Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Аквариумдағы сабақтар (ортаңғы топ)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Аквариумдағы сабақтар (ортаңғы топ)

библиотека
материалов

Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар
Мақсаты:
 табиғат сұлулығын, әсемдігін көре білуге, сезінуге үйрету; эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктері: Балық түрлері, магнитті қармақ, резина балон , аквариумдағы тірі балықтар, көк түсті фон, қайшы, жылтырлы түрлі-түсті желім, компьютер слайдтары.
Ұ.О.І-Ә түрі: Дәстүрлі емес.
Ұ.О.І-Ә типі: Жаңа білімді беру.
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан балақай
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз- ерекше боламыз,
Біз еңбекқор боламыз!


Тәрбиеші : Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.
Ғажайып сәт:Ішке теңіз қарақшысы кіріп келеді.
Теңіз қарақшысы: Мен балаларды алып кетуге келдім. Маған балалар ұнамайды.
Тәрбиеші:Алып кетпеңіз, біздің балалар ақылды, алғыр, тапқыр, тәртіпті балалар.
Теңіз қарақшысы:Жарайды. Балалар менің жұмбағымның жауабын шешсін. Жұмбақтың жауабын шешсе , ашық сабақтарыңның тақырыбы шығады.
Шаңқ-шұнқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ
Жүріп кетсе соңында,
Қалып қойған ізі жоқ.
Балалардың жауабы: Балық.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс –әрекетіміздің тақырыбы «Аквариумдағы балықтар».
Балықтар суда өмір сүреді. Балықтың түрі өте көп. Үйде асырайтын балықтар да болады. Көлде ,теңізде өмір сүретін балықтар үлкен болады, ал үйде өмір сүретін балықтар кішкентай болады. Олардың үйін аквариум деп атайды. Аквариумның ішіндегі балықтарды көру үшін шыны әйнектен жасалған.
(Тәрбиеші аквариумға су құяды.) аквариумның ішіне тас саламыз. Ішіндегі су мөлдір әрі таза болуы керек.
Балалар тәрбиешімен бірге балықтарды аквариумға жібереді. Балалар балықтарға жем береді.
Тәрбиеші: Балалар суда қандай балықтар өмір сүреді?
Балалар: Шабақ, сазан, шортан,итбалық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Енді балалар балықтар жайлы тақпақтарымызды айтайық.
Жанерке: Қармақ салсаң сазанға
Бар өзенге азанда.
Оңайлықпен сазанның
Түскісі жоқ қазанға
Ақбарен: Айқайлама ,ұрыспа
Тіпті ақырын тыныста
Сазан нағыз сақ балық
Жоламайды дыбысқа.
Теңіз қарақшысы: Жарайсыңдар, балалар.
Тәрбиеші:балалар барлығымыз шаршаған сияқтымыз, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: балықтар сияқты жүзеді, сүңгиді, суда секіреді.Қимылдарды қайталайды.
Тәрбиеші :Енді біз «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.(Балалар біртіндеп келіп балықаулайды, қай бала көп балық аулағанын санап, мадақтау)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар . Ең көп балықты Бижігіт аулады. Жарыс өте қызықты өтті.
Теңіз қарақшысы:Мен сендердің өнерлеріңе тәнті болдым, мен енді балаларды алып кетпеймін. Сендер тәртіпті, ақылды, тапқыр болып өсіңдер. Қош сау болыңдар.
Тәрбиеші:балалар балықтың суретін салайықшы.
Тәрбиеші: Балалар, ал енді оқу іс-әрекетімізді қорытындылап жіберейік
Суретпен жұмыс. Сұрақ-жауап.
Тәрбиеші:- Балықтар қай жерде өмір сүреді?
- балықтар немен қоректенеді?
- балықтар қай жерде жүзеді?
Балалардың жауабы .
Тәрбиеші: Осымен , балалар, біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров72
Номер материала ДБ-085382
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх