Инфоурок Другое Другие методич. материалыАлғашқы әскери даярлық сабағында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызы

Алғашқы әскери даярлық сабағында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызы

Скачать материал

25 мектеп








Алғашқы әскери даярлық сабағында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызы






АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Ж. Асаубаев








2015-2016 оқу жылы



Алғашқы әскери даярлық сабағында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызы

Ұлт тарихында ел азаттығы мен тыныштығы үшін қаруы мен қаламын қатар ұстаған жауынгерлердің бірі- өзіндік бітім болмысымен ерекшеленіп тұратын, рух пен намыс төресі, Халық ҚаҺарманы Бауыржан Момышұлы.

Бауыржан Момышұлы патриоттық тәрбиенің қажымас жаршысы, аға буынның, Отан соғысы ерлерінің қаҺармандық істерін жан-жақты насихаттаушылардың алғашқы сапында болған, ол отаншылдық дәстүрдің мүмкіндігімен қажеттігін баса айтатын ірі тұлға. Әскери педагогикалық және патриотизмнің артықшылығын жете білген ардагер жас ұрпақты жауынгерлік рухтатәрбиелеудің негізі – әскери қызмет атқару екенін баса көрсетеді. «Әскери қызмет дегеніміз-елдің әрбір дені сау азаматы үшін қасиетті әрі құрметті борыш. Егер біреу-міреу әскери қызметтен жалтарады екен, ол, демек жалған патриот, ол намысшыл адам емес. Жас азаматқа әскерде қызмет істеу- тұтас бір мектеп. Армия- ойды да, денені де шынықтыратын мектеп. Армия –өз құрбысының қалың қауымымен байланысу деген сөз», - деп түйіндейді. Дәл қазіргі қоғамда әлпештеумен өскен ақсаусақ жастарымызды әскери мектеп – ой санасын да, денесінде шынықтыратын , өз басына, өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарайтын нағыз ер азамат етіп шыңдайтынын көрсетіп отыр.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Өткенімізді қадірлемей, ғасыр қойнауындағы жәдігерлерімізді аршып алмай, тарихи тұлғаларымызды құрметтемей алға жылжуымыз қиын болады», - деп көрсеткендей, елімізді еңселетіп, көк байрағымызды желбіретіп, тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, болашаққа сеніммен, нық қадаммен басу үшін келешегімізді білу, өткен тарихымызды саралау, ғұлама ғалымдарымызды тани білу қазыргі ұрпақтың парызы. ХХ ғасыр алыптарының соңғы тұяғы – Б. Момышұлының біз білмейтін, әрі тасқа басылмаған деректері көп-ақ.

Психология ғылымының шет елдерде кең өріс алған салаларының бірі – әскери психология. Қазақстанда осы саланың іргесін қалаушы Бауыржан Момышұлы болды. Өкінішке орай , осы кезге дейін қазақ психолог ғалымдары өресі биік қолбасшының бай ғылыми мұрасына жөнді көңіл бөлмей келеді.

Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы» шығармасында жастарды патриоттық сезімге тәрбиелейтин негізгі қасиеттерді жіктеп көрсетеді. «Ұрыста – соғыста – адамға тән барлық : жоғары және төменгі қасиеттер өзі барынша ашылып көрінеді.

Адамның моральдық адамгершілік қасиеті рухани күш деген сөзбенен анықталады. Рухани күштің негізгі қайнарымен қозғаушысы : ақыл, сезім, ерік-жігер.

Ерлік дегеніміз не? Бұл адамға туа біткен қасиет емес, дұрыс жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі. Ержүректілік пен батырлықты найзаласқан қолма – қол ұрыстан келетін адам қателеседі. Ерлік табиғат сыйы емес, ең алдымен өзінің ар- намысын және азаматтық қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздықпен масқара болу сезімінен қорғай отырып , адамның ең сезімін- азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік, теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас коллектив өмірінің игілігін ғана емес, сонымен қатар қауіп – қатерін де бөлісіп, жауды аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп – қатерге бас тігуге мәжбүр ету.

Ерліктің анасы – мақтаныш. Тазалық, ұқыптылық, тән мен жан жүйесінің кіршіксіздігі жеке мақтаныш сезімін тудырады, өзін-өзі ұстай білушілікке үйретеді, өзі мен айналасындағыларға талап қоя білушілікке дағдыландырады. Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемістігінің белгісі.

Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз не? Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз белгілі бір ұлт адамының жеке мақтаныш сезімі, белгілі бір немесе басқа ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады, ұлттық мақтаныш сезімі әрбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң. Кімде-кім өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса , ол сөзсіз барып тұрған арамза, отансыз қаңғыбас. Өзін сыйлай алған адам өзгені де сыйлай алады, белгілі бір ұлттың болып әрі өз ұлтыңды мақтан ете отырып, сен басқа халыққа да лайықты қарайсың.

Ал парыз дегеніміз не? Бұл адамгершілік сезімі, намыс, ар-ұят-бұл адам өзін кез келген опасыздықтан сақтайды, қорғайды, яғни масқара болып жүргеннен абыроймен өлген артық деген сөз. Өлімнен ұят күшті» -деп түйіндейді.

Бауыржан Момышұлы – әскери педагогикамен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Б. Момышұлы бірнеше жылғы әскери өмірінде өзге ұлт өкілдерімен істес болып, олармен бірге қанды жорықтар мен сұрапыл шайқастарды өткізіп өмір мектебінен көп нәрсені үйренді. Осы үйренген нәрселерін ойда қорытып, қолында бар материалды пайдалана отырып, жасөспірім ұрпаққа ерлік істер жайында шындықты жеткізуді, айтуды мақсат ете отырып, «Офицер күнделігі»(1952), «Бір түннің тарихы»(1954), «Мәскеу үшін шайқас»(1952), «Жауынгердің тұлғасы» (1959), «Майдандағы кездесулер» (1962), «Генерал Панфилов» (1963), «Соғыс психологиясы»(1990-92), «Адам қайраты»(1981), «Ел басына күн туса»(1970), «Куба әскерлері»(1965), «Қанмен жазылған кітап»(1991) т.б шығармаларын жарыққа шығарды. Бұл шығармалары қазақ әдебиеті тарихында нағыз әскери әдебиеттің, қазақ психологиясы тарихында нағыз әскери психологияның негізін қалайтын шығармалар болды. Онда соғыстың түрлі әдіс-тәсілдері, ондағы жауынгер психологиясы, оның әскери мінез-құлқының қалыптасуы, әскери өмірге бейімделуі, әскери тәртіпті тәрбиелеу, солдат тағдыры жайында баяндалды.

Момышұлы өзінің еңбектерінде, ең алдымен, ұрыс кезіндегі солдат психологиясына жан-жақты талдау жасай келіп, «ұрыс дегеніміз – дұшпанға ұйымдасқан түрде техникамен, қару-жарақ күшімен , психикамен, ақылмен әсер ету», -деп түйді. Ол солдатқа ықпал ету құралдары түрлерінің ішінен ақыл –айламен әсер етуге ерекше мән берді. Оның пікірінше , ұрыс тек соғыс құралдарының шайқасы емес, ол сондай-ақ бір-бірімен жауласқан екі жақтың ақыл-парасатының, жауынгер рухының, оның ерік-жігер, қажыр-қайрат, сезім дүниесінің де шайқасы.

Жаяу әскердің бет-бейнесі мен рухы қандай болу керек? Дейтін сауалға ол былай жауап берді: солдаттың жаны нәзік, рухы граниттей берікте мығым болуы керек. Дұшпанға ең қауіпті қару бұл—солдаттың рухы. Соғыс тәжірибесі жеңіске рухтың күштілігімен жетуге болатындығын, табыс әскерлердің моральды- адамгершілік күшіне тәуелді екендігін көрсетті. Материалдық құрал- жабдықтар мен қазіргі заманғы әскеритехника күрестің материалдық базасымен қару болып табылады. Бәрінің де негізі- жанды саналы адам етіп көрсетті.

«Тек ұрыста ғана,- деп жазды ол, - адамның барлық қасиеті сынға түседі... ұрыс психологиясы сан қырлы...». Қазақ жауынгерінің бойында кездесетін психологиялық ерекшеліктерін зерттей келе, Б. Момышұлының жаяу әскер жауынгерлерінің психологиялық ерекшеліктерін ұлттық мінез- құлықпен, әдет- ғұрып, салт –сана, дәстүрлерімен ұштастыра талдап ашуының танымдық мәні терең, Һәм өміршең.

Сонымен қатар, Б. Момышұлы өз еңбектерінде қатардағы жауынгер мен оның ұстазы болып есептелетін командирдің өзара қарым- қатынасына ерекше назар аударып, психологиялық бейнелерін шыншылдықпен сомдап көрсетіп берді. Өйткені, әскер өмірінде осы екі тұлғаның бір- бірімен қарым – қатынасының ішкі мәнінде өте нәзік психологиялық астар жатқаны белгілі. Ол өзінің жазбаларының бірінде: «Командир бұйрығы мен шешімінің жауынгерлерге әсер ететін психологиялықықпалы да зор. Солдат жанында командир тұрғанын сезсе -, көрсе батылда сенімді әрекет етеді», - деп көрсетсе, М.Х. Дулати: «Егер ел билеушісіз қалса бақытсыздыққа ұшырайды, ал халқы жау опасыздығынан күйреп жойылады» деп командирдің әскериқызметшілердің өмірінде алатын орнының ерекше екендігін нақты көрсетіп береді. Бұл командирдің қатардағы жауынгердің тұлғалық қалыптасуында, ұрыстағы әрекеттерінде маңызды орын алатындығының белгісі.Б. Момышұлы командирдің міндеті – әскерге шақырылған азаматтарға әскери өнерді, техниканы, ұрыс жүргізу айла тәсілдерін, солдат кәсібін үйрету, сонымен қатар жалпы тәрбие беру жұмысын жүргізу деп көрсетеді. Командир ретінде ол: «жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың. Өмір сүруге деген тілек өзін – өзі сақтау инстинкті қалыптастырады, солдат қорғанады және шабуылға шығады. Бұл өзін- өзі сақтау инстинктісінің екі жағы бар: біріншісі – адам өзін- өзі сақтауүшін қашады, екіншісі – осындай мақсатпеншабуыл жасап, шабуыл жасауға иитермелейді», - дейді.

Б. Момышұлының : «Жауынгерлік тәрбие туралы» жазбаларында ол ерлік, ұят, масқара болушылық сияқты жауынгер бойындағы сезімдерге, батылдық, айлакерлік, ептілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге айрықша назар аударады. Ол жауынгер тәрбиесінде ұлттық салт – сана , әдет –ғұрып, дәстүрлердің, яғни этнопсихологиялық ерекшеліктердің маңызын соғыс тәжірибелері арқылы айқын көрсетіп берді. Ол оны терең ұғынып, ерекше маңыздылығын түсіне білді. Ол өзін тек білікті қолбасшы, психолог ғана емес педагог ретінде де көрсете білді.

Б. Момышұлы жалпы шығыс халықтарына ежелден тән намысқойлық, үлкенді сыйлау, ар-ұят, парыз, имандылық. Отанға , атамекенге деген сүйіспеншілік, үлгі- өнегеге мойын ұсынушылық сияқты ана сүтімен қанға сіңіп дағдыға айналатын жауынгерлік қасиеттердің психологиялық астарларына тоқталады және толықтырады.

Қазақ қолбасшысының соғыс тәсілдеріне, соғыс психологиясына жасаған пайымдауларына ерекше зер салып, Куба Әскери академиясында оқытылуы,т іпті Фидель Кастроның бұған айрықша мән беріп, оқып – зерттеуі көп нәрсені аңғыртса керек.

Бауыржан Момышұлының психологиялық пікірлерінің кесектігі мен ірілігі, терең талдаулары мен тұжырымдары – оның қолбасшылық қасиетінің даралығы мен жан дүниесінің кеңдігін, асқан жаңашылдығын байқатады. Осынау психологиялық ой- пікірлер мен толғаныс-тұжырымдар тек жауынгерлерді тәрбиелеуде ғана емес, қазіргі әскери психология ғылымы үшін де мәні зор. Мұны біз әлі де Қарулы Күштерімізде жүйелі түрде пайдалана алмай келеміз.

Б. Момышұлы тек батыр, жазушы, Отанының патриоты ғана емес, ол білікті қолбасшы, әскери педагог және соғыс психологиясының қыры мен сырының мәнін ашып көрсетуші психолог.





Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Б.Момышұлы: «Қанмен жазылған кітап».-А. 1991, 400 бет

  2. М.Қалдыбаев «Алғашқы адым». Жұлдыз 2004 №4

  3. Қ. Жарықбаев: «Қазақ психологиясының тарихы».-А. 1996

  4. М.Х. Дулати «Тарих-и Рашиди». А. 2003

  5. Психология: адамзат ақыл – ойының қазынасы. –А . 2006

  6. М. Мырзахметұлы «Айналған аты аңызға Момышұлы». –Т.,2000ж


















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алғашқы әскери даярлық сабағында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 292 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2016 1082
    • DOCX 47 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асаубай Жанибек Болатулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асаубай Жанибек Болатулы
    Асаубай Жанибек Болатулы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14278
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе