«Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!»
«Алғашқы
қоңырау» мерекесі / 2014-2015 оқу жылы
1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,
оқушылар.
Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді
өткізіп,
сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған
оқушыларды
құттықтаймыз.
2-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді
жыр етем,
Бір өзіңде
бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің
өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын
«Білім күнің »- мерекең!
1-жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық
арайын,
Болсын солай
әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз
құтты болсын ата-ана,
Мерекеңіз
құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп
табалдырығын
аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне арналады.
2-жүргізуші: Біраз жылын осында
өткізген,
Ұстаздар
– ізгі пәк жандар.
Қуана
шәкірт қабылдап,
Білімнің
көшін жалғаңдар.
Алғашқы
әріп үйретер,
Ботағоз Хамидоллақызын шәкірттерімен
қарсы алыңдар!
(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын
жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп,
арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)
1- сынып оқушылары:
1-Жүргізуші:
2014/2015 оқу жылының «Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!» мерекесіне арналған
салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Мазмұнына
өрнегі жарасқан,Тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін дей отырып,
салтанатты жиынымызға ҚР Мемлекеттік Туы көтерілсін. Туды көтеру рәсімі Озерный
орта мектебінің оқу озаттары 7-сынып оқушысы Қурманбаев Айтжан мен 5-сынып
оқушысы Сарманова Сабинаға беріледі.
Әскери жетекшісі: Мектеп! Сап
түзе! Тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан туына қарап сап түзеңдер! Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік туы көтерілсін!
(Әнұран орындалады)
1.Бүгінгі
біздің мерекелік жиынымызға тілектестік ниетін білдіруге келген қонақтарымызды
таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Салық басқармасы басшысының
орынбасары Рамазанов Арман Маратұлы
2. Амангелді округінің әкімі
Сакуов Нуртаза Сакуович.
3 «Босағаш» шекарасының басшысы
Сәлемкерей Қазбек Болатбекович
1-жүргізуші: Мерекені ашу және
құттықтау сөз мектеп директорының м.а.
Омарова Ғалия Қарақұлқызына беріледі.
2- жүргізуші: Мектеп бойынша бұйрықпен
таныстыру үшін оқу ісінің меңгерушісі Куандыкова Шолпан Рамазанқызына беріледі.
(Оқушыларды марапаттау еңбек практикасы)
АББ грамотасы Куандыкова Ш.Р.
2-жүргізуші: Тек жүректен арналар
сөзіміз де,
Жақсылықтан
жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік
құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге
арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі Салық басқармасы
басшысының орынбасары Рамазанов Арман Маратұлына. беріледі.
1-жүргізуші: «Ауылына қарап азаматын
таны», демекші, ендігі сөз кезегін Амангелді
округінің әкімі Сакуов Нуртаза Сакуовичке береміз. (Әкімнің
құттықтау сөзі)
Келесі сөз кезегі «Босағаш»
шекарасының басшысы Сәлемкерей Қазбек Болатбековичке беріледі.
2-жүргізуші: Бүгін қандай
шаттық тола күн еді,
Бүкіл
әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата-ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
Білім
көзін ашатынын біледі, - деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған
ата-аналарға армандарыңызға нұр бітсін демекпіз.
1-жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін
деп ал халқым,
Қол соғып
бір қошеметтеп тұр жалпың.
Ортаға
1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек
жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
(1-сынып оқушылары сөз сөйлейді)
2-жүргізуші: Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің.
11-сынып оқушыларының атынан құттықтау сөз
Хамидоллова Сабинаға сөз беріледі.
(Музыка әуенімен 11-сынып оқушылары
«Әліппе» оқулығын 1-сыныптарға сыйлайды)
1-жүргізуші: Жүрегі нұр, өмірі гүл
ұстаздың,
Сондықтан да
ұстазыңа ұқсағың.
Адам жанын
тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой
әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1-сыныпқа
шәкірттерін
қабылдап отырған ұстазға береміз.
(1-сынып
мұғалімнің құттықтау сөзі)
----------------------------------------------------------------
2-жүргізуші: Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол
созатын.
Оқушы
болдың, қарағым,
Білімнің
кілтін ашатын, - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті
ата-аналарымызға береміз.
------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Қағылмақ , міне, әуенге
бөлеп,
Қағылмақ
алғаш қоңырау,
Нұр толқып
жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа
толсын омырау.
2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу
рәсімі 1-сынып оқушысы Айтмукушев Расул мен 11-сынып оқушысы Билялов Айбекке беріледі.
Алғашқы
қоңырау соғылады
Әскери
жетекші: Мектеп! Сап түзе! Тік тұрыңдар!
Егеменді Қазақстан туына қарап сап түзеңдер! Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік туы түсірілсін!
1-жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге
артар міндет көп,
Білімнің көзін
аша білсең тереңнен,
Жетелейді
армандарға бұл мектеп, - деп бүгінгі «Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!» арналған
мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Білім күні құтты болсын.
Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ
болсын!
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
«Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!»
мерекесі 2014-2015 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.
Ақ жол сіздерге, мектеп
оқушылары!
Солтүстік
Қазақстан облысы
Уәлиханов
ауданы
Озерный
орта мектебі
Каримова Орунтай Хабибулиновна
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.