Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Қалай оқу керектігін үйрену» тақырыбы бойынша коучинг жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Қалай оқу керектігін үйрену» тақырыбы бойынша коучинг жоспары

библиотека
материалов

«Қалай оқу керектігін үйрену» тақырыбы бойынша

коучинг жоспары

Күтілетін

нәтижелер

Мұғалімнің оқытудың белгілі бір жұйесі туралы ойы қалыптасады. Қалай оқу керектігінің теориялық мәселелерін оқып таниды.Оқушылардың бейімділік дәрежесін шыңдайды.

Түйінді идея

Қалай оқу керектігін білген адам өмір

сүре алатын тұлға.


Сілтеме

«Мұғалімге арналған нұсқаулық»

Қолданылатын ресурстар

А.Орақованың коуч мұғалімнің жұмыс кітабы.Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті қаламдар, суреттер, интербелсенді тақта,слайдтар

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Танысу. Кіріспе сөз.

Қайырлы күн! Мен бүгін сіздерді "Қалай оқу керектігін үйрену" тақырыбындағы коучингта көріп отырғаныма қуаныштымын.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.


Мұғалімдер қолына түрлі қағаздар беріліп өз ойлары анықталады.

Интербелсенді тақта.

Топқа бөлу.

Таратпаларға қарап өз тобын іздейді. Өз топтарының атауларының мағынасын іздейді.

Таратпа қағаздар, математикалық фигуралар

Суреттер сөйлейді әдісі







Түсіндірілім

Тақырыптық слайд бейнені таныстыру.

Суреттер не айтпақшы екенін табу, әңгіме құрастыру.



«Қалай оқу керектігін ұйрету» туралы өз білгендерін ортаға салу.Теориялық ұғым алу.

Интербелсенді тақта.

Суреттер


Слайдтар



«Сен өзгерсең, сенің әлеміңде өзгереді» атты әңгімеден алған әсерлерімен топқа талқылауға ұсыну.

Тобымен ақылдасып шешеді

Интербелсенді тақта.


Фишбаун стратегиясы.

Қиындықты және проблеманы шешу жолдары.

Тобымен ақылдасып шешеді

Таратпа қағаздар

«Сызат түскен құмыра» фильмінен алған әсерлерімен топқа талқылауға ұсыну.

Бейнежазбаны көру. Менің алған әсерім.

Интербелсенді тақта.


Бағалау .

  • ең шығармашыл жауап

  • ең жан-жақты жауап

  • ең ұтымды жауап

  • ең нақты жауап


Интербелсенді тақта.


Рефлексия.”Бес саусақ” әдісі

Бүгінгі сессиядан не алдыңыздар?


Қорытындылау.


Жігерлендіру

«Зарядись на успех»

Мақсаты:мұғалімдерді коучингтен кейін жігерлендіру үшін.

Бейне фильмнің мағынасын түсінеді. Жігерленеді, ойланады.

Интербелсенді тақта.

















Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді

Мынадай бір оқиға жайлы оқығаным бар. Бірде гүл сатушы қыз қолындағы роза гүлдерін дерлік сатып болады. Қолында тек бір тал ғана гүл қалады. Гүл сатушы қыз ойланбастан жолдың қарсы бетінде күні бойы тілем тілеп отырған қайыршыға осы соңғы гүлді сыйлап, өз жөніне кете барады. Қайыршы өзі өз болғалы мұндай іске жолығып көрмепті. Ол үш ұйықтаса да армандағыдай ару қыздың өзіне гүл сыйлайтынын ойлап көрмепті. Бұл күні қайыршы үшін күн батыстан шыққандай болады. Қайыршы өмірінде бірде-бір рет өзін аялап, сүйіп көрмепті, басқалардың да аялауы мен сүюіне қол жеткіземін деп үміттенбесе керек, бүгінгі жағдай оған қатты әсер етеді.

Гүлді ала салысымен қала маңындағы өзінің лашығына тартады. Үйіне келген соң сынық құмыра тауып, оған су толтырып, гүлді оған салып қояды. Ол үн-түнсіз гүлге қарап отырады. Кенет орыннан атып тұрып, әлгі құмыраны жуып, тазалап, мөп-мөлдір су құйып гүлді қайта салады. Ол іштей: «Мұндай әдемі гүл қалайша кір-кір құмырада тұрады екен, мен оны жуып-тазалап қойдым» деп масаттанады.

Қайыршы әсем гүлге тағы құмарта қарап отырады. Ол ақырын қозғалып келіп, гүл құмырасы тұрған үстелді қолымен сипап қарап еді, шаң-тозаңнан көрінбей қалыпты. Әсем гүлдің тұруына бұл үстел лайық емес деп ойлаған ол үстелді де жуып, айнадай етіп қояды.

Гүлге құмарта қараған сайын таза үстел мен нарттай қызыл роза сағымы ойнап тұрған мөлдір құмыра мен суға мына былыққан лашық мүлдем сай келмейтін сияқты болып көрінді. Ол бар пейілімен өзінің жылдар бойы тұрып келе жатқан күркесін жинастырып, сүртіп, тазалап әбігерге түсті. Кенет ол өзінің үнемі үңірейіп тұратын бөлмесіне жылылық толып, жайлы өмірді өзіне тым жақын сезінді. Ол бөлменің дәл ортасында тұрып бұрыштағы сынық айнадан өзінің кейпін көрді. Қызыл шұғыла төгіп тұрғандай болып көрінген роза гүліне, таза үстелге, мұнтаздай үйде тұрып ол өзін мүлде қораш келбетте көрді. Шашы өскен, киімінің алба-жұлбасы шыққан. Ол бүгінгі бар тапқан-таянғанын алып жуынуға кетті. Өмірінде дәл бүгінгідей рахаттанып көрмеген шығар. Жұқа болса да таза киім сатып алды, сақал-мұртын қырды, шашын тарап ретке келтірді. Әлеуметтік моншаның есігінен шығып бара жатып қабырғадағы айнадан мүлде басқа адамды, жастық оты жалындаған келбетті жігітті көрді. «Мен не үшін қайыршы болып өмір сүруім керек?» деп сұрады өзінен. Бұл оның қайыршы болғаннан бері қарайғы өзіне тұңғыш рет осылайша сұрақ қоюы еді. Жігіттің рухы әп-сәтте сергіп шыға келді. Ол үйіне келіп мұндағы барлық дүниеге соншалықты риза пейілмен сүйсіне қарады. Екінші күннен бастап басқа жұмыс іздеуге кірісті. Жолы болғыш екен, жайлы жұмысты да тапты. Күндер зулап, айлар аунап жатты. Бірнеше жылдан кейін ол табысқа жеткен адамға айналды. Үлкен компания құрып, қалталылар қатарына қосылды.

Бұл оқиға мені адам жас күнінде өз ішкі әлміндегі түнекке тұншығып, өмірінің көркем көкжиегін көруден мақұрым қалмауы керек деген ойға жетелді. Пенде баласы өзіне тиеселі роза гүлін тапқанша теңіздегі бағдарсыз малтыққан дәрменсіз сушыға ұқсайтын сияқтанады.

Өзіңізге кішкентай өзгеріс жасаңыз, сіз өзгерсеңіз, сіздің әлеміңіз де өзгереді. Егер сіз осы роза гүлін тапқан болсаңыз, оны басқаларға беруді де естен шығармаңыз.



























Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2508
Номер материала ДБ-007203
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх