Инфоурок Начальные классы Научные работы"Алабота-пайдалы өсімдік " ғылыми жоба

"Алабота-пайдалы өсімдік " ғылыми жоба

Скачать материал

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылы

Ақтүбек  ЖОББ мектебі

 

 

 

 

 

Секция:  Химия,биология және валеология

 

Тақырыбы: Алабота-пайдалы өсімдік

 

 

Жобаның авторы:  Тикенова Анел Толеутайқызы

Сыныбы:  3

Жұмыс істеген жылы:  2015-2016 оқу жылы

 

 

Жетекшісі :     Бастауыш сынып мұғалімі :

                       Зейнуллина Сабира Алтынхановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

І. Кіріспе

ІІ . Негізгі зерттеу бөлімі «Алабота  - пайдалы өсімдік»

1.1 Алаботаны   тұрмыста қолдану

1.2 .Алаботадан  сабын жасау 

 1.3Алабота  өнімін қалдықсыз игеру

1.4  Алаботаның  емдік қасиеті

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір

         3-сынып оқушысы  Тикенова Анелдің  «Алабота » тақырыбындағы ғылыми жобасы  емдік қасиеті бар, өсімдіктердің бірі ауылымыз  Ақтүбек жерінде өсетін алабота  түріне арнайы тоқталып, пайдалы жақтарын ашып көрсете білген.Зерттеуші пікірін ұтымды,ойын ашық жеткізген.Осы  өсімдіктің  қандай  пайдасы бар екені  туралы ғаламторда көп іздену жұмыстарын жасағаны және нағашы әжесінің айтқанын  жазып алу арқылы  байқалады. Жалпы алаботаның біздің күнделікті өміріміздегі тиімді жақтары қарастырылған.

Жобаның зерттеу бөлімінде жан-жақты талдап.өзіндік пікір айтады..Қара сабынның кез келген жараға  ем екені туралы арнайы жан-жақты баса айтқан. Ең бастысы-салауатты өмір сүру екендігін ұмытпаған

Бұл жұмыстың келешекте де пайдаланатын мәліметтері мол екендігін атап өтуіміз  керек.

 

Ғылыми жоба жетекшісі:                      Зейнуллина Сабира Алтынхановна

бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

 

 

                              Ғылыми жобаның мақсаты:

    Алаботадан  қазақтың қара сабынын  жасау жолдарын тәжірибе арқылы  зерттеп, адамдарға табиғаттың өзі емші екенін көзін жеткізу арқылы , ғылыми- әдістемелік ұсыныстар беру. Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғауға  бағыттау.

                                              Ғылыми жобаның өзектілігі:

 

     Табиғи қара сабынның және үй жағдайын сабын жасауды зерттей отырып, осы сабындардың қазіргі химиялық қоспасы бар сабындардан айырмашылығы мен адам  денсаулығына тигізер пайдасы мен зиянын зерттеу. Адамдарды салауатты өмір сүруге бағыттау. «Қазақстан-2050» стратегиясының денсаулық саласын жақсартуды жүзеге асыруға үлес қосу.

 

                                        Ғылыми жобаның міндеттері:

 

 Қара сабынның жасалу жолын тұтынушыларға ұсыну.

 

Қара сабынның емдік қасиетін қолдану керектігін тұтынушыларға    дәлелдеу және ауырмауға жол іздейтін адамдарға кеңес беру .

 

Ғылыми жаңалық: 

 

    Синтетикалық жуғыш заттарды зерттей келе, қара сабынның және үй жағдайында табиғи  сабын даярлау тәжірибесін ұсынып,   осы сабындардың адам өмірін ұзартуға, жақсартуға септігін тигізетінін анықтадым.

Мазмұны

 

І. Кіріспе

ІІ . Негізгі зерттеу бөлімі «Алабота  - пайдалы өсімдік»

 2.1 Алаботаны   тұрмыста қолдану

2.2 Алаботадан  сабын жасау 

 2.3 Алабота  өнімін қалдықсыз игеру

2.4  Алаботаның  емдік қасиеті

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе

   Кез-келген елдің болашағы – оның халқының болашағына байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Денсаулық дегеніміз-адам жаны мен тәнінің амандығы. Денсаулықты сақтаудың бір жолы, ол тазалық. Ал, тазалықты сақтау әр адамның міндеті.    Гигиена-денсаулық саласы. Баяғы заманда халқымыз көшіп-қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелткен. Өзінің кір-қоңын, киім-кешегін, көрпе-жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй-іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.     Тазалық сақталмаса, аурудың бір ұшы содан болатыны айдан анық. «Ауырып –ем іздегенше, ауырмайтын –жол ізде» ,-деген халық даналығына негізделген түрлі ізденістер жасап жүретін кісілердің саны қазірде, өкінішке қарай, аз. Мен  Тикенова Анел Төлеутайқызы Қарағанды облысы ,Жаңаарқа ауданы Ақтүбек орта мектебінің 3  сыныбында  оқимын. Зерттейтін ғылыми жобамның тақырыбы: «Алабота –пайдалы өсімдік». Бұл тақырыпты  таңдаудағы себебім, мен тазалықты өте жақсы көрем, бір жағынан кәдімгі сабынмен кір жуғанда үнемі қолыма аллергия пайда болады,кір жуғанда  сол аллергиядан қалай құтылу жолы туралы зерттегім келді. Адамдарға  табиғаттың өзі емші  екендігіне көзін жеткізу. Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған.  Адамға табиғаттың өзі берген құндылығын  ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру. Елбасы   Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан-2050» бағдарламасында  «Дені сау ұлт» инфроқұрылымын дамытудың маңызы жоғары деп атап көрсеткен. Сондықтан, әр адам өзінің денсаулығына аса көңіл бөлгені дұрыс.Енді, сіздерге осы ғылыми жобамның пайдасы тиер деп,  нәтижесін ұсынбақшымын.                                 

Алаботаны тұрмыста қолдану. Ертеде халқымыз көшіп-қонып жүрген, жаз жайлау,қыс қыстауда күнелткен. Олар өзінің кір қоңын,,киім –кешегі, көрпе жастығын мұнтаздай таза ұстаған.Даласы қалай таза болса, үй іші де сондай ретті болғани .Оюлы сырмағы қағулы ,түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын .Әсіресе,халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетірумен, емдік қасиетіме,үнемділігімен  ерекше.Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес. Алабота өзен жағасында өседі.Оны күзде жинап алады. Сабын жасау үшін аналық түрі жиналады.  Сақар күлден шығады.Бізде мұны «қара сабын» деп атайды.Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар .Әуелі сары күзде буыны пісіп ,сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді.Кейініректе  күнбағысты соғып алған соң,оның қапағын кептіріп ,соның да күлін пайдаланатын болды.Алаботаның күлін суытып ,кендір қалтаға салады.Әсіресе,кесек-кесек  боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады.Күлің қанша  көп болса ,сонша жақсы,себебі ,төрт –бес қалта күлден,жарты қалта сақар алынады.Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның  үстіне жұқа бұл жайып ,айналасын кенеулеп,ойыққа төгіп,астына үлкен тегене қояды,күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, тегенеге жиналады. Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт-бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз. Мұнда ескеретін бір жайт, күнба­ғыстың яки алабо­таның күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, асытып-тасытпай, отты бір деңгейде жаққанда, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек. Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш-төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз.  Мұны үш-төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш-төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады.

Алаботадан сабын жасау    Біз сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алуды үйрендік,енді сабынды қалай жасауға болатынын айталық.Ауыл аймақта сабын жасау үрдісі үш-төрт ақ жаулықтыға ғана бұйырған. Себебі ол таңдалып алынған апалар сабын жасаудың әдіс –тәсілін жетік меңгерген . Соның бірі менің нағашы  әжем -Тишбала .Өйткені,сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше,сабыны дұрыс қайнамаса ,тасып төгіліп кетсе,дұрыс жасалмаса,сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған .Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған .Көбінесе ,оңаша қалтарыс жерде от жағып ,ошақтың күлін төгіп,қолғабыс ететін  адамнан басқаларға  қазанға қарауға рұқсат бермейді.Бұл ырым.Оны бұлжытпай орындау өте маңызды.Алдымен ,ішіңізден «бісімілләні» айтып жасар жұмысыңызға алладан игілікке істетуін сұрайсыз.

Әбден тазалап жуылған,майланған қазанға бір  кесе сақар салсаңыз,оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз.Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгерууі де мүмкін.Қазаныңыз үлкен болса,үш-төрт кесе сақар салып ,соған май құясыз да,еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалғн қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз.Бұл күймей,барлығы бір қалыпта қайнау үшін керек .

Қазан үш рет қайнайды.Әр рет қайнаған сайын,бетіне суық су бүркіп,ожаумен аздап құйып отырасыз.үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып,қазандағы қоспаңыз сабын болады.Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар.Егер жасаған сабыныңыз көп болса ,үлкен сабыннан екі –үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау керек.Мұндай сабындар көбінесе кір коң жууға арналады. Жалпы сабынды көптігіне қарай үшке,беске,жетіге бөледі.Тақ санға бөлудің де өзіндік мән маңызы бар.Себебі, тақ сандар киелі деп есептелген.Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған,майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданған амал.

Алабота өнімін қалдықсыз игеру.Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке болып саналады. Бұл өзі михнаты көп жұмыс болғандықтан әрі кім көрінген жасай бермейтіндіктен,ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп,сабын қалап сұрайтыны бар.Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң,қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып,әдемілеп домалақтап,балаларға сақтайды.Мұны «бұзаушық» деп атайды.

Бұзаушық баланы шомылдырғанда қолданылады.Мынау сенің бұзаушығың деп,қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған.Кейле көрші қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен,баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған.Ауыл-аймақ сабын сұрап келсе,өзінен артылғанын беру дағдылы іс.Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп беру дәстүрі жоқ.Ондай кезде сабыннан берекет,үйден құт кетеді деп ырымдайды.

Алаботаның емдік қасиеті.Қазақ сабынының емдік қасиеті мол .Біріншіден ,кір қоңды кетіру деңгейі жоғары.Бұрын қазақ майлы тағамды,етті көп жейтіндіктен,киімдері де соған сай майланып кететін.Соны тап-таза ғып жуу үшін қара сабынның жасалу сапасы жоғары болу керектігі түсінікті. Сондай ақ бүгінгі кір сабындар сияқты кір жуған  адамның қолын бөрттіріп,қышытпайды.Қанша кір жусаңда денеңе кері әсері жоқ.Ал ең үлкен қасиеті,денеңізге қышыма,қотыр,бөрткен шықса,қазақ сабынын істетіңіз.Бір-екі рет сол сабынмен шайынсаңыз,денеңізге дерт жоламайды. Бүгінгі сабындар секілді қайызғақ түсіріп ,шашыңызды құрғатып немесе майластырып та жібермейді.Ертеде,сусабын атымен жоқ кезде,қазақ қыздары тірсегіне  төгілген қолаң шаштарын осы сабынмен жуып,күтіп баптап ұстаған . Сақардың сабын жасаудан бөлек ,өзіндік емдік істерге тұрарлық қасиеттері де жеткілікті.Соның бірі  әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе,бақана,аусылмен ауырған малдардың тілін,аша тұяғын осы сақармен емдеп тұяқтарын сақарлы суға малып ,жазып алатын болған.

   Қорытынды.   Біз қазіргі заманда көп оқып ,білімді болуымыз керек .Білім –ғылымды игеру арқылы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысамыз.Себебі,жаңалықтар ашу арқылы өзімізге,тұрмысымызға пайдалы істер атқару. Мен осы жобам арқылы өлкеміздегі пайдалы өсімдік  алаботаны шикізат ретінде пайдаланып,оның тиімділігін,үнемділігін анықтадым.Сондай –ақ емдік қасиеті бар екенін білдім.Алабота өсімдігінен, көп қаражат жұмсамай ,сан ғасырлық   тәжірибеден өткен әдістерді қолданып тұрмысқа қажетті заттар алуды білдім. Алаботаның тұрмысқа қажетті және адам денсаулығына пайдалы екенін ғылыми тұрғыда түсіндіру  және ауылымызда өсетін алабота түрін қолдану пайдалы,тиімді,үнемді екенін көрсету .Адам денсаулығына ,тұрмысына қажетті өнімдерді делдалдар  арқылы  дүкеннен алмай,ғылыми зерттелген ,сан ғасырлық тәжірибеден өткен әдіс арқылы алаботаны өңдеуге болатынын зерттедім .

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1.www.asattig.mobi

2.Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктер. Р.О .Мыңбаева

3.Биология  6-сынып

4. «Қазақстан  өсімдіктері» Алматы. «Ғылым » баспасы 1977ж

   С.Арыстанғалиев    Е.Р.Рамазанов

5.Р.Адамбаева.  Б.Д.Әлібекова «Өсімдіктану» Алматы «Рауан»  баспасы 1997ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Алабота-пайдалы өсімдік " ғылыми жоба"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 168 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 3882
    • DOCX 25 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зейнуллина Сабира Алтынхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17889
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 46 человек