Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Научные работы / Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде

Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ.


Нұрсұлтан Назарбаев



Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы

орны жөнінде


Халықтың өткен өмірі жалпықоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда біз оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік.

Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген – ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті.

Осыдан тура тоқсан жыл бұрын Әлихан Нұрахметұлы Бөкейханов бастаған қазақ саяси тобы Уақытша үкімет ұстанымын қолдап большевиктермен ымырасыз егеске түсті. Сондай-ақ бұл алып империяның саяси өміріндегі кезекті бір кикілжіңнің көрінісі емес-тін. Қазақ саяси ұйым құрып империя өмірін, оның құрамындағы қазақ ұлтының өмірін реформалау арқылы түбегейлі өзгертуді жақтайтын бағдарламалық негізі бар жол ұсынды. Бұл қазақ тарихында бұрын болмаған, орасан зор маңызы бар жаңа құбылыс еді.

Жалпы алғанда 1917 жылы қазақ халқының өмірін дүр сілкіндірген, оған динамика берген бірнеше ірі оқиғалар болып өтті. Олар: ұлт тарихындағы тұңғыш саяси ұйым – ұлттық-демократиялық платформадағы Алаш партиясының өмірге келуі (шілде) ; Ресей империясы құрамында Алаш автономиясын құру туралы ұсыныстың жария етілуі; Алаш автономиясының Ұлттық Кеңесі - Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің құрылуы еді.(5желтоқсан). Осыдан бірнеше күн бұрын, яғни 1917 жылғы 28 қараша күні Қоқан қаласында жұмысын бастаған ІҮ-ші Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы жариялап, оның 12 орыннан тұрған Уақытша үкіметін бекітті. Оның тұңғыш төрағасы М.Тынышпаев, кейін оны Мұстафа Шоқай ауыстырды. Ал осы саяси және мемлекеттік құрылымдардың өмірге келуі негізсіз, кездейсоқ оқиға ма еді? Әрине күтпеген кездейсоқ оқиға емес-тін. Менің бір аспирантым (Қ. Ілиясова) «Қазақ съездері» аталатын диссертациялық зерттеу жұмысын жазды. (ол жақында кітап болып жарық көрмек). Сонда айтылады: 1917-1918 жылдары қазақ даласында өткізілген қазақ съездерінің ұзын саны 68-ге жеткен. Осы аталған мезгілде ұлт азаттығын, оның ең өзекті деген өмірлік мәселелерін талқыға салып, белгілі бір шешімдер қабылдаған қазақ съездері дерлік барлық облыс және уез орталықтарында болып өтті. Сол қазақ съездерінде қабылданған шешімдердің ең негізгісі, әрине, барлық елді орталықтарда Қазақ комитеттерін құру туралы шешім болатын. Ал Қазақ комитеттері болса болашақ ұлттық мемлекеттіктің негізі, бастау көздері еді.

Міне осы өткізілген Қазақ съездері мен құрылған Қазақ комитеттері Қазақ қоғамының саяси белсенділігінің жоғары болғандығын айғақтап қана қоймайды, сонымен бірге сол белсенділікті дұрыс бағыттай алған ұлттық басқарушы топтың да саяси деңгейінің заман талабына лайық болғандығын анық байқатады.

Алаштық басқарушы топтың алдына қойған мақсат-мүддесін, осы тұрғыдан оның интеллектуалдық-саяси деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін негізгі құжат, әрине, бұл Алаш партиясының бағдарламасы. Бағдарлама не айтады? Бағдарлама қазақ қоғамының алдында тұрған негізгі екі қоғамдық мәселені шешуді көздеді. Олар біріншіден, қазақ елін отарлық тәуелділіктен азат ету, екіншіден, тегеурінді реформалық шараларды іске асыру арқылы қазақ өмірін жаңа сапаға көтеру еді.

Әлихан Бөкейханов пен оның серіктерінің ұстанымы бойынша 1917 жылғы аласапыран өзгерістер жағдайында қазақ қоғамы біржола мемлекеттік дербестік алып, бөлініп шығуға даяр емес-тін. Ә. Бөкейханов ол жөнінде мемлекеттік ісін «жүргізіп әкетерлік кісіміз тіпті жеткіліксіз, қазақтың жалпысын тарих даярлаған жоқ,» сондықтан да қазақ жұрты «жері біргелік автономияны қабылдап» Ресей империясы құрамында бола тұрады, ал қай күні өзін-өзі басқаруға жараса, сол күні бөлініп дербес мемлекет құруға күш салады деп жобалады. Бұл тұрғыдан алғанда біз кеңестік жүйе жағдайында мемлекетті басқару мектебінен өттік. Тарихи шындық сондай.

Алаш бағдарламасында Ресей мемлекеті «демократиялық, федеративтік республика» ретінде құрылып, ал шашыранды қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізінде Ресей Федерациясының құрамына енуге тиіс еді.Сөз орайына қарай айта кетейік, кеңестік және посткеңестік кезеңдерде жарық көрген қайсыбір еңбектерде кеңестік билік пен коммунистік партияны қазақ еліне оның жерін жинап, мемлекеттігін құрып беруші күштер ретінде көрсету етек алды. Иә, рас, бұл тұжырыммен белгілі дәрежеде ғана келісуге болады, дегенмен оны толық күйінде қабылдау қиын. Өйткені қазақ жерінің тұтастығы мен оның мемлекеттігі жөніндегі идея сондай-ақ оны іске асыру әрекеті кеңестік заманда ғана емес, одан да ерте кезеңдерде, тіптен Ресей империясы құрамына енген уақыттан бұрын да анық көрініс тапқан болатын.

Осы тұрғыдан алғанда ұлттық мемлекеттік дербестікке байланысты Алаш идеясы Абылай хан, оның немересі Кенесары хан, қазақ қоғамындағы басқа да азаттық үшін қозғалыстар мен қызметтің кезекті табиғи көрінісі және тікелей жалғасы ретінде қарастырылуы толық негізді.

Алаштық топтың қазақ шаруасына, қарапайым жұртқа қатысты ұстанымы жөнінде Алашты қазақ қоғамы таптық жіктелуден алыс жатыр деп түсінді. Отарлық езгіге қарсы күрес платформасында тұрған олар басымдылықты жалпыұлттық мүддеге берді. Мұндай ұстаным азаттық қозғалыстың ішкі логикасынан туындап жатты және ол дұрыс та болатын.

Алашорда үкіметін сайлаған екінші жалпықазақ съезі қозғалыстың ұлтаралық саясаттағы негізгі бағыттарын белгілеп берді. Съез қаулысында: «V. Қазақ арасында тұрған аз халықтардың құқықтары теңгеріледі», -деп көрсетіледі. Съезде құрылған Алашорда үкіметіндегі 25 орынның 10-ы қазақ арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Бұл арада біздің бағдарламаны кеңірек талдауға алу мүмкіндігіміз шектеулі. Егер де тұжырымдап айтар болсақ, оның сол тарихи мезгілдегі беделді саяси партиялардың бағдарламаларымен иықтас екендігіне жеңіл-ақ көз жеткізуге болады.

Алаш бағдарламасы өмірлік шындыққа айнала алған жоқ. Оқиғалар ағымы Ресей қоғамында қазақ сияқты халықтардың мемлекеттік дербестікке емес, тіптен империя құрамында мемлекеттік автономия алуына үзілді-кесілді қарсы күштердің басым екендігін анық көрсетіп берді. Ресей империясын біржола ыдыраудан сақтап қалу қамына кіріскен большевиктер партиясы қоғамдық дамуда Ресейден жоғары тұрған Польша мен Финляндияның мемлекеттік дербестігін мойындай отырып, украин, грузин, қазақ сияқты халықтарды империя құрамында ұстап қалу мақсатында түрлі әдіс-айлаға көшті, ал Алаш сияқты азаматтық күштермен күрес барысында репрессиялық шараларға жиі және емін- еркін барып отырды. Мен осы арада сіздердің назарларыңызды мынадай бір мәселеге аударғым келеді. Кеңестік билік Алаш зиялыларына қарсы ашық әрі перманентті репрессиялық шараларды жүргізе отырып бұл қозғалыстың ұлт-азаттық сипатын түсінді ме? Бұл біз үшін Ресей империясы, сонан соң Кеңестік мемлекет құрамында болған тарихымызды тура түсіну үшін аса қажет нәрсе. Әлем тарихында бірде-бір мемлекет өзінің отаршылдық мазмұнын бүркемелеп, жасырып көрсетуде кеңестік билікпен тең келе алар ма екен? Әй қайдам, тең келе алмас.

Кеңестік биліктің Алаш қозғалысының ұлт-азаттық сипатын жақсы білгендігін куәландыратын құжаттар аз емес, жеткілікті. Бұл ретте Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың (ОГПУ) қазақ азаттық қозғалысы, ұлт зиялылары үстінен тұрақты түрде жүргізіп отырған бақылау жұмысының есеп материалдарын алса да жеткілікті. 1922 жылыдың соңғы тоқсаны бойынша жасалған сондай бір ГПУ есебінде осы мекеменің тікелей тапсырмасымен Бөкейханов пен Дулатовтың тұтқынға алынып Орынбор ГПУ-ың қарауына беріліп, сондай-ақ Ақпаевтың жанында үш беймәлім серіктерімен Қарқаралыдан 900 шақырым жерде тұтқындалғаны ендігі уақытта Бөкейхановтың Мәскеуге жіберіп, Дулатовтың Орынборда қалдырылып, ал Ақпаевтың Семейде абақтыдан босатылып, ГПУ қарауында болатындығы айтылады. Одан ары есепте мынадай сөздер берілген: «Результаты агентурной разработки Алаш орды и киргизских национальных группировок за последнюю четверть 1922 года, связанные с получением сведений, помещенных в настоящий доклад, позволяет сделать нижеследующие выводы об измениях в национально-освободительном движении и о характере его за отчетный период». Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Ә. Бөкейханов осы мезгілден бастап өмірінің соңына дейін (сентябрь 1937ж ) оған Мәскеуден арнайы бөлінген бір бөлмелік пәтерде бақылауда тұруға мәжбүр болды ( бұдан бұрын ол 1908 -1917 ж. аралығында қазақ жеріне келу құқынан айрылып, Ресейдің Самара қаласында тұрған ). Бұл билік орындарының қозғалыс басшысын қазақ ортасынан алыс ұстауының нақты көрінісі еді.

1930 жылы ОГПУ-дың орталық басшылығы өзінің ортаазиялық бөліміне «қазақ зиялыларын қыспаққа алуды күшейте түсу» жөнінде арнайы тапсырма береді. 1927 – 1932 жылдар аралығында Алаш зиялылары үстінен екі дүркін жүргізілген сот процесі қазақ ұлт- азаттық қозғалысымен біржола саяси есеп айырысудың, яғни оны талқандаудың өзі болатын.

Сонымен, ХХ ғасырдың басында, яғни патшалық жүйе қойнауында нақ бағдарламалық негізде өмірге келген қазақ ұлт-азаттық қозғалысын кеңестік билік өз қолымен тұншықтырып, басты. Пролетариат диктатурасы атанған саяси билік осылайша өзінің ұлттық идеямен қатар үйлесімді өмір сүре алмайтындығын іс жүзінде көрсетті.

Осы ретте мен сіздердің назарларыңызды баяндалған мәселеге тікелей қатысы бар тағы бір тарихи фактіге аудармақпын. Алаштық топқа шабуылға көшкен Кеңестік билік, бір қызығы сол, қазақ саяси басшылығының екінші бөлігіне, яғни большевиктік платформаны алғашқы қадамынан бастап-ақ қабылдаған С. Сейфуллин, С. Меңдешев,

Т. Рысқұлов сияқты беделді топтың қолдауына сүйенді. Мәселен С. Меңдешев 1920 жылы Алаштық саяси топты сынай келіп, «белгілі бір саяси ағымды ұстанған, сондай-ақ онымен шындап күрес жүргізуге тұрарлықтай қазақ интеллигенциясы болған емес және қазір де жоқ. Ал кездейсоқ және ешқандай да негізсіз құрылған Алашорданың боласысы баяғыда-ақ болған» - деп салды. С. Меңдешевтің бұл тұжырымы қазақ облыстық партия комитетінің хатшысы Авдеевтің 1922 жылы айтқан «У нас еще свеж дух Алаш – Орды, этот дух мы застали в самом рассвете», - деген пікіріне мүлдем қайшы келетін еді.

Кеңестік билік жүйесінде қалыптаса бастаған жаңа партиялық номенклатура С. Қожанов айтқандай, «күніне бір мәрте Алаш Орда жөнінде ғайбат сөз айтпаса тамағына ас батпайтындай күйге жетті». Мұндай құбылысты империялық орталықтың «бөліп ал да, билей бер» саясатымен байланыстыра салу, әрине жеңіл, бірақ мәселе, біздің түсінігімізше, анағұрлым тереңірек сияқты көрінеді.

Алаш тәжірибесі нені көрсетті? Біріншіден, Алаш идеясы бұл белгілі бір топтың еркімен өмірге келген жасанды, сондықтан да өткінші құбылыс емес. Ол ұлтпен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы. Алаш идеясын өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды.

Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық. Кез-келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы – Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды. Ал оның ішкі әлеуметтік мазмұны, демократиялық принциптерге сүйенген қоғамды халықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін ұмытпағанымыз жөн. Бүгінде нарықтық экономикаға бойлап келген халыққа әлеуметшіл, қазақтың, қазақстандықтардың барлық әлеуметтік топтарының жағдайын бірдей ойлайтын билік керек.

Екіншіден, кез – келген мемлекеттің тірегі белгілі бір ұлт, барлық мемлекет осы жолмен қалыптасқан. Бізде де сондай. Бүгінде халықаралық деңгейде кең таныла бастаған Қазақстан аталатын мемлекетке де өз атын берген де, сондай-ақ оның халқының басым көпшілігін құрап отырған да қазақ, яғни Алаш халқы. Мұндай шындықты айту ұлтшылдықтың көрінісі ретінде қабылданған заман да болды. Енді міне жаңа заманда қазақтың жоғын айтуды ұлтшылдықтың, солшыл радикализмнің көрінісі ретінде түсіндірудің қисыны жоқ.

Мемлекет халқының басым көпшілігі болғандықтан қазақтың қорланып қалған мәселелері де аз емес. Ал оларды атап айту, оларға билік орындарының назарын аудару – бұл жергілікті жұртқа артықшылықтар талап ету емес. Ортақ мемлекеттік жүйеде қазақ халқының түрлі талап-тілектері өз уағына және заман талабына сай деңгейде шешілсе болғаны. Алаш зиялыларынан бізге жеткен аманат та осы болса керек.

Ахмет Байтұрсынов кеңестік кезеңде жазған мақалаларының бірінде: «Көбінесе мәдениеті төмен жұрт ақкөңіл, анайы келеді. Сондықтан да мәдениеті жоғары жұртпен араласқан жерде алдауына, арбауына түсіп жем болады. .... Ол жем болудан мәдениеті жетілгенше құтылмайды. Қазақ жем болудан түбінде декрет қуатымен құтылмайды, мәдениет қуатымен құтылады,» -деп көрсеткен болатын.

Тура осы мазмұндағы ұстанымды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әрқашанда білдіріп жүргеніне бәріміз де куәміз. Осы ұстанымға берік болайық.




Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл.

Шәкәрім




Азаттық таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұ күн теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті. Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкірлік!


Әлихан Бөкейхан


Кез болған соң кер заман біздің баққа,

Жау жарағын асырып, міндік атқа.

Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,

Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа!

Азаматы алаштың

Аттанатын күн туды.

Тұлпар мініп, ту ұстап,

Баптанатын күн туды!

Міржақып Дулатов


ХҮІІІ Алаш аманаты және ұлттық идея


ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы үмітінен күдігі басым өзгерістер мен қайшылықтарға толы еді. Ұлтты ұйыстыратын мемлекеттіліктің орнын отарлау миссиясын көздеген әкімшілік басқару органдары басты, қазақ халқының иелігінен алынып, мемлекеттік меншік деп жарияланған жер әкімшілік-аумақтық бөліске түсті, дәстүрлі шаруашылық-мәдени типі капиталистік қатынастарға азды-көпті бейімделгенмен империялық өктемдікке құрылған бәсекеге төтеп бере алмайтыны белгілі болды. Жат қолына түсу ел мен жердің тағдырын тәлкек қылатынын көрегендікпен болжай алған Абылай, Бұқар сынды тұлғалардың ғасырда-ақ айтқандары, Шоқан мен Абайдың, Шортанбай мен Дулаттың ХІХ ғасырдағы ескерту – зарлары айнымай алдан шықты.

Бұл барша әлемнің қайта бөліске кірісіп кеткен дәуірі еді. Кешегі кеңестік тарихнамада ол капитализмнің жоғарғы сатысы - империализм ретінде түсіндірілетін. Сөйтсек еуропоцентристік пайымның осал тұстары бар екен. Әлділер әлсізді бөрідей талаған, қазақтың халық ретінде сақталып қалатын-қалмайтыны беймәлім ғасырлар тоғысында әлеуметтік ілгерілеу атаулыны қоғамдық-экономикалық формациямен, пролетариаттың тап күресімен, социалистік революциямен байланыстырушы ілім – тарихқа материалистік көзқарас өмір ақиқатынан алшақ жатқанын әшкерелеген құбылыс қазақ даласында дүниеге келді. Қоғамдық-экономикалық формациясының – егер оның бары шын болса - дамуы тежелген, пролетариаты халықтың бір пайызын да құрамайтын, социалистік революциядан ауылы алыс қазақ елінің көшбасшысы міндетін марксшілер айтқандай қаналушы тап емес, ұлт зиялылары мен оқығандар өз мойнына алды.

Торлаған тұманнан жол таппай тұрған халқын өрге сүйреген күш Алаш қозғалысы еді. Саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, кәсіби даярлығы заманының сұранысына сай, адамгершілік-имандық қасиеттері ұлы даланың сан ғасырлық құндылықтарымен суғарылған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақпаев М.Шоқай, Б.Қаратаев сынды дүлдүлдер бастапқыда осынау қозғалыстың тұлғалық-интеллектуалдық әлеуетін сомдаса, іле-шала Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, С.Лапин, тағы басқалар әрлендірді. Қ.Кемеңгерұлының 20-шы жылдар басында Ә.Бөкейханды білімімен Еуропаның таңдамалы оқымыстыларына тең түсіп құрдас болған деуінде тарихи шындық бар. Әлекеңдер мен Ахаңдардың сарқытын ішкен М.Әуезов, көзін көрген С.Сейфуллин кейінде бірі әлем әдебиеті классиктері қатарынан орын алса, екіншісі қазақ әдебиетіндегі социалистік реализм тәсілінің негізін қалаушы ретінде тарихқа енді. Біз бұл жерде саяси және таптық ұстанымдары әр қилы азаматтарды бір қауымға бекер топтастырып отырған жоқпыз. Әңгіме олардың бәрі ұлтшыл, ұлтжанды, ұлты үшін білімі мен білігін, күш-қуатын жұмсағанында, тіпті құрбандыққа барғанында.

Алаш қозғалысына мұрындық болған оқығандар мен зиялылар саны көп емес еді. Патшалық құрылыстың соңғы 30-40 жылы ішінде 5 млн. қазақтан 100-ден астам ғана жоғары дәрежелі білім иесі шығыпты. «Алаш» партиясы қатарына кіргендер 300 мүшеге жетер-жетпес. Бірақ бұлар жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шыққандар ғой. Отарлаушылар сайын даланың серкелерін уысынан шығармау үшін небір құйтырқы саясат жүргізіп, араларына от тастау, арандату, жанжалға итермелеу амал-шарғыларын іске қосса да, Алаш зиялылары қарақан басының қамын күйттемей, ұлт азаттығын ұлы мақсатқа айналдырды. Әрине, түсінбестіктер болды. Бірақ қандай жағдай басқа түспесін, бірін-бірі өкпеге қиғанмен өлімге қимағаны тарихи факт. Ал олар қайраткерлік танытқан уақыт, орта мен кеңістік қай жағынан алып қарағанда да бүгінгіден әлдеқайда күрделі әрі қауіп-қатерге толы екенін ескерсек, ХХІ ғасырда Алтынбек Сәрсенбайұлындай асылдың ажалына жауаптылар Алаш тағылымы мен аманатынан мүлде мақұрым қалғанын мойындауымыз керек.

Ұлт мүддесін ту етіп көтерген Алаш зиялылары қазақ қоғамын отарлық езгіден алып шығатын, дамып кеткен елдер қатарына қосатын жолдарды іздегенде пікіралуандығын жоққа шығармады. Мәселен, бірінші буржуазиялық-демократиялық революция тұсында-ақ панисламдық, батысшылдық саяси ағымдар бейбіт қатар өмір сүрді. Кезінде Б.Қаратаевтың отарлық әкімшіліктен жер үлесін алып, қала салуға талпынысын Ә.Бөкейхан бастаған топ қатал сынады. Түрлі пікірталастар «Айқап» пен «Қазақ» арасында, «Тіршілік» пен «Бірлік туы» беттерінде жүріп жатты. Бірақ бұдан ұлт зиялыларының алауыздығын, бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығара алмағанын көргеннен гөрі, олардың интеллектуалдық ізденісте әрекет еткенін ұғынғанымыз жөн шығар.

Ғасыр басындағы Алаш зиялыларын ұлы істерге жұмылдырған, қоғамдық-саяси, шығармашылық ізденістеріне негіз қалаған ұлттық идеяның бастау бұлағы, біріншіден, туған халқының жан төзгісіз ауыр халы, екіншіден, қайшылыққа белшесінен батқан Ресейде либерализмнің күшеюі, үшіншіден, әлемде ұлт-азаттық қозғалысының жандануы болса, мәні мен міндеттері 1905-1907 жылдарғы бірінші орыс революциясы тұсында жүйеленді. Сол бір кезеңді Ә.Бөкейхан былайша сипаттаған екен: «Вся степь была вовлечена в сферу политики и захвачена потоком освободительного движения. Началась оживленная переписка о нуждах киргизского народа. Указ 17 апреля о веротерпимости еще более приподнял настроение. Весной 1905 года, с наступлением привольной жизни, в степи на летних стоянках начались съезды, на которых обсуждались местные нужды и нужды всей киргизской народности. Все больше степные ярмарки этого года стали ареной киргизских политических съездов, где киргизы обсуждали и подписывали, поданные потом на Высочайшее имя, петиции. На этих же съездах были избраны делегаты, уполномоченные лично подать эти петиции. Религиозные и земельные вопросы стояли у киргиз впереди вопросов политической свободы». Әрине, Сырым, Исатай-Махамбет, Кенесары басқарған ілгерідегі ұлт-азаттық қозғалыстары зая кетпегені рас. Бірақ оларда нақты практикалық іс-әрекет, аймақтық шектелу басым түсіп жататын. Енді іс-әрекет бүкіл сайын даланы қамтыған саяси-теориялық ой-сананың сапалы жаңа биікке көтерілуімен, ұйымдасуымен, дәуірінің үдесінен шыққан партияны құруға талпыныспен толықты. Бұл орайда 1905 жылғы маусым айында қабылданған Қарқаралы петициясы мен желтоқсан айында бес облыс зиялыларының басын қосқан Орал сьезінің маңызы ерекше. Академик К.Нұрпейісовтің пікірінше, Оралдағы басқосуда «Алаш» партиясының бастау көзінде тұрған қайраткерлер кадеттердің қазақстандық филиалын құруды мақсат еткен жоқ, олар кадеттер үлгісіндегі жалпыұлттық саяси партия құруды көздеді. Оған дейін әлі де 12 жылдай өмір жолынан өту керек болды. Ал Қарқаралы петициясына келсек, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Ж.Ақпаев дайындаған бұл құжатта Ресей үкіметінің алдына экономикалық, мәдени-рухани, әлеуметтік талаптармен қоса алғашқы саяси талаптар да (земство беру, орыстандыру саясатын айыптау) қойылды. Кейінде М.Әуезов айтқандай, «ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған».

Ұлттық идеяның тоқ етер түйінін табуға І және ІІ Мемлекеттік думаға қазақтан депутат сайлау септігін тигізсе, реакциялық күштердің шабуылы да тосқауыл қоя алмады. Егер ұлттық идеяның мәні – ұлттың тағдыр анықтағыш тілегі, ниеті, оны ілгері қадам басуға жұмылдырушы фактор, күн тәртібіндегі басты мәселені шешуге бағышталған ойы десек, осылардың жиынтық формуласы М.Дулатов дәйектеген «Оян, қазақ!» тұғырнамасында жатыр. Бұл ұран емес. Халық қасіретін дәлме-дәл айқындаған сәуегейлік. Шынында да екі ғасырға созылған отарлау, қорлық пен зорлық халықтың дүниетанымына, мінезіне, өмірсалтына, шаруашылығына орасан зор нұқсан келтіріп, еңсесін түсірген еді, алды-артын бағамдау қасиеттерінен айыра бастағантын.

Оянған халық жақсы мен жаманды, өз көсемдері мен жандайшаптарды көрмей тұрмайды. Көрген соң көкірегінде көзі бары таңдауын жасайды. М.Дулатовтың шығармашылық тағдырынан хабарсыз Лениннің өзі Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстарына ден қойып, революциялық қайта өрлеу жылдарында Азияның оянуына үлкен үміт артқан жоқ па. М.Дулатовтың бас шығармасы исі қазаққа қанша олжа салса, патшалық әкімшіліктің сонша дегбірін қашырды. Кеңестер елін билеген коммунистер де ол кітапты өлердей жек көрді. Осының өзі-ақ 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі билікті ұстаған Мәскеудің пиғылын көрсетпей ме.

«Оян, қазақ!» ұлттық идеясы отарланған өлке үшін түсінікті де пәрменді формула болып шықты. Ол – табиғи–ырғақты даму мүмкіндігінен айрылған қазақ қоғамына және оның халқына зорлықпен таңылған кеселдерді айыптап қана қоймай, әркімнің және баршаның намысын жаныған, ел мен жер алдындағы жауапкершілігін тиянақтаған әрісі – Күлтегін жазуының, берісі - «Жеті жарғының» нағыз өзі.

«Оян, қазақ!» формуласымен түйінделген ұлттық идеяның мазмұны мен пішінін, таяудағы нәтижелерін, нақты іс-қимыл бағыттары мен идеологиясын қасаң қағидаға айналдырмаған абзал. Олар империядағы және өлкедегі өзгерістерге сай жетілу үстінде болды. «Оян, қазақтан» өзгеше жаңа ұлттық идеяны күн тәртібіне қою 1917 жылғы Ақпан революциясы жеңісімен қолға алынды. Бұл доданың алдыңғы шебінде Уақытша үкімет жақтастары, Кеңестерді қолдаушылар, панисламистер, әрине, Алаш қозғалысы белсенділері жүрді. Интеллектуалдық ізденістердің шырқау биігі бірінші жалпықазақ съезі екені сөзсіз.

Демек, бір мүшелден де қысқа мерзім ішінде Ұлы даланы қозғалысқа әкелген «Оян, қазақ!» идеясы мақсат-мұратына жетіп, 1917 жылдың жазынан оның орнына «Қазақ автономиясы» ұлттық идеясы келді. Жаңа идеяның өміршеңдігі мен құдіреті 1917 жылғы желтоқсанда екінші жалпықазақ съезінің шешімімен дәйектелді. «Қазақ автономиясы» ұлттық идеясының қалың бұқара көңілінен шыққанын С.Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі айғақтайды. Басқа да деректер жетерлік. Осының бәрін жүйелеген әрі бекемдеген классикалық құжат «Алаш» партиясының бағдарламасы болып табылады. Бағдарламаның он тарауында мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, дін ісі, билік һәм сот, ел қорғау, салық, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі қазақ автономиясы мүддесі тұрғысынан көтерілген. «Алаш» партиясының ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау екені, күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жолына бастайтыны тасқа басылған.

Осылайша, ұлттық идеяны кемеңгерлікпен түзу Алаш қозғалысын аспандатты, дұрыс ұлттық идеяға табан тіреген Алаш қозғалысы қазақ қоғамы тарихының жаңа белесін ашты. Ұлттық мақсат-мұратқа, яғни ұлттық идеяға адалдық, жанкештілік, интеллектуалдық биік өремен ағымдағы, кезек күттірмейтін қазіргі және болашақтағы міндеттерді айқындай білу - бүгінге жеткен Алаш аманатының ең құндылары.

Әрине, біз Алаш қозғалысын жойдасыз дәріптеу, қылаудай шаң жұқтырмау ұстанымын қолдамаймыз. Ағын-ақ, қарасын-қара десек қана тарихи ақиқатқа жақындаймыз. Айталық, Алаш автономиясын жариялар қарсаңында, одан кейін де Түркістанға қатысты Ә.Бөкейхан ұстанған позиция кінәратсыз еді дегенге өз басым қосылмаймын. Алаш лидері Қазақ автономиясы мен Түркістан мұхтариятының қосылғанын қаламады. «Мемлекет болып іс атқару оңай емес, - деді ол. - Біздің қазақ іс атқаратын азаматқа жұтап отырған болса, біздің жалпы қазақ қараңғы, соқыр болса, Түркістан халқының қараңғылық һәм шебер адамы жоқтығы бізден он есе артық. Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар жеккен болады. Бұл арбаға мініп, біз қайда барамыз?». Қосылуды жақтағандардың уәжі басқашалау. Даудың мәнісін М.Дулатов былайша түсіндіргентін:«...ол кездегі Түркістан мен қазақ бірігу керек деушілердің дәлелі: орыстың отаршылдығынан құтылу үшін, күшті болып ұлт тілегімізді жүзеге асыру үшін Орта Азия елдері бірігуіміз керек дейді. Бөкейханұлы Әлихан пікірі: Орта Азия болып (өзбек және басқалармен) бірігуге болмайды, оларда ескішілдік (консерватизм), діншілдік, дін жолында ұстағанынан айырмаушылық (религиозный фанатизм) күшті, оларды ишан, қожа-молда билеп келе жатқан халық, шариғат жолынан тез арада арылмайтын халық, шаруа түрі бізден басқа, мәдениет жолында бізден де төмен, сондықтан екі соқыр қол ұстасып жүріп күн көре алмаймыз дейтін пікірде болатын. Бөкейханұлының бұл пікіріне біз де қосылатынбыз». Дұрысы – ортақ зорлықшыға қарсы бірлесе күресу еді.

Иә, Алаш қалың бұқараны оятты. Оянған қазақты соңына ертіп, саяси азаттыққа жетуді мақсат тұтты. Мақсат биігіне көтерілген жұлдызды сәт те туды. Бірақ Еуразиялық кеңістіктегі күштердің арасалмағы тең емес еді. Метрополияның экономикалық, әскери-соғыс әлеуеті өлкедегіден әлдеқайда жоғары тұрғаны өз алдына, Қазақстанға қоныс аударған келімсектер ұлтаралық қатынастарға жағымды сипат бере қойған жоқ. 40 млн десятинадан астам шұрайлы жердің қазақтан тартып алынуы халықтың әл-ауқатын ауырлатып жіберді, қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуін асқындырды. Ұлттық буржуазияның қауқарсыздығы да көсіле қимылдауға бөгесін туғызды. Тұңғыш саяси партияның кешеуілдеп дүниеге келуінің бір себебі осында жатыр.

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңделуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Қайшылықтың мейлінше асқынған тұсы - большевиктік билік орнаған жылдар. Мұның өзінде де қайшылықтарды ушықтырып, реті келсе қолдан ұйымдастырып, оған саяси рең бергендер қулығына құрық бойламайтын мәскеулік ресми биліктегілер еді. Діттеген мақсатына жетті де.

Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополия қысымы мен тегеурініне төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті. Өлкенің экономикалық мешелдігі, шикізат көзіне айналғаны, сан жағынан басым кедейлердің социалистік популизмге алдануы өз рөлін ойнады. Большевиктердің қолдауымен тарих сахнасына көтерілген радикалды зиялылар шоғырының ұлт мүддесі үдесінен шығуға мүмкіндік алдық деген қуаныштары да ұзаққа бармады. Үздіксіз қуғын-сүргін, кәмпеске мен зорлап ұжымдастыру, 1931-1933 жылдарғы аштық кімнің кім екеніне көздерін жеткізсе, 1937 жылғы «үлкен террор» Алаш зиялысымен қоса радикалды ұстанымдағылардың өздерін баудай түсірді.

Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның үшімен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейхан, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бас амандығын қамтамасыз етуге шақырды. «Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді! – деп дабыл қақты ол. – Алаштың баласы, Ақтабан шұбырыңды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азамат іні, от басы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!».Бірақ Алаш үні ұзаққа созылмады.

30-шы жылдардың аяғына қарай толық салтанат құрған сталинизм ұлт зиялысын қаусатып салғанмен Алаш идеясын өлтіре алмады. Ол хрущевтік «жылымық», брежневтік тоқырау тұсында да қазақ даласын елес болып шарлады. Әйткенмен түбегейлі өзгерген қоғамдық қатынастар жаңа ұлттық идеяға сұранысты күн тәртібіне қойғанмен оның «Оян, қазақ!», «Қазақ автономиясы» тәрізді кешенді нұсқасы түзілмеді, түзуге қылышынан қан тамған КОКП диктатурасы зередей мүмкіндік туғызбады. Осындайда Ә.Бөкейханның айтқанын қапысыз ұққан тұлға шықпады. Әйтпесе ұлттық идеяға «Сақтан, қазақ!»айналар ма еді, қайтер еді. Қосақ арасында босқа кете жаздадық. Ең бастысы – қоғамдық дамудың бұрын-соңды беймәлім жолына түскен ел ұлттық идеясыз тығырыққа тірелетіні анықталды. Экономикадағы, халықтың өмір салты мен тұрмыс жағдайындағы кереғарлықтар ұлттық идеясыздықтан туындаған деп есептейміз. Түптеп келгенде, бұл жағдаят социалистік идеяның, біріншіден, утопиялық болмысын әшкерелесе, екіншіден, тоталитарлық тәртіп орнаған сәттен сол идеяның дағдарысқа түскеніне бұлтартпас айғақ болып табылады.

Біздер, азаттық ұрпақтары, социалистік утопиялық идея тағдырынан, атқарылмаған Алаш аманатынан кемел қорытынды шығаруымыз керек. Ол тәуелсіздігімізді бекемдеу үшін қажет. Әзірге ұққанымыз: саяси ерік-жігер мен мемлекет билігін ұлттық мүддеге, қазіргі және ертеңгі ұлттық идеяға жүгіндірмей Қазақстанның байлығы өзіне қызмет ететінінен, бәсекеге қабілетті биікке көтерілген экономикасы баршаны жарылқайтынынан дәмету – қауіпті адасудың басы.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары аяғына қарай Қазақстанда өктем де озбыр тоталитарлық жүйе жеңгеніне куә бола отырып, Алаш қайраткерлері болашақтан үмітін үзбеді. Ұлт тағдыры жастардың қолында екенін қаперге салып, бар күш-жігерді солармен жұмыс істеуге, білімі мен білігін көтеріп, ой-санасын дұрыс қалыптастыруға аманаттады. Жас Алаштықтар да ахуалдың асқынып тұрғанын түсінді. 1927 жылғы қыркүйек айында С.Сәдуақасовқа жазған хатында 30-ға жаңа шыққан М.Әуезов: «Қорқамын, соңы не болар екен?» депті. Қорқуы негізсіз емес еді. Тоталитаризммен ой-санаға сіңген қорқыныш, үрей аға ұрпақтан әлі тарқай қойған жоқ. Осының жалғасуына, сабақтасуына жол бермеу керек.

Жастарды азаттық рухында, еркін мінезге тәрбиелеу, ұлт мүддесіне адалдыққа баулу бүгінгі күннің өзекті міндеті. Ендігі жастар қорқатын ештеңе жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұл-қыздары «соңы не болар екен?» деп тайсақтамай, Алаш аманатын соңына дейін жеткізуге кірісетін күн туды.

«Аманатқа қиянат - қылмыстың үлкені» деген халықпыз. Алаш аманаты олардың қаламынан туған еңбектерінде тиянақталған. Ендеше Алаш зиялыларының шығармаларын жариялау – тәуелсіз қазақ елінің қасиетті парызы. Өкінішке орай бұл парыз күні бүгінге дейін толық атқарылмай келеді. «Бұған кім кінәлі?» деген сұраққа жауапты әркім біледі. Қысқасынан қайырсақ, үш ғасырға созылған отарлық және тоталитарлық қыспақ ұлттық сананы улап, намысты таптап тастағанның бұлтартпас айғақ-дәлелі – осы.

Алаш аманатына селқос көзқарасты ауызға алғанда жайбасарлығымызға, лауазымды қызметтегілерді сынауға қызығып отырған жоқпыз. Әңгіме ұлттық идеяны айқындатқызатын, қазақстандық патриотизмді, отансүйгіштікті қалыптастыратын мүмкіндік туралы ғана. Мәселені Абайша қойсақ: «Енді не қылдық, не болдық?».

Ықыласпен қараған жанға не істеп, не қоятынымызды тарих тағылымы мен тәжірибесі нақты көрсетуде. Ұлт азаттығы шежіресінде Алаш аманаты және желтоқсан айының орны алабөтен екенін ұғынсақ болғаны. Соған жеткізетін шаралар, біздің ойымызша, мыналар:

Біріншіден, бодандыққа қарсы күрестің асқар шыңындай Алаш қозғалысы 1917 жылдың 12 желтоқсанында екінші жалпықазақ сьезінің шешімімен Алаш автономиясын жариялады. Тарихи сәттің мәнін «Сарыарқа» газеті былайша ашқан екен: «Декабрьдің 12-сі күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге Алаш автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт Отанды болды». Демек, 12 желтоқсан «Алаш күні» аталуға сұранып тұрған жоқ па.

Екіншіден, 1917 жылғы 13 желтоқсанда М.Тынышбаев, М.Шоқай басқарған Түркістан мұхтариятын (автономиясын) қолдап, Ташкент көшелеріне шыққан бейбіт халық шеруін большевиктік билік қару қолданумен қанға бояды, отарлық саясат жалғаса беретіні әшкереленді. Баймырза Хаиттың жазуынша, бетбұрысты саяси оқиғаға айрықша мән берген АҚШ конгресі арада 42 жыл өтсе де, 1959 жылдың 17 шілдесінде қаулы қабылдап, 13-ші желтоқсанда Түркістан күні деп жариялауға ұйғарыпты. Біз «Азаттық күрескерлері күні» деп неге атамаймыз.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл аптаның соңғы жұмыс күні – сенбі еді. Маңызы жағынан келгенде бұл күн «Ұлттық мақтаныш күні» ғой.

Төртіншіден, Президентіміз Н.Назарбаев 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды. Азаттықтың таңы атты.

Бесіншіден, 1992 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған тұңғыш салтанатты жиын өтті. Онда Президент Н.Назарбаев «Қазақстанның өз жолы, өз болашағы» тақырыбына баяндама жасап, алдағы үш жылда тұтыну нарығын реттеуге, келесі бес жылда экономиканың шикізаттық сипатын жеңуге, 10-15 жыл ішінде индустриалды жаңа елдер қатарына енуге апаратын экономикалық реформалар міндетін дәйектеді. Мақсатқа жетудің кепілі ретінде үш факторды – қажырлы еңбек, шыдам және ұлттық келісімді қадап-қадап көрсетті. Бүгінде қазақстандық жол - әлем мойындаған ақиқат. Ендеше «Болашаққа ұмтылыс күні» аталуға толық негізі бар.

Алтыншыдан, республикамызды ширек ғасыр басқарған әйгілі Д.Қонаевты адам білмейтін Колбинмен ығыстырған Кремльдің өктемдігіне наразы қазақ жастары 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда мұздай қаруланған Кеңес әскеріне қарсы тұрып, КСРО деген империяның шаңырағын шайқады. Содан оңалмаған империя 1991 жылғы 8 желтоқсанда күйреп түсті. Біздің ойымызша, 17-ші желтоқсан «Тоталитаризмді айыптау күні», 18-ші желтоқсан «Отаншылдық күні» мәртебесіне әбден лайық.

Түйіп айтсақ, желтоқсанның 12-18-і аралығы ұлттық тарихымызда тағдыранықтаған күндер. Ғасыр басында мемлекеттігіміз жарияланды, ғасыр соңына қарай тоталитарлық жүйеге күйрете соққы берілді, ең бастысы – мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді. Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман-сау қалған бізге бұдан қастерлі, бұдан мәртебелі сәттер болуы мүмкін бе? Жоқ! Ендеше азаттық үшін және азаттықтың болмағанынан құрбан болған миллиондардың аруағын сыйлап, бүгінгі күнге жеткізген жұлдызды сәт ретінде 12-18-ші желтоқсанды, яғни жеті күнді ұлыстың ұлы күні, той, демалыс деп жариялайтын уақыт келді. Бұның еш астамшылығы, сөлекеттігі жоқ. Көрші Ресейде Рождество он күнге дейін жалғасады. Қытайда Республиканың туған күнін бір апта, жаңа жылды ай бойы тойлайды. Өз жақсымызға, құндылықтарымызға келгенде біз неге кекжиуіміз керек? Тойлайық, думандатайық. Ішіп-жеу үшін емес, дарақылана мақтану үшін емес, тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін, мемлекеттік сананы қалыптастыру үшін, қазақстандық патриотизмнің әлеуетін ұшпаққа шығару үшін ұлттық мейрам күндері деп жариялайық. Сонда мемлекетімізді ұлықтаған мейрам Қазақстанның абыройын арттыратынын, Алаш аманатына риясыз ниетімізді біз де түсінеміз, басқалар да мойындайды.

Тарихқа тағзым - мемлекетқұраушы ұлтқа құрметтің басы. Ол бүгінгі ұлттық идеяның формуласын табуға әкелетін шығар. Ләйім солай болсын.





Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

Мағжан Жұмабаев



Қазақ зиялыларының қилы тағдыры


Жаппай репрессия мен террор кеңестік жүйенің ажырамас бөлігі болды. Билік зиялы қауым арасындағы идеялық күресті әдейі арандатып қана қоймай сонымен бірге өздерінің қарсыластары болады-ау дегендердің аты-жөнін – ұлтшылдарды – белгілеп қойғандығын мұрағат құжаттарынан айқын байқайсыз. Бұлардың ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлімхан Ермеков, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мұхаметжан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов, Телжан Шонанов, Қошке Кемеңгеров, Ғаббас Нұрымов және басқалары болды. «Ұлтшылдар» деп айдар тағылған осы шағын топ Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұлов, Әліби Жангелдин, Ғаббас Тоғжанов, Молдағали Жолдыбаев, Тоқаш Бокин, Абдолла Асылбеков, Нығмет Нұрмақов, Бәймен Алманов сияқты революциялық қанаттың өкілдеріне қарсы қойылды.

Совет өкіметіне қазақ жұртының ұлттық мүддесін ту ғып көтеретін зиялы қауым керек емес еді, оларға өздерінің пікір-ұсынысы жоқ, ел қамын ойлап басын қатырмайтын, бірақ отаршыл басшылықтың айтқанын екі етпей орындайтын дүбаралар қажет болатын. Сондықтан большевиктердің түпкілікті мақсаты әртүрлі сылтау тауып, ең алдымен алашордашыларды, сосын Сәкен сияқты қызылдардың көзін құрту еді.

Алаш қайраткерлері де, олардың қарсыластары болып есептелген Сәкендер де қазақ халқының келешегінің жарқын, нұрлы болуын армандады, азат, еркін өмір сүруі үшін күресті. Бірақ бұл мақсатты қалай жүзеге асырамыз деген мәселеге келгенде ортақ мәмлеге тоқайласа алмай бөлініп кеткені рас. Оның үстіне большевиктер жұрттың бәрін жарылқаймыз, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнатамыз деген желеумен тұтас елдің, оның зиялы қауымын қақ жарып, арасына сына қақты. Олардың күш-жігерін, ақыл-парасатын жалпыұлттық мүдделерді шешуден алшақтатып, өздері ойлап тапқан тап күресін шиеленістіре түсті. Идеологиялық майданды қызу тартысқа ұластырып, елді соңынан ерте алады-ау деген азаматтардың бірігіп қимыл жасауына мүмкіндік бермеді.

«Алаш» партиясының жетекшілері Алашорда үкіметі құрылмастан бұрын-ақ большевиктермен жауласқан күштерді бірден жақтап кеткен еді. Осы бағытты ту ғып көтерген олар большевиктер жеңіске жетіп, жаңа үкімет құрылғаннан кейін екі жұмадан соң Ресей халықтары құқықтарының декларациясымен жұрт енді ғана танысып жатқанда (құжат 1917 жылдың 2 қарашасында жарияланды) Ә.Бөкейханов, Е.Омаров, С.Досжанов, М.Дулатов 1917 жылдың 10 қарашасында Совет өкіметіне қарсы қарулы көтеріліске шыққан контрреволюциялық казак әскерлерінің басшыларына жазған үндеуінде оларға ашық түрде қолдау білдірді. «Біз төменде қол қойған қырғыздың саяси «Алаш» партиясының мүшелері ежелгі Донға және «Оңтүстік-Шығыс одағына» кіретін барлық казак әскерлеріне: 1) Қырғыз халқы «Оңтүстік-Шығыс одағына» қосылатындығын ... мәлімдейміз», - деді олар.

Онымен қоймай, Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінің шешіміне сәйкес «халықтық милиция» атанған ұлттық әскер құрылды. Оған қажетті офицерлерді дайындау үшін атаман Дутов басқарған казак әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажет деп табылды.

Жалпы алашордалықтар мен қызылдардың бір-бірімен келісімге келе қоюы неғайбіл еді. Өйткені ең өзекті мәселелер жөніндегі олардың мақсат-мүдделері мүлдем сәйкеспеді. Алаш зиялылары ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдамады. Екіншіден, Кеңес үкіметі ұлттық мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принципін алса, Алаш көсемдері ұлттық бірлік пен территориялық тұтастық болуын қалады. Жіктелу, керісінше, оны әлсіретіп, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді. Бөкейхановтың 2-ші съезд шешімдері «қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кездегі Россиядағы орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы – большевизммен күрес тұрды» деуі осындай себептерден жария етілсе керек.

Қазақ зиялылары мен большевиктер ел басқару жөніндегі көзқарасын осылай принципті түрде анықтап алса да 1918 жылдың науырыз айында Алашорда үкіметінің тапсырмасымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Оралдан Мәскеуге аттанып, барған бетте Совнарком төрағасы В.И. Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халком И.В. Сталинмен кездесіп, оларға 2-жалпықазақ съезінің (Орынбор, 1917 жылдың желтоқсаны) қаулысын табыс етеді. Онымен танысқан Сталин 19 науырызда телеграф арқылы Семеймен, Бөкейхановтың орынбасары Халел Ғаббасовпен, келіссөз жүргізеді. Сталин қаулыны мақұлдайды, Ресей халықтары құқықтарының декларациясына құжат қайшы емес екен деп, бірақ мынандай шарт қояды: 1) совет үкіметін тануға қарсылық болмасын; 2) советтермен бірігіп, съезд шақырып, ол үшін комиссия құруды өтінеді, оны Алашорда кеңесіне салып, жауап қайтарсаңыздар екен дейді.

Алайда, Алашорда қойған шарттарды қабылдай алмағандықтан оған Сталин тарапынан жауап болмады. Орталық билікке әсіресе жайсыз тигені Алаш басшыларының «пролетарлық» негізде емес пайда болған «Алаш автономиясын жариялаймыз», бұл құрылымда «закон шығаратын һәм ел билейтін өкімет Алашорда», ал «бұған областной советтер жәрдемші» есебінде ғана болады және съезд шешіміне сай Алашорда әскері құрылады деген пікірлер еді (М. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. // Алматы, «Санат», 1995, 352-353-б.).

Автономия құру туралы съезд қаулысын большевиктер қолдамаған соң алашордашылар ашық түрде Совет өкіметіне қарсы қимыл-әрекет жасай бастайды. Бұған НКВД-нің мұрағат құжаттары дәлел. Онда былай делінген:

«Алашорда идеясы большевиктермен күресу қажеттілігінен туындаған. Ал большевиктермен күрес ... тек соғыс арқылы ғана жүзеге асуы мүмкін.

1918 жылдың ақпанында Торғай және Ырғыз уездері Совет өкіметінің қарамағында болды. Осы уездің өкілдері өткен жылдың жазында, күзінде және қысында Торғай облысының азаматтық басшыларына большевиктермен күресте көмек көрсетуді сұрады; олар Уақытша Сібір үкіметінен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитет мүшелерінен, Уфадағы Директориаттан, Орынбордағы жеке армияның қолбасшысы генерал-лейтенант Дутовтан, Оралдың жеке корпусынан, чехословактардан ... уезд территориясын Совет өкіметінен тазартуға шақырды».

(Алашорданың Торғай бөлімінің 1919 жылдың 24 маусымындағы Колчакка жазған баянхатынан).

«Россияның қалған бөлігін сақтап қалу үшін барлық антибольшевиктік ағымдар мен топтардың бірігуі қажет, әйтпесе күшті ұйымдасқан большевизм тасқыны саны шамалы жекелеген топты жұтып жібереді, ал қырғыздардың (қазақтардың – А. К.) большевиктермен белсенді күресетін барлық ағымдар және топтармен одақ, ынтымақ іздеуінің себебі осыдан».

(Алашорданың Батыс бөлігінің 1919 жылдың 7 маусымында Колчакка жазған баянхатынан).

Сібірде, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда Совет өкіметін құлатқан күш - контрреволюциялық ақ чехословактар бүлігін (1918) Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев басқарған алашорда көсемдері қуана қарсы алды. «Алаш» партиясының басшылары Еділ жағалауындағы эсерлер Самарада ұйымдастырған Құрылтай жиналысының Комитетіне (Комуч), Уфадағы «Мемлекеттік» кеңесіне қатысып, Омбыдағы Сібірдің ақгвардияшылар үкіметімен кездесу үшін өздерінің делегациясын жіберді. Бірақ бұл әрекеттер нәтижесіз аяқталды. Сібірдегі Уақытша Бүкілресейлік үкімет 1918 жылғы 4 қарашадағы грамотасымен Алашорда Халық Кеңесі үкіметін таратып жіберді. Осы кезде қазақ елінде Оралдан басқа өңірдің бәрінде совет өкіметі орнаған еді. Ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері ақтардың көмегімен өзін-өзі билеу құқығына жете алмайтындығына көзі әбден жетті.

Енді тұйыққа тірелген проблеманы реттеуге Алашорда өкілі Ахмет Байтұрсынов білек сыбана кіріседі. Ол әуелі Әліби Жангелдинмен кездесіп, сосын Мәскеуге барып, ондағы келіссөздегі көптеген қиындықтарға қарамастан қазақ халқының тағдыры туралы мәселені шешуге көп күш жұмсады. Оның табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Совет өкіметі қазақ халқының мемлекеттігін ұйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылғы шілденің 10-күні В.И. Ленин «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын революциялық Комитет жөніндегі уақытша ережеге» қол қояды. Қазревкомның мүшелігіне алғашында С. Меңдешев, А. Байтұрсынов, С. Пестковский (төраға) енгізіліп, кейінірек Б. Қаратаев, М. Тұнғаншин, В. Лукашев, К. Сидоров, Т. Седельников, Т. Әлібеков т. б. кіргізілді.

Сол жылғы 4 қарашадағы Совет үкіметінің қаулысымен алашордашыларға кешірім (амнистия) жасалды. Жыл аяғына қарай (21 желтоқсан) Алашорда кеңесі Советтер жағына шығуға шешім қабылдайды. Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов, Асфандияр Кенжин, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхаметжан Тынышпаев, Жүсіпбек Аймауытов және басқалары кеңес өкіметін жақтап, ұлтының көркейе беруі үшін берекелі еңбек етеді.

Мұның өзі түсінікті де еді. Егер Ресейде бұрынғы оқығандарды жаңа өкіметке тартуда түрлі ағымдардың болуы белгілі қиындық тудырса, Қазақстандағы жағдай мүлде басқаша болатын. Біріншіден, мұнда Алаш қайраткерлерінен басқа ұлт зиялыларының қатарында әртүрлі ағымдағы топтар болған жоқ. Екіншіден, ескі интеллигенция бұрынғы ағартушылық дәстүрмен, ұлтжандылығынан айнымай идеологияға емес, өз халқына қызмет етуге дайын болды (Қ. Ахметов. Қазақстан мәдениетінің қилы тағдыры. // Алматы, «Ғылым», 2002, 53-б.).

1925 жылы Қазақстанды басқаруға Ф. Голощекин келгеннен кейін Алаш қозғалысына қатысқан адамдарды саяси тұрғыдан қудалаумен қатар оның тарихын бұрмалау науқаны басталды. Нәтижесінде А. Богачев (1927) пен Н. Мартыненконың (1929) «Алашорда» деген кітаптары жарық көрді.

Алаш қайраткерлерінің совет өкіметіне жау, дұшпан екендігін «ғылыми әрі құқықтық» тұрғыдан дәлелдеуге негіз болған осы еңбектер Голощекин кеткеннен кейін де жалғасын тапты. Біздіңше, бұл алғашқы қуғын-сүргін науқанынан тірі қалған ұлтшылардың көзін құрту үшін арнайы тапсырыспен жазылған туынды деп түсіндік. Ол – С. Брайнин мен Ш. Шапироның «Очерки по истории Алаш-Орды» деген кітабы. Мұнда авторлар Алаш қозғалысының жетекшілері мен оған қатысқандарды орыс патшалығы мен Уақытша үкіметтің итаршы қолшоқпарлары, қазақ халқының қас жаулары деп бағалап, Алашорданы ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі деп анықтады. Шығармадағы ой-пікір сол кездегі коммунистік идеологияға сай келсе де орталық «Правда» газеті (14.04.1935) кітап соңында жарияланған құжаттар тізбегін (Алашорда жетекшілерінің үндеулері мен мәлімдемелері, «Алаш» партиясы съезінің шешімдері, партия бағдарламасының жобасы т. т.) Алашорда идеологиясын ашық түрде насихаттау деп бағалады. Кейін «Казахстанская правда» газетінде («О контрреволюционной Алаш-Орде и ее осколках», 10.05.1935) басылған Тұрар Рысқұловтың мақаласы да негізінен «Правдада» сөз болған рецензияға сарындас, үндес болып жатты.

Дей тұрсақ та, алаштану туралы тұңғыш пікірлер сонау 1919-1920 жылдарда-ақ басталған. Ол туралы алғашқы қалам тартқандар – Ахмет Байтұрсынов пен Сәкен Сейфуллин. Мәскеуде шығатын «Жизнь национальностей» апталығындағы (3.08.1919) «Революция және қырғыздар» (қазақтар – А.К.) атты мақаласында Ахаң Алаш қозғалысының бастау көздері, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептер ашып көрсетіледі. Бұл Қазан революциясының жеңісі әкелген анархияға қарсы тосқауыл болған еді деп бағалады. Бұлай болудың мәнісін автор қазақтар арасында «таптық жіктелудің жоқтығына және жеке меншіктік заттарда белгілі меже болмауына байланысты ... оларға әзірше социалистік қоғамға деген қажеттіліктің жоқтығымен» түсіндіреді.

Кейін Ақмоланың «Красный вестник» газетінде (24.08.1920), «Жизнь национальностей» апталығында «Қырғыз интеллигенциясы туралы» мақала жарық көрді (25.11.1920). Өз тағдырын сан қырлы қоғамдық және шығармашылық қызметін социализм мен коммунизм идеяларымен тығыз байланыстырған С. Сейфуллин бұл еңбегінде жалпы Алашорда үкіметін қолдап, қолпаштамаса да (мұның өзі түсінікті ғой – А.К.) оның жетекшілері туралы «1905 жылдан бастап қырғыз интеллигенциясы, әсіресе 1912 жылдан кейін оқушы жастар арасында революциялық идеялардың, яғни дұрысында ұлттық теңдік пен азаттық идеясының таралуы көрініс тапты. Оянып келе жатқан жас қырғыз интеллигенциясының сол кездегі дем берушісі революциялық кадеттер өз органы «Қазақ» арқылы маңайына қырғыздың интеллигент жастарын топтастыруға ұмтылған көсемсөзшілер Бөкейханов, Дулатов және Байтұрсынов болатын. Міне, осы газет жас интеллигенцияның достықпен және бірауыздан қолдауының нәтижесінде кең байтақ Қазақстанға белгілі болды. Жас интеллигенция Бөкейхановқа, Дулатовқа және Байтұрсыновқа Құдайдай сыйынды, олар ұйымшылдықпен үйірмеге бірігіп, өздерінің қырғыз әдебиетін жасай бастады», - деп Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамында атқарған рөлі, оның тарихтағы орны жөнінде жылы пікірін білдірді.

Әлекең, Ахаң бастаған марқасқаларға Сәкеннің осылай іш тарта сыр тартуы оның үлкен адамгершілік қасиетін білдірсе керек. Қол ұшын берер, көмектесер деген ниетпен алашордашылар ақгвардияшылармен сыбайлас болды, ал Сәкеннің орыс патшасынан, ақтардан көрген қорлығы баршаға аян. Соған қарамастан ел ағаларының ұлт қамы үшін от пен суға түсіп, жан ұшырып жүргендігін ақынның сезімтал жүрегі түсініп білді.

Шындығына келсек, 1918 жылдан 1920 жылға дейін Сәкеннің басынан өткен зәбір-жапаға тап сол кезде қазақтың бірде-бір ақын-жазушысы кезіккен емес. Бұл қиямет-қайымдар мыналар: алты ай Ақмола қаласының абақтысындағы неше түрлі азабы көп әуре-сарсаң, тұтқынға түсіп 500 шақырым жердегі Қызылжарға жаяу келуі, атаман Анненковтың ажал вагоны мен Омбы түрмесіндегі зәре-құтыңды аларлық қорқыныш-үрейлер, көз алдында алты бірдей жолдасының қайтыс болуы, түрмеден қашып шығып, жаяу-жалпылап Славгород, Павлодар, Баянауыл, Сарыадырлатып еліне жеткенде жат пиғылды сезіп, Бетпақдала арқылы Әулие-Атаға соғып, елге қайта оралуы.

1923 жылы 28 қаңтарда Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдығында ұлт ұстазының тарихтағы орнын анықтап жазған Сәкеннің мақаласына Қазақ АССР-ның тұңғыш Ішкі істер халкомы Әбдірахман Әйтиев «Советская степь» газетіне қарсы мақала жазып, Сәкен ұлтшылдарды жақтағандықтан алашордашылармен белсенді күрес жүргізе алмай отыр деп орынсыз сынады, үкімет басшысы туралы күдікті қоғамдық пікір туғызуға атсалысты. Кейін Сәкеннің Ахаң туралы айтқан пікірлері оны «сейфуллиншілдік» деп айыптауға негіз болды. Бір айдан кейін РСДРП(б) Орталық Комитетінің өкілі Е. Ярославский «Азия (Европаға)» деген өлеңді коммунистік идеологияға сәйкес келмейтін, тап күресі ұлт күресімен шатастырылған шығарма деп Сәкен Сейфуллин ресми түрде «ұлтшыл», «азияшыл» болып танылды.

Жалпыламадан жалқыға көшейік.

Баррикаданың екі жағына шығып «қызыл сұңқар» атанған коммунист Сәкен мен «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп саналған алашордашылар идеялық қарсыластарын дұшпан санап, үнемі жауласып өтті ме, қалай? Осы тұрғыдан келгенде Алаш қайраткерлері мен дала дауылпазының ара қатынасын, олардың өзара көңіл-күйін, ынта-ықыласын білдіреді-ау деген сияқты бірен-саран кейбір деректерді қысқаша болса да тілге тиек еткен артық болмас деп ойлаймыз.

Әлихан-Сәкен. «Алаш» ұстанған бағыт стратегиялық жағынан дұрыс болғанымен сол кезде жүзеге асырылуы мүмкін еместігін Сәкен жақсы түсінді. Жалпы Сәкен-Әлихан туралы мәселе пенделік тұрғыдан емес, екі идеология өкілі ретінде қаралғаны дұрыс. Бұған «Тар жол, тайғақ кешудің» әр жылдары шыққан мәтініндегі өзгерістер куә. Мәселен, 1927 жылғы алғашқы нұсқада «Бөкейханұлы Сібір съезіне келді. Омбыға келді, Семейге келді, баяндама жасады. Оқыған мырзалар, оқып жүрген мырза болам деушілер Бөкейханның жолын тосып алды ... Омбыда, Семейде Әлекеңді құдайдан сұрап алған жалғыздай құттықтады» делінсе, осы жолдар соңғы басылымдарда «Бөкейханұлы Сібір съезіне келді. Омбыға келді, Семейге келді, баяндамалар жасады. Оқыған ұлтшыл мырзалар, оқып жүрген мырза болам деуші бай ниетті «ұлдары» Бөкейханұлының жолын тосып алды. Омбыда, Семейде Бөкейханұлын байшыл-ұлтшылдар, саудагерлер құрметтеп жатты» деп өзгертілген.

Сонымен бірге

«Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын «бақ жұлдызына» көзі жеткен», - деп немесе «Көп жаса басшымыз, сені көрумен өзімізді бақытты санаймыз» деген, сондай-ақ:

«Алаш туын қолға алған,

Қараңғыда жол салған

Арыстаным келдіңіз» және

«Жасасын сүйген Алашың!

Көп жыл жаса сабазым!» - деген сияқты «Тар жол, тайғақ кешудегі» Әлихан Бөкейхановты, Алашты мадақтайтын сөздер 1936 жылдан кейін шыққан кітаптарда мүлдем алынып тасталған. Себебі ... түсінікті ғой.

Әсіре қызыл сыншылар Сәкенді әлі «пролетариат ақыны бола алмай жүр», «қазақшылық жолмен жүреді», ал «жікшілдіктен» кетпесе «тиісті жауапқа тартылады» деп қыр соңынан қалмаған соң ақын бабамыз «буржуазиялық байшылдықты насихаттаудан» ат тонын ала қашуға мәжүбір болды ма, әлде басқа жағдай әсер етті ме, кім білсін, Әлихан Бөкейханов туралы шын көңілден шыққан сөз «Тар жол, тайғақ кешудің» 1936 жылғы басылымында осылай өзгеріп шыға келді. Оны Сәкен бе, әлде баспа редакциялады ма, ол жағы белгісіз, әйтеуір сол кездегі заман талабына сай еріксіз өңін айналдырып жібергені көрініп-ақ тұр.

Ахаң-Сәкен. Дала дауылпазы және Алаш серкелері жайлы сөз бола қалса қаншалықты қым-қуыт, қат-қабат алмағайып заман өтіп жатқанына қарамастан орталарына сызат түсірмей өткен Ахаң мен Сәкен байланысын ерекше атап өткен жөн. Сайқал саясат сара жолда жүрген қос тарланға салқынын түсіре алмады. Оны біз 20-30 жылдар аралығында, кеңестік кезеңде ел басқару жүйесінде, ағартушылық саласында тізе қосып бір жүрген кезеңдерінен байқаймыз. Басқасын былай қойғанда, Ахаң мен Сәкеннің Қызылорда, Алматы қалаларында жас ұрпақты тәрбиелеуге тәлімді еңбек сіңіргенін айтсақ та жеткілікті. Жұмыстан тысқары кезеңдерде де жұбы жазылмаған сәттерді дәлелдейтін деректер аз емес.

Солай десек те, олардың ең алдымен рухани тұтастығы бесенеден белгілі. Ахаңды ақын інісі «ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл» десе, ағасы Сәкен поэзиясына деген ыстық ықыласын білдірген. Мәселен, Ахаң «Әдебиет танытқыш» кітабында «Әсерлеу» деп сөздің әсерін күшейтіп сөйлеуді айтамыз» дейді де оның жеті түрінің біреуі «арнау» екенін түсіндіреді. Сосын оны да үшке бөліп, жарлай арнаудың мысалы есебінде автор Сәкен Сейфуллиннің «Қамыққан көңілге» өлеңін келтіреді:

Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім!

Күйленіп бұрынғыдай керне, көңілім!

Қамығып, жабырқадың неге мұндай?

Талпынып көкке құлаш серме, көңілім!

«Әдебиет танытқыштың» екінші бөлімінде Ахаң «Толғау» туралы баяндай келіп, оның бір саласын – «басында тайғақ кешу, тар жолда, қиыншылық шегіне жетіп тақалған шақта шығатын сөз намыс толғау» дейді. Бұған мысалдар келтіреді, соның ішінде Сәкеннің «Жолдастар» деген өлеңі бар. Әрине, ақынның:

«Біз көргенбіз қорлықты, жылағанды,

Көздің жасын көл қылып бұлағанды,

Жолдастар!»

немесе:

«Теңдік, бақыт, әділдік орнаталық,

Бұзып кіріп дұшпанның қамалдарын,

Жолдастар!» - деген жыр жолдары тап сол кезде Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ұлттың намысын қоздырып, қанын қыздыратын қайрау сөз – намыс толғауы болғаны сөзсіз.

Мағжан-Сәкен. «Сұм өмір абақты ғой саналыға» (Мағжан) дегендей ар, ұждан, адамгершілік, намыс деген қасиетті ұғымдарды ту ғып көтеру әр адамның қолынан келе бермейді. Өйткені көп жағдайда мұндай гуманистік принциптерді сақтаудың өзі аса қауіпті да. Айталық, жаппай террор күшейіп, қиын-қыстау уақыт өрістей бастаған кезде осындай қадамға бару дегеніңіз кейде өлімге басыңды байлаумен бірдей болғандығы рас. Тап сол мезгілдің өзінде Сәкен ар биігінен көріне білді. Осы жылдары лагерден босап елге келген, бірақ «халық жауысың» деп ешкім жұмысқа қабылдамағандықтан қалтасында көк тиыны жоқ Мағжанды Сәкеннің Қызылжардан астанаға шақыртып, сол үшін кейін өзіне үлкен қауіп-қатер төнетіндігіне қарамастан оған қамқорлық жасауы кез келген кісінің қолынан келе бермейтін шаруа екендігін мойындауымыз керек.

Енді осы жайды білетін адамдардың пікірін тыңдап көрейік.

Сайфи Құдаш: « Он жылға кесілген ақын Карелия лагерлері мен ормандарында ауыр күн кешеді... 1935 жылы М. Горькийдің көмегімен М. Жұмабаев босанып шығады. Ақын Петропавл қаласына қайтып келеді, әуелгі кездері оған дос пейіл білдіріп, С. Сейфуллин көмектесіп тұрады (Әрине, материалдық жағынан да).

Шериаздан Елеукенов: «Қызметсіз қаңғырып жүру оңай емес қой. Жадау тұрмыс кешіп жатқан сол шақта Сәкен Сейфуллин бұларға (Мағжанға – А.К.) 500 сом ақша жібереді. «Ашаршылықта жейтін құйқа дейтін емес, Сәкеннің адамгершілігіне көңілдері семіреді».

Тұрсынбек Кәкішұлы: «Поездан түскеннен кейін Мағжан Сәбитке: «Мен алдымен Сәкенге сәлем берейін. Оның жолы дұрыс, менікі – бұрыс болды» деген екен.

... Мағжан есіктен кіріп келе жатқанда Сәкен қапсыра құшақтап алғанда иығы дірілдегендей болды. Екеуінің көздеріндегі жас – сағыныш пен өкініштің дабын аңғартқандай еді» дегенді Гүлбаһрам Сейфуллинадан өз құлағыммен естіген едім». Алматы қаласы партия комитеті бюросының 1938 жылдың 2 науырызындағы мәжілісінде Сәбит Мұқановтың партиялық ісі қаралады. Мұнда Жазушылар одағында қызмет істей жүріп Мұқанов сейфуллиншіл керітөңкерісшіл топтың құрамына енді және Мағжан Жұмабаевпен сыбайлас болды деп атап көрсетілуі жоғарыда айтылған деректерді толықтыра түссе керек (ҚР Президентінің мұрағаты. 412 қ., 5 т., 75-б.).

Мұхтар-Сәкен. Тұрсынбек ағамыз айтқандай, Сәкен мен Мұхтар ақын-жазушы ретінде бірін-бірі мойындап, жазып-сызғандарын сырттай бақылап жүргенімен өмірде қоян-қолтық араласып кете қоймаса керек. Кезінде олар бірінің жазғанына екіншісі өткір сын айтқан кездері болғандығы шындық. Солай бола тұрса да бұлардың айтысы, талас-тартысы негізінен шығармашылық төңірегінде туындап, орынсыз дау-дамайға килікпей-ақ сындарлы, салиқалы түрдегі өй-өрімге ұласқан.

Мәселенки, Ілияс Жансүгіров Қазақстан Кеңес жазушыларының I съезінде жасаған баяндамасында бұрынырақ жазылған «Хан Кене», «Еңлік-Кебек» пьесасын Мұхтар Әуезов жамап-жасқау әдісіне кіріскен. «Хан-Кене» - ескі пьеса, Мұхтардың ескі көзқарасымен жазған пьесасы, мұнда Мұхтар тарихи Хан Кенеден тайқып, Кене оқиғасының ұсақ жағын – олардың өлімін ғана алып, өзінше трактовка жасаған пьесасы», - дей келіп, оның бұрынғы желісінің өзгермей сол қалпында қалуына реніш білдіреді. Сондықтан болар, баяндамашы ойын Мұхтардың бұл еңбегі «театр сахнасында жақсы көріне алмады», - деп қорытады.

Мұны айтып отырған себебіміз съезд басталардан бір-екі-ақ күн бұрын (1934 жылдың 10 және 11 маусымы) Сәкеннің осы мәселеге байланысты мақаласы жарияланған еді. Автор «Хан Кененің» тарихи және социалистік шындықпен қабыса қоймайтындығын атап өтіп, оның «зиянды, ұлтшыл сезім оятатын жат пьеса болып шыққандығы айқын көрінеді», - деп жазды.

Әрине, мұндай түйін жасалуы тапшыл тұрғыдан айтылған шығар десек те «Кенесары-Науырызбай қырғыз еліне соқтығып, қолға түсетін уақиғаның да тарихи шындығын көрсете алмаған», «патша үкіметінің қазақ пен қырғызды бір-біріне айдап салған астыртын әрекетін» неге тереңірек қопармады деген сияқты ой-тұжырымдарын елемеуге болар ма екен?

Сынап-мінегенді кім ұната қояды дейсің? Алайда, Мұхаң ойлап-толғана келіп сынның шын екенін, оның жүректің терең түпкірінен шыққандығын және жанашырлықпен ақ көңілден айтылғанын мойындаса керек. Сәкеннің тарихи оқиғаларды білгірлікпен талдап саралауы, орынды дәлел-деректері салмақты, тиянақты екендігіне көзі жеткен сияқты.

Мұхаңның сондай күйге келгендігі оның кейінгі қимыл-әрекетінен байқалады. Оған заңғар жазушының Сәкен шығармашылығының 20 жылдық мерекесі кезінде жазған мақаласы дәлел деп есептейміз. Өйткені әр сөйлемін жүз ойланып, мың толғанып, сұрыптап, екшеп жазатын Мұхтар сияқты алыптардың кез келген жерде мақтау сөзін шығын қыла қоймайтындығы белгілі.

Мұхаң ақын Сәкеннің талай тағдыр талқысына түсіп, азабы мол, қиыншылығы көп, мехнатқа толы жолмен келе жатқанын, турашылдығын, шыншылдығын және шалқар талантын тілге тиек етеді.

«Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы – жеңіл жол емес. Күште-қуат, ой-сезім, іштегі нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті...

Осы жиырма жыл бойы басып озып отырған ақын еңбегіне сыншы да, тарихшы да емес, жай қатардағы оқушы есебінде көз жіберіп қарасақ, өзгеде жоқ екі түрлі ерекше ірі қасиеті басымдап айқындала шығады. Мұның біріншісі – жалтағы жоқ шыншылдығы, екіншісі – ақындық тәкаппарлығы. Жай мінез машығын айтпаймын, ақындық еңбегінің сипатын айтам», - дейді Әуезов.

Сәкеннің биік адамгершілік қасиеті мен ақындық тұлғасын тұтастыра сипаттаған Мұхаң әрман қарай осы ойын одан әрі ұштай түседі: «Оның шыншылдығы қозып, жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша шын сезім, шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар – шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын жолы».

Шәкәрім-Сәкен. Қажылыққа барып, діншілдік жолға біржола түсіп қана қоймай «Мұсылмандық шартын» жазған, ескілікті аңсап «Түрік, қырғыз, қазақ және хандар шежіресі» деген еңбекті жарыққа шығарған, Қазан төңкерісін үмітпен қарсы алып, оған жыр жолдарын арнаса да «Кеңес өкіметінің жауы» деген айып тағылып, түрмеде отырып шыққан Шәкәрімнің шығармашылығы туралы Қазақстан Кеңес жазушыларының тұңғыш съезінде ештеңе айтылмауы, әрине, түсінікті еді. Солай бола тұрса да, Сәкен сол кездегі діншілдер мен ұлтшылдарға қарсы науқанның күннен күнге күшейіп бара жатқанына қарамастан Шәкәрімнің Физулидің үлгісімен жырлаған «Ләйлі-Мәжнүн» дастанына алғы сөз жазып, қайта бастырып, айды аспанға бір шығарып еді.

Бізге бұрыннан белгілі бұл деректі осыдан үш-төрт жыл бұрын «Қазақ әдебиеті» газетінде шыққан Ахат Құдайбердиевтің хабары тағы да айғақтап берді. Бұл атақты Шәкәрімнің бел баласы. Ол: «С. Сейфуллин 35-жылы «Ләйлі-Мәжнүнді» қайта бастырғанда Шәкәрімнің мирасқоры бар деп қудалағандар болған. Сәкен маған хат жазып, мен жолығып, ризалық қолхат бергем. Сәкен де, Бейімбет те, Ілияс та – Шәкәрім ешуақытта өлмейді, біз кетерміз, бірақ кейінгі келешек тірілтуінде сөз жоқ дейтін еді. Мен 1936 жылы Сәкеннің ақылы бойынша Гоголь атындағы библиотекаға Шәкәрімнің шығармаларының бір көшірмесін өткізген болатынмын», - деп Сәкен Сейфуллиннің Шәкәрім ақынның шығармашылығын жоғары бағалап, оның өшпес мұрасына қаншалықты жанашыр пиғыл көрсеткенін ризашылық сезіммен баяндайды.

Өткен ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қайсысы болсын «сен –ақсың», «мен – қызылмын» деп бірден қырғи қабақ көрсетпеген. Міржақып Дулатов айтқандай, бұлардың бәрі:

«Алыстан алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын,

Болғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?» - деп өскен елі, туған халқы, ата-баба жері үшін басын тау мен тасқа соққан, от пен суға салған еңіреген ер еді.

Тарихтың жаман-жақсысы болмайды. Ол – дәуір айнасы. Сондықтан да сайқал саясат ыңғайына көшпей, оның ақиқатын білуге ұмтылып, тарихтан тағылым тұтқанымыз, тағдырға тағзым еткеніміз жөн.






Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу.


«Алаш» партиясының бағдарламасынан



Алаш халқымызды есігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген – ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті.



Мәмбет Қойгелдиев

І.І. «Алаш» партиясының құрылуы


«Алаш» туының астында

куә болсын арымыз!

Көркейтуге «Алашты»

Құрбандық біздің жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын!


С.Торайғыров.


1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. өзінің мәні жөнінен импералистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқ асты етті.

Басқа сөзбен айтқанда, Әлихан Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық съезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Бұл оның көзқарас эволюциясының либералдық-демократиялықтан ұлттық-демократиялыққа қарай өзгеріске ұшырағанын көрсетті.




Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстарының өкілдері қатынасты. Съездге қатысушылар саны аса көп болмағанына қарамастан, оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды он төрт мәселе енгізілді:

  1. Мемлекет билеу түрі

  2. Қазақ облыстарында автономия

  3. Жер мәселесі

  4. Халық милициясы

  5. Земство

  6. Оқу мәселесі

  7. Сот мәселесі

  8. Дін мәселесі

  9. Әйел мәселесі

  10. Депутат дайындау

  11. Мұсылмандар кеңесі

  12. Қазақ саяси партиясы

  13. Жетісу облысының оқиғасы

  14. Съездге қазақтан өкіл жіберу.


Халел Досмұхабетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың және т.б. хатшылығымен өткен бірінші жалпы қазақтық съезд делегаттары осы он төрт мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай съездіне дайындық және қазақтың

саяси партиясын құру проблемаларына аударды.

Съезд қарсаңында «Қазақ» газетінде болашақ автономия туралы әртүрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылған мақалалар тізбегі жарияланды.

Съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды. Ал Ә.Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады.

Съезд делегаттары күн тәртібіндегі жер туралы мәселені аса ұқыптылықпен әрі жан-жақты талқыланды.

Бірінші жалпы қазақтық съезд құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті. Олар Қазақстанның барлық облыстары мен Орта Азиядағы қазақ қауымдастықтарының өкілдері болды. Депутаттыққа кандидаттар ішінде бірінші қатарда қазақтың либералды-демократиялық қозғалысының көпшілік таныған көсемдері Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев және т.б ерекше атау керек.

Күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша съезд қабылдаған шешімдерде де қазақ зиялыларының ықпалы сезіліп тұр. Бұл әсіресе дін, оқу-ағарту және әйел мәселері жөнінде қабылданған съезд қараларынан айқын көрінеді.

Бірінші жалпы қазақтық съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелрдің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған құрылтай жиналысына айналды.Осы мәселе жөнінде съезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көрді».

Жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев сияқты қазақтың либералды-демократиялық интеллегенциясының көсемдері басқарған алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялылырының белгілі өкілдері Ә. Ермеков, Ғ.Қарашев, М.Жұмабаев т.б. кірді.

Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социолистік идеологияны таптық принциптерге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ. Өйткені Алаш партиясы қайраткрлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да олар өз күресін жалпы ұлттық мүддеге негізделеген «қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін» деген ұранның астында топтастыруға бағытталды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы-бірінші жалпы қазақтық съезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді.

Съездің күн тәртібіндегі он төрт мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы «Қазақ» газетнде жариланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.

Капитализм орнап нығая бастаған жағдайда қоғамдық таптап мен әлеуметтік топтар өкімет үшін күресті өздерінің саяси партиялары арқылы жүргізді.

Қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуалы таптық, аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді. Осы шиеленістен туындайтын Қазақстанда орын алған аграрлық және ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдық пен феодалдық езгіге бағытталды.

ХХ ғасырдың басынан өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәндегі мақсат міндеттерді: ұлттық тең праволылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамсыз етуді қойды. Бұл істің басы-

қасында ат төбеліндей азғана тұңғыш қазақ зиялылары жүрді. 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн.

Әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғалардың ықпалымен таптық және оған байланысты идеялық саяси жіктеліс тұтастай алғанда қоғамда ғана емес, саяси қозғалыстар мен партиялардың өз ішінде жүрді. Қазақ интеллегенциясының арасындағы осындай жіктелісті тездеткен факторлардың бірі тылдың қара жұмысына «бұратана» халықтың жастарын шақыруға байланысты патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына көзқарас мәселесі болса, екіншісі 1917 жылғы ақпан буржуазиялық демократиялық революциясының жеңісі нәтижесінде бүкіл елде орын алған жаңа саяси хал-ахуалы еді.

1917 жылы шілденің 21-26 сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкіл қазақтық съезде Алаш партиясы құрылды. Осы партия құрылған 1917 жылдан бастап ол саяси ұйым ретінде өмір сахнасынан кеткен 20-жылға дейін Алаш немесе Алашорда қозғалысы Қазақстан тарихынан орын алды.

Сөз жоқ, Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. 1917 жылғы шілде айынан бастап, Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды. Басқа сөзбен айтқанда, Алаш қоғамдық саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Россия империясының отары болып келген Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды.

Алаштың әлеуметтік тегі туралы мәселеге байланысты ортақ тұжырым қалыптасқан жоқ. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақ буржуазияшыл партия десе екіншісі либералдық байшылдық деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі қоғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді. Алаштың басты идеологиясы отарлыққа қарсы бағытталған жалпы ұлттық идеядан туындады. Сондықтан да Алашты Қазақстанды капиталистік қатынастарға ыңғайлауға тырысқан негізінен ұлттық интеллегенция өкілдерінен тұратын идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлттық-демократиялық саяси ұйым деп анықтауға болады.

Демек Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу кезеңін бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған жөн. Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден соң жылдың соңына қарай қарқынды жүргізілді. Совет үкіметінің орнауына байланысты 1918 жылдың көктемінің соңы-жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды.






«Алаш» партиясының бағдарламасындағы саяси құқықтық және әлеуметтік идеялар



Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі ұсынған демократиялық идеялары партия бағдарламасының жобасында көрініс тапты. Жобада атап көрсетілгендей, партияның басты мақсаты Ресей федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.

Бағдарламаның бірінші бөлімі «мемлекет қалпы» деп аталады. Бөлімнің мазмұнына қарай оның мемлекеттің басқару нысаны туралы екендігін байқау қиын емес. Партия бағдарламасында Ресей демократиялық , федееративті республика болуы тиіс деп атап көрсетіледі және демократия мен федерация ұғымдарына түсінік беріледі. «Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі», яғни халық билігі, ал «Федерация мағынасы құрдас мемлекеттерге бірлесу, әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгігін өзі алып жүреді».Мұндағы негізгі айтылмақ идея өзін өзі басқаратын тең құқылы мемлекеттер одағы.

«Алаш» партиясы ұсынған бұл идеяны Кеңес үкіметі де Ресейдің федерациялық құрылысында пайдаланды. Алаш қайраткерлерінің ұлттық автономия түріндегі мемлекеттілікке қол жеткізуге ұмтылуының өзіндік себептері де бар еді. Оның ең бастысы сол кездегі саяси жағдай дербес тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан да партия бағдарламасына іргесі бөлек, ынтымағы бір дербес басқарылатын автономиялардан тұратын федеративтік, демократиялық Ресей туралы қағида енгізілді.

Мемлекеттік құрылыс мәселесінде үкімет басында-құрылтай жиналысы, оның аралығында құрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума белгілі бір мерзімге сайлаған Президент тұрды. Құрылтай жиналысы тұрақты орган емес, ол мезгіл-мезгіл сессия түрінде ғана жұмыс істейді. Оның сессиялары арасында билік тұрақты орган Президенттің қолында болады. Ол халықты құрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума алдында жауапты министрлер кеңесі арқылы басқарды.

Жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы – парламенттік республиканың ұсынылуы сол кездегі жағдай үшін бірден-бір дұрыс қағида болатын. Екі палатаның бірлескен отырысында сайланған Президент жоғары өкілді орган алдында жауапты болмады. Егер Парламент алдында Президент те жауапты болса, онда бұл органның билігі абсалютті болар еді. Сондықтан да партия бағдарламасында мемлекеттік құрылыс үшін билікті бөлісу идеясы енгізілді. Партия бағдарламасы бойынша заң шығару мемлекеттік дума құзырында болды және атқарушы орган қызметіне бақылау жасау мүмкіндігі берілетін сауал салу құқығы да берілді.

Партия бағдарламасының бірінші бөлімінде демократияның ең жарқын көрінісі – сайлау туралы да айтылады. «Депуттарттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады». Яғни, азаматтардың саяси құқығы, шыққан тегі, діні, сенімі, қызметі, мүлкі және жыныс айырмашылығына қарамай, барлығын сайлау құқығын жүзеге аыру арқылы бекітіледі.

Ғасырлар бойы хаыққа ауыртпалық болып келген салықтың халықтың өздері сайлаған өкілді орган – мемлекеттік думаның келісімінсіз салынбауы да Алаш қайраткерлерінің заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуге ұмтылысынан туған. Өйткені, мемлекеттік қазына мен халықтың иұрмыс деңгейі де көп жағдайда салық саясатына тікелей байланысты еді. «Салық байлық деңгейі мен жалпы дүние-мүлік жағдайына сәйкес алынуы шарт,бай-көбірек,кедей-аздау төлесін ».Салық салудың мұндай тәртібі әділеттілік талаптарына және қазіргі заманға да толық сай келеді.

Бағдарлама жобасының «Жергілікті бостандық» деп аталатын бөлімінде қазақтар мекендейтін облыстарда тұратын барлық ұлттар үшін автономия

құру туралы мәселе ең бірінші кезекке қойылады. Онда былай деп аталады: «Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей республикасының федерациясының бір ағзасы болуы. Реті келсе, қазақ автономиясы достас халықтар мен әзірге бірлесе болуы, реті келмесе бірден-ақ өз алдына жеке болуы.Қайткенде де осы күнгі земствалықты қабыл алуы».

Бағдарлама жобасында «Алаш» партиясының қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарда қызмет ететін адамдарының халыққа пайдалы да, адал қызмет ететін механизмін жасау жөнінде ұсыныс жасайтыны және оны өмірге енгізу үшін күресетіндігі туралы да сөз болады. Ал земство басқармалары мен милицияларында адал адамдардың қызмет етуі үшін оларды халық қалауына ұсыну туралы идея жергілікті басқарудың таза демократиялық түрін білдіреді. «Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртын тарықпау жағына бастайды.

Заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуді басты мақсаттың бірі ретінде көрсеткен бағдарлама жобасынан әділдік пен адамгершілік желінің қалай есетінін де байқау қиын емес. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатындарға аяусыз күрес жүргізуді мақсат тұтқан «Алаш» партиясы әлеуметтік-әділеттілік саястын жүргізуге ұмтылды.

Бағдарлама жобасының үшінші бөлімі нағыз таза демократиялық және адамгершілік принциптеріне құрылып жасалған. «Дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей барлық адам тең құқылы болады. Жиылыс жасауға, қауым жасауға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік».

Адамның аса маңызды құқықтары болып табылатын бұл принциптер тіпті алғашқы кеңестік заңдарда да кездеспейді. «Алаш» партиясы қайраткерлері көрсеткен, тарихи тұрғыдан алғанда өз уақытынан идеялық жағынан озып кеткен бұл принциптер 78 жылдан кейін ғана 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында өз орнын тапты. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық принципі де бағдарлама жобасынан қалыс қалмаған.

Бағдарламаның «Билік һәм сот» деп аталатын бөлімінде сот билігі және оның ішінде билер соты туралы айтылады. Билік пен соттың әр халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрып ерекшеліктеріне қарай жүргізілуіне басты назар аударған бағдарлама авторлары халыққа таныс емес құқықтық нормаларды енгізуге қарсылық білдіреді. Олардың айтуынша құқықтық нормалар мен билік халықтың тұрмыс-тіршілігі мен даму деңгейіне сәйкес болуы керек, яғни соттар істі әрбір халықтың тұрмыс жағдайларына қарай қарауға тиіс. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты ескерген Алаш қайраткерлері «қырдағы ауыл, болыс ішінде билігінен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылғаны жөн» деп табады. Мұндағы «жұрт ұйғарған ережелер» деп қазақ билерінің түрлі жиындарды сот істерін шешу кезінде басшылыққа алған ережелері айтылып отыр.

Аталған бөлімде билік ету және сот жүйесінің басқа да қағидалары көрініс тапқан. Олар: би мен судьяның жергілікті халықтың тілін білуі, аралыс халық тұратын жерлерде соттың тергеу-тексеруі мен шешімі сол жердегі көпшілік болып табылатын халық тілінде жүргізілуі, билер мен судьяның тергеусіз орнынан түспеуі, заң мен сот алдында барлық адамдардың тең болуы, Құдайдан кейінгі ең күшті би мен судья болып танылып, барлық адамның солардың үкіміне мойынсұнуы, сот шешімінің тез орындалуы, қазақ көп жерде сот тілінің қазақ тілінде болуы және т.б.

«Алаш» партиясының бағдарламасын жасаушылар мемлекттің зайырлық негізін бекітудің қажеттігін де атап көрсетті. «Дін ісінің мемлекет ісінен бөлінуі» бағдарлама жобасында прогресшіл маңызды көрсеткіштердің бірінен саналады. Мұндағы ең басты нәрсе діннің мемлекет ісіне, мемлекеттің дін ісіне араласпауы. «Дін біткенге тең құық. Дін жаюға ерік.Кіру-шығу жағына бостандық». Яғни, әркім діни сенімі бойынша тең және еркін. Діни сенімі бойынша артықшылық немесе кемсітушілікке жол берілмейді.

Ислам дінінің Қазақстанға сырттан енгенін және оны таратуда Орта Азия мен татар діни орталықтарының белсенді рөл атқарғанын ескерген қазақ зиялылары қазақтардың өз алдына мүфтиі немесе діни орталығы болуы қажет деп есептеді. Неке қию мен ажырасу, балаға ат қою мәселелерінің молдаларға берілуі, мұсылмандық неке құқығының прогресшіл жақтарын ескергендіктен енгізілген болса керек.

Күйеуге шығу құқығы әйелдердің өздеріне байланысты болды. Қалың мал жойылды, молдалар он алты жасқа толмаған қыздар мен он сегіз жасқа толмаған ер балалардың некесін қиюына тыйым салынды және неке қию кезінде молдалар екі жақтың: қалыңдық жағының да, күйеу жағының да келісімін алуға тиісті болды. Жесір дауының сотта қаралуы да әйелдер құқығын қамтамасыз ету шараларының бірі еді.

Бағдарлама жобасында ел қорғау мәселесіне де басты көңіл бөлінген. Әскер жасына жеткендерді жергілікті жерлерде әскер ісіне үйрету және қызмет еткізу ұсынылды. Алаш көсемдерінің бірі М.Дулатов мемлекет қауіпсіздігі мен ел қоғаны туралы былай деп жазады: «Кімнің білегі жуан болса, сол жұрт болады. Кім күшті болса, сол дегеніне жетеді».Ол өз алдына дербес мемлекет болу үшін алдымен әскер жасақтау қажеттігін, күшті әскердің болуы басқа елдерді санасуға мәжбүр ететінін айтады. «Бұл заманда әскері жоқ жұрт-жұрт емес, құл. Біз қазір екі жолдың тарауында тұрмыз. Қайсысына түссек те, ерік өзімізде. Бір жол - құлдық жолы. Екінші жол – жұрттық жолы. Осы бастан автономия алудың қамына кіріссек, милициямызды жасап алып, қарамызды көрсетсек, Алашорданы үкіметіміз деп тіресіп қорғасақ, бізді ешкім басынбайды. Үкіметі бар, әскері бар жұрт деп бізбен әркім есептеседі».

Бағдарлама жобасындағы жер мәселесінде бұрынғы жылдары қазақтардан жердің жаппай тартып алынғаны ескеріліп, жерді ең алдымен тұрғылықты халыққа қайтарып беруде әділ шешу міндеті қойылған және жерді сатуға үзілді-кесілді тыйым салынған жердің бүкіл байлығы; кені, қазынасы, өзендер мен көлдері және ағаштары мемлекет меншігінде болуы тиіс екендігі айрықша атап көрсетілген.

Заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуді басты мақсаттың бірі ретінде көрсеткен бағдарлама жобасынан әділдік пен адамгершілік желінің қалай есетінін де байқау қиын емес. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатындарға аяусыз күрес жүргізуді мақсат тұтқан «Алаш» партиясы әлеуметтік-әділеттілік саястын жүргізуге ұмтылды.

Бағдарлама жобасының үшінші бөлімі нағыз таза демократиялық және адамгершілік принциптеріне құрылып жасалған. «Дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей барлық адам тең құқылы болады. Жиылыс жасауға, қауым жасауға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік».

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы мен ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан саяси қайраткерлердің жанкешті қызметін жоғары бағалап, былай деп жазды: «Алаш» партиясының бағдарламасын жүзеге асыру барысында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі қайшылықтардан арылуға мүмкіндік туды. Онда тұжырымдалған өтпелі кезең қағидалары жаңғырту қарекетін біршама жүйелі атқаруға жағдай жасады. Олардың ұлттық бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша ұлттың бас біріктіруіне жағдай туғызды. Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің демократиялық баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан жүзеге аспай қалды. Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекетімізідің қалыптасуына қазақ зиялыларының көзге түсе бермейтін, бірақ мейлінше игі үлес қосқанын дұрыс бағалауы тиіс».



Қорытынды


Алаш қозғалысы XIX ғасырдын соңы мен XX ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі, орталық элементі өзімің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда құрылған тұңғыш жалпы ұлттық Алаш партиясын құру үшін ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышбаөв, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлихан Ермаков, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдар аралығында қажырлы еңбек етті. Алаш партиясы негізінен әлеуметтік табиғаты жөнінен әртекті ұлттық демократиялық қазақ интеллигенциясының саяси ұйымы болды. "Алаш партиясы" деген атпен танылған ұлттык-демократиялық қазақ зиялыларының өтпелі кезеңдегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күші міндетін жалпы алғанда, заман талабына сай адал атқарды.

1905 жылдан бастап осы партияны ұйымдастыру ісінің басы-қасында болған кайраткерлер (ең алдымен Әлихан Бөкейханов) 1905-1907 жылдардағы ұлттық-либералдық көзқарастан, "кадетшілдіктен" 1917 жылғы ұлттық-демократиялық кадеттерге дес, Россиядағы басқа да саяси партияларға сыни көзбен қарайтын эволюция жолынан өтті.

Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын құруға әрекет жасағанда оның XX ғасырдың басындағы Қазақстанды патшалық империяның отары болған, капиталистік қатынастардың жаңадан ене бастаған.

Осы айтылған пікірге байланысты «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметін большевиктер партиясының басшылығымен болған социалистік революция мен Кеңес үкіметіне қарсы қою үшін қазақ «ұлтшылдары» ойлап тапқан құрылымдар есебінде карамай, қазақ елінің өз ұлттық тәуелсіздігі мен мемлекеттік дербестігіне ұмтылысының табиғи көрінісі, ғасыр басынан бері осы бағытта мақсатты қызмет жасаған қазақ демократиялық интеллегенциясының қажырлы еңбегінің нәтижесі есебінде қарау негізді болмақ.

Қазақ демократиялық интеллигенциясының тар таптық немесе ұлттық мүдделерден гөрі жалпы адамзаттық қасиеттарге ден қойғандығы 16 жылғы көтеріліс нәтижесінде босқынға ұшыраған қырғыз халқына көрсеткен көмегінен, Алашорда үкіметі құрамындағы 25 орынына оның қазақ жеріндегі баска ұлт өкілдеріне калдырғандықтарынан, Түркістан өлкесіндегі басқа ұлт-азаттық күштермен бірігіп, Түркістандағы Кеңестік билікті империялық ұлттық үстемдік құралына айналдырғысы келген жаңа билікке карсы Қоқан автономиясын жариялауынан айқын көріңді.

«Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі бағдарламасы белгілі дәрежеде казақ жүртына большевиктер ұсынған кеңестік даму жолымен бір мезгілде өмірге келген балама (альтернативтік) өркендеу жолы болатын. Біз бұл арада алаштық интеллигенция ұсынған жолды мінсіз, бірден-бір тура дара жол еді деп отырғанымыз жоқ. Бірақ сол тарихи кезеңде қазақ коғамына терең дағдарыстан өркениетті жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсетіп бергендей, большевиктер ұсынған жолдан алаштық интеллигенция ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Өйткені алаштық интеллигенция ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан ары жетілдіре түсуді көздеді. Ең негізгісі, бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін жол еді. Әрине, мәселенің мұндай деңгейде шешілуі қазақ қоғамы үшін сол даму сатысындағы барлық өзекті мәселердің біржола, түгелдей жойылуы дегенді білдірмейтіні түсінікті. Бірақ шынайы ұлттық бостандық пен ұлттық мемлекеттің орнауы ғана ол үшін өркениетті дамудын, алғы шарты болатын.

Кеңестік тарихнама алаштық интеллигенцияның тарихи рөліне байланысты мұндай тұжырымға барғысы келмеді. Өйткені мұндай тұжырымдама тоталитарлық жүйе идеологтары жасаған «қазақ қоғамының ішінде оны ортағасырлық мешеулік пен дағдарыстан прогресс жолына алып шыға алатын әлеуметтік күш болған емес, бұл тарихи миссия орыс пролетариаты мен большевиктер партиясы үлесіне тиді» деген тұжырымға қайшы келетін еді. Соған байланысты кеңестік тарихнамаға қоғамдық дамуда мінеу, артта калған, өз арасында көш бастаушы әлеуметтік-саяси күші жоқ, тек қараңғы, надан көшпелі шаруалар тобырынан тұратын қазақ қоғамына қазақ жеріне келіп орын тепкен қоныс аударушылардың ағартушылық, мәдениеттендіру миссиясын түсінушілкпен қабылдап, әлемдегі ең алдыңғы революциялық теориядан қаруланған орыс пролетариатының авангардтық рөлін дұрыс түсінмі, соңынан еруден басқа ештеме қалмағандығын буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлы либералдық типтегі саяси ұйым кұруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1017 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси ұйымын (партиясын) құруға алып келді.

«Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзіндс саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғаңдығына қарамастан, қоғамдық - саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты — қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.

1917 жылгы желтоқсанда болған екінші жалпы қазақ съезінің Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құру туралы және басқа шешімдері аталмыш міндеттерді орындауды жүзеге асыруға бағытталған бастапқы әрі маңызды қадамдары болды.

Ә.Бөкейханов және сол кезеңде қазақтың зиялы қауымының басқа өкілдері жетекшілік жасаған Алаш пен Алашорда Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық-тұтастық және халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Мұндай позиция, әлбетте, аталған мәселелерді шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған большевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш көсемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы Қазан революциясының ұрандарын, Совет өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты.

Осы принципті мәселеде Алаш пен Алашорда жетекшілері саяси күресте де, совет өкіметіне қарсы нақтылы іс-әрекетте де негізінен ауызбірлік танытты. Алайда олардың арасында жекелеген қоғамдық-саяси мәселелер жөнінде (мысалы, Қазақ автономиясын жариялау мерзімі мен "Түркістандық" қазақтарға көзқарас туралы) кезіндс уақытша түсініспеушілік пен қарама-қайшылықтар болды. Осыған ұқсас жәйттер Әлихан Бөкейханов басқарған Алашорданың орталық үкіметі мен Жаһанша Досмұхамедов басқарған оның батыс бөлімінің арасында да орын алды.

Сонымен қатар Алаштың көрнекті жетекшілерінің
қайраткерлік іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен тарихта
хатталып қалды. Мәселен, Әлихан Бөкейхановтың саясаткерлігі, саясат жүргізудегі "батысшылдығы" ерекше
көзге түсті, Ахмет Байтұрсыновқа ең әуелі
ағартушылық-ғылымдық пен саяси қимылда байсалдылық
және ұстамдылық тән болды. Халел Досмұхамедов пен
Мұхаметжан Тынышбаевтардың қоғамдық қайраткерлігінен ғалымдық, зерттеушілік қасиеттері басым жатты. Ал Міржақып Дулатов пен Жақып Ақбаев ең алдымен коғамдық қайраткерлер ретінде нақтылы іс-әрекеттің адамдары еді. Олар халықты оятудың және оның ұлттық санасын жебеп, жігерлендірудің аса көрнекті шеберлері болды.

Осындай әр қырынан танылған, білімді де талантты қайраткерлер басқарған Алашорда азамат соғысы жылдарында совет өкіметіне жау күштермен одақтас болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен совет өкіметі Алаш пен Алашорданы тарих сахынасынан кетірді. Совет өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды.

Кезінде (1919, 1920 жылдары) Совет өкіметі Алаш қозғалысына қатынасқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнерінің, халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық инттелигенция өкілдері, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлср, түгелге дерлік жалған жаламен "халық. жауы" аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болды.

Сонымен, Алаш пен Алашорда тарихының маңызды кезеңін зерттеген еңбегімізді аяқтай келе, түбегейлі іс тындырдық деуіміз көңілге қонымды болмас, өйткені, аумалы-төкпелі заманды басынан кешкен партия мен өкіметтің айтылмаған саясаты да, сыры да баршылық. Мұны тәмамдау болашақтың ісі.














Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы, 1995.-228 б.

2. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы, 1995.-19 б.

3. Омарбеков Т. Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы// Ақиқат.-1994.-№9-Пб.

4. Субханбердина Ч. Қазақ. Алаш.-Сарыарқа. Алматы, 1993.- 36 6.б

5. Ахметов Ғ. Алаш алаш болғанда.-Алматы, 1998.-42 б.

6. Мухаметов М, Сатершинов Б, Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы.-Алматы, 2002.-53 б.

7. Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері: саяси құқықтық көзқарастарының қалыптасуы.- Алматы, 1998.-64 б.

8. Пірманов Ә, Қопаева А. Қазақ интеллегенциясы.-Алматы, 1997.-119 б.

9. Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың.-Қазақстан-2030, Алматы,-1998.-259 б.

10. Сұлтанов Қ. Алаш өкіметіне -90 жыл//Оңтүстік таңы, 2007. 7 б.

11.Қүл-Мұхаммед М. Алаш ардагерлері.-Алматы, 1996.-97 б.

12.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-том.

13.Омарбеков Т. Алаштың ақиқатын кім айтады // Қазақстан

коммунисі.-1991.-№7.-6-7 б.

14. Н.Абилтайн М, Кеңеспаев Қ. XX ғасырдың басындағы

Қазақстандағы Саяси партиялар сипаты және алаш

қозғалысының тарихнамасы.-Түркістан, 2004.-132 6.

15.Рахым Е. Бүгінгі билік Алаш көсемдерін мойындағысы

келмейді// Жас алаш.-2007.-№44.-4 б.

16. Қойгелді М. Алаш идеясы // Жас алаш.-2007.-№44.-4 б.

17. Оралтай X. Алаш-Түркістан түркілерінің ұлт азаттық ұраны//

Азат.-1991.-№18.-3 б.

18. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында.-

Алматы, 1994.-232 б.

19. Бұл да сонда.

20. Бөкейхан Ә. Таңдамалы шығармалар жинағы.-Алматы, 2003,-22 б.

21. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.-Алматы, 1992,-125 б.

22. Қойгелдиев М. Алаш өткен жол // Ақиқат.-1994.-№2.-45 б. 23.Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография.-

Алматы, 1998,-23 б.

24. Бөкейхан Ә. Таңдамалы қазақ энциклопедиясы.-Алматы, 1995.- 95 б.

25. Сайлаубай Е. Алашорда үкіметінің шығыс бөлімі.-Алматы,

2001.-14 б.

26. Сүлейменов Д. Алашорданың батыс бөлімінің тарихы.- Алматы, 2004.-32 б.

27. Бұл да сонда.

28. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері.-Алматы.-1994.- 52 б.

29.Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы.- Астана-2001.-63 б.

30. Нүрпейісов, Байжанов, Шакеев. Алаш мирас: құжаттар жинағы.

Екінші кітап.-Алматы.-1995.-84 б.

31. Есмағамбетов К. Тәуелсіздіктің таңшолпаны // Егемен Қазақстан.-

2007.-№5.-6 б.

32. Бұл да сонда.

33. Сарсекеев К. Ақтаңдақтар беттерін тәуелсіздік ашты // Саясат.-

2005.-№11.-33 б.

34. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері.-Алматы-2003.-79 б.

35. Бұлұтай М. Әзіз қазақ жұрты // Саясат.-2003.-№9.-10 б.

36. Қойгелдиев М. Өзімізді қайта таныдық // Егемен Қазақстан.-2006.-№220.-3 Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ

қоғамындағы ролі


Тарих сахнасына алашорда-халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол-ұлттық мемлекеттік құрылымның болуы еді.

Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал, осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық- мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине "Алаш" партиясының өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын.

Бірақ қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын көксейтін ақ қазақтар мен патша генералдарына да жаңа тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймайды. Егер алғашқылары Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын бұратана халықтың ат төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей қарап,
аяқтарынан шалса соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан ұрандармен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушылары "буржуазиялық ұлтшылдар", "ұлтшыл-уклонистер" деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып-атып, рухани азапқа салып, жойып тынды(35).

Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты. Сондықтан да, ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қорғау салушылардың есімін атауға да тиым салынды. Міне, осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында қалдырған творчестволық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өрлейтін терең із қалдырған қайраткерлеріміздің тізімі жетерлік.

Кеңес дәуірі кезінде жарық көрген ғылыми зерттеулерде саяси -идеялық ахуалдың қалыптасуына әсер еткен, факторлардың ролі, ықпалдары маркстік — лениндік көзқараспен бағаланды. Керісінше, қазақтың кең даласында анда-санда көрініс берген большевиктік идеологияның таралу заңдылығы, яғни социалистік революцияның болуы дәйекті қажеттіліктен
туды деген тұжырым, қағидалар ғылыми зерттеулерде аксиома ретінде дәлелденді. Ал, қазақ қайраткерлері қоғамды күшпен құлатып, дәстүрлі саяси-құқықтық мөдени дамуды ұлт санасына жат институттармен алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Философ А.Қасабековтың түсігінше: "XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды"(36).

Міне, сондықтан да XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан саяси-идеялық ахуалға большевиктік идеологияның ықпалы пәрменді болды, "революциялық қозғалысқа қазақ жастары белсенді араласты" деген жасанды тұжырымдар ақиқатқа сай келмейді. Ұлан байтақ қазақ жерінде большевиктік идеологияға мойынсұнған М.Сералин, С.Көбеев, Н.Ералин, М.Бекметов, Ы.Дүйсенбаев, Т.Бокин сияқты саусақпен санарлық қазақ жастарының астыртын жүргізген революциялық қызметінен саяси —идеялық ахуалда күрт өзгеріс болды деп сендіру ақиқатқа мүлдем қарама-қайшы екені даусыз.

Сонымен қатар, XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-идеялық ахуалына түрік бірлігі түрікшілдік идеялардың қалыптасуы біршама ықпалын тигізді. Негізінде түрікшілдік идея "Айқап" журналының айналасында топтасқан қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары мен атқарған қызметтерінен анық байқалды. Зерттеуші Санжар Асфендияровтың пікірінше: "...пантурксизм қозғалысымен байланысып жүрген қазақтың интелегенттері "Айқаптың" айналасында жиналды (мысалы; М.Сералин, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин), бұл топқа татар интелегенттерінің де ықпалы тиді. Айқапшылар Ресейдегі түрік елдерін біріктіру керек деген пікірде болды"(37.)

Негізінен қазақ зиялыларының түрікшілдік идеяға бойсұнулары үлкен үш негізден бастау алды: Біріншіден, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары өздерінің білімділігі мен ізденістері нәтижесінде байырғы түрік мәдениетіне, оның Байкал көлінен бастап, Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлы далада үлкен, күшті тайпалық бірлестік құрып, дүниежүзілік
тарихта із қалдырған ұлы Түрік қағанатының батырлық еріктік істеріне қанық болды да, солардың тікелей ұрпақтары ретінде өз халқын сол бай тарихи аталар дәстүрімен патриотизмге жігерлендіру арқылы отарлық саясат пен ұлттық езгіге қарсы тұру санасын оятқысы келді. Екіншіден,
түрікшілдік идея, қазақ зиялыларының пікірінше, Ресейдің қол астында отарлық саясаттан тепкі көрген барлық түрік тілдес халықтарды бір ту астына біріктірер бірден-бір ортақ рухани күш ретінде танылды. Себебі, түрік тілдес халықтар батыс пен шығысты қанды шеңгелінде ұстап тұрған екі
басты самұрық құстың тырнағынан жеке-жеке ұлт болып босанып шығулары мүмкін еместігін анық түсіне білді. Үшіншіден, түрікшілдік, түркі бірлігі идеясы, қазақ зиялыларының пікірінше, көшпелі түрік тілдес халықтардың
бай тілі мен мәдениетін, тамырын тереңнен тартқан дінін дуние жүзілік деңгейге көтеретін сол арқылы евроцентристік көзқарастарға тойтарыс беріп, ғылымдағы ұлыдержавалық шовинизмді тежейтін негізгі факторлардың бірі деп саналды(38).

Міне, осындай ұлттық маңызы зор мәселелерді жете түсінген Алаш зиялылары түрікшілдік туы астына топтасып, Орыс империясының зорлық - зомбылықты "бөліп ал да, билей бер" саясатына қарсы тұруға жан айғайымен шақырды(39).

Түрікшілдік, түрік етіп көтерген Ысмайылбек Гаспринский (Гаспралы) болды. Ол көзі тірі кезінде, халық арасында "біздің сүйікті ұстазымыз", "халықтың қызметшісі", "түрік-татар ұлтарының ағартушысы", "прогреске жол ашқан" сияқты теңеу, атақтарға ие болған еді. XX ғасырдың басында жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралыны бүкіл Ресей түркі халықтарыны мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын саяси көсемі ретінде танылды. Оның еңбектерін оқыған қазақ зиялылары түрікшілдікке бас ұрмай кетуі мүмкін емес еді. Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Сералин, Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмүд Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сияқты қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралының түрікшілдік идеяларын қазақ топырағында жандандырып, ел арасына түрік патриотизмі, түрік бірлігі рухының дәнін екті, фәлсафасын уағыздады.

Қазақ зиялыларының түрікшілдіктен нәр алған өздерінің көкейлерінен шыққан жалынды сөздері қазақ халқын саяси бостандық пен теңдікке жігерлендіргені хақ.

Демек XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-идеялық ахуалдың қалыптасуына әр мағынадағы қағидалар мен теориялардың ықпал еткені ақиқат болып қала бермек. Сонымен, қазақ зиялыларының саяси-құқықтық, реформаторлық көзқарастары негізінде ұлттық прогресс, саяси бостандық, отарлық езгінің құрсауынан босану және саяси ұлттық, демократиялық мемлекет құру идеялары жатты. Себебі, қазақ қоғамының даму процесі, ішкі шиеленістер осы идеялардың іс жүзіне асуына дәйекті жағдайлар туғызған еді.

Жалпы Алаштық интеллигенция арасында большевиктер бағдарламасы әуел бастан — ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан емес, тіптен Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін бағыт болатын Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жайында мұндай шаруаға бару мүмкін еместін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасында түсінбеушілік туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ шаруаларының жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығын осындай нәтиже бермей қоймайды деп түсінді.

Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болсын жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу пуадай қажет болды. Жіктелу керісінше оны әлсіретеді, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді.

Өз ретінде Алаш басшылары болыпевиктердің таптық жіктеу саясатына ұлттық тұтастық, бірлік саясатын қарсы қойды. Мәселен, Ә.Бөкейханов: "Біз қарап отырсақ қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда басыңа бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты, дауды қой, бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл"(40). ("Қазақ". 1918. № 260).

"Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза ақтар. Жалпы жұртқа мұрындық бол"-деп бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана деп түсіндіруге тырысты.

Орынборда болған, Бөкейхан ұлдары бастаған съездің қарары бойынша күллі Қазақстанда "Алаш" партиясы құрылды. Оның губерния-губернияда облыстық комитеттері ашылды, уез-уездерде комитеттері ашылды. "Тіршілік" газетінен басқа газеттерде "Алаштың" жобасы жарияланды.
"Алаш" партиясының жобасын эсер меньшевик партияларының, кадет партиясының жобаларынан құрастырып алды, -деген тұжырым бар.

Ә.Бөкейхановұлы Сібірге, Омбыға, Семейге келіп баянадамалар жасады.

Мысалы: 1917 жылғы қарашаның 21-дегі "Қазақ" газетінің 25 нөміріндегі Бөкейханұлын Семейде қалай, кімдер күтіп алғанын жазған. Семейде Бөкейханұлын құрметтеп алдынан шығып сөйлеушілер: Шайқы Мұсатайүлы, Ахметжан Қозыбағарүлы, Маннан Тұрғанбайұлы, Сұлтанмахмұд Торайғырұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы.

Содан кейін Орынборда "Алаш" партиясынан жалпы Ресейлік Учредительный Собраниеге Қазақстан губернияларынан белгіленген адамдардың тізімдері "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 250-ші нөмірінде жарияланды:


I."Алаш" партиясы.

"Алаш" партиясы атынан Учредительный Собраниеге аталған депутаттар:

Торғай облысынан нөмірі бірінші спискіге:

1. А.Байтұрсынұлы, 2. Ахмет Бірімжанұлы,

3.Сағындық Досжанұлы, 4.Абдолла Темірұлы,
5. Телмажан Мүрынұлы, 6. Ержан Оразұлы,

7. Әлихан Бөкейханұлы.


II.Ақмола һәм Семей облысынан.

1. Ә.Бөкейханұлы 2.А.Тұрлыбайұлы, 3. Ә.Ермекұлы,

4. Қ.Ғаппасұлы 5. А.Сейітұлы, 6. М.Поштайұлы,

7.Е.Итбайұлы, 8. Ж.Ақпайұлы, 9. С. Жанайдарұлы,

10. Р.Мәрсекұлы, 11. Ж.Тілеуліұлы, 12, Б.Сәрсекұлы т.б.


III.Орал облысынан

1.Қ.Досмұхамедұлы, 2. Ж.Досмұхамедұлы, 3.Н.Ермағамбетұлы, 4. Ғ.Әлібекұлы, 5. С. Қаратілеуұлы,

6. О.Есенқұлұлы, 7. Ғ.Қашқынбайұлы

IV.Жетісу облысынан

Списке №2

1. М.Тынышбайұлы, 2. Шибалин (орыс), 3. О.Әлжанұлы,

4. Ашкасайский (орыс), 5. Ғабдуллин, 6. Ниязбекұлы,

7. М.Төлебайұлы, 8. Бабкин(орыс), 9. Пропкин(орыс),


Списке №3

1.Ы.Жайнақұлы, 2.ІПандириков (орыс), 3. Садық Аманжолұлы,

4.Д.Сауранбайұлы, 5. Б.Мәметұлы.


V.Бөкей ордасынан

Списке №8

І.Уәлитхан танашұлы, 2. Бақыткерей Құлманұлы.


Списке №2

1. Қадым Сармоллаұлы, 2. Сәлімгерей Нұралиханұлы.


"Қазақ" газетінің 250 нөмірінде "Алаш" партиясының бастығы Бөкейханүлы бірнеше жолдастарымен қол қойып жарнама жазды. Жарнамаға қол қойғандар: Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, А. Бірімжанұлы, ЖЖәнібекұлы, Ф.Ғалымжанұлы, КАрынғазыұлы, Ғ.Жүндібайұлы, Ғ.Бірімжанұлы.

Енді "Қазақ" газетінде жарық көрген "Алаш" партиясы туралы тілшілер мен зиялылардың мақалаларынан үзінді:

Ақмола облысы

Омбыда областной "Алаш" партиясының комитеті ашылғандығы "Қазақта" жазылған комитетке сайланған адамдар:

Асылбек Сейітұлы, М.Жұмабайұлы, М.Саматұлы, Қ.Кәкенұлы, т.б. "Алаш" комитеті өр уезге учредительное собрание сайлауын халыққа түсіндіруге кісі шығарды. Бұлар Ақмола облысының 5 уезінде "Алаш" комитетін ашты.

"Қазақ" газеті. 1917. № 254. (аталған газеттің тілшісі).


"Алаш" партиясы.

"Семейде областной "Алаш" партиясының комитеті ашылған хабарын жазды..

"Алаш" партиясының Семейде уақытша областной комитеті ашылды. Комитетке кірген кісілер: Ә.Ермекұлы, Р.Мәрсекұлы, И.Әлімбекұлы, А.Қозыбағарұлы, Тұрағұл Құнанбайұлы, Ә.Бөкейханұлы т.б. комитеттің председателі Қалел Ғаппасұлы, Жолдас Ахметжан Қозыбағарұлы, секретары Сыдық Дүйсенбайұлы, қазынашысы Данияр Бөкейханұлы деп жазылған. "Қазақ" газеті .1917. № 253.


19қайраткерлері қазақ халқының саяси санасын қалыптастыру жөнінде жүргізген жұмысы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдық жағынан рәсімдеу идеяс05 жылғы революциядан кейін қазақ зиялыларының белсенді ына әкелді.

Алашорда кездейсоқ, әлдекімдерге еліктеуден емес, заңды түрде пайда болған. Алашорданың ұйымдық жағынан ресімделуі алдында газеттер, журналдар, кітаптар арқылы интенсивті түрде, жемісті идеологиялық жұмыс, ауызша үгіт жұмысы жүргізілді. Болашақ Алашорданың қайраткерлері идеялық жұмысты Ресейдегі жалпы азаттық қозғалысынан оқшау жүргізген жоқ. Қазақ азаттық қозғалысының қайраткерлері негізгі саяси партиялардың бағдарламаларын жақсы білетін және ұлттық езгіден азаттық алуға бағытталған идеяларының ұнағандарынан бағдар алды. Кейін бұл Алашорданың бағдарламасынан көрініс тапты. Алашорда идеологиясында әуел бастан-ақ сепаратистік сарын болған жоқ, қайта ол басқа халықтармен бірге біртұтас Ресей мемлекеті шеңберінде саяси, экономикалық басқаруға бағытталды. Бұл идея Алашорда бағдарламасында баянды етіліп кана қойған жок, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметінде ұйымдык жағынан жүзеге асырылды.

Алашорда қайраткерлері сепаратистер болған жоқ. Олар реалистік тұрғыдан ойлайтын, сол бір жағдайдағы Ресейдің қазақ халқы үшін рөлі мен маңызын түсінетін адамдар еді. Ресеймен бірлік бағытын Алашорда қайраткерлері берік те дәйекті жүргізді. Бұл жөнінен 1919 жылдың ақпанында Омбыда өткізілген қазақ халқын ведомствоаралық жайғастыру жөніндегі кеңесте Ә. Бөкейхановтың айтқан пікірі мейлінше есте қаларлық. «После указа 22/4 октября 1918 г. мы сидели без дела, не зная, что будет дальше. Теперь вы призвали нас, и мы пришли сюда, как братья. Киргизский народ не питает сепаратистских замыслов, он не желает отделения от России. Мы — западники. В своем стремлении приобщить народ к культуре мы не смотрим на восток, в Монголию, мы знаем, что там культуры нет. Наши взоры устремлены на запад. Получить культуру мы можем оттуда, через Россию, при посредстве русских. Мы пришли сюда с единственным желанием устроить порядок, необходимый для того, чтобы страна могла дойти до учредительного или национального собрания».

Алашорда большевиктік идеологияға негізделген жоқ, оның алғашқы кезде Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны табиғи нәрсе болатын. Егер Алашорда қайраткерлері Кеңес өкіметіне қарсы шыкса, бұл ешбір жағдайда да олар революцияның жаулары болды деген сөз емес.

Бұл олардың өз партиясының, өз пікірі бойынша, өз халқының игілігіне бағытталған бағдарламасына адал берілгендігін білдіреді. Партия мен әлеуметтік топтарға бөлмей, өз халқының мүдделерін қорғады. Сондықтан олар өз халқына жау бола алмайтын еді, ал оларды большевиктер солай етіп көрсетуге тырысты. Мұның өзі кейіннен Кеңес өкіметінің бұрынғы Алашорда қайраткерлерін жазалауының басты себептерінің бірі болды.

Енді бүкілқазақ съезін дайындауды дәлелдейтін алғашқы құжаттарға кайтып орала отырып, патша әкімшілігінің оны өткізуге әдейі жол бермегенін атап өткен жөн. Съезде бейбіт мәселелер: жер туралы, халык соты туралы, Мемлекеттік Думадағы өкілдік туралы мәселелер қаралатын болып белгіленген тәрізді еді. Бірақ патша үкіметі үшін бұл мәселелердің ерекше зор, тіпті тағдырлы маңызы болды. Патша үкіметі қазақ халқынын жерін тартып алу жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп жоспарлы негізге қойылды. Онымен Қоныстандыру басқармасы айналысты. Крепостниктік тәртіпті жою Ресейдің орталығындағы аграрлық мәселені шешпеді. Патшалық режим оны шаруаларды Ресейден шығыстағы шет аймақтарға, негізінен Қазақстанға коныстандыру жолымен шешуге тырысты. Патша үкіметі қазақ халқы алып отырған жер көлемін анықтау мақсатымен, 1886 жылы Дала өлкесіне (Ақмола және Семей облыстарына) Ф. Щербинаның басшылығымен экспедиция ұйымдастырды. Ф. Щербинаның экспедициясы аныктаған қазақ шаруаларының жер пайдалану нормалары үлкен болды және мал шаруашылығын сақтау қажеттігін негізге алды. Ф. Щербина малшы қазақ малсыз қалса, қайыршылыққа түседі деп жазды. Сондықтан оның патша үкіметі қазақтар шаруашылығынын ерекшеліктерін және табиғи-тарихи жағдайларды ескере отырып, соларды жайғастырумен айналысуға тиіс деп ойлауы аңғалдық болатын(65). Алайда патша үкіметі қазақ даласын отарлауды күшейтуге мүмкіндік берген материалдар алды. Мұндай саясатты орыс зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері әшкереледі. Л. К. Чермак «Қырғыздарға төрешілдік жаңа тәжірибе» деген мақаласында патша өкіметінің жер саясаты саласындағы шын мақсатын көрсетті. Л. К. Чермак қоныстандыру басқармасы қазақтарға арналған жер нормасын қысқартып, жаксы жерлерді және көп мөлшерде қоныстанушыларға беретін болады деп жазды. «Это понятно и вполне последовательно, - деп жазды К. Л. Чермак. - В настояшую минуту переселение одно из самых крупных козырей в руках правительства при разыгрывании аграрного вопроса, и ему нужно во что бы то ни стало увеличить значение этого козыря, а потому, господа чиновники поменьше церемоний, теоретических соображений и т.п.»(66). Л. К. Чермак былай деп жазды: «значит сознательно разрушить хозяйство киргиз, значит обречь их на голодное прозябание, либо на отказ от привычного занятия»(67).

Демек, патшалық отаршылдық саясатты қазақтың қоғамдык қайраткерлері ғана емес, орыстың алдыңғы қатарлы адамдары да көріп-біліп, әшкерелеген. Жер мәселесі қойылған бүкілқазақ съезін шакыру туралы мәселе көтерілген кезде патша өкіметі отарлау практикасын барынша өрістетті, ең құнарлы жерлерді таңдап алып, оларға қоныстанушьшарды жайғастырды. Сондықтан патша әкімшілігінін мұндай жалпыұлттык шараны өткізуге жол бере алмағаны табиғи нәрсе болатын.

Мемлекеттік Думаға келетін болсақ, ол, әрине, бет перде ғана болатын және онда езілген халықтардың өкілдеріне, оның үстіне алдыңғы катарлы өкілдеріне орын жоқ еді. Патша самодержавиесі Ресейде революциялық козғалыстың ерлеуіне байланысты Мемлекеттік Думаға езілген халықтардың өкілдерін жіберуге мәжбүр болды. I және II Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының көрнекті қайраткерлері болып, олар қазақ халқының проблемаларын өткір койып отырды. Алайда мұндай «демократия ойыны» патша өкіметінің өзінің тіршілік етуі үшін қауіпті бола бастады. Сондыктан 1907 жылғы 3 маусымда демократия «жеңістерін» шын мәнінде жоққа шығарған заң қабылданды. Бұл занның әлеуметтік мәні туралы М. Дулатов «Үшінші июнь законы һәм қазақ» деген мақаласында тамаша жазған(68). Біздің тақырыбымызға тікелей қатынасы болғандықтан, оның негізгі идеяларын қарастырып өтейік. Оның пікірінше, 3 маусымдағы зан қазақтарды саяси даму мүмкіндіктерінен айырды. Мемлекеттік Думада қазақ халқына қатысты проблемаларды көтеретін адамдар болмағандықтан, қазақ халқы одан әрі қапаста қалуда. Қазақтар Мемлекеттік Дума дегенді ұмыта бастады, өйткені бастапқыда берілген бостандықты пайдаланып та үлгірмеді. Басқа халықтардың азын-аулақ болса да өз өкілдері бар, олардың өзі де Думаның пайдасыздығына көз жеткізгенімен, оның мінберін: мындаған дәлелдерді пайдаланып, өз халықтарының тілегін үкіметке және үкімет шараларын адамдарға жеткізуге тырысты. Түрік партиясынан сайланған депутаттар 1914 жылғы 2 акпанда Мемлекеттік Думаға маусым заңын өзгерту және Мемлекеттік Думаға Түркістан мен қазақ облыстарынан сайланатын депутаттарды жіберу туралы жоба енгізді. «Өкімет орындары қазақтарды сауатсыз деп санағанымен, - деп жазады М. Дулатов, - осының алдындағы екі Думадағы қазақ өкілдері қазақтар өмірін жақсы білетін білімді, шешен адамдар болды». Енді Мемлекеттік Думада жер, дін, земство, өкімет, білім беру мәселелері мен басқа да күрделі проблемалар қаралуға тиіс. Егер қазақ депутаттары болмаса, қазақтарды жеп көретін пуришкевичтер не айтпақ. М. Дулатов сан миллион қазақ халқының үнін өкімет орындары естиді деген үміт білдірді, өйткені Думадағы көпшілік түбегейлі өзгерістер жасалуын каламайды. «Үшінші маусым заңының күшін жою, - деп жазды М. Дулатов, - өз пұрсаттылыктарын жоюға әкеп соғады. Сондықтан Мемлекеттік Думаға қазақ халқының өкілдерін жіберу туралы жоғарыда аталған жоба талқыланған кезде бұл тілек құр үміт болып қалуы мүмкін». М. Дулатов 3 маусым заңы қазақтарды ғана емес, қазақ облыстарында тұратын баска ұлыстарды да саяси құқықтарынан айырғанын арнайы атап өтеді. Біз бұл жағдайға ерекше назар аударамыз, өйткені ол Алаш қайраткерлерінің барлык уақытта тек қазақ халқы туралы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды мекендейтін баска да ұлт адамдары жайында ойланғанын дәлелдейді. М. Дулатовтың айтқаны дұрыс болып шықты. Патша өкіметі Ж. Ақбаев сияқты жоғары білімді, бірақ өте кауіпті адамдарды Мемлекеттік Думаға жіберуден қорықты.

Ж. Ақбаевты сайлаушылар II Мемлекеттік Думаның депутаттығына кандидат етіп ұсынды. Алайда Сенат оның кандидатурасын қабылдамай тастады. Бас тартудың (ресми) дәлелін ерсі деудің өзі де аз. Мұны біз Ә. Бөкейхановтың «Қазақ» газетіндегі хабарынан біле аламыз(69). II Мемлекеттік Думаға Семей облысынан Кәкітай Ыскаков (Абайдың немере інісі) сайламшы болды. Ә. Бекейханов бес кандидат: Шәкерімді, Кәкітайды, Темірғалиды, Хасенді, Омарбекті ұсынған. Алайда Сенат Омарбекті «далада мал шаруашылығымен айналысатындарды ғана ұсыну керек» деген сылтаумен кабылдамай тастады. «Жақып та (Ақбаев) Дума сайлауына осы жолы әлгі ретпен кіре алмай қалды. Жакып университет бітірген, қазақ емес екен. 1908-ші жылы Жақыпты қазақ қылып жер аударды». «Закон түйе, бұйдалап жетелеймін» деген осы болар. Ж. Акбаевты Сенат оның «қазақ болмағандығынан» емес, университет бітіргендігі себепті қолдаған жоқ. Ал 1908 жылы оны әкімшілік жолымен жер аударған кезде, ол нақ қазақ қайраткері болғандығынан жер аударылған еді. Әлбетте, Ж. Ақбаев сияқты қайраткерлердің Мемлекеттік Думада болуы патша өкіметін қанағаттандырмады. Егер бүкілқазақ съезі өтсе, Мемлекеттік Думаға Ж. Ақбаев сияқты адамдар ұсынылар еді. Отаршылдық әкімшілік мұны мүлде қаламады.

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақ даласында съезд шақыру туралы мәселе қайтадан көтеріледі. Әуелі облыстық съездер (Торғай, Орал), сонан соң 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда Бүкілқазақтық съезд өтеді Бұл съезде он беске жуық ұйымдық мәселе каралды.

Ресей құрылтай жиналысына әр облыстан сайланатын депутаттар мен оларға кандидаттарды съезд белгіледі. Семей облысынан ұсынылғандар арасында Григорий Николаевич Потанин, Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев және баскалар болды. Бұл тізімде көзге түсетін біріншісі - орыстың аса көрнекті зерттеушісі, демократ, қазақ халқының досы Г. Н. Потаниннің есімі. Біз-Ж. Акбаевтың өзін орыстарға карсы насихат жүргізіп, әрекет жасады деген айыптауды теріске шығарған сөздерін бұдан бұрын келтіргенбіз. Қарастырылып отырған кезендегі қазақтың алдынғы қатарлы қайраткерлері интернационалистер болған еді, олар орыстарға қарсы шықпағаны былай тұрсын, қайта, керісінше, олармен мейлінше тығыз қатынас жасады. Ал ең бастысы - Қазақстан Ресей демократиялық мемлекетінің құрамдас бөлігі болады деп санады. Алаш қозғалысының барлық бағдарламалық құжаттарында әуел бастан-ақ орыстарға қандай да бір тиісу болған жоқ. Оларда патша самодержавиесі шараларының сынға алынуы - басқа мәселе. Құжаттарда патша өкіметі, патша әкімшілігі мен шенеуніктері қатардағы орыстармен бірдей қарастырылған емес.

Бұл съезге әр облыстан лайықтанған кандидаттар тізімі «Қазақ» газетінде жарияланды. Олар мыналар:

Ақмола облысынан:

1) Айдархан Тұрлыбаев; 2) Асылбек Сейітов; 3) Ережеп Айтбаев; 4) Сейілбек Жанайдаров; 5) Жұмағали Тілеулин; 6) Рақымжан Дүйсенбаев; 7) Мағжан Жұмабаев; 8) Сұлтан-Махмұд Абылаев; 9) Садық Мешелбаев; 10) Салмақбай Күсемісов; 11) Хайыралдин Болғанбаев; 12) Сәдуакас Сейфуллин.

Семей облысынан:

1) Григорий Николаевич Потанин; 2) Әлихан Бөкейханов; 3) Әлімхан Ермеков; 4) Халел Ғаббасов; 5) Мұкыш Поштаев; 6) Якүб Акбаев; 7) Биахмет Сәрсенов; 8) Ахметжан Козыбағаров.

Торғай облысынан:

1) Ахмет Байтұрсынов; 2) Міржақып Дулатов; 3) Ахмет Бірімжанов; 4) Есенғали Тұрмағамбетов; 5) Әлжан Оразов; 6) Тел Жаманмұрынов; 7) Сейітәзім Кәдірбаев.

Орал облысынан:

1) Халел Досмұхамедов; 2) Жаһанша Досмұхамедов; 3) Нұрғали Бимағамбетов; 4) Сәлімгерей Қаратілеуов; 5) Ғабдолла Әлімбеков; 6) Ғабидолла Бердібаев; 7) Ғүмар Есенғүлов.

Жетісу облысынан:

1) Мұхамеджан Тынышбаев; 2) Ибраһим Жайнақов; 3) Ғабулкәрім Сыдыков; 4) Отыншы Әлжанов; 5) Базарбай Мәметов; 6) Мырзахан Төлебаев; 7) Түбек Есенғұлов; 8) Садык Аманжолов; 9) Дүр Сауранбаев; 10) Сатарқұл Жанқорашев; 11) Сүлеймен Келгенбаев.

Сырдария облысынан:

1) Мұстафа Шоқаев; 2) Санжар Аспандияров; 3) Әзімхан Кенесарин; 4) Садық Өтегенов; 5) Әлмұхамет Көтібаров; 6) Хұсаин Ибраһимов; 7) Дуалқарнин; 8) Сейдалин; 9) Ибраһим Қасымов; 10) Башабек Болатмұқанов; 11) Сегізбай Айзанов; 12) Аямберген Табынбаев; 13) Сұлтанбек Қожанов; 14) Ғабдолла Қожаев; 15) Ғұмар Жанғалинов.

Фергана облысынан:

1) Қыңыркожа Хашеков; 2) Ғабдулрахман Оразаев; 3) Жәмшид Кәрібеков; 4) Ерғұлай Ағабаев; 5) Серікбай Акаев; 6) Вадим Шабкин; 7) Ташболатбек Нарботабеков; 8) Әлімхан Төре; 9) Нәзір Төреқұлов; 10) Шәймерден Қапсаламов; Ц) Заһиралдин Мырзакасымов; 12) Шөкір Дибаев; 13) Оразбай Кішкембаев; 14) Құлнәзір Қалыбаев; 15) Жәнібек Сағымбаев.

Самарқанд облысынан:

1) Алдабек Мангилдин.

Амудария бөлімінен:

1) Мұстафа Шоқаев; 2) Ғабдуләсім Мәмбиев; 3) Ғайсы Қашқымбаев.

Бөкейліктен:

1) Бақыткерей Құлманов; 2) Уәлидхан Танашев; 3) Батырқайыр Ниязов».(70).

Съезде мемлекеттік басқару нысаны (дұрысырақ айтқанда, басқару нысаны) туралы мәселе бірінші етіп койылды. Съезд Ресейде демократиялық федерациялық парламентті республика болуға тиіс деп тапты. Кейіннен, кеңес кезінде Алашорда қайраткерлері 1917 жылғы Ақпан революциясын қазақ халқының асқан зор қуанышпен және үмітпен қарсы алғанын атап көрсетті. Бұл тарихи шындық болатын. Ол А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев және басқалар сиякты қайраткерлер батыл да ашык сынап, сол үшін үнемі қудалауына ұшыраған жиіркенішті патшалық режимді құлатты. Ал олардың идеялары, көзқарастары жекелеген облыстарда шақырылған съездердің құжаттарынан көрініс тапты. Мәселен, Орал облыстық қазақтар съезі (1917 жылғы 19 сәуір) мынадай қарар қабылдады: «Не вдаваясь в подробности уже достаточно освещенных всей демократией недопустимых, а подчас и преступных сторон старого монархического строя с его безответственным правительством, съезд находит, что монархизм - этот символ рабства демократаи, источник натравливания одних народностей на других, - должен исчезнуть навсегда; киргизский народ приветствует идею демократической республики, оставляя пока открытым вопрос о национально –территориальной федерации, об особой федеративно демократической республики с учредительным собранием»(71).

Бір топ қазақ қайраткерлері Акпан революциясынан көп бұрынак насихаттаған автономия туралы саяси-құқылық идея халыкты баурап ала бастады. Ол 1917 жылдың шілдесіндегі Бүкілқазақ съезінің өзінде-ақ неғұрлым айқын ресімделді. Онын қаулысында былай делінген: «2. Об автономии Киробластей: Киргизские области должны получить областную автономию по национальным различиям и бытовым условиям»(72).

Съезде талқыланған екінші бір маңызды мәселе жер мәселесі болды. Біз өз тақырыбымызға қатынасы бар жайларды ғана атап етпекшіміз. Съезд қазақ халқының еркін білдіре отырып, орыстарды олар алып қойған қазақ жерлерінен көшіруге шақырған жоқ, кейін кеңес кезінде алашордашыл қайраткерлерді солай істеді деп айыптауға әрекет жасалды. Мұны жер мәселесі туралы қаулынын мына қағидасы дәлелдейді: «1. До полного переселения киргиз в своих участках, киргизские участки не должны быть населены никем. 2. В виду отсутствия в киргизских степях годных земель, все следующие участки, отобранные у киргиз, должны быть немедленно возвращены последним: участки дворянские, скотоводческие, торгово-промышленные, курортные, монастырские. от пересельчан, отрубы, оброчные статьи, участки, выданные частным лицам, показательные поля, но в действительности отданные гарнизонам и другим, и в настоящее время, в виду ухода или же малочисленности, свободных от их населения. 3. Прекратить запись в свободные участки. 4. Те участки, где есть переселенцы, но свободны от их пользования, должны быть немедленно возвращены киргизам. 5. Зимовки киргиз, если владелец не ушел, то должны быть возвращены, а переселенцам крестьянам дать землю из других участков»(72).

Біз Алашорда қайраткерлерінің Қазан революциясына дейін-ақ әзірлеген жоғарыдағы қағидаларын олардың қазақ халқының еркі мен тілегін білдіргендігін, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталғандығын, саяси жағынан ұстамды, орыс халқымен тату көршілік қатынастар орнатуға бағытталғандығын көрсету үшін келтіріп отырмыз. Олардың прогресшілдігін Кеңес мемлекеті органдарының жер мәселесі бойынша қабылдаған алғашқы құқылык құжаттар дәлелдейді. Мәселен, Қазақстан Кеңестері Құрылтай съезінің 1920 жылғы 10 қазандағы қарарында былай деп жазылған: «... 2. Патша үкіметінің отаршылдық саясатының барлық қалдықтарының түбіріне балта шабу және ол туғызған әділетсіздіктердің бәрін жою, бұрын еңбекші қырғыз халқының пайдалануында болып келіп, иеліктен айырылған жерлерді қайтару және халықтың еңбек негізінде дұрыс жағдайда жүргізу мүмкіндігін жеңілдету үшін бүкіл егінші және малшы халықтың бәрін жерге орналастыру және барлық еңбекші шаруалардың мүдделерін сақтай отырып, қазақ және отырықшы қазақ халқын қайта жайғастыру дереу қолға алынсын.”(73).

Аталған тұрғыдан алғанда Жетісу облыстық ревкомының Түркістан Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы бекіткен Жер-су реформасын жүргізу туралы 1921 жылғы 4 ақпандағы бұйрығы өте қызықты. Бұл бұйрыктың тарихи маңызы зор. Онда былай деп жазылған: «Түркістан Республикасының Кеңестері IX съезінін қаулысын және қырғыз кедейлерінің өлкелік 1-съезінде айқын көрінген қырғыз кедейлерінін еркін негізге ала отырып, облыстық революциялық комитет байырғы жергілікті халықтың кіріптарлық тәуелділігін жою, осы кезге дейін артықшылық беріліп келген орыс халқымен оның жер мен суға құкықтарын тенестіру мақсатында, сондай-ақ жергілікті шаруашылықты нығайту үшін бұйрық етеді: 1. 1916-1921 жылдар кезеңінде өз бетінше де, сол кезде болған үкімет органдарының мандаттары мен бөліп беруі бойынша да еңбекші қырғыз, дүнген, тараншы халқынан тартып алынған және иеліктен айырылған жердің бәрі қайтарылып берілсін. 2. Басып алушылардың бәрі жөнінде оларды өздерінің бастапқы жерлеріне қайтарып қоныстандыруға немесе 1916 жылға дейін құрылған көптен бері тұратын, қазақ және қоныстандырушылық поселкелеріне орналастыруға шаралар колданылсын»(74).

Келтірілген бұйрық жер мәселесін 1917 жылдын шілдесіндегі Бүкілқазақ съезінің шешімдері рухында шешті. Бұл бұйрықтың қазіргі кезеңде де әлеуметтік-саяси маңыздылығы айқын. Қайта жаңғыртылып жаткан Жетісу (және Жетісудың ғана емес) қазақтарының жерге дәмеленуі тарихи жағынан әділетсіз және заңсыз болып табылады. Бұл құкылык құжаттың тағы бір зор мәні мынада: қазақ халқы, оның А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев сиякты қайраткерлері патша өкіметі, уақытша үкімет тұсында да, кеңестік режим тұсында да демократияшыл, әділетті, адамгершіл болды және олар орыс халқының құқықтарына көз алартпай, ұлтаралық қатынастарды шиеленістіруден барынша аулақ болуға тырыса отырып, өздерінің аяққа басылған құқықтарын қалпына келтіргісі келді. Қазақстанда патша өкіметі тұсында болған тәртіптерді қалпына келтіруді және ұлтаралық қатынастарды шиеленістіруді қалайтын қазіргі қазақтардың өкілдерінен олар осы өркениетті сипаттарымен ерекшеленеді. Қауіпті де келешегі жок күшеншектік, тарихты кері бұруға әрекет жасау жақсылыққа жеткізбейтінді.

Алашорданың құкылық идеяларының прогресшіл болғаны соншалык, олар кеңес өкіметінің зандарында іске асырылып қана қойған жок, олар қазіргі уақытта да маңызды болып отыр.

Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі 1920 жылғы 10 қазанда неке және отбасы құқығы саласында мынадай шараларды дереу жүзеге асыруға кірісу қажет деп тапты: 1) қазақ әйелдерін күңдіктен босату және көп әйел алушылыққа қарсы күресу мақсатында некеге тұру кезінде оларға толык еркіндік берілсін, некеге тұру некеге тұрушылардың ешкім қысым жасамай өз еркін білдіруіне, олардың ерікті, екі жақты келісіміне негізделуге тиіс. Неке бөгде адамдардың кандай да болсын қысым жасауынан немесе зорлығынан корғалып, олардың туыстары тарапынан жасалатын материалдық сипаттағы пікірлерден немесе мүдделерденеркін болуға тиіс. 2) Некеге тұру үшін: еркектерге - 18 жасқа, әйелдерге 16 жаска толу қажет... 3) Ерлі-зайыптылардың тірі кезінде неке ерлі-зайыптылардың екі жағының келісімі бойынша да, олардың біреуінің ажырасуға тілек білдіруі бойынша да кез келген уақытта ажырасу аркылы тоқтатылуы мүмкін. 4) Өзінін түрткі болатын мақсаты жөнінен айыптауға тұратын және қалындық ата-анасының баюына әкеп соғатын нәрсе ретінде, көп әйел алушылык факторларының бірі ретінде «қалыңмал» телеу (қалыңдықты сатып алу) сот арқылы қорғау құқығынан айырылады(75). Осы шешім негізінде Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесі 1921 жылғы 17 қаңтарда қазақтардың неке құқығы туралы декрет қабылдады. Декретте көп әйел алушылыққа тыйым салынды. Діни жорамен, бірақ алдын ала ЗАГС-те тіркеліп некеге тұруға рұқсат етілді. Қалындық үшін некеге тұру жасы 16 жас болып белгіленді. Декретте тура байланысы - дәрежесі шектелмей жоғарғы және төменгі бағыты бойынша, ал көлденең бағыты бойынша - еркек және әйел жағын айырмай, төрт ұрпақты коса туыс болып табылатын адамдардың некеге тұруына тыйым салынды. «Жесір» өзі жөнінде өз калауы бойынша билік етуге құқылы. Ол жаңа күйеуі кайтыс болған күйеуінің руынан болмаса да, екінші рет күйеуге тие алады (76).

Осы кезге дейін қазақстандык заң ғылымында Алашорда мен Кеңес өкіметінің құқылық құжаттарын салыстыра зерттеуге назар аударылған емес. Жоғарыда келтірілген материалдар Алашорда көтерген экономикалық, әлеуметтік, құқылық проблемалардың қазақ қоғамы үшін көкейкесті болғаны соншалық, олардың Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары қайтадан алға тартылып, нақ халыктын тілеген күйінде дерлік шешілгенін еш шүбәсіз дәлелдейді. Ол былай тұрсын, кұжаттардың тексінен көрініп отырғанындай, шілде айында өткен Бүкілқазақ съезінің кұжаттары мен Кеңес өкіметінің құқылық кұжаттары тұжырымдалуынан өзі де көп жағынан дәлме-дәл сәйкес келеді. Осының бәрі Кеңес өкіметі қоғамдық қатынастарының аса маңызды салаларындағы шаралары Алашорда қайраткерлерінің революцияға дейінгі кезеңде аса қатаң, заңсыз қудалау жағдайында әзірлеген саяси-құқылық идеялар негізінде жүзеге асырылды деген тұжырым жасауға негіз береді. Алашорда қозғалысының езі кеңестік режимнен жеңіліс тапқанына қарамастан, олардың жанқиярлық еңбегі тамаша еркен жайды. Кеңес өкіметі кешірім жасап, жаңа режимге қызмет еткен аса көрнекті Алашорда қайраткерлерінің жан дүниесін белгілі бір дәрежеде міне осы жағдай анықтап бере алады. Ал кеңестік режимнің Алашорда қайраткерлеріне кешірім жасап, көп кешікпей өзінің заңда баянды етілген уәдесін опасыздыкпен бұзғаны, сайып келгенде олардың бәрін жазалағаны неліктен? Біздің пікірімізше, бұл сұракка жауапты Алашорда мен большевизм идеологияларының айырмашылыктарынан іздестірген жөн. Алашорданың идеологиясы жалпы демократиялық, ізгілікті, либералдық қағидаларға негізделді. Алашорда жалпы қазақ халқын кұлдықтан құтқару үшін, отаршылдық езгіні және оның қатерлі зардаптарын жою үшін, таптарға, әлеуметтік топтарға бөлмей бүкіл халыктың көзін ашу үшін күресті. Тарихтың көрсетіп отырғанындай, Алашорда идеологиясы қазақ қоғамының қоғамдық-тарихи дамуы қағидаларына негізделіп, халыктың бір тобын екіншісіне қарама-қарсы қоюды, тап күресін, бір таптың диктатурасын, тоталитарлық тәртіп орнатуды теріске шығарды. Большевиктік идеология канаушылар мен қаналушылар таптарын тануға, оларды қарама-қарсы қоюға, олардың арасындағы диктатура орнату жолымен басқа тапты жоюға дейін баратын күреске негізделеді. Әрине, мұндай идеология жауыққан идеология болды және демократиялық, либералдық идеология ғана емес, оны таратушылар мен уағыздаушыларға да төзбеді.

Кеңестік режимнін мемлекеттік-құқылық акцияларының бәрі таптық идеологияға негізделді. Сол себепті, тіпті Алашорданың саяси-құқылық қағидаларын, идеяларын дәлме-дәл қабылдай отырып, Кеңес өкіметі оларды пролетарлык тұрғылардан түсіндірді, мұның өзі, сөз жоқ, әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістердің өзін айналдырды. Мысалы, патшалық отаршылдық саясаттан бүкіл қазақ халқы азап шекті. Алайда Кеңес өкіметі мұндай саясаттан тек «еңбекші халық» қана азап көрді деп санады. Қазақ АКСР Кеңестері Құрылтай съезінің жер мәселесі жөніндегі қарарының мына жолдарын окып көрейік: «Патша үкіметінің отаршылдық саясатының барлық қалдыктарын түп-тамырымен құрту және ол туғызған барлық әділетсіздіктерді жою, бұрын кырғыз енбекші халқының пайдалануында болып келіп, иеліктен айырылған жерлерді қайтару үшін... бүкіл егінші және малшы халықты дереу жерге орналастыру қолға алынсын».

Қоғамдық құбылыстардың бәріне таптық сипат беруге тырысып, тұтастай халык тағдырын «шешкен» большевиктер, біріншіден, тарихты бұрмалаған, екіншіден, қазақ халқының бір бөлігіне канаушылар деген айдар тағып, оны көңіл бөлу мен қамкорлык жасау аясынан шығарып тастаған. «Қазақтың еңбекші халқы» және «қазақтың еңбек етпейтін халқы» деген жоқ және болған да емес. Сол себепті революцияға дейін «қазақ еңбекші халқының» жеке жері, аумағы болған жоқ. Мұны беліп көрсетіп, Коммунистік партия, Кеңес мемлекеті «канаушылар» мен «қаналушылар» арасында араздық отын тұтатты, ол бүкіл қазақ халқы үшін аскан зор қасірет болып тынды.

Шілде айындағы Бүкілқазақ съезінің шешімінде барша жұртты жалпыға бірдеу міндетті түрде сауаттандыру қажет екені айтылған. Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясында былай деп жарияланды: «еңбекшілердің шын мәнінде білім алуына жол ашуды камтамасыз ету максатында жұмысшыларға, ең кедей шаруаларға және еңбекші кырғыз халқының бүкіл бұқарасына толық, жан-жақты және тегін білім алу мүмкіндігін беру міндет етіп қойылсын» .

Қазақ автономиясы идеясын да большевиктер ойлап тапқан жок. Біздің бұрын да атап өткеніміздей, ол Қазан революциясынан көп бұрын туған. Бұл проблема салыстыру тұрғысында қаралмағандықтан, оған толық тоқталып етейік. Егер қазақ автономиясы идеясы шілдедегі съезде жалпылама сипатта ұсынылған болса, мұның негізі бар еді. Қазақ халқының автономиясын құру идеясы 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін пайда болып, оны Ж. Ақбаев пен оның серіктері насихаттап келгенімен, ол жан-жақты негізделмеген еді. Патша самодержавиесі отарлық шет аймақтар халықтарын автономияландыру жөніндегі болмашы әрекеттердің өзін тұншыктырып, қабылдамай келді.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін ғана 1917 жылдың маусымында Ресей Кеңестерінің 1-ші съезі Ресей халыктарының өзін-өзі еркін билеу қүқығын жариялады. Бұл орайда Кеңестер съезі әрбір халықты екі бөлікке: езілгендер және езілмегендер деп бөлді. Ол Ресейдің әрбір халқының өзін-өзі билеуге құқығы барын айтты. Бұл съездің шілде айындағы Бүкілқазақ съезіне ықпал еткені күмәнсіз. Автономия туралы мәселеге Алаш партиясы баса назар аударып отырды, мұны 1917 жылғы 5-13 желтоқсандағы жалпықазақ съезінің материалдары дәлелдейді. Бұл съезде автономия туралы мәселе ете мұқият және кызу талқыланды.

Қазақ халқы автономиясы проблемасының өте кызу талқыланып, съезд делегаттарынан осы принципті мәселе бойынша екі топка бөлінгендігі себепті де бұл жөнінде арнайы айтып еткен жен. Делегаттардың бір тобы (Орал, ішінара Сырдария облыстарының және Бөкей Ордасының өкілдері) автономияны дереу жариялау қажет деп дәлелдеді. Ал басқа облыстардың делегаттары автономия жариялауды Түркістан өлкесінің қазақ халқымен және қазақ облыстарында тұратын басқа да ұлыстармен келіссөздср аяқталғаннан кейін Бүкілқазақтық халық кеңесіне беру керек деп санады. Мәселе дербес дауыс беруге қойылды.

Қазақ автономиясын дереу жариялауды жақтап 33 делегат дауыс берді. Дереу жариялауға 42 делегат қарсы дауыс берді. Олардың арасында М. Жұмабаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов болды.

Ұлттық қозғалыстың күйреуіне жол бермеу үшін қарсы жақтар өзара келісімге келді. Барлық қазақтарды біріктіру қажет, ал кейбір қазақ облыстарын бөліп алып, оларды Түркістан автономиясына қосуға болмайды деп тани отырып, Съезд бірауыздан мынадай қарар қабылдады:

I. Алашорданың Жалпықазақтық халық кеңесі өзі құрылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Түркістан өлкесінің барлық қазақтарын Алаш автономиясына қосу мүмкіндігін анықтауға міндеттенеді.

II. Егер Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімде қосылмаса, Алашорданың халық кеңесі қалған қазақ облыстарының бөрі атынан ресми түрде автономия жариялауға міндеттенеді.

  1. Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімінде қосылмай, Алашорда автономия жарияламаған жағдайда әрбір облыстың халқына өз калауы бойынша әрекет етуге рұқсат етіледі.

  2. Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай ішінде қосылған жағдайда Алашорданың халық кеңесіне бірінші мүмкіндік болғанда Алаш автономиясын жариялауға құқық беріледі.

Алаш автономиясы оның тарихи жағынан болашағы болмағандыктан құрылмай қалған жок. Нақ керісінше болды, Алашорданың маңызды бағдарламалық кағидалары, тағдырдын тәлкегімен, Кеңес өкіметі тұсында жүзеге асырылды.

Ол ак гвардиялық үкіметтің таратуы себепті құрылмай қалды. 1918 жылғы 22 казанда (4 карашада) бүкілресейлік уақытша үкімет Алашорда үкіметі жөнінде жарлық қабылдады. Жарлық біртұтас, бөлінбес Ресейді жақтаған үкіметтің шын ниетін жасыратындай етіп жазылған. Қазақ халқын алдау үшін ол қулықпен жасалған еді. Онда былай делінген: «Грамотою от 22 октября (4 ноября) 1918 г. временное всероссийское правительство признало необходимым на ближайший период времени подчинить все государственное управление единому Совету министров.

Упраздняя на сем основании алашское правительство — Алаш-Орду, временное всероссийское правительство вместе с тем считает нужным ввести в организацию управления қазақ-киргизских народностей начала, соответствующие их бытовым и хозяйственным особенностям, и создать в будущем соответсвующий сей цели представительный орган, выдающий культурно-бытовыми и хозяйственно-экономическими делами означенных народностей

...Временное всероссийское правительство постановляет: 1. Правительство Алаша-Алаш-Орду считать прекратившим свое существование»(78).

Әлбетте, осыдан кейін Алашорда қайраткерлері халыктардың өзін-өзі билеу құқығын жариялап қана коймай, сонымен бірге Түркістан автономиялы республикасын күрып, РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімін ашкан Кеңес өкіметі жағына көз тікті. Алашорданың негізін қалаушылардын, бірі А. Байтұрсынов Кеңес өкіметі жағына шығып, Қазақ әскери-революциялык комитеті мүшелерінін бірі болды. Ол Алашорда қайраткерлерін кеңес құрылысына тарту жөнінде белсенді қызмет жүргізді. Алашорда бағдарламасын іске асырудың басқа жолы болмағандықтан, ол оны кеңестік автономия арқылы жүзеге асыруға болады деп санады. Қазақ халқын біріктіру және оны Кеңес әкіметі жағына тарту туралы мәселе Қазақ өлкесі Әскери-революциялык комитетінің 1919 жыліы 27 қазандағы мөжілісінде қаралды. Бұл мәселе бойынша А. Байтұрсыновтың пікірі тыңдалды.

Автономия идеясын бастаушылардың бірі А. Байтұрсынов тек езілгендер үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін саяси ұйымды көздеді. Бұл оның талай рет мәлімдеген саяси көзқарастарының мәні болатын. А. Байтұрсыновтын ұсынысы қолдау тауып, Қазақ әскери-революциялык комитеті мынадай каулы кабылдады: «В целях объединения киргизского народа и обсуждения дел, касающихся его интересов, созвать в г. Актюбинске, не позднее 1 декабря с. г. конференцию из активных работников киргиз советских и несоветских ... и с участием активных работников киргиз Семиреченской и Сыр-Дарьинской областей Туркестанской республики» (79).

Бұл қаулыда барлық қазақтарды біріктіру идеясының, сондай-ақ бұл идеяның тұжырымдалуының А. Байтұрсынов басшыларының бірі болған Бүкілқазақ (1917 жылғы желтоқсан) съезінің шешімдеріне негізделгені, сөз жоқ, айта қаларлықтай.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда Алашорда автономиясы мен кеңестік автономия идеялары түбірінен алшақ болатын. Кеңестік автономияның негізіне таптық кағида алынғандыктан, оның әлеуметтік базасының неғұрлым тар болып кана коймай, сонымен қатар ол еңбекшілердің жауларына қарсы жазалауға бағытталған еді. Ал Алашорда автономиясы таптарға бөлмей, бүкіл халыққа сүйенеді.

Алашорда бағдарламасының өзін-өзі билеу құқығы туралы қағидаларын сынаушылар оны ұнамсыз тұрғыдан көрсету үшін тарихи шындыкты бұрмалаған. Бұл мәселеде Алашорда бағдарламасы кейіннен кеңес мемлекеті мойындаған құжаттарды негізге алған.

Алаштың автономия идеясы тар ұлттық мағынада емес, қайта интернационалдық, жалпы әлеуметтік, демократиялық мағынада болатын. Алаш автономиясын сынаушылар кеңестік кезеңде оған ешбір негізсіз ұлтшылдық айдар тағып, беталды қаралап келді.

Алашорда қайраткерлері революцияға дейін қазақтардың аумақтық мекендеуін зерттеу жөнінде зор жұмыс жүргізді. Мәселе патша самодержавиесінің қазақтар ежелден тұрып келе жатқан аумақты белшектеп, оларды әр турлі әкімшілік-аумақтық бөліністерге - генерал-губернаторлықтарға қосқанында болып отыр. Қазақстанның Солтүстік-шығыс бөлігі - Дала генерал-губернаторлығына, Солтүстік-батыс бөлігі — Орынбор генерал-губернаторлығына, Оңтүстік-батыс бөлігі Түркістан генерал-губернаторлығына қарады. Осындай жағдайда қазақ халқы үшін Қазан революциясынан кеп бұрын кеңбайтак аумақта автономия идеясын ұсыну осы кезге дейін лайықты бағаланбаған батыл ерлік болды.

Алашордашылар ВЦИК қаулысымен Алаш автономиясы таратылғаннан кейін Кеңес мекемелері жүйесі арқылы қазақ жерінің тұтастығын қорғап қалуға ат салысты. Алашорданың белсенді қайраткері Ә. Ермеков 1920 ж. Кирревком (Қазақ өлкесін баскару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет) қатарына өтіп, 1920 ж. 16 мамырда «Қазақ өлкесінің жағдайы және оның шекарасын белгілеу» жөнінде баяндама жасау үшін Москваға женелтіледі. 1920 жылдың 17 тамызында В. И. Ленин төрағалық өткен Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде Қазақ жерінің шекарасын белгілеу жөнінде баяндама жасап, онда қазақтар мен орыс переселендерінің қазақтардан тартып алған жерлерін ежелгі иелеріне қайтаруды көздеген жер реформасын жүргізу және қазақ жерін оның отарлауға дейінгі шекарасы шеңберінде белгілеуді талап етеді. Алашордашылар бұл талабының орындалуын қамтамасыз етіп, тартып алынған қазақ жерінің басым көпшілігі иелеріне қайтарылды.

Алаштың бүкілқазақтық съезі шешімдерінің аумақтық мәселе жөніндегі аталған қағидалары Кеңес өкіметі орнатылғаннан кейін іске асырылды.

Алашорданың көшбасшылары Алаш автономиясының мемлекеттік органдарын құру қағидаларына қатысты тағы бір мәселені көтерді. Бұл - сол үрдіске қазақ емес халықтың қатысуы. Бүкілқазақ съезінің қаулысында Алашорданың Уакытша халыктық кеңесі 25 мүшеден тұрады, онын 10 орны орыстарға және қазақтар арасында тұратын баска халықтарға беріледі деп көрсетілгені. Сөйтіп барлык ұлт адамдарының саяси саладағы тең құқықтығы Алашорда бағдарламасының ажырағысыз белігі болған еді.

Съезде Алашорда үкіметінің құрамы бекітіліп, оған темендегідей қайраткерлер мүшелікке: Бөкей ордасынан -Уәлихан Танашев, Орал облысынан - Халел Досмұхамедов, Ақмола облысынан — Айдархан Тұрлыбаев, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Халел Ғаббасов, Жетісу облысынан - Садық Аманжолов, Сырдария облысынан — Мұстафа Шоқай. Облыстардан тыс: Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мүхамеджан Тынышбаев, Бақыткерей Кұлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мәметов, Отыншы Әлжановтар, ал кандидаттықка: Иса Қашқынбаев, Жүсіпбек Жақыпбаев, Ережеп Итбаев, Сатылған Сабатаев, Есенғали Қасаболатов, Батырқайыр Ниязов, Мұкым Баштаев, Сейілбек Жанайдаров, Сәлімгерей Нұралыханов, Омар Алмасов, Сейдазым Кадырбаев, Аспандияр Кенжин, Молданияз Бекімов, Есен Тұрмұхамедов, Жәнек Солтанаевтар сайланды(80).

Алаш қайраткерлері Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің жұмысына белсене араласты, кейін олардың бірқатары Кеңес мекемелері жүйесінде қызмет атқарып, Алаш армандаған ізгі идеяларды жүзеге асырды.

Кеңес өкіметі де барлық ұлттардың теңдігін жариялады, бірақ ол оның әлеуметтік негізін шектеді. Қанаушыларға жатқызылған, бұрынғы құрылысқа қызмет еткен адамдар, сондай-ақ діни ұйымдардың қайраткерлері барлық құқықтарынан айырылды. Алашорданын бағдарламасы қазақ халқының өмір сүруінің ғасырлар бойы қалыптасқан әдістерін күрт, тез арада қиратпай, экономикалык, әлеуметтік, құқылык өмірдің тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамды демократиялық жолмен кайта құру бағдарламасы ретінде кептеген жылдар бойы іріктеліп, калыптасқан еді. Ұлттык қозғалыс идеологтарының бірі М. Дулатов сонау 1911 жылдың өзінде былай деп жазды: «Бір халықтың тұрмысын түп-тамырынан бұзып өзгертуі (көшпенділіктен отырықшылыққа. отырықшылықтан көшпенділікке шыккан секілді) оңай іс емес. Хауіпті дертке ғалым тәуіп қанша керек болса, бұл мәселенің түйінін шешугеде сонша білім керек. Өлгенді тірілту мүмкін болмаған кесілді, бұл туралы өзгеріс қате пікірмен болса, түзетуге болмайды.» (81).

Ал большевиктік бағдарламада сырттай қарағанда демократиялық нысанда болғанымен, ұсынылып отырған өзгерістердің демократиялық, ізгілікті мәнін жойып қана қойған жоқ, орныққан қоғамдық қатынастарды күрт қиратуға, жаппай жазалау шараларын жүргізуге алдын ала бағдарланған еді. Алашорда қайраткерлері сондықтан да большевизмді қабылдамай, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.

Қазан төнкерісінің сипаты туралы, оның зорлық-зомбылық жасау мәні туралы А. Байтұрсынов айткан пікір оның жалғыз өзінің ғана пікірі болды ма? Әрине, олай емес. Ол кем дегенде Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлерінің пікірін білдірді.

Алаш козғалысының басшылары үшін теориялық пайымдаулардың да, практикалық қызметтің де саяси нәтижесі бірдей болды. Алаш ұлттық қозғалысына қатынасушыларға ресми кешірім жасалғанына және олардың кеңес өкіметіне қызмет етуге көшкеніне қарамастан, Кеңес өкіметі олардың революция кезеңінде қарсы тұрғанын кешірмеді. Бұл тек қана кек алу емес, сонымен катар зорлықты жүзеге асырудың жаңа кезеңіне әзірлік те болатын. Тарихи әдебиеттерде Алаш қозғалысына қатысушыларды ғана қудалау айтылады. Егер Кеңес өкіметінің, Коммунистік партияның оларға қарсы бағытталған шараларын қоғамды «социалистік негіздерде» әлеуметтік-экономикалық жағынан қайта құрудан бөліп алып кқрастыратын болсақ, әрине, бұрынғы контрреволюционерлерге, ұлтшылдарға қарсы күрес жүргізілген деген әсер тууы мүмкін. Коммунистік партия, Кеңес өкіметі қазақ халқынын тарихы мен сол тұстағы өмірін терең білетін, оған ықпал жасауға мүмкіндігі бар алашордашылар социалистік өзгерістерді тек қана күштеу әдістерімен жүзеге асыруға кедергі жасауы мүмкін деп қорықты. Мұның өзі әркашанда тап жаулары бар және оларға қарсы күресу қажет деп санайтын тап күресі теориясының айқын көрінісі болатын. Тіпті нақты жаулар болмаған жағдайдың өзінде де оларды іздеп тауып, қажетті «алдын алу» шараларын қолдану қажет еді. Бұл Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің тын «жаңалығы» болды. Мұндай «жаңалық» әбден кисынды да еді. Коммунистер таптық соғысты қолдан тұтандырды. Осындай жағдайда наразылар қарсылық көрсетеді деп саналды. Коммунистердің ойлауынша, қарсылықтың идеялық дем берушілері ойшылдар, қоғамдық қозғалысқа, қоғамдық-саяси қызметке катысудан тәжірибесі бар адамдар болатын еді. Сондықтан Кеңес өкіметі салтанатты шеру жасап, Қазақстанның бүкіл аумағында орнағаннан кейін де бұрынғы саяси жауларына қарсы күрес барлык, бағытта жалғастырыла берді.

Біріншіден, бұрынғы алашордашыларға қарсы идеологиялық шабуыл мен күрес өрістетілді. Бұл күрес ресми бағыт бойынша да, коммунистік идеологияға адал берілген адамдар бағыты бойынша да өріс алды. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің III Пленумы арнайы Алашорда туралы мәселе қарап, партия ұйымдарын «алашорда идеологиясына, қазақ коммунистері арасындағы оңшыл және солшыл ұлтшылдық уклондарға қарсы идеялык күресті күшейтуге» шақырды (1926 жылғы 25-30 қараша). 1926 жылға дейін Алашордаға карсы идеологиялық шабуыл баспасөз беттерінде қайсыбір дәрежеде қалай болса солай жүргізіліп келді. Кейбір бұрынғы алашордашылар тіпті Алашорда қозғалысын қозғауға батылы барып, оның материалдарын, бағдарламасы мен нақты қызметін терең және жан-жақты зерттей отырып, оған объективті баға беруге шақырды(82). Алайда бұған шақыру «желге ұшқан сез» болып қала берді, керісінше, коммунистік қызбалықты өршіте түсті. Шынына келгенде идеялык қарсылыкқа емес, сол кездің өзінде тарихқа кеткен идеялық-саяси қозғалысқа қарсы идеологиялық шабуыл жасалды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы белсене күрес жүргізіп жаткан ұйымдасқан күштер (кандай да бір партиялар немесе қозғалыстар) де, жекелеген қайраткерлер де жоқ еді. Алашорда қозғалысының бұрынғы басшылары кеңес мемлекетінің уәделеріне сеніп, мемлекеттік органдарында жұмыс істеп, педагогтік, ғылыми жұмыспен айналыса бастағанды. Олар, сірә, бұкараға идеялық тұрғыдан ықпал жасаудың барлық құралдарын қолына алып, өз жұмысыл көпірме сөз, өтірік кағидаларына, адамдардың ең осал сезімдеріне ықпал ете отырып, халықтың бір бөлігін екіншісіне қарсы қоюға негізделіп құрылған Кеңес өкіметі мен коммунистік идеологияға қарсы күрес жүргізудің пайдасыз екенін ұғынса керек. Ол былай тұрсын, жекелеген қайраткерлер Кеңес өкіметінің, оның заңдарының прогресшілдігін таниды, не таныған сынай көрсетті.

Алашордашылар саяси сенімсіз деп жарияланды. Патша самодержавиесінің зандары баянды еткен «саяси сенімсіз» деген сияқты терминді кеңес заңдары кабылдамағанымен, ол оны алғашқы зандарының өзінде-ақ танып, оған таптық мән-мағына берді.





hello_html_m16ab9391.jpg


hello_html_19cd50eb.jpg







hello_html_mc0ae20b.jpghello_html_m35c219e8.jpg

hello_html_30fe590f.jpg



hello_html_3356b8a.jpg



hello_html_387df8b7.jpg






hello_html_60626cc7.jpg




hello_html_70539d2.jpg





































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел История
Подраздел Научные работы
Просмотров20
Номер материала ДБ-379943
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх