Инфоурок Другое Другие методич. материалыАлаштың Әлиханы (Ә.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл)

Алаштың Әлиханы (Ә.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл)

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: Алаштың Әлиханы(Ә.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл)

Мақсаты: студенттерге Ә.Бөкейхановтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметі жөнінде  білімдерін кеңейту, студенттерді ұлтжандылық, отаншылдық рухта тәрбиелеуге ықпал жасай  отырып, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге үйрету.

Тәрбие сағатының түрі: танымдық-ізденушілік             

Әдіс-тәсілдері: баяндау, әңгімелеу, зерттеу, әдеби-монтаж, видеомонтаж.

Көрнекілігі: Әлиханның өшпес ғұмырын, өнегелі өмірін сипаттайтын бейне жазба, слайд, кітап көрмесі, баннер.

Техникалық құралдар: флеш-карта, бейнебаян

Шақырылатын қонақ:

«Тарихи-өлкетану» мұражайының қызметкері Сексенбаева Шынар Ғабдікарімқызы

ЖОСПАР:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе сөз

(тәрбие сағатының мақсат, міндеттерімен таныстыру)

ІІ. Негізгі бөлім

1-бөлім: «Алаш туы астында»

Көрініс

(Алаш орда мүшелерінің және қайраткерлерінің Әлиханға арнау өлеңдері)

2-бөлім:«Ұлт мүддесі жолында»

3-бөлім: «Әлихан және Семей»

«Тарихи-өлкетану», «Алаш арыстары» мұражайы қызметкерлерімен жұмысты видеодан көрсету, жылжымалы көрмемен таныстыру)

ІІІ. Қорытынды

4-бөлім: «Қазақтың Алиханы»

Ән: Алаш ұраны

ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Топ жетекшісінің кіріспе сөзі, тәрбие сағатының мақсат, міндеттерімен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім

1-бөлім: « Алаш туы астында»

Қаһарлы музыка әуені.

Сахна сыртынан: ХХ ғасыр басы – қазақ елінің «Қызыл қырғын» қатпалына ұшыраған заман еді. Ұлттық құндылықтар мен ұлттық сана уланып, қазақи таным мен діл аяққа басылып кетіп бара жатты. «Елім» деген рухты ел азаматтары , халықтың бір туар арыстары Әлихан Бөкейханов бастаған Міржақып Дулатов,Ахмет Байтұрсынов, Ғабит Мүсіреповтар қостаған «Алаш» жұртын ел тәуелсіздігін алуға бастап, Алаш туы астында ұрандап шақырған еді.

(Ортаға қызыл киінген 4 қыз шығады, қолдарында қызыл жалаушамен билейді.)

Би біткен соң Ә.Бөкейханов образындағы студент шығып, «Алаш ұраны» өлеңін оқиды.

Асылан: Алаш туы астында

Біз-Алаштың баласы.

Қүніміз туып көгерді

Сарыарқаның даласы.

Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған,

Қанымызға тоймаған,

Қолымызды байлаған,

Ерімізді айдаған,

Елімізді лайлаған,

Өшті залым қарасы.

Жасасын, Алаш, жасасын!

Жасасын, Алаш, жасасын!

Хормен: Жасасын, Алаш, жасасын!

 

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты

Қорлығына бармейміз.

Адамдықтың жолына

Бастаған ерлер соңында

Басқаға көңіл бөлмейміз

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Жасайды Алаш, өлмейміз.

Жасасын,Алаш, жасасын!

Хормен: Жасасын, Алаш, жасасын!

 

                                                                  С.Торайғыров, ақын

Сахна сыртынан: Ел бостандығын аңсаған алаш арыстары Әлихан Бөкейханов басшылығымен «Алаш» партиясы программасының жобасын жазады.

1-  студент: Бағдарламаның "Мемлекет қалпы" атты бірінші тарауы
Мемлекет қалпы – демократияға негізделсін! Президент сайлансын!

2- студент: Бағдарламаның екінші тарауы «Жергілікті бостандық»
Қазақ Автономиясы құрылсын!
3-студент: Бағдарламаның үшінші тарауы «Азаматтың негізгі құқықтары»
Дініне қарамастан және жынысына қарамастан, барлық халықтар өз құқықтары теңестірілсің.

4- студент: Бағдарламаның төртінші тарауында «Дін  ісі туралы мәселе»

Дін мемлекет ісінен бөлек болсын,дінге  бостандық берілсін!Неке, жаназа,балаға ат қою дінде, жесір дауы сотта қаралсын. 
5- студент: Бағдарламаның бесінші тарауы «Билік һәм сот»
Онда: Заң алдында барлық азаматтар тең және заңның қорғауын бірдей пайдалансың!

6- студент: Бағдарламаның алтыншы тарауы «Елін қорғау».
Әскери өнерді үйрету жергілікті жерлерде жүргізілсің!

7- стдуент: Бағдарламаның жетінші тарауы «Салық мәселесі»

 Салық мал – ауқат, табысқа қарай, байға – байша, кедейге – кедейше ғаділ жолмен таратылысын!
8- студент: Бағдарламаның сегізінші тарауы «Жұмысшы мәселесі».
Жұмысшылар заң панасында болсын!
9- студент: Бағдарламаның тоғызыншы тарауы «Ғылым-білім үйрету».
Ана тілінде жаппай, тегін оқытылсын!Қазақ тілінде мектеп,университеттер ашылсын,ел ішінде кітапхана ашылсын!
10- студент: Бағдарламаның оныншы тарауы «Жер мәселесі»
Онда: Жерге алғашқы кезекте байырғы халық орналастырылуға және алдағы уақытта қырғыздар біржола орналастырылып болғанша, қырғыз өлкесіне сырттан әкеліп қоныстандыру тоқтатылсын!

Әлихан Бөкейханов:  Жер сату деген болмасын, жердің кені, астығы, байлығы өзені, көлі қазынанікі болсын!

(Сахнада шағын көрініс қойылады)

 (Баяу музыка әуені ойналады. Сахнаға 6-студент шығады, слайдта алашорда мүшелерінің және т.б. қоғам қайраткерлерінің Әлихан Бөкейхановқа арнауы.)

1 – студент: Қырағы, қия жазбас, сұңқарым-ай!
                      Қажымас қашық жолға,тұлпарым-ай!

                      Үйілген өлексені өрге сүйреп,

                      Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай!
                                                   А. Байтұрсынұлы, ғалым-ағартушы  

2 -студент: Қарағым, жалғызымсың қазақтағы,

                Ұл тумақ сендей болып аз-ақ тағы.
                 Өгіз өліп, болмаса арба сынып,
                 Өмірің өткен жансың азаптағы,
                 Бал тамған, ханзадам-ай, қаламыңнан,

                Тәңірім айырмасын талабыңнан!....

                                                          Көкбай Жанатайұлы, ақын

3 -студент: Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
              Жасымай Алашына қызмет еткен;

              Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
              Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен,
              Түймеге жарқылдаған алданбаған,
              Басқадай бір басы үшін жалданбаған,
              «Қайткенде Алаш көркейер» деген ойдан

              Басқа ойды өмірінде малданбаған...»

                                                            С.Торайғыров, ақын

4-студент: Заманымызға қазақ үшін өмірін, білімін жұмсап, ауыр жазаларға кіріптар болып, жанын қиып жүрген күллі қазақ халқына бірінші дерлік жан басшымыз-Әлихан Бөкейханов.

                                                                                                                М.Дулатов, жазушы

5-студент:  Қараңғыдан қан жылап қаңғырған күнде басыңды Алаш жолына құрбан қылған ағамыз, асқар тауымыз...Өмірің, жүрген жолың біз – іңілеріне жағып қойған шамшырақ! Жасасың сүйреген Алашың! Жаса, сабазым!

Ж. Аймауытов, жазушы

6-студент:  Алаш арыстары, Алаш идеясы, Алаш ұранының орындалатынына сенді. Келер ұрпаққа аманат етті.

2-бөлім: «Ұлт мүддесі жолында»

(Баяу музыка әуені ойналады. Сахнаға 12 студент шығады, мамандықпен байланыстыра отырып, Әлихан Бөкейханов бейнесін әр қырынан таныстырады)

1-студент: Біздер «Өзін-өзі тану» мамандығын да оқып жатқандықтан Әлихан Бөкейханов бейнесін тану мақсатында  қаламыздағы Өлкетану, Алаш алыптары мұражайларына барып, ақпарат жинаумен қатар, зерттеу-ізденушілік жұмыстарын жүргіздік. Сол арқылы Алаш арысының ұлт мүдддесі жолындағы ісі мен қызметін тани отырып, тұлғалық бейнесіне талдау жасасақ.

2 -студент: Әлихан Бөкейханов бейнесі: Текті

Әлихан алдымен хан тұқымнан тараған ақсүйек. Ол атақты көкжал Барақтың ұрпағы, үлкен атасы Бөкей Барақ сұлтанның ұлы. Одан Сұлтан, одан Мырзатай, одан Нұрмұхамед туады.Әлихан Бөкейханов 1866 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысында дүниеге келген. Әкесі - Нұрмұхамед, анасы- Бегім ханым. Олар оқу білімге жақын, парасатты адамдар болған.

3 -студент: Білімге құмар.

Әлихан ерте есейді. Ол ең алдымен қазақ халқының атақты ақын, жырауларының, эпостарының рухты жырларымен сусындады, ұлт-азаттық қозғалысының дәстүрлері негізінде тәрбиеленеді. Өз халқының батырлығына сүйсінді, бақытсыздығына күйінді. 9 жасында өз бетімен мектеп- интернатқа оқуға түсіп, орыс генерал- губернаторы Колпаковскийдің сынамақ оймен берген есебін бәрінене бұрын шығарып, Колпаковскийдің ұсынуымен Әлихан Омбы техникалық училищесіне оқуға түседі. Кейін училище директоры Н.Добрахатов «үздік оқұығаны үшін» уезд бастығы қаражатынан 200 сом степендия алуға көндіріп, профессор И.Бородинге хат жазып, Санкт- Петербург қаласы Императорлық Орман шаруашылығы иниститутына жолдама береді.

4 -студент: Энциклопедист

Әлихан батыс мәдениетін жақсы білді, көптеген шығармаларда сол шыққан тілінде оқыды. Міне, осылай 20 ғасырдың басындығы энциклопедист, Еуразия шеңберіндегі білімдар жандардың бірі болып қалыптасты. Осының нәтижесінде ол ұлтшылдықтан ада болды, шығыс пен батысты табыстыру жолын іздеді, өз халқының деңгейін батыс деңгейіне көтеруді армандады.

5 -студент: Ағартушы

Әлихан өмір жолындағы тірегінің бірі- ағартушылық ағым еді. Ол Абайдың, Ыбырайдың, Шоқанның жолын ілгері дамытты. Ағартушылық отаршылдықтың жаңа кезеңінде тығырыққа тірелді. Әлихан 1903жылы жазған «Қырғыздар» атты еңбегінде: «Ата-баба қаны төгіліп, ел меншігіне айналған жерді орыс бодан болғанда мемлекет талайды, еркін халықтың құлқын шектейді, қазақтардың рухани, эканомикалық мүддделерін аяққа басады, оларды кедейлетіп, тұралады, оның мәдени дамуын тоқыратады деп ойламаған қазақ сахарасы әзірше осының бәрін көтеріп, өздерінің өшпенділігін және қайнаған кегін ішінде сақтауда» -деп жазды. Осы жағдайда Әлихан озбыр отарлық қазақ елін тақырға отырғызатынын түсінді, ұлтының болашақ даму жолын айқындауға құлшынды.

6 -студент: Көреген күрескер

Ғасыр басында Ресейдегі 35 млн. мұсылман халықтары желпінді. Дін бірлігі негізінде бірігу күресі басталды, дінге негізделген саяси партиялар құрыла бастады. Әлекең бұл қозғалысқа араласа жүріп, ислам дінінің догмаларын жаңа заманға сай реформалауды талап етті. Дін мен білімді, мемлекет пен дінді айыруды жақтады. Қазақ сахарасында діни партиялардың етек алмауы Ә.Бөкейхановтың бірден-бір көрегендігінің арқасында болды.

7 -студент: Білікті ғалым

Ә. Бөкейханов өз заманындағы білікті ғалымдардың бірі еді. 20 ғасырдығы ел мәселесі, жер мәселесі-халық тағдыры болған кезде Әлекең аграрлық проблеманы мұқият зерттеді. Атақты Ф.А.Щербина экспедиясының құрамына еніп, қазақ сахарасының жер құнарлылығы, байлығы қандай, жер меншігі енгізілген күні қазақ халқының болашағы қандай болады?- деген сауалдарға жауап іздеді. Челябинск пен Томск аралығында теміржол бойында статистік-экономикалық зерттеу жүргізді.Бұл зерттеуде  табиғи – тарихи аудандарды ашты. Қазақ қоғамындағы ру- тайпалық жер пайдалану тарихын қарастырып, қазақтың  жылқы өсіру шаруашылығына баға берді.

8 -студент: Тарихшы- ғалым

Оның ауыз әдебиетін тану саласында еңбегі ұшың теңіз. Ол орыс жазушыларының шығармаларын аударып қана қоймай, қазақ әдебиетінің өкілдерін орыс қайта жаңарту заманасының шығармашылық үлгілері негізінде баулыды. Әлекең өзінің ғылыми, публицистикалық, қазақ баспасөз органдарын құру, күрескерлер қауымын тәрбиелеу, жер, тіл, діл, бостандық, теңдік теориялық ізденістерін айналып келгенде халық тағдырына, қазақ елінің болашағына бағындырды.

9 -студент: Ұлт көшбасшысы, зиялы қауым мүшесі

Шәкәрім, Мағжан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Сұлтанмахмұт сияқты шығармашылық әлеуеті мол жастарды топтастырды, олардың әрбір сәтті қадамына өз пікірін ашық жариялап отырды. Барша зиялы қауымды тәрбиелеу ісіне тартып,қазақ зиялы қауымының оның  ішінде әдебиет, мәдениет саласындағы дауының басы-қасында өзі жүріп, үлгі көрсетті, ұстаздық рөл атқарды.

10 -студент: Мемлекет қайраткері, саяси көсем

Әлихан Бөкейханұлы мемлекет қайраткері, ол тарихтың жаңа 20 ғасыр  белесіндегі аласапыран заманында Алаш-Орда мемлекетін құрды, оның тұңғыш өкіметін басқарды.

11 -студент: Алып тұлға

Ол Жәнібек пен Керейден, Абылайдан кейін қазақ мемлекеттігін жаңғыртып, 20 ғ. сай қайта құру ісіне бар өмірін арнады. Бұл тұста Әлекеңнің Индияның  Неруі, арабтың  Насері сияқты бейне екендігі күмән тудырмаса керек. Әлекең осы ұлы істе алты алаштың ту көтерер ұлдарын соңына ертті. Сондықтан да ол алты Алаштың Әлиханы атанды, оның ісі барша Ресей шығысына үлгі болды.

12-студент: Иә, Тағдыр... Өмірде қанша жан болса, сонша тағдыр бар. Олардың баршасының тағдыры ұлт тағдыры, Отан тағдыры. Өмірде қанша жан болса, Әлиханға байсалдылық, саяси тұрақтылық, ізденгіштік, парасаттылық, сабыр мен ақылға, білім мен ғылымға, мәселенің байыбына бойлайтын талдау, бүгінгіні болжау мен пайымдау сияқты қасиеттер тән еді.Міне, Әлихан бейнесін ел мүддесі жолындағы қайтпас қайсар, патриот, белсенді, өмірлік қоғамдық позициясы бар өр тұлға бейнесі ретінде танимыз.

3-бөлім: «Әлихан және Семей»

 - «Әлихан», «Алаш», «Семей» атаулары бірін–бірі толықтыратын атау. Оларды бірінсіз-бірін елестету мүмкін емес. Әлихан Бөкейхановтың Алаш партиясын құрған Семейдегі жылдары жайлы мәліметпен қаламыздағы «Тарихи-өлкетану» мұражайының қызметкері Сексенбаева Шынар Ғабдікарімқызы таныстырмақ.

(«Тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлерімен жұмысты видеодан көрсету, жылжымалы көрмемен таныстыру)

ІII. Қорытынды

4-бөлім: «Қазақтың Алиханы»

(Баяу музыка әуені ойналады. Сахнаға 4 студент шығады.)

Сахна сыртынан:Тарихшылар Әлихан Бөкейхановты ұлт-азаттық қозғалысының теориялық көсемі ретінде таниды. Десек те, Әлиханның болмысын түгелдей тани алдық па?

1-студент: Әлиханды қазақ зиялыларының кемел бейнесі десе де болады. Ол – орыстың мәдениетінде, қазақтың дәстүрінде жетік меңгерген тұлға. Алаш зиялылары барлық халықтың қарым- қабілеті бірдей болады дегенге сенген. Яғни, бір халық бір халықтан ақылдырақ немесе біреуі біреуінен ақымақ болуы мүмкін емес деп есептейді олар. Егер қазақ оянып, еңсесін тіктегенде аз уақыттың ішінде дамыған мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең болатынына көздері жетті.

2-студент: Біз «Әлемдік деңгейдегі қазақ» деп поэзияда – Абайды, прозада – Әуезовті, ғылымда - Сәтбаевты айтсақ, Әлихан – қазақтың арасынан  әлемдік деңгейге көтерілген тұңғыш саясаткер. Дүниежүзілік саяси тарихта Әлиханның моральдық биігіне көтерілген тұлға сирек. Әлиханның күш кеөрсетпей қарсыласу сипатындағы ұлт-азаттық күресі – әлемдік тарихта алтын әріппен жазылуға тұраралық күрес. Бүгінгі күні барша адамзат баласы Гандиды, Нельсон Манделланы қалайша төбесіне тұтып отырса, Әлихан Бөкейхановты да дүниежүзі халқы дәл сондай құрметпен еске алатын күн алыс емес.

3-студент: Әлихан Бөкейханов ХХ ғасыр басында тұңғын автономия әперген саясаткер. Ол қазақ халқының жарқын болашығы үшін өз өмірін құрбан еткен жан. Әлихан шын мәнінде қазаққа берілген, ұлты үшін жанын қиған, уақыт өткен сайын биіктей түсетін біртуар тұлға.

4-студент: Иә, Әлихан бастаған Алаш рухы, Алаш ұраны өлмек емес, қазақ бар жерде ғасырдан ғасырға рухани мұра боп қала бермек.

Ә.Бөкейханов бүгінгі тәуелсіздіктің қайнар бұлағы, XX ғ. қазақ ұлтының атасы, ол ұлтымыздың ұлы арысының бірі, қазақ халқының болашағына тұғыр боларлық жарық жұлдызы. Қазақ халқының аяулы ұлы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерей тойы ЮНЕСКО аясында халықаралық деңгейде аталып, өтілмек. Бұл оның әлемдік тұлға ретінде мойындалғанын білдіреді.

 «Алаш ұраны» әні орындалады.

(Қатысушылар қолдарына ҚР жалаушаларын ұстап, сахнаға шығады)     

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алаштың Әлиханы (Ә.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.06.2016 2435
    • DOCX 24.7 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабимолдина Айгуль Кайрбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 155719
    • Всего материалов: 52

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой