Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Ал, кәнекей ажелер " сайсы

"Ал, кәнекей ажелер " сайсы



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Ал, қанкей Әжелер!» сайысы.

Мақсаты: Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілдікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.



Сайыстың жүру тәртібі:

  1. Ұйымдастыру. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

  2. Әже мен немерені таныстыру

  3. Әділ қазылар алқасын таныстыру

  4. Сайыстың шарттарымен таныстыру

  5. Сайысты қорытындылау.

Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, аналар көктем мерекесі құтты болсын!

Алпыста алты жасар баладайсың,

Жетпісте хан жығасы – жағадайсың,

Сексен мен тоқсанда да сыр алдырмай,

Жүз жаста көпті көрген данадайсың,- деп

 Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған

«Ал,қанекей,әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі-дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду – қол шапалақпен ортамызға шақырайық.

  1. Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін әркез күліп, мейірімін төгіп жүретін Дилназ бен Ұлпанның әжесі Күләнда әжейді қарсы алыңыздар!

  2. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Алтынның күн әжесі, нұр әжесі, Зоя әжейді ортаға шақырамыз!

  3. Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.-деп сүйкімді Айкөремнің асыл әжесі Зәуре әжейді ортаға шақырамыз!

  1. Әже біздің күніміз

Әже біздің гүліміз

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз, -деп Ахмедиярдың нұр әжесі, асыл әжесі

әжейді ортаға шақырамыз!

  1. Бес саусағынан өнері тамған, немере қамын ойлай жүретін Бекарыстың асыл әжесі Ақкенже әжейді ортаға шақырамыз!

Кім жеңеді сайыста үміт алда

Қобалжу бар жүректе күдік барда

Әділқазы алқасы атыңды ақта, - деп әділ-қазы алқасымен таныстырамын.

Балабақша директоры: Айткужина Дина Камиқызы

Әдіскер: Ералина Нұрлы Дүзенқызы

Бейнелеу маманы: Гүлбаршын Жолдығалиқызы

Ата-ана: Қажет әжей

Енді сайысымыздың шартымен танысайық.

  1. Таныстыру

  2. Өнер сайысы.

  3. Салт-дәстүрден көрініс. Бесікке салу немесе тұсау кесу.

  4. Қолөнер сайысы.

  5. Ою оя білесіз бе?

  6. Ұлттық тағам көрмесі

  7. «Сыр сандық» сұрақ-жауап сайысы.

1 – кезең. Әжелеріміздің алғашқы кезеңі «Таныстыру»

Әжем болса қасымда

Көтеріңкі көңілім

Алтын әжем тілекші

Немерелер өмірін – деп әжелеріне арнап

Айзере, Әмір, Нәсіп «Әжеме» әнін орындайды.

2 – кезең. «Өнер сайысы»

Әжелеріміздің өнерін тамашалайық.

«Ортаңғы» топ бишілерінің орындауында «Әдемі Вальс»

3-кезең. Ұлттық дәстүрден көрініс.

Анама мені тербетіп,

Өсіп кеттім ержеттім

Сол бесігім үйімде

Сақтаулы тұр төрімде, - деп бесікке салу.



Жолын болсын деселік

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдымнан

Тұсауыңды кеселік, - деп тұсау кесу рәсімі жасалады.



4-кезең. «Қол өнер» сайысы

Ортаңғы топ «Матрюшки» биі

5-кезең. «Ою оя білесізбе?»

6-кезең. «Сыр сандық» Сұрақ-жауап сайысы.

Әр әжеге Бір билеттен беріледі. Бір билетте үш сұрақтан жазылған.

Сұрақтар:

1-билет

  1. «Тілашар» қай кезде жасалады?

  2. Дастархан басында қандай ескертулер жасалады?

  3. Ұйқасын тап: Өзінше ноян, қорқақ .....

2-билет

  1. Жеті ата қалай аталады?

  2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?

  3. Ұйқасын тап: Үні ғажап дүл-дүл, бақта сайрар......

3-билет

  1. Үш арсыз қалай аталады?

  2. Қазақ халқы баласын қалай тәрбелеген?

  3. Ұйқасын тап: Тұмсығы мен шыпшып, құрт тереді ......

4-билет

  1. 5 парыз қалай аталады?

  2. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?

  3. Ұйқасын тап: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға........

5-билет

  1. Базарлық деген не?

  2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата.

  3. Ұйқасын тап: Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса

Ұйықтап қалды ........

6-билет

  1. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда дегенді қалай түсіндіресіз?

  2. Бас табақ кімге ұсынылады?

  3. Ұйқасын тап: Қолыңмен істегенді

Мойынмен ......

Ән «Анашым». Бекарыс, Исмайл.

7-кезең. «Ұлттық тағам» көрмесі

Әжелер қандай ұлттық тағам жасаған екен? Әжелерімізді ортаға шақырамыз.

Ересек тобы «Вальс» биі

Әділқазы алқасына сөз беріліп, әжелерімізге сыйлар, номинациялар беріледі.

«Білгір әже»

«Мейірбан әже»

«Алтын оймақты шебер әже»

«Бұл-бұл әнші әже»

«Балқаймақ әже»

«Парасатты, дана әже»

Қайырымды, қасиетті,

Ең ардақты ақ әже,

Әрбір сөзі өсиетті

Баға жетпес бал әжем

Аман есен жүріңізші

Бар тілегім сол әжем дей отырып, бүгінгі әжелер сайысын аяқтаймыз.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров175
Номер материала ДВ-396249
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх