына жугінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. 


Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен  жұмыс істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электронды  оқулықты пайдалану арқылы:

—  оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;

—  абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;

—  оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;

—  мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Электронды оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

—  Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

—  Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін өзі тексеруге;

—  Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;

—  Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

—  Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

—  Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

 

Электронды оқулықтарды ағылшын тілі сабақтарында пайдаланудың артықшылықтары:

  1. Өтіліп отырған тақырыпты жан-жақты меңгеруі;

  2. Оқыту үрдісінің әр түрлілігі мен оқушының қызығушылығының артуы және жеке тұлға ретінде шығармашылығының артуы;

  3. Оқушының шығармашылық қабілетінің артуына көмектеседі;

  4. Мұғалімнің тиімді оқыту әдістерін таңдап алу мүмкіншілігін кеңейтеді.



Ақпараттық технологиялардың  мүмкіндері пайдаланып жасалынған электронды баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электронды оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және граматикалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электронды оқулықты қолдану барысында графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі оқушыларды бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.

Электронды оқулықты қолдану саласы өте кең: электронды – оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның  дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің  жұмысын жеңілдете түседі.

Мен өз сабағымда электронды оқулықтарды пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру фильмдері, сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.

hello_html_762a557d.gif

Электронды оқулықты пайдалану арқылы:

  • сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

  • мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;

  • оқушының пәнге қызығушылығы;

  • алынған білім, дағды деңгейі;

  • білімнің тереңдігі;

  • тексеру түрлері, бағалау;

  • практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.


 

Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

  1. Жан-жақтылығы.

  2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.

  3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.

  4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.

  5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.

  6. Тұтынушыға бағдарлау.

Қорытынды

 

Оқушының ағылшын пәніне қызығушылығын, белсенділігін арттыраты, білім сапасын көтеретін бірден-бір құрал- электронды оқулық. Электронды оқулық оқушының танымдық қабілетін,ойлау,сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

Электрондық оқулықтар, өзінше бір репетитор ретінде мұғалімге оның дербес өздік жұмысын сапалы ұйымдастыруға көмектеседі.Бірақ бір маңыздылығы мұғалім бұл электронды оқулықпен өзі таныс болуы тиіс. Электронды оқулық – бұл оқушыға ғана емес ,сонымен қатар мұғалімге де көмек.Оқулықтың жан-жақтылығының арқасында, олар әдістемелік деректер қоры бола алады.

Иоганн Вольфганг Гете айтқандай, «Біліп қана қою –аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек,ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек» - дегендей,әрбір мұғалім осы заманғы сабақ берудің жаңа үрдісін меңгеріп , қолданғаны жөн. [10]

Қазіргі талап – оқушыларды ойландыру, сезіндіру, ақпаратты құралдар арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан ағылшын тілі сабағында ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы тиянақты болады

Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.


Сабақтарыма қысқаша тоқталып өтсем:

Сабақтың тақырыбы : Kazakhstan. 11 – сынып.

Сабақтың мақсаты: оқытудың компьютерлік технологиясы арқылы оқушыларды өз бетімен әрекеттендіре отырып, Қазақстан елінің тарихын, мәдениетін таныстыра отырып, өзге шет елдің тарихы, мәдениетімен салыстыру.Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту, өзге ұлтты құрметтеуге, өө Отанын сүюге және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мультемедиялық проектор, электрондық оқулық, сызбалар,карта, тақырыптық суреттер.

  1. Бұл сабақта «Ағылшын тілін үйренейік» атты «Sanasoft.Win Translate» компаниясы дайындаған 10-11 сыныптарға арналған электрондық оқулығын пайдаландым. [7] Оқулық оқушының дүниетанымын ,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға сонымен қатар оқушының ағылшын тілінде қатесіз,еркін сөйлеуіне үлесі зор.


rtueutyrtyuye57i9,78knjk












  1. Оқулықтағы тақырыппен қоса электронды оқулықтағы тақырыппен, жаңа сөздер грамматикалық материалдар сабақта алынды. Төмендегідей тапсырмаларды пайдаландым.





yhywsrturvdbvbjtyu84tyiut





Келесі тоқталатын сабағым «Great Britain». [8]

Сабақтың мақсаты: Ұлыбритания елі туралы жаңа мәліметтермен таныстыру. Оқушылардың сөйлеу дағдысын, коммуникативтік қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту. Оқушыларды өзге ұлты құрметтеуге, өз Отанын қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: карта (Ұлыбритания), тақырыптық суреттер,электронды оқулық.



Great Britain







Scotland

Scottish

England English

Northern Ireland Irish

Wales Welsh







Today English is the official language in all parts of the country and in the world







hello_html_659431b8.jpghello_html_m8f8f562.jpg











hello_html_5d92ad24.jpghello_html_3e9c52d4.jpg













Сабақтарымда мәліметтерді салыстыру, ұқсастығын мен айырмашылығын анықтау, ойлау қабілетін дамытатын ойындар, баланың тез ойлап шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамуға әсер ететін тапсырмалар алып отырамын. Оқушының ағылшын пәніне қызығушылығын, белсенділігін арттыраты, білім сапасын көтеретін бірден-бір құрал- электронды оқулық. Электронды оқулық оқушының танымдық қабілетін,ойлау,сөйлеу дағдысын қалыптастырады.













Қолданылған әдебиеттер тізімі:


 

  1. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары 2006. — №5. 3-5 бет.

  2. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003.

  3. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.

  4. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы

  5. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т.

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ағылшын тілін үйретуде электрондық оқулықты қолданудың тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2016 4252
    • DOCX 305.1 кбайт
    • 64 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каттыбаева Сагадат Тулегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14202
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Концептуальное и методическое обновление дисциплины «Иностранный язык» в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 507 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский

Преподаватель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1547 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 469 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе