Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / "Алғашқы адамдардың өмірі" сабағы

"Алғашқы адамдардың өмірі" сабағы



  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың өмірі Сабақтың мақсаты: Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын, Ұлы мұздықтар, отты пайдалану әдісі туралы айта отырып, белсенді білімді оқушыны тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, карта, парақшалар Сабақтың түрі: аралас Әдіс-тәсілі: ойын, саяхат сабағы 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, саяхат сабағына дайындығын тексеру, топқа бөлу -Сәлеметсіздер ме, жас археологтар тобы? Сіздермен бүгін біз «Алғашқы адамдардың тұрағы» табылған Жамбыл облысы, Арыстанды өзенінің бойына барып саяхат жасаймыз. -Жолға аттанбас бұрын мақсатымыз бен міндеттерімізіді айқындап алайық -Қалай ойлайсыздар біз ол жаққа не үшін барамыз? (оқушылардың жауабы тыңдалады) - Жақсы дұрыс айтасыздар жалпы алғашқы адамдардың өмірі, еңбек құралдарын қалай жасап дамытқан, тас құралдарын өңдеуде қандай әдіс- тәсілдерді пайдаланды, Ұлы мұздықтар, отты қалай пайдаланғанын өтеміз. - Ал, енді біз Қостанай қаласынан Жамбыл облысына аттанамыз, картадан қай жерге баратынымызды көрсетейік. (Қостанай және Жамбыл облысын картадан көрсету) - Осы саяхат барысында алғашқы адамдардың өмірімен танысып барамыз. Мақсатымызды айқындадық, баратын жерімізді көрдік, Енді ол жерге поезбен барамыз. - Мен сіздерге купе, плацкарт, жалпы вагондарға билет сатамын. Купеның билеті қымбат болады , соған орай күрделі сұрақтар, плацкарттың билеті орта деңгейде, ал кім сұрақтарға жауап бермей немесе қате жауап бергендер жалпы вагонмен барады. Жол барысында кедергілер болады, кедергілерден мүдірмей өткендеріңіз вагондарыңызды ауыстырасыздар. - Купеның 6 билеті сатылады. 2. Үй жұмысын сұрау 2.Сұрақтар: 1. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары қалай аталады? (қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы) 2. Бір жағында жүзі бар құралды қалай атайды? (чоппер, чоппинг) 3. Қазақстан жерінен ең көне тас құралдар қай жерден табылды? (Солтүстік, Орталық Қазақстан Қаратау аймағы, Маңғыстау түбегі) 4. Ерте палеолит кезеңдерін ата (олдувэй б.з.б 2,6млн-800 мың жылдар, ашэль б.з.б800-140 мың жылдар, мустье б.з.б 140-40 мың жылдар) 5. Палеолит қай кезеңді қамтиды? ( б.з.б 2,6-12 мың жылдар) 6. Тік жүретін адам қай жерден, нешінші жылы табылған, ғылыми атауы? (Питекантроп, 1891ж, Ява аралы) Плацкарттың 6 сұрағы 1. Қазақстан жерінде тас құралдардың жасалынған мерзімі шамамен нешінші мыңжылдықтар? (800-1401 мыңжылдықтар)2. терімшілік дегеніміз не және онымен кімдер айналысқан? 3. Алғашқы адамдар қандай аңдарды аулады? ( 4. Әлем бойынша ең көне құралдар қай жерден табылды? (Олдувэй шатқалы) 5. Аңшылықпен бірыңғай кімдер айналысты? (еркектер) 6. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар пайда болған уақыт (1млн жыл бұрын) Сұрақтарға жауап бердік, археологтар өз орындарыңа жайғасыңдар. Енді Жамбыл облысына дейін жол ұзақ және кедергілер болады. Бірнеше бекеттерден өтеміз. 1-ші бекет. Термин сөзбен жұмыс. 1-топ «Монофас», «Бифас» сөздерінің анықтамасын жазу; 2-топ «ретушь әдісі» сөздерінің анықтамасын жазу; 3-топ «қол шапқы», «жарғыш» сөздерінің анықтамасын жазу. 2-ші бекет «Сандар сөйлейді» Әр оқушыға кесте тарату 20 см, 1кг 140-132 мың жыл бұрын 100 мың жыл бұрын 13 мың жыл бұрын 3-ші бекет: «Суреттер- сыр шертеді» Әр топ берілген суреттерге қарап әңгіме құрастырады 1-ші топ: «Мұз басу дәуірі» 2-ші топ: Отты пайдалану 3-ші топ: Аңшылық 4-ші бекет. Тест орындау. 1. Ең көне тас құралдар А. Олдувэй шатқалы Ә. Ертіс бойы Б. Германия жері В. Алтай аймағы 2. Алғашқы адамдардың кәсібі А. Балықшылық Ә. Зергерлік Б. Терімшілік В. Металл қорыту 3. Аңшылықпен бірыңғай кімдер айналысқан А. Әйелдер Ә. Балалар Б. АқсақалдарВ. Еркектер 4. Терімшілікпен кімдер шұғылданды? А. Әйелдер Ә. Аталар Б. Еркектер В. Әжелер 5. Қол шапқы мен жарғыш пайда болды: А. Энеолитте Ә. Қола дәуірінде Б. Неолитте В. Ашель заманында 6. Тас құралдарының жүзін өткірлеу әдісі: А. Қашау Ә. Ретушь әдісі Б. Жону В. Кесу 7. Жердің күрт суытқан кезеңі: А. Мұз басу дәуірі Ә. Қатты ыстық клитаттың орнауы Б. Топан су қаптаған кезең В. Қола дәуірі 8. Мұз дәуірі бұдан неше мың жыл бұрын аяқталды? А. 11 мың жыл бұрын Ә. 12 мың жыл бұрын Б. 13 мың жыл бұрын В.14 мың жыл бұрын 9. Жердің көп аймақтарында қалың мұз қашан басты? А. 100 мың жыл бұрын Ә. 90 мың жыл бұрын Б.200 мың жыл бұрын В. 105 мың жыл бұрын 10. Адамдар от жағуды қай кезеңде үйренді? А. Олдувэй Ә. Ашель Б. Мустье В мезолит 3.«Үшіншісі» артық ойыны. 1.палеолит, мезолит, энеолит 2. Питекантроп, хомосапиенс, синантроп. 3. аңшылық, қолөнер, терімшілік 4. тас дәуірі, мұз басу дәуірі, қола дәуірі 5. мустье, ашель, кайназой 6. шырпы жағу, тасты тасқа ұру, найзағайдың түсуі.- Ал енді соңғы бекет Арыстанды өзенінің маңындағы алғашқы адамның тұрағына келдік. - Жас археологтар ендігі кезек сіздерде, алдарыңызда тұрған заттарды зерттеп қандай құрал екенін айтамыз. (қол шапқы, алғашқы адамның баспанасы, аңның терісі, найзаның ұшы, ежелгі оттың орыны) - Сонымен алғашқы адамдардың өміріне қатысты заттарды зерттедік, тұрағын көрдік алдымызға қойған мақсатымызға жеттік деп ойлайсыңдарма? 4.Үйге тапсырма: 4 тақырыпты оқу, алғашқы адамдар өмірі сурет


Автор
Дата добавления 19.09.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров99
Номер материала ДБ-201514
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх