Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Қалдықпен бөлу және оны тексеру"

"Қалдықпен бөлу және оны тексеру"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні:

Сыныбы: 3 «Б»

Пәні: Математика

Тақырыбы Қалдықпен бөлу және оны тексеру

Мақсаты:

1. Өткен білімді бекіте отырып, қалдықпен бөлу және оны тексеру туралы меңгерту.

2.Ойын логикалық тапсырма,әдісін пайдалану арқылы балалардың есеп шығаруға деген қызығушылығын арттыру.

3.Шапшаңдыққа,әдептілікке,ұқыптылыққа,тез шешім қабылдай білуге үйрету.

Түрі:Аралас.

Әдісі: Жеке,ойын,жаппай.

Көрнекілігі: кестелер,ойынға қажетті суреттер.

Кезеңдері

Өту барысы



Ұйымдастыру кезеңі





Психологиялық дайындық





Үй жұмысын тексеру

Жаңа сабаққа дайындық















Жаңа сабақ































































































Құрбақаның тапсырмасы











Сергіту сәті





«Қасқыр мен қоян» ойыны



























Үй тапсырмасын беру



Бекіту







Қорытынды

- Сәлеметсіздер ме балалар?!

- Көңіл- күйлерің қалай?

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын мына тақтадағы оқушыға көмектесейік, ол үшін оқу құралдарын оқушының сөмкесіне сала отырып бүгінгі біздің сабағымызға,достарымызға деген өз тілегімізді білдіреміз.(Оқушылар өз тілектерін білдіреді.)

-Өткен сабақта үй жұмысына не берілді?(ауызша тексеріп шығамын)

-Оқушылар, назарымызды тақтаға аударайықшы. Бізде мұнда Айнұр және Айгүл атты екі құрбы қыз бейнеленген. Ал менің қолымда 5 шар бар. Мен 5 шарды екеуіне тең екі- екіден бөліп бердім. Сонда менің қолымда неше шар қалып тұр?

-Ия,дұрыс айтасындар, менің қолымда 1 шар ғана қалып тұр. Мен бұл шарды екі қызға бөліп бере аламын ба?

- Дұрыс, жоқ. Себебі, бұл қалдық сан.(тақтада есептеп, тексеремін)

Сонымен бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Қалдықпен бөлу және тексеру».Балалар енді оқулықтарымыздың 84 бетін ашамыз,Кім маған1- есептің берілгенін оқып береді?

-Назарымызды тақтаға аударайық.

Үш бал арасы шелетер санын тең бөліп, алып кетуі керек.Егер шелектер саны:1,2,3,4 немесе 5 шелек болса,әрбір ара неше шелектен әкетеді және неше шелек қалады? (кесте бойынша түсіндіріп кетемін)


Шешуі

Тексеру

1 шелек

1 : 3 = 0 (қалд.1)

0 * 3 + 1= 1 , 1 ˂ 3

2 шелек

2 : 3 = 0 (қалд.2)

0 * 3 + 2 = 2, 2 ˂ 3

3 шелек

3 : 3 = 1 немесе 3 : 3 = 1 (қалд.0)

1 * 3 + 0 = 3, 2 ˂ 3

4 шелек

4 : 3 = 1 (қалд.1)

1 * 3 + 1 = 4, 1 ˂ 3

5 шелек

5 : 3 = 1 (қалд.2)

1 * 3 + 2 = 5, 2 ˂ 3

....

....

....





Қалдық әрқашанда бөлгіштен кем болады.





(түсіндіріп кетемін)

Енді назарымызды 2- есепке аударайық. Берілгенін маған қанеекей кім оқиды?

Егер 13 шелек,14 шелек,15 шелек,16 шелектен болса 3 араның, әрбіреуі неше шелектен әкетеді? Неше шелек қалады?

- Егер 13 шелек болса, 3 араның әрбіреуі неше шелектен әкетеді?(тақтада аралармен көрсетемін)

- Дұрыс, ал егер 14 шелек болса , 3 араның әрбіреуі неше шелектен әкетеді?

- Ол үшін әрбір араға 4 шелектен келсе , 2 шелек қалдық болып қалады.

- Егер 15 шелек болса, 3 араның үшеуі неше шелектен әкетеді?

- Дұрыс, 5 шелектен әкетеді.

- ал егер 16 шелек болса 3 араның әрбіреуі неше шелектен әкетеді?

- Ол үшін әрбір араға неше шелектен береміз ?

- Дұрыс, әрбір араға 5 шелектен келіп, 1 шелек қалдық ретінде қалады.

- Жарайсыңдар. Балалар сендер жұп сандар дегенді қалай түсінесіңдер? Олаға қандай сандарды жатқызуға болады?

- Дұрыс айтасыңдар. Ал тақ сандар дегенді қалай түсінесіңдер? Оларға қандай сандарды жақызуға болады?

2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар жұп сандар деп аталады





2-ге бөлгенде нәтижеде қалдық шығатын сандар тақ сандар деп аталады.



Енді біз сендермен «құрбақаның тапсырмасы» атты ойын ойнаймыз. Тақтада көріп тұрғандарыңдай құрбақа біздің достарымыз мысық пен балапанға есептер берген екен. Қане біз мысық пен балапанға көмектесеміз бе? Жақсы,Есептің шарты бойынша егер қалдықпен шықса мысыққа, ал егер қалдықсыз шықса баалапанға берееміз. Ол үшін мына есептің бірінші бағанына кім шығады? (4 оқушы 2 есептен шығарады)

Жарайсыңдар балалар! Сендерге балапан мен мысық үлкен алғыс айтып, бізді өздерімен бірге билеуге шақырып жатыр екен.

Жақсылап бір сергіп алдық. Енді біз ойындарымызды жалғастырамыз. Біздің келесі ойын «қасқыр мен қоян» деп аталады. Назарымызды тақтаға аударайық. Мұнда қасқыр қоянның есепптерінен салыстыру белгілерін сөмкесіне салып алыпты. Екнді бәрініз қоянға көмектесеміз бе?

Ол үшін 2 оқушы шығып 2 бағандағы есептерді шығарып, салыстыру белгілерін дұрыс тауып, қасқырдың сөмкесінен белгілерді дұрыс қою керек.

10* 5 ˃ 50 ÷ 10 5* 100 ˃ 50

300 ˃ 3* 10 30 * 10 ˃ 300÷ 10

Жарайсыңдар балалар! Балалар, қараңдаршы қасқыр салыстыру белгілерімен қоса бізге тағы да тапсырма әкеліпті. Бұл 6- есеп екен. Енді берілгенін тақтаға кім жазады?

Әрқайсысында -24 (о)

Айдар- әр қорап 8(с)

Марат- әр қорап 6 (с)

Қорап-? Көп- ? қорап - ?

  1. 24 ÷8 = 3 қорап (Айдар)

  2. 24 ÷6 = 4 қорап (Марат)

Жауабы: Маратқа көбірек қорап керек болды, 1қорап.

Енді сендер үй жұмысына 6- есептің 2- тапсырмасын және 8- есепті аласыңдар.

Өте жақсы балалар. Сонымен біз бүгін қандай тақырыппен таныстіық?

Қандай есептер шығардық?

Осымен сабағымыз аяқталды, Сау болыңыздар!!!




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 29.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров221
Номер материала ДВ-107059
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх