Инфоурок Всеобщая история Научные работыАлаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов

Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов

Скачать материал

Алаштың арысы,қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов.

№16 жалпы орта

 білім беретін мектебі

11«Ә» сынып оқушысы

Карбоз Баянсұлу.

ХХ ғасырдың бас кезінде ортағасырлық ұйқыда жатқан алаш қауымы арасынан ат төбеліндей азаматтар суырылып шығып,болашағы бұлдыр көшпелі қазаққа бағдаршам болды.Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды.Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан   Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді.Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келген.Қазіргі әкімшілік-аймақтық бөлініс бойынша бұл елдімекен Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы,Қаратал совхозына қарайды.Әлиханның үлкен атасы-Бөкей,атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы.[Аңыз адам №20,5 бет]

Әлиханның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан мол аманат-мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып жатты.Көрнекті қоғам қайраткері-Ресейдегі жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты,Ресейдің І мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думасының мұсылман фракциясының Бюро мүшесі,Санкт-Петербор масоны,қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партисының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы: ғұлама ғалым-ормантанушы,экономист,тарихшы,этнограф,әдебиеттанушы,аудармашы әрі дарынды публицист-міне,ардақты азаматымыздың халқы үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен сан-қилы  қызметінің бұл болар болмас көрінісі ғана.

Отаршылықты құруды көксеген, ұлт мерейін көтеруге асығып,арпалысқан «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан еді.Алаш қозғалысы саяси ұйым ретінде 1917 жылғы шілдеде өткен І жалпықазақ съезінде құрылған «Алаш» партиясы болды.Осы жалпыұлттық,саяси ұйымды құру үшін ХХ ғасыр басындағы ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшелерінің бірі Әлихан Бөкейханов.Партияның бағдарламалық мақсат-міндеттеріне сай 1917 жылғы желтоқсанда өткен ІІ жалпықазақ съезі Алаш автономиясының немесе қазақ мемлекеттігінің құрылғандығын жариялап, оның өкіметі-Алашорданы сайлап, жаңадан құрылған мемлекеттіктің қарулы күштерінің негізі болуға тиісті халық милициясын жасақтау туралы шешім қабылдады.Бұл қозғалыстың Әлихан Бөкейханов төңірегіне топтасқан жетекшілері «Алаш» партиясын құрып,Алашорда өкіметін сайлағанда, тіпті өздері саяси күрес сахнасына шыққан кезден бастап аса маңызды үш ұлттық мақсат-мүддені атап айтқанда, отарлық кезеңде жойылып кеткен ұлттық мемлекетті ХХ ғасыр басындағы геосаяси жағдайда қалпына келтіруді, оның шаңырағының астына халқымыздың атақонысын, яғни этникалық территориясын біріктіруде осылардың негізінде халқымызды отарлық езгіден құтқаруды және реформа жолымен қазақ қауымын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өздеріне басты міндет деп белгіледі. [Аңыз адам №20,14бет]

«Алаш» қозғалысының күшті, осал жерлері болды.Ұлттық бағдарлама жасау, отаршылыққа қарсы күрес, қоғамды демократиялау, оны өркениетті жолға салу, ұлттың санасын көтеруді күн тәртібіне қойды, жалпыхалықтық бірлікті талап етті. Жалпыхалықтық әлеуметтік негізі бар қозғалыстың болашағы мол еді.Алайда көпғасырлық шапқыншылық пен күрес, ұлт-азаттық қозғалысы халықтың генофондысын,бодандық психология оның рухын әлсіретті,ұлттық қарекетін, болмысын төмендетті. Жауға ғасырлар бойы жалаң қылыш, найзамен күресіп әдеттенген ол жаңа техникалы заманда еуропалық күрес әдісіне немқұрайды қарады, оның сырын түсінбеді.«Алаш» қозғалысы халықтың қалың тобынан озық туған қозғалыс еді.Ол халықтың қаймағы боларлық ат төбеліндей зиялыларды қамтыды. «Алаш» қозғалысының трагедиясы осында еді.

1917 жылы «Алаш» партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік идеяның негізін қалаған біртұтас алаш идеясы.Онда алаш қайраткерлерінің барлығының демі мен аңсары бар, ал ол идеяның ұйтқысы, тарихшы Мәмбет Койгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят Сені мен Махатма Гандиі-Әлихан Бөкейханов болатын. «Қазақ үшін Алаш идеясынан, оның бес ұлы нысанынан артық мүдде болуы тиісті емес.Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын жойған жоқ.Қайта тәуелсіздіктің тамыры тереңге кеткен сайын, алдымызға сұрақ болып шығып отыр»,- дейді белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай.Ол идеялар мыналар:

Бірінші ұстаным:жер, жер және жер.Жерсіз Отан жоқ.Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше,жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».

Яғни бұл ұстаным: Жер-Отан, ал Отанды сатуға да,жекеменшікке айналдыруға да болмайды.Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген деген тұжырымға саяды.

Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек.Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалуы керек» болатын.

Яғни бұл-өз жерінің игілігін-әуелі өз елі игілігіне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат деген емеурінді танытады.

Данышпан Абайдың: «Өздерінді түзелер дей алмаймын.Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың»,- дегеніндегі «ырық»-осы ырық.

Жердің астына, үстіне, аспанына иелік ете алмасаң-ырықтың кеткені сол емес пе?!

Үшінші ұстаным:Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек», яғни толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.

Тағы да сол Абай:

«Бірлік-ақылға бірлік, малға бірлік емес.Малыңды беріп отырсаң: атасы басқа,діні басқа,күні басқалар да жалданып тірлік қылады.Бірлік сатылса,антұрғандықтың басы-осы.Ағайын алмай бірлік қылса керек»,-дегендегі бірлік-осы экономикалық бірлік.

Ал біздегі сатылмайтын құндылық-тек «жалданып тірлік құру» ғана болып қалды.

Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл,дін,діл үстемдігі болуы керек,яғни Х.Досмұхамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы»тиіс болатын. «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім»,-деп Сара ақынның Біржан салға қарата айтқанындай, бұл үш мәселеге келгенде, біздің де үніміз шықпайды.

Егер қоғамның дамуы осы бетімен кете берсе, күні ертең біз Құранды да орыс тілінде оқитын боламыз.

Бесінші,түпкі мақсат: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.Яғни тағы да сол Халел Досмұхамедовтің пайымдауына жүгінсек: «Тәуелсіз сот құрылымы болады, тең және туыстық қарым-қатынастарды қамтамасыз ететін одақтық қағидаттар (заң) жасалады».[Аңыз адам №20,26бет]

Алаш идеясы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың ұлттың толықтай бостандығы жолында ұстаған ұстанымының бір тарамы осындай.Менің ойымша, бұл идея мәңгілік және қазақ ұлты өмір сүріп тұрған жағдайда күн тәртібінен түспейді.

Лайым, басқа қандай қиыншылық түссе де, Алаш идеясы баянды болсын, адал жаралған халқымыздың көсегесі көгерсін!Өмір күрес болса, ұлттық мұрат, мүддесі зор, рухы аспандай биік азаматтар қазақтар арылмасын!

Әлихан бастаған Алаш зиялыларының іс-әрекетінен бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге бола алатыны, тіпті болуға тиісі-ең алдымен, Алаш зиялыларының туған халқына, еліне кіршіксіз адал әрі жан-тәнімен қызмет етуі, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүріне, кең сахара жеріне деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілік.

Әлихан болса өзінің бүкіл ғұмырымен, сан қырлы қызметімен, бірбеткей тік мінезімен, оның ішінде әсіресе қоғам әрі мемлекет қайраткері ретінде бүгінгі атқамінерлерге, саясаткерсымақтарға, мансапқорларға, елбасыларына бірден-бір үлгі болары хақ.

Әлиханнан өзінің ұлтын сүюді,ол бір кезде аңсаған жұртының бостандығын,елінің тәуелсіздігін бүгінгі тәуелсіздік тұсындағы ұрпақ бағлй білуі керек.Әлихан халқы үшін қызмет етудің нағыз көшбасшы көсемі.Әлихан Бөкейханов халқына адал қызмет еткен,оның өркениетті ел қатарына қосылуына,тәуелсіз ел болуына айрықша еңбек сіңірген ұлы тұлға.Оның бойында адамдық пен азаматтық бір бүтін бітімге айналған. Сондықтан да бүгінгі қаламгерге Әлихан сияқты ой айтуда батыл, ел сөзін жеткізуде шебер, ел игілігі үшін еңбекте ерінбес болуға тиіс.

Әлиханның ұлтқа деген өлшеусіз махаббаты,өзінің төңірегіне топтастыра білген зиялы қауымның жанқиярлық күресі қазақтың ұлттық мемлекеттілігін қайта түлетті.Оның саяси ұстанымы,реформатор ретіндегі бағыты,өз ұлтына деген адал қызметі,ұрпаққа мәңгілік үлгі болатын әрекет.Сондықтан, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханов мұраларын зерделеу болашақ ұрпақтың әрдайым назарында болуы керек деген ойдамын.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 760 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2016 1217
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турганбаева Жазира Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30502
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 324 человека

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе