Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Алдар көе мен Шықбермес Шығайбай

Алдар көе мен Шықбермес Шығайбай


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

D:\Аскарбай\Стенд самгау\DSC_0144.png

Бекасилова Мөлдір Амантаевна

Жамбыл облысы Меркі ауданы №5 Ақарал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

3 (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен педагог

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 сынып








Сабақтың тақырыбы:“Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай”

Мақсаты:

Білімділік: Аңызды түсініп оқып,негізгі идеяны ашу.

Дамытушылық: Аңыздағы негізгі ойды ажыратуға, еркін сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Сөздік қорын молайтып, ойын еркін жеткізуге жетелеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды қонақжайлылыққа, адамгершілікке баулу.

Күтілетін нәтиже:

1.Мәтіннің негізгі идеясын ашып, мазмұнын меңгереді.

2. Қиялын ұштап, сөздік қорын молайтады, ойын еркін жеткізеді.

3. Оқушылар қонақжайлылыққа, адамгершілікке үйренеді.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: «Ассоциация», «Болжау», «Ойлаудың 6 қалпағы» , Кейіпкерге хат жазу, «Сандар сөйлейді» сергіту сәті;

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сабақта ықпалдасатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану,Оқуды басқару және көшбасшылық, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Сабақтың барысы:


Слайд номері

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Слайд 2








Слайд 3





Слайд 4


Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық тренинг жүргізу.

Қайырлы күн, досым!

Қайырлы күн болсын!

Бейсенбінің күні,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Абайдың бес асыл ісі арқылы топқа бөлінеді:

талап,еңбек, терең ой, қанағат, рақым;


Оқушылардың білімі смаиликтер арқылы бағаланады;

Психологиялық тренинг жүргізеді.

Оқушылар өздерінің есімдеріне сын есім қосып айтады.

І - топ: Талап

ІІ – топ: Еңбек

ІІІ - топ: Терең ой

ІҮ – топ: Қанағат

Ү - топ: Рақым






Топ басшысы сайланып, топ мүшелерінің рөлдерін бөліп береді.

(Топ басшысы, таймкиппер, хатшы, баяндаушы)

Слайд 5

Үй тапсырмасын сұрау

«Қорқыт» аңызы.

Топтық жұмыс:

«Ассоциация» әдісі арқылы өткен сабақтарды қайталап,үй тапсырмасын тексеру.

  • Халық ауызауыз әдебиетіне нелер жатады?

  • Аңыз деген не?

  • Қорқыт қандай адам?

  • Қорқытты қандай сұрақтар мазалайды?

  • Қорқыт қобыз тартқанда не болады?

Топтық жұмыс:

І-топ: Халық ауызауыз әдебиетіне нелер жатады?

ІІ – топ: Аңыз деген не?

ІІІ - топ: Қорқыт қандай адам?

ІҮ – топ: Қорқытты қандай сұрақтар мазалайды?

Ү- топ: Қорқыт қобыз тартқанда не болады?

Слайд 6

Жаңа сабаққа дайындық

«Болжау» әдісі.

Мультфильм көрсету арқылы жаңа сабақты хабарлау.

Мультфильм көре отырып, Алдаркөсе мен бай туралы білгендерін айтады.

Слайд 7

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс:

Аңызды дауыстап, тізбектей оқыту.

«Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі арқылы аңызды талдау.

Оқушылар тізбектей оқи отырып,мағынасын түсінеді.

І-топ: «Ақ қалпақ» - аңыздағы негізгі ойын айтады.

ІІ – топ: «Сары қалпақ» - аңыздағы жағымды кейіпкердің жетістіктерін іздеп, дәлелдейді.

ІІІ - топ: «Қара қалпақ» - жағымсыз кейіпкердің іс-әрекетін айтады.

ІҮ – топ: «Қызыл қалпақ» - Екі кейіпкердің ішкі сезімдерін, түйсіктері туралы айтады.

Ү- топ: «Жасыл қалпақ» - жағымсыз кейіпкерді жаңа бастамаға жетелеу.

«Көк қалпақ» - бақылдаушы, бағалаушы.

Слайд 8

Сергіту сәті

«Сандар сөйлейді» ойыны.

7*8+10+25*2+400-32=550

1000:5-100:5=20

150+200+120:6=70

«Сандар сөйлейді» ойыны арқылы сергіту сәтін орындайды.

550, 20, 70 сандарын айтулы даталармен байланыстыру;

Слайд 9



Слайд 10

Жаңа сабақты бекіту

Топтық жұмыс:

«Алдардың айласын тап»


Дарынды және үлгерімі төмен оқушымен жұмыс:

  • Алдаркөсеге хат жазады;

  • Бес жолды өлең құрастырады;

  • «Егер мен бай болсам...» эссе жазады;

  • Семантикалық картамен жұмыс:

  • «Ия, жоқ» әдісі арқылы сұрақ-жауап;

Берілген суреттердің ішінен Алдардың айласына қатысты суретті тауып, сол туралы айтып береді.

Семантикалық карта

Кейіпкерлер

Көңілді болып жүреді

Үйіне ешкімді жолатпайды

Кедейлерге көмек береді

Сараң

Қызғаншақ

Ақылды айлакер

Алдаркөсе







Шығайбай







«Ия» немесе «Жоқ»

  1. Шығайбай үйіне келген қонақты жақсы қарсы алады.---------

  2. Алдар байларды алдап, кедейлерге көмектеседі.------------

  3. Шығайбай Алдар келген кезде құшақ жая қарсы алды.--------

  4. Аңыздағы жағымды кейіпкер – бай.---------

  5. Бай өзінің атын жарып тастайды.---------

Слайд 11

Сабақты қорыту

«Сиқырлы доп» ойыны;


Допты бір – біріне лақтырып, аңыз бойынша ауызша сұрақтарға жауап береді.

  • Аңыз кімдер туралы?

  • Аңыздағы кейіпкерлерге мінездеме бер;

  • Сен қай кейіпкерге ұқсағың келеді?

  • Бүгінгі күнде Шығайбай сияқты адам бар ма?

Слайд 12

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтардың жұмысы туралы ойларын айтады.

Слайд13

Бағалау

Мадақтау, мақтау арқылы формативті бағалай отырып, өз бағасын береді.

Жинаған смайликтерге байланысты өзідерінің бағаларын санап, өздерінің бағаларын шығарады.

Слайд 14

Үйге тапсырма

Аңызды мәнерлеп оқып, түсінік айту.

Кейіпкерге хат жазу.

Күнделіктеріне жазып алады.





Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров272
Номер материала ДВ-158838
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх