934747
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокШкольному психологуДругие методич. материалы"Алақай мен 5-ші сыныпта оқимын" бейімделуге байланысты тренинг сабақтар.

"Алақай мен 5-ші сыныпта оқимын" бейімделуге байланысты тренинг сабақтар.

библиотека
материалов

Айтуар негізгі мектебі





















Сабақтың тақырыбы:


«Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!»


5-сынып оқушыларына арналған тренинг сабақ



C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.IE5\3Y5HXTLM\MC900343343[1].wmf





Педагог-психолог: Бокушева А.Н.







Сабақтың мақсаты:

5-сынып оқушыларына орта буында (орта мектепте) оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо-педагогикалық қолдау көрсету.


Сабақтың міндеті:

  • 5-сынып оқушысының жаңа әлеуметтік статусы туралы түсінігін дамыту;

  • Өзінің мүмкіндіктеріне және жетістіктерге ұмтылуға деген дұрыс қатынас қалыптастыру;

  • Басқалармен тату өмір сүрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызды екендігін түсіндіру;



Қажетті құралдар: дәптер, қалам, карандаш, жұмсақ ойыншық немесе доп.



Жұмыс жоспары:

  1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.

  2. Жаттығу «Орнымызды ауыстырамыз».

  3. Топтық ереже қабылдау.

  4. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.

  1. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.

6. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?».

7. «Дос іздеймін» жаттығуы.

  1. Кері байланыс. Қорытындылау.

9. Үйге тапсырма.







  1. Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.

Қазір біздер балалар, шеңберге тұрамыз. Сіздермен өте қызықты жаттығу орындаймыз. Атауы да ерекше – «Өзіңді мақта!». Өзімізді мақтауға бізге сиқырлы доп көмектеседі. Әрбір оқушы қолына сиқырлы допты алғаннан кейін өзін мақтауы керек. Сіздерден ұялмауларыңызды сұраймын. Ендеше, ойынды өзімнен бастайын. «Мен өзімді ақылдымын және мейірімдімін деп мақтағым келеді, себебі мен әрқашан өзімнің оқушыларыма және олардың ата-аналарына, сонымен бірге басқа да адамдарға көмектесемін». Осылай допты келесі адамға береді. Бұл жаттығу оқушыларда өзіне деген сенімділікті және батылдықты дамытады.


2. Жаттығу. «Орнымызды ауыстырамыз».

Бұл ойын кішкене қимылдауға, көңіл-күйді көтеруге, сонымен қатар бір-бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші босаған орынға отырып алу үшін келесідей тапсырма береді: «кімнің достары көп, алмұртты жақсы көретіндер, оқуды жақсы көретіндер, домбыра тарта алатындар, балмұздақты жақсы көретіндер, ата-анасына көмектесетіндер және т.б. орындарын ауыстырсын».

3. Топтық ереже қабылдау.

Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе – аяқтарымен жерді тысырлатады.

  • Ашық әңгімелесу

  • Белсенді болу және әзілдесе білу

  • бағаламау

  • сөзді бөлмеу

  • көп қатынасу



4. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.

Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.

«Бастауыш мектепте маған бәрінен де есте қалғаны ... »

«5-сыныпта мен (менің) .... келеді».

Оқушыларға 5-сыныпқа келгенде олардың өмірінде қандай өзгерістердің, жаңалықтардың болғандығы туралы әңгімелеу ұсынылады.

  • 5-сыныпта қандай қиындықтар болды?

  • Келіспеушіліктер туындаған сәттер болды ма?

  • Қандай қызықты оқиғалар болды?



5. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.

Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.

  • «Менің ойымша, мен ... ».

  • «Басқалар мені ... ойлайды».

  • «Мен ... болғым келеді».

Әрбір сөйлемге 5-6 сөзден жазуға болады.

Сөздер тізімі:

Ұқыпты, белсенді, қонақжай, тіртіпті, білімді, жауапты, еңбекқор, кешірімді, таза, шыдамды, батыл, сенімді, қарапайым, мәдениетті, қамқор, мейірімді, сабырлы, жылыжүзді, адал, сыпайы, білімге құштар, кеңпейіл, ...т.б.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Оқушылардың көпшілігіне ортақ, сәйкес келгендері саналады.

6. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?»

Балалар ата-аналарымен бірге демалысты елсіз аралда өткізуге көп уақытқа кетіп бара жатырмыз деп ойлауы керек. Ата-аналары балаларына өздерімен бірге чемодан және онда салатын өздеріне ең маңызды деген тек үш нәрсені ғана алуға рұхсат береді. Сіз не алып кетер едіңіз? Сол нәрселерді қағазға жазыңыздар. Әрі қарай балалар тізімді оқып және осы үш нәрсені не үшін таңдап алғандықтарын әңгімелеп беруі керек.

Талқылау:

  • Сенің таңдаған нәрсеңді, басқа біреу де таңдаған ба?

  • Кімнің жазғандары сені таң қалдырды?

  • Осы әлемде сіздердің көпшілігіңізге ортақ маңызды және қызықты нәрселер бар ма?

  • Өздерімен бірге алып кеткісі келген нәрселердің ішінен қандай нәрсе сенің ойынша өте ерекше болды?

  • Сен кім туралы жаңа бір нәрсені білдің?

7. «Дос іздеймін» жаттығуы.

Балаларға «Дос іздеймін» деп аталатын хабарландыру жазу тапсырылады. Онда өзі туралы, өзінің айналысатын нәрсесі, сүйікті ісі туралы кішкене әңгімелеу керек. Хабарландыру ұзақ болмауы тиіс. Өзіңе бүркеншік ат ойлап табуға болады.

Содан кейін хабарландырулар жинап алынып оқылады. Оқушылар әрбір оқылған хабарландырудың авторы кім екендігін табады: егер дұрыс тапса, онда қосымша автордың жақсы қасиетін атайды.

  • Өзің туралы жазу оңай болды ма?

  • Шындықты айту қиын ба?

8. Кері байланыс. Қорытындылау.

  • Сабақ барысында сен қандай сезімде болдың?

  • Сабақта берілген ақпараттар саған қажет деп есептейсің бе?

  • Осы сабақтан нені үйрендің, нені түсіндің?

  • Сабақта үйренгендерің алдыңғы уақытта көмектеседі деп ойлайсыңдар ма?

9. Үйге тапсырма.

Қиялыңа (фантазияңа) ерік бере отырып орта мектеп (5-сынып) оқушысының жұмыс үстелін ойлап табу және суретін салып келу.

Курс профессиональной переподготовки
Педагог-психолог
Курс повышения квалификации
Enjoybook
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Оказание первой помощи детям и взрослым»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-психолога в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы системы профилактики безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних в соответствии с федеральным законодательством»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Педагогика и психология в системе специального образования»
Курс повышения квалификации «Образовательная кинезиология в практике психолого-педагогического сопровождения учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности психолога в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Способы психокоррекции и профилактики в реалиях современного мира»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Enjoybook
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.