Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Алдаберген Бисеновтың 90 жылдығы

Алдаберген Бисеновтың 90 жылдығы

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін:

Тақырыбы: Еңбек Ері – 90 жаста

Мақсаты: Алдаберген Бисеновтің өнегелі өмірі мен халыққа жасаған қалтқысыз қызметі жайлы әңгімелеу. Оқушыларға оның өткен өмірін үлгі ету. «Нар тұлға» кітабымен таныстыру.

Көрнекілігі: Суреттері, жетістіктері, «Нар тұлға» «Аққұм ата-қоныс

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Кіріспе: Құрметті оқушылар, бүгін біз есімі мектепке берілген кісімен тереңірек танысқалы отырмыз.

-Ол кім? Әрине,ол Алдаберген Бисенов аталарың . Биыл Алдаберген аталарың тірі болғанда 90 жасқа толар еді. Кеше сол кісіге арнап, балалары бүкіл ауылды шақырып ас берді. Енді қарашаның 4-5-інде 90 жылдық мерейтойын облыс көлемінде тойлағалы отырмыз.Осы кісінің баласы, Қорқыт Ата университетінің ректоры Қылыш Бисенов осы елді көркейту мақсатында үлкен тойхана, монша салды және мектептің іші-сыртын , алдын кафелдеп, арша ағаштарын екті.Мектептегі мұражайды қайта жабдықтады. Жыл сайын мектеп оқушыларына арнайы күнделік және жаңа жылда сыйлықтарын жібереді. «Бағдәулет» жеке қожалығын ашып, оған ауыл адамдарын жұмысқа тартты. Онда жылқы өсіріп, қымызын өндіріп, халыққа қолайлы бағамен сатады. Сонымен қатар егін егіп, ел игілігіне үлес қосуда.

ІІ.Негізгі бөлім: Ал, енді балалар Алдаберген аталарыңның өмір жолына саяхат жасайық.

1926 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылында дүниеге келген.

Ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы, Социалистік еңбек ері, Ұлы Отан сғысының ардагері.

Еңбек жолын жаңа ұйымдасқан ұжымшардың табельшісі болудан бастады. Ұлы Отан соғысына қатысып, әскери қызметте болды. Майданнан оралысымен Қызылорда облысы Тереңөзек кентінде байланысшы қызметін атқарды. Қызылорда ауыл шаруашылығы техникумын үздік бітірісімен, Жалағаш ауданы «Жаңаталап» ұжымшары басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. 1960-1961 жылдары Алматыдағы кеңшар директорлары курсын тәмәмдаған соң осы ауданның «Жаңаталап» кеңшарын үзіліссіз 10 жыл бойы (1962-1972 ж.ж) басқарды. Өндірістен қол үзбей жүріп Қазақтың ауыл шаруашылығы институтын (1970ж) аграномия мамандығы бойынша оқып бітірген.

А.Бисенов шаруашылықты механикаландырудың өнертапқыштық жобаларын жасап, өндіріске енгізді, шаруашылыққа жаңадан каналдар тартып, егіс жерін суландырды, өнім сапасын көтеріп, түсімін арттыруға нақты ықпал етті. Ұжымшардағы 1300 га күріш егісі көлемін 2800 гектарға, гектар түсімін 50 центнерге жеткізді. Ерен еңбеккерлігі мен жан-жақты ізденісі арқасында, төл алу көрсеткішін әр жүз басқа шаққанда: қойдан -120, биеден-80, мүйізді ірі қарадан-76, түйеден-43-ке жеткізді. Жаңаталап ұжымшарынынң аты аудан, облыс асып, республикаға дейін жетті. А.Бисенов шебер ұйымдастырушы ретінде ауылдың әлеуметтік ахуалының жақсаруы, экономикасы мен мәдениетінің өркендеуі жолында еселі еңбек етті.

Тереңөзек ауданына қарасты Қазақ КСР-нің 50 жылдығы атындағы (қазіргі Н.Ілиясов атындағы ауылы) кеңшарда директорлық қызмет атқарған тұста, тың бастамалар көтеріп, шаруашылықтың экономикалық дағдарыстан оңтайлы шығуына тікелей басшылық жасады. Айталық, тауарлы сүт кешенін ұйымдастырып, асыл тұқымды сиыр басын 4000-ға жеткізіп, олардың әрқайсысынан жылына 3800 литрден сүт өндіруді қамтамасыз етті. Күріш өнімін гектарына 50 центнерге жеткізді. Ғылым мен техника жаңалықтарын өндіріске батыл енгізіп, тиімді өндірістік тәсілдерді кеңінен қолданды. А.Бисенов ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс-жағдайын айтарлықтай деңгейге көтеріп, елішілік ахуалды жақсарту жолында нәтижелі еңбек етті. Кеңшар орталығынан зәулім тұрғын үйлер, мәдениет үйі, қонақүй, сауда орталығы, әкімшілік және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету сияқты нысандарды қалалық сәулет үлгісімен салдырды.

Елге елеулі еңбегі сіңген ардақты азаматтың аяулы есімін ұлықтау мақстаында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 3 қазанындағы №1021 қаулысымен Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Аққұм ауылындағы №38 орта мектепте Социалистік Еңбек ері Алдаберген Бисеновтың есімі берілді. Бүгінде осы мектепте бар саналы ғұмырын шаруашылық жұмыстарын ұтымды ұйымдастырумен қатар саналы ұрпақ тәрбиелеуге жұмсаған, ел ардақтысының өмірі мен қызметіне арналған мұражай жұмыс істейді.

А. Бисеновтың өнегелі өмірі мен халыққа жасаған қалтықсыз қызметі жайлы «Өрлеу жолында» (1979), «Нар тұлға» (1996 ж), «Өнегелі өмір» (2004) атты естелік кітаптар жазылды. Деректі фильм түсірілді.

Аяулы азамат 2002 жылы Жалағаш ауданының Аққұм ауылында дүние салды.

Ұл-қыздарынан өрбіген немерелер мен шөберелердің ыстық ықыласына бөленген Алдаберген Бисенұлы мен Зүбәйра апайдың есімдері кейінгі ұрпақтарына өнеге болуда.


Қорытынды:

Алдаберген Бисеновке арнау.


Ағатай, болмаса да ақындығым,

Алаулап тұла бойда ақылды ұғым,

Мен қалай тебіренбей, толғанбайын

Жұрт тойлап тоқсаныңды жатыр бүгін!


Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров5
Номер материала ДБ-357420
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх