Инфоурок Информатика Научные работы"Ғаламторға тәуелділік" ғылыми жұмыс

"Ғаламторға тәуелділік" ғылыми жұмыс

Скачать материал



Теміртау қаласы әкімдігі «Теміртау қаласының №9 мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бағыты: физика және математика

Секциясы: информатика



«Ғаламторға-тәуелділік» - қазіргі қоғамның өзекті мәселесі

Жоба авторы: 6«Ә» сынып оқушысы Серикова Айдана


Ғылыми жетекші: информатика пәнінің мұғалімі : Султанова Ы.Ж.






Теміртау - 2016ж.


Аннотация

«Ғаламторға тәуелділік» - ғасыр дерті.

«Ғаламторға тәуелділік» – бұл Ғаламторға қосылуға байланғыштық ықылас пен Интернеттен уақытында шығуға қабілетсіздік. «Ғаламторғатәуелділіктің» себептері, белгілері бар.

Ғылыми жобада «ғаламторға тәуелділік», оның себептері, физиологиялық, психологиялық белгілері, және онымен күресу жолдары айтылды.

«Интернет-зависимость» -- это навязчивое желание подключиться к Интернету и болезненная неспособность вовремя отключиться от него.

В научной работе говорится об «интернет-зависимости», о симптомах, о физиологических и психических признаков, и о методах борьбы с «интернет-зависимостью.

"Internet dependence" is a persuasive desire to be connected to the Internet and painful inability in time to be disconnected from it.

Мақсаты: Ғаламторға тәуелділіктің зиянын айқындап, оның белгілерін айыра білу. Шынайы өмір мен виртуальды өмірді салыстыру

Міндеттері:

  • «Ғаламторға тәуелділік» мәселесін зерттеу үшін, әдебиет көзіне талдау жүргізу;

  • Мектепте «Ғаламторға тәуелділік» мәселесінің жоғары сынып оқушылары арасында кезедесетінін анықтау;

  • Жылдар бойынша “ғаламторға тәуелділердің” санын анықтау;

  • «Ғаламторға тәуелділіктің» жас жеткіншектердің психикасына әсерін анықтау.

Болжам: Орта және жоғарғы сынып оқушыларының «Интернет-тәуелді» екені болжам. Ер балаларда «ғаламторға тәуелділік» қыз балаларға қарағанда, жиі кездеседі.

Адамдар виртуальды өмірді шынайы деп бағалап, желіде жұмыс істегенде өз уақытын бақылау қабілеттілігін жоғалтады. Осыдан «ғаламторға тәуелділіктің» басым болатыны болжам.

Зерттеу тәсілі: 7-11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізу нәтижесінде алынған статистикалық деректердің талдауы.

Зерттеу объектісі: Жас жеткіншектерде компьютерлік тәуелділіктің байқалу ерекшеліктері.

Күтілетін нәтиже: әркім өз уақытын дұрыс пайдаланып, интернетте аз уақыт жұмсаса, «ғаламторға тәуелділікпен» күресуге болады.

Өзектілігі: «ғаламторға тәуелділіктен» құтылудың бір жолы – өз уақытын тиімді пайдаланып, шынайы өмірге көп бейімделу болып табылады, ақпарат күннен – күнге өзгерген сайын, адамдар виртуальды өмірге жақындай түседі.


Мазмұны





Кіріспе

Ғаламтор бүкіл ғаламшарлық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі . Ғаламторға жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни ғаламтор арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың ғаламтор бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, ғаламторға кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. 
Ғаламтордың жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Ғаламторда көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады.


1 «Ғаламторға тәуелділік» - қоғамның өзекті мәселесі

1.1 Ғаламтор дегеніміз не?

Ғаламтор - бір-бірімен байланыс арналарымен және бірегей деректерді қабылдау және жіберу стандарттарымен біріктірілген, байланысқан компьютерлер мен компьютерлік желілердің жиынтығы. Ол жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік информациялық жүйе болып табылады. Бүгінгі күнде осы информациялық кеңістікке 120 млн-нан аса пайдаланушылар қосылған. Олардың әрқайсысы одан өзіне қажеттісін тауып, оған қажетті деп есептейтінін бере алады. Ғаламтор 1969 жывлы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET оқу орындарын, әскерлер мен әскери мердігерлерді біріктіретін желі болған. Ол басында зерттеушілердің информация алмасуына көмек үшін, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған. ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютердегі программаны іске қосуға мүмкіндік береді.

Ғаламтор бүкіл ғаламшарлық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі . 
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Ғаламтор болып табылады.. 
Ғаламтордың шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. 
Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Ғаламтор» деген ұғыммен алмастырылды». 
Бұл күнде Ғаламторды тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда. 

1.2 Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Ғаламтордың пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда ғаламтор әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. 
Дегенмен де ғаламтордың жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.
Ғаламторға жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни ғаламтор арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы - ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың ғаламтор бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, ғаламторға кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. 
Ғаламтордың жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Ғаламтордан көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады :

1.Алысты жақындату 
2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру. 
3.Сана-сезімді жоғарылату. 
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. 
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру. 
6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. 
9. Ғаламтор арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады; 
10.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға; 
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға; 
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға; 
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға; 
- Қаржылық операциялар жасауға; 
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады.
Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес.

Ғаламтордан көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Ғаламторға кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек. Әрине бұл орынды, ол үшін алдымен әр бала компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Ғаламтордың пайдасы көп. Ғаламтор арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрі ғаламтор арқылы табылады. Кітапханаға бармай-ақ үйдегі ғаламтордан іздеуге болады.

Ғаламторды дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Ғаламторға цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың... Бірақ ең демократияның орнаған саласы - осы ғаламтор екенін Ғаламторды қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын. 
Ендігі бір мәселе - Ғаламторға тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Ғаламторды қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар ғаламтордан орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Ғаламторды қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние 
Ғаламтор - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, ғаламтор арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Ғаламторды сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпаратты сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. 
Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кету керек. Ғаламтордағы онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өзіміз ге де белгілі. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Ғаламтордың ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін. 
Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, ғаламтор желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы ғаламторға да шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, ғаламтор арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы, психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз деңгейінен асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды» деген сөз бар.
Сондықтан ғаламторды меңгеруіміз керек деп, ғаламторды білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін. 
1.3 «Ғаламторға тәуелділіктің» пайда болуы

Себептері:

  • Жасырын тілдесу мүмкіндігі;

  • Кері байланысты қиял әлемін, көріністі жүзеге асыру мүмкіндігі (соның ішінде, «Мен» деген жаңа бейнені құру мүмкіндігі; кәдімгі өмірде орындауға мүмкін емес, көріністер мен қиялдардың вербалдануы, вербализация ;

  • Жаңа сұхбаттас адамды іздеуге өте үлкен мүмкіндік;

  • Ақпаратты қолдануға шексіз рұқсат.

2 «Ғаламторға тәуелділіктің» ерекшеліктері мен белгілері:

    • Электрондық поштаны тексеруге деген байланғыш ықылас;

    • Ғаламторға тұрақты шығу;

    • Адам ғаламторда көп уақытын өткізеді” деген айналадағылардың шағымы;

    • Ғаламторға көп қаржының жұмсалуы.

2.1 «Ғаламторға тәуелділіктің» физиологиялық белгілері:

  • Көздің құрғақтануы;

  • Бас аурулары;

  • Арқадағы ауырулар;

  • Тұрақсыз тамақтану, тамақ ішу уақытын өткізу;

  • Жеке бас гигиенасын ескермеу;

  • Ұйқының бұзылуы, ұйықтау тәртібінің өзгеруі.

2.2 «Ғаламторға тәуелділіктің» психологиялық белгілері:

  • Психологиялық бұзылу:

    • Көңіл-күйдің айырмасы;

    • Жүйке жүйесінің бұзылуы;

    • Айналадағылармен дауласу;

    • Мұңаю, сарыуайымға түсу;

    • Ашуланшақтық.


Сауалнама алу

Жауаптар 5 баллдық шкаламен беріледі: 1 – өте сирек, 2 – кейде, 3 – жиі, 4 – өте жиі, 5 - әрқашан

1. Желіде ойлағаннан көп отырып қалғаныңызды қалай байқайсыз
?
2. Как часто Вы забрасываете свои домашние обязанности, чтобы провести больше времени в сети?
3. Как часто Вы предпочитаете развлечения в Интернете близости со своим партнером?
4. Как часто Вы строите новые отношения с друзьями по сети?
5.
Желіде отыру уақыты бойынша ата-аналар қаншалық ты жиі наразылық білдіреді?
6. Как часто из-за времени, проведенном в сети страдает Ваше образование и/или работа?
7. Как часто Вы проверяете электронную почту, прежде чем заняться чем-то другим?
8. Как часто страдает Ваша эффективность или продуктивность в работе из-за использования Интернета?
9. Как часто Вы сопротивляетесь разговору или скрываете, если Вас спрашивают о том, что Вы делали в сети?
10. Как часто Вы отодвигаете на второй план неприятные мысли о своей жизни, заменяя их успокаивающими мыслями об Интернете?
11. Как часто Вы чувствуете приятное предвкушение от предстоящего выхода в сеть?
12. Как часто Вы боитесь, что жизнь без Интернета станет скучной, пустой и безынтересной?
13. Как часто Вы раздражаетесь, кричите, если что-то отрывает Вас, когда Вы находитесь в сети?
14. Как часто Вы теряете сон, когда поздно находитесь  в сети?
15. Как часто Вы чувствуете, что поглощены Интернетом, когда не находитесь в сети, или воображаете, что Вы там?
16. Как часто вы замечаете свои слова «еще пару минут...», когда находитесь в сети?
17. Как часто Вы пытаетесь безуспешно урезать время пребывания в сети?
18. Как часто Вы пытаетесь скрыть количество времени пребывания в сети?
19. Как часто Вы предпочитаете находиться в сети вместо того, чтобы встретиться с людьми?
20. Как часто Вы чувствуете подавленность, плохое настроение, нервничаете, когда Вы не в сети, что вскоре исчезает, стоит Вам выйти в Интернет?

При сумме баллов 40-69 стоит учитывать серьезное влияние Интернета на вашу жизнь.
При сумме баллов 75 и выше, у Вас с высокой долей вероятности Интернет-зависимость и Вам необходима помощь специалиста.


Қорытынды

Ғаламторға тәуелділік қазіргі қоғамның өзекті мәселесі болып табылады, яғни, жас жеткіншектердің психикасына, денсаулығына, жалпы өміріне айтарлықтай зиян келтіреді. Ғаламторға тәуелділік қоғамда орын алды, және онымен күресудің жолдары бар.



«Теміртау қаласының №9 мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

6 «Ә» сынып оқушысы

дың

«Ғаламторға тәуелділік - қазіргі қоғамның өзекті мәселесі» атты ғылыми жобасына


Пікір

«Ғаламторға тәуелділік- қазіргі қоғамның өзекті мәселес» атты жобасы қазіргі таңдағы қоғамға қажетті тақырыптардың бірі. Қазіргі кезде адамдар заман ағымына сай ғаламторға тәуелді болып кетті. Бұл жұмыста оқушы өздігінен ізденіп, ақпараттар жинап, мәліметтер жинақтады. Ғаламторға тәуелділік туралы толық зерттеп, тақырыпты аша білді. Ғаламтор желісі мен қажетті әдебиеттерді дұрыс пайдалана отырып, орынды жұмыс жүргізді.





«Теміртау қаласының № 9

Мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің директоры: Қ.А.Нұрғалиева



Жетекші мұғалім : Ы.Ж.Султанова.






Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Информаткика. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2004. - 224 б.

2. Фигурнов В.Э., IBM для пользователя. Краткий курс. - М.: ИНФРА-М, 2006. - 480 c.: ил.

3. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал. – Алматы, №1, 2010 ж.

4. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал. – Алматы, №5, 2011 ж. Электрондық сілтемелер:

  1. www.support.ab.u / security / troyan

  2. http://ru .wikipedia.org/wiki/

  3. www.activibest.ru/page/pervyj-kompjuternyj-virus



Зерттеу күнделігі


Мазмұны

Мерзімі

Жетешінің қолы

Тақырыбымды жетекшіммен кездесіп, анықтап алдым.



Қалалық кітапханаға, ғаламторға шығып, тақырыбым бойынша іздену жасадым, бірнеше өзіме керек мақалаларды оқыдым.



Мәліметтермен танысып сұрыптай бастадым,ғылыми жобамның жоспарын жаздым.



Ғылыми жетекшімнен жоспар туралы кеңес алдым.



Жұмысымның негізгі теориясын жаза бастадым.



Негізгі теориясын жаза отырып, практикалық бөлімін негіздеп алдым.



Ғылыми жетекшімнің көмегімен бірге салыстырмалы талдау жасауға кірістім.



Әр бөлімді рет-ретімен орналастырып,аяқтадым



Жұмысымның теориялық тарауын аяқтадым.



Жұмысыма жалпы шолу жасап, қорытындыладым.



Жұмысымды аяқтап, жетекшіме пікір жазуға бердім.






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ғаламторға тәуелділік" ғылыми жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 8792
    • DOCX 39.7 кбайт
    • 94 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанова Ырысай Жавенгировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Султанова Ырысай Жавенгировна
    Султанова Ырысай Жавенгировна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26347
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 150 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе