Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / " Аккумулятор батареялары" сабақтың әдістемелік әзірлемесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

" Аккумулятор батареялары" сабақтың әдістемелік әзірлемесі

библиотека
материалов


Тақырыбы: Аккумулятор батареялары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Игерiлген бiлiмдi жаңа байланысқа алып, аккумулятор батареялары туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, топпен жұмыс жасауға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Психологиялық үрдiс:естi жаттықтыру, ойды жинақтау, ойлау, елестету ассоциациясы.

Сабақтың түрі: аралас

Ойын, жарыс, проблемалық сұрақ студенттердің зейінін дамыту

Пәнаралық байланыс: Ауыл шаруашылық машиналары

Көрнекті құрал- жабдықтар: үлестірме қағаздар,конспект, сызбалар,ноутбук,слайд,т.б

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 2-3 мин.

Студенттермен амандасу, түгелдеу

  1. Үй тапсырмасын сұрау – 10-15 мин.

Үлестірме қағаздары арқылы студенттердің білімін тексеру.

1.Автомобильдің электр энергиясы қандай жабдықтарды қоректендіруге жұмсалады? – іштен жанатын моторды қосуға, жанғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, электронды басқару жүйесіне, бақылау,өлшеу приборларына.

2.Элетр тогы қандай жолдармен алынады? –механикалық және химиялық

3.Электрондардың өткізгішпен бағытталған қозғалысын не жеп атайды? –электр тогы.

4.Электр жабдықтарының приборларын жалғастыратын өткізгіштер ретінде қандай сымдар пайдаланылады? –алюминий ,мыс.

5. Элетр тогын мүлде өткізбейтін материалдар-эбонит,резенке,пластмассалар,маталар.

6.Элетр тұтынушыларын қалай қосқанда ток оларға жеке-жеке қосылады? –параллель

7.Электр жабдықтарының приборларында кеңінен қолданылады –электр магниттері

8.Жартылай өткізгіштерде қандай қоспалар болады? – алюмний ,индий сияқты 3валентті қоспалар

9.Транзистордың қызметі –тізбектегі токты күшейту және үзу

10.Жартылай өткізгіш пластинкасына өтетін ток бағыты- тіке бағыт

  1. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту – 1-2 мин.

Студенттердің жауап бере алмаған сұрақтарына тоқталу,толықтыру

  1. Жаңа сабаққа кіріспе – 3-4 мин.

Кіріспе сұрақтары арқылы студенттер назарын аудару:

1.Автомобильдерде іштен жанатын моторды жанғыш қоспаны тұтату үшін не керек?-электр энергиясы

2.Ал,электр энергиясын қайдан аламыз? –аккумулятор

3.Жалпы аккумулятор батареяларын қайда қолданып жүрсіңдер?

  1. Жаңа сабақ – 20-25 мин.

Әдістері: әңгіме, баяндау, көрнекі, техникалық құралдар, өткенмен байланыс т.б.

Аккумулятор (лат. accumulator — жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол электр және су энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді.[1]Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының түрлері:

қышқылды; сілтілі.

Аккумуляторлар құрылысы бойынша былай жіктелуі: ашық; жабық.

Ашық батареялардан электролиттің құрамын (тығыздығын) тексеріп, реттеп отыру үшін арнайы қызмет көрсетіліп отырады

Жабық аккумулятор батареяларында мұндай қызмет көрсетілмейді, сондықтан олар жабық болады.

Аккумулятордың қызметі электр энергиясын химиялық энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген.

Қарапайым қорғасын аккумулятор (сурет) электролит құйылған (тазартылған судағы күкірт қышқылының ерітіндісі) пластмассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан тұрады. Электролиттен пластиналардың беті күкірт қышқылды қорғасынмен, басқаша айтқанда, қорғасын сульфатымен жалатылған.

Аккумулятор батареясы (сурет) ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан (4) тұрады. Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пластмассадан немесе эбониттен жасайды.

  1. Жаңа сабақты пысықтау – 30 мин.

Студенттерді 2 топқа бөлу.

Кім білімпаз I тур 2 топқа кезекпен сұрақтар қою әр дұрыс жауапқа 10 б

  1. Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының түрлері? қышқылды; сілтілі

  2. Аккумулятор д.з не?- (лат. accumulator — жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап

  3. Аккумуляторлар құрылысы бойынша былай жіктелуі? - ашық; жабық.

  4. Аккумулятордың қызметі ?- электр энергиясын химиялық энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген.

  5. Кышкылды аккумулятор батареяларының негізгі ақаулары қандай?- өздігінен жоғары разрядталуы, мерзімінен бүрын разрядталуы

  6. Кышкыл денеге түскен кезде не істеу керек?- зақымданған жерді алдымен сумен, содан сон 10% -дық мүсәтір спиртінің ерітіндісімен жуу керек.

Қатесін тап II тур 2 топқа сурет беріледі, суреттегі номерацияны дұрыс жазуы қажет.

Нысана ойыны Нысана ұпайлармен сызулы болады, әр ұпайға байланысты сұрақтар болады, жауап берсе ұпай алады, жауап бере алмаса -5 шегеріледі.

    1. Жиналатын энергия түріне сәйкес аккумулятор қалай бөлінеді? электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор 50 балл

    2. Аккумулятордың қызметі? электр энергиясын химиялық энергияға (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген. 10 балл

    3. Аккумулятор батареясының құрылысы? ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан (4) тұрады. Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пластмассадан немесе эбониттен жасайды. Оның түбінде пластиналар тірелетін қырлары болады. Әр банкаға оң (2) және теріс (1) пластиналар жиыны орналасқан. 40 балл

    4. Электролитті қалай дайындайды ? химиялық таза күкірт қышқылы мен тазартылған судан 20балл

    5. Егер суды қышқылға құятын болса қандай реакция болады? , тасқынды реакция болады, қышқыл шашырап, ыдыстың ернеуінен асады, ал денеге тисе күидіріп жіберуі мүмкін. 30 балл

Проблемалық сұрақ

Сендер Астана қаласынан Алматы қаласына жеңіл Лада 2110-автоколігімен жолға шықтыңдар. Көліктеріңде өздеріңмен ұялы телефон зарядкасы, фотоаппарат 9батарейкасымен, ноутбук жане жолға алған азық-түліктерің бар. Қызылорда қаласына 100км жақындағанда, далалы жерде коліктеріңнің аккумуляторының күші таусылды. Кун суық автоколікті қалай оталдырасыңдар? Бұл сұраққа жақсылап ойланып жауап берулерің үшін 7мин уақыт бар кімде кім дұрыс жауабын тапса 5 койылады.

7. Жаңа сабақты қорыту,бағалау 6-7 мин.

Студенттердің жауап бере алмаған сұрақтарына тоқталу,толықтыру

Студенттерді бағалау.

8.Үй тапсырмасын беру – 2-3 мин.

Жаңа тақырыпқа конспект жазып келу.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров780
Номер материала ДВ-572071
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх