Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақ Тақырыбы: Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақ Тақырыбы: Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

I:\Сухрап\Саптық дайындық\6.jpeg



















Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс





I:\Сухрап\Саптық дайындық\index.jpeg























АӘД пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы: С А Бабаханов







Сабақ тақырыбы: Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс.

Сабақ мақсаты:

1. Білімдік: Оқушыларға орнында тұрғандағы бұрылыстар, cаптық және жорықтық адыммен қозғалыс жасау бойынша түсінік беру .

2. Тәрбиелік: Оқушыларды орнында тұрғандағы бұрылыстарды, саптық және жорықтық адыммен қозғалыс жасауды дәл және нақты орындауға тәрбиелеу

3. Дамыту: Оқушыларға білім және тәрбие бере отырып, орнында тұрғандағы бұрылыстарды, саптық және жорықтық адыммен қозғалысты орындау қабілеттерін дамыту.

Сабақ әдісі: ауызша, көрнекілік және практикалық әдістер

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақты ұйымдастыру түрі: жалпы

Көрнекіліктер, қосымша әдебиеттер және дидактикалық материалдар:

1. «АӘД» оқулығы, 10 сынып, К . Аманжолов, А. Б. Тасболатов, Д.Майхиев, Б. Аманжолова. - Алматы «Мектеп» 2006 ж. §2, 266-269 беттер

2. Саптық жарғы

3. Видео проектор. Слайд «Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс»

4. Бейнефильм. «Саптық дайындық» 3- оқу фильмі

5. «Алғашқы әскери дайындық-өмір қауіпсіздігі негіздері» журналдарынан қосымша материалдар, плакаттар, тест тапсырмалары

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Взводты екі қатарлы сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, амандасу, сыртқы көрінісін тексеру, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Сап дегеніміз не?

  2. Сап элементтерін атаңдар

  3. Пәрмендер қандай болып бөлінеді?

  4. Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тіктел!», «Еркін тұр!» «Жинақтал!» пәрмендерін орындау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», !Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.

Артқа және солға бұрылу – сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:

  • бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;

  • екінші тәсіл – қысқа жол арқылы аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің салмағын бұратын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру қажет.

  • Бұрылыстарды орындауда саптық тұрыстағы барлық ережелер сақталынады.

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 165 - 180 адым, адымның шамасы 70 – 80 см.

Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 110 - 120 адым, адымның шамасы 85 – 90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кзінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.

Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым бас!» пәрмені бойынша басталады.

Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – бас!» (қозғалыста: «Орныңда!») пәрмені бойынша жүргізіледі.

Осы пәрмен бойынша аяқты жерден 15-20см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: «Тура!» пәрмені бойынша оң аяқтан орнында тағы бір адым жасап қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек.

Қозғалысты тоқтату үшін оң немесе сол аяқты жерге қоюмен берілген орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасап саптық тұрысты қабылдау керек. Мысалы: «Взводтоқта!»

Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «Қарышта!», «Қысқа адымда!», «Жиі адымда!», «Жарты адымда!» деген пәрмендер беріледі.

Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға өзгерту үшін пәрмен беріледі. Мысалы «Қатардағы жауынгер…., оңға (солға) екі адым - бас!». Осы пәрмен бойыншаәр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.

Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін пәрмен беріледі. Мысалы: «Екі адым алға (артқа) – бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.hello_html_m76f706a1.png

.



















ІV. Жаңа сабақты пысықтау:

  • Бейнефильм. «Саптық дайындық» 3- оқу фильмін көрсету

  • Саптық тәсілдерді практикалық түрде орындау.

V. Сабақты бекіту:

  • Орнында тұрғандағы бұрылыстар қандай пәрмендермен орындалады?

  • Саптық және жорықтық адым қандай пәрмендерімен орындалады?

  • Адыммен қозғалыс кезінде минутына қанша адым жасалады?

  • Саптық адыммен қозғалыс жасағанда аяқтың ұшы жерден қанша см көтерілуі керек?

  • Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?

  • Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі?

Орнында тұрғандағы бұрылыстарды, саптық және жорықтық адыммен қозғалысты және қозғалыстағы бұрылыстарды орындау кезінде анықталған және жіберілген қателіктерге түсініктеме беру, түзету арқылы сабақты бекіту.

VІ. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларына

түсініктеме беру.

VІІ. Үйге тапсырма беру: §2, 266-269 беттерді оқып келу және айнаның алдында орнында тұрғандағы бұрылыстарды, саптық және жорықтық адыммен қозғалысты және қозғалыстағы бұрылыстарды орындап үйрену.



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақ

 

Тақырыбы: Орнында  тұрғандағы  бұрылыстар. Саптық және  жорықтық адыммен  қозғалыс

Сабақ тақырыбы:  Орнында  тұрғандағы  бұрылыстар. Саптық және  жорықтық адыммен  қозғалыс.

Сабақ мақсаты:

     1. Білімдік: Оқушыларға орнында  тұрғандағы  бұрылыстар, cаптық және  жорықтық адыммен  қозғалыс жасау бойынша түсінік беру .

     2. Тәрбиелік: Оқушыларды орнында  тұрғандағы  бұрылыстарды, саптық және  жорықтық адыммен  қозғалыс жасауды дәл және нақты орындауға тәрбиелеу

     3. Дамыту:  Оқушыларға  білім  және тәрбие бере отырып, орнында  тұрғандағы  бұрылыстарды, саптық және  жорықтық адыммен  қозғалысты орындау қабілеттерін дамыту.

Сабақ әдісі: ауызша, көрнекілік және практикалық әдістер

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақты ұйымдастыру түрі: жалпы

Көрнекіліктер, қосымша әдебиеттер және дидактикалық материалдар:

1. «АӘД» оқулығы, 10 сынып, К . Аманжолов, А. Б. Тасболатов, Д.Майхиев,   Б. Аманжолова. -  Алматы «Мектеп» 2006 ж. §2,  266-269 беттер

2.  Саптық жарғы

3.  Видео проектор. Слайд «Орнында  тұрғандағы  бұрылыстар. Саптық және  жорықтық адыммен  қозғалыс»

 

4. Бейнефильм. «Саптық дайындық» 3- оқу фильмі

Общая информация

Номер материала: 182873

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>