Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Акпараттық Коммуникациялық технологиялар "Баяндама"

Акпараттық Коммуникациялық технологиялар "Баяндама"

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Сары-Арқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру


Расулов Бауыржан Ануарбекұлы

Информатика пәні мұғалімі

Жоспар:

І. Кіріспе.

1. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану.

  2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әдістемесі.

  3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру тәжірибемнен.

ІІІ. Қорытынды.

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа

технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа

технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу,

игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ,

сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың

тағдыры – ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев


Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпарттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан-жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ-ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

  • Интерактивті тақта;

  • Мультимедия;

  • Интернет кеңістігі;

  • Электронды оқулық.

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

  • Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;

  • Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

  • Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;

  • Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).

Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс-әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль-сабақ, саяхат-сабақ және т.б. жатқызуға болады.

Жаңа АКТ-ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

  • Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

  • Ақыл-ойын дамытады;

  • Шығармашылық белсендігін арттырады;

  • Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

  • Тіл байлығын жетілдіреді;

  • Жан-жақты ізденушілігін арттырады.

АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш-карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Видео-сабақты қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызығушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, видео-сабақтар арқылы түсіндіру жеңіл әрі қызықты. Сонымен бірге қажеттілігінше видео-сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттырады. Видео-сабақтардың дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың ережелеріне сәйкес келеді. Оқушы әр пән бойынша оқу материалын көру арқылы қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялықкарталарды, көркем экпонаттарды және тағы да басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады.

АКТ-ны пайдалана отырып сабақты өткізу әдістемесіне тоқталар болсам. Үй тапсырмасын тексеру келесі түрде болуы мүмкін. Мұғалім алдын-ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды өткен тақырыпты түгелдей ашуға қажет ақпарттық объектілерді кірістіреді. Мұғалім сабақ барысын интерактивті тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен бірге оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді және үй тапсырмасын тексеруді жүзеге асыра алады.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып - білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар:

  • Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.

  • Блок – схем, графиктер, диаграмма, карта т.б.

  • Тірек – схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.

  • Ойын арқылы оқыту.

  • Сөзжұмбақ, ребустар.

  • Логикалық есептер.

  • Тестілеу және бақылау.

Жаңа сабақты түсіндіруді Power Point презентациясы немесе электронды оқулық көмегімен беруге болады. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер және графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалдар есте сақталып, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге болады.

Мысалы 7-сыныпта «Есептеуіш техниканың даму тарихы» тақырыбын түсіндіру барысында тірек-сызбаларды АКТ көмегімен көркем әрі ықшам етіп көрсетуге мүмкіндік алдым: үй тапсырмасын «Көңілді батырмалар» ойынының көмегі арқылы тексердім. Интерактивті тақтада түрлі-түсті батырмалар беріледі. Оқушылар қалаған түстегі батырмаларын таңдайды және батырмаларды басқан кезде сол батырманың сұрағы шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар:

  1. Дисплей дегеніміз не?

  2. Маустың неше түрі бар?

  3. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы.

  4. Принтердің түрлерін атаңдар.

  5. Пиксель дегеніміз не?

  6. Алғашқы түрлі-түсті мониторлар қай жылы шығарылды?

  7. Электронды-сәулелі түтікше дегеніміз не?

  8. Лазерлік принтер қалай жұмыс жасайды?

Жаңа түсінік беру тірек-сызбалар көмегімен жүзеге асырылады (төменде берілген 1, 2, 3-кестелер).

Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті.

1-кесте. Есепшот түрлері

hello_html_42bf13f4.png









2-кесте. Есептеуіш машина түрлері

3hello_html_1b374ac1.png-кесте. ЭЕМ Буындары








hello_html_19dac93c.png









Жаңа түсінікті «Ол кім? Бұл не?» ойыны арқылы тексердім. Тақтада 8 ұяшық беріледі. Ұяшықтар астында суреттер жасырылған, ұяшықтардағы суреттерге жауап бергеннен соң оның астарында жасырынған суреттерге анықтамалар беріледі. Сұрақтар:

1. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп атаған, ал жапондықтар не деп атаған?

2. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым.

3. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик.

4. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды?

5. Екінші буындағы ЭЕМ-дердің элементтік базасы не болды?

6. Төртінші буындағы ЭЕМ-дердің элементтік базасы не болды?

7. ЭЕМ буындарын атаңдар.

8. Бірінші буындағы ЭЕМ-дердің элементтік базасы не?

Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығуға «Сыңарын тап» ойынын алдым. Бұл сәйкестендіру тесті негізінде алынған. ЭЕМ түрлері мен олардың атқаратын қызметтері беріледі. Оқушылар ЭЕМ түрі мен қызметін сәйкестендіреді.

Сабақты қорытындылау «Саңырауқұлақ терейік!» ойынымен жүзеге асады. Тақтада тиін, тиіннің шелегі және 6 саңырауқұлақ берілген. Саңырауқұлақтарды тиіннің шелегіне жинау керек. Ол үшін саңырауқұлақтар қоятын сұрақтарға оқушылар жауап берулері тиіс. Дұрыс жауап алған саңырауқұлақтар өздігінен шелекке келіп түседі.

Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

АКТ құралдарын қолданудың пайдасы:

  • Түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

  • Әр оқушының білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді;

  • Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді;

  • Оқушылардың барлығын бағалауға мүмкіндік аламыз.

Қорыта келгенде сабақтарды АКТ-ны пайдалана отырып, түрлендіріп өткізу арқылы сабақтың тиімділігін арттыруға және жан-жақты дамыған терең білімі бар, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Қазіргі заманның талабы сол. Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашылық жұмыс істеп білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сонда ған оқушылар әрбір пәннің мазмұныны жүйелі меңгеріп, олардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет.

2. М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» - 48 бет.

3. www.google.kz сайты.

4. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж.Садыбекова «Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» (4-5 бет).

5. Қзақстан Республикасының білім беру жүйесін 2020 жылға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

Автор
Дата добавления 10.10.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров22
Номер материала ДБ-249617
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх