Инфоурок Информатика ПрезентацииАлгоритм типтері. Algorithm tiptur

Алгоритм типтері. Algorithm tiptur

Скачать материал

 

 

Описание: C:\Users\user\AppData\Local\Temp\Rar$DIa0.372\IMG-20161103-WA0050.jpg

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылы

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін №29 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі:

Айсаева Гузель Тұрдақынқызы

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Сабақтың мақсаты: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.

Білімділік: Оқушыларға алгоритм типтері, яғни сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер туралы түсініктеме беру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру, алгоритм жайлы білімдерін толықтыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ (топтық жұмыс, жеке жұмыс, практикалық тапсырма орындау, сұрақ-жауап)

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:  Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, ұялы телефон,

Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм типтерін үйреніп,оларды ажырата біледі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушыларды жасырылған сөздер арқылы 3 топқа(сызықтық алгоритм, тармақталған алгоритм, циклдік алгоритм) бөлу,топ басшыларын сайлау, назарын сабаққа аудару.

3. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін "Ұшақ ұшыру" тренингін жасау.   А4 қағазынан ұшақ жасатып, оның екі қанатына екі тілек жазып, карсы топқа ұшырады және тілектерін оқиды.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1. Алгорит дегеніміз-.....
А) іс-әрекет
в) толық сипатталған тапсырма
С) берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы
D) математикалық есептің шешілуі
2. Төмендегі құжаттың қайсысы алгоритм?
А) техникалық қауіпсіздік ережесі
В) аспаздық рецепт
С) сабақ кестесі
D) сынып тізімі
3. Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер?
А) жазу үстелі
В) адам
С) ыдыс жауатын машина
D) робот
4. Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер
А) бітіру
В) алгоритмдегі іс-әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық
С) орындау
D) соңы

III. Жаңа сабақты түсіндіру: (Слайд)

 

Алгоритм блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақталу және циклдік түрлерге бөлінеді.

 

Прямоугольник: скругленные углы: Алгоритм типтері
 


           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


            Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

            Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Мысалы «Бутерброд әзірлеу»


           2.  Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдер шартты тексеру немесе тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе  түйінді сөздері пайдаланылады.

Егер көшеде жаңбыр жауып тұрса, онда етік киеміз, әйтпесе туфли киеміз.

 

Описание: C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение 115.jpg

 

 

 

 


           

      

 

    3.        Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі.  Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

Мысалы:Барлық есептер шешілді ме?

    

 

 

IV. Топпен жұмыс істеу- бір біреуден мысал

І-деңгей

1 топ: Сызықтық алгоритм
2 топ: Тармақталған алгоритм
3 топ: Циклдік алгоритм

2. Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.


1. Газды жақ

1.      Газға табаны қой

2.      Табаға май құй

3.      Жұмыртқаны жар

4.      Жұмыртқаның қабықтарын таста

5.      Жұмыртқаға тұз сеп

6.      Жұмыртқаны 5 минут қуыр.

7.      Газды өшір.

 

1.      Газға табаны қой

2.      Жұмыртқаны жар

3.      Газды өшір

4.      Жұмырқаға тұз сеп

5.      Жұмыртқаны 5 мин қуыр

6.      Газды жақ

7.      Жұмыртқаның қабықтарын таста

8.      Табаға май құй


                                                         ІІ деңгей тапсырмалары       

1.Егер күн жауын болса, онда үйде отырамын, әйтпесе, киноға барамын алгоритмінің блок-сызбасын құр.

2. Дорбадағы асықтардың ішінен қызыл асықты табу алгоритмінің блок-сызбасын құрыңдар

ІІІ деңгей тапсырмалары

1.      Описание: C:\Users\IMMO\Desktop\images (2).jpg“Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.” Алгоритмнің қай түріне жатады?

 

 

 

2. Сергіту сәті. (логикалық сұрақтарға жауап беру) 
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? 
(4) 
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 
(3 стакан) 
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? 
(15км/сағ) 
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? 
(жоғары) 
5. Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 
(шырпы) 
6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? 
(8) 

V. Сабақты бекіту.

3 топ оқушылары топтарының аты бойынша алгоритмнің үш түріне постер қорғайды(онда алгоритм түрлерінің ережесі және мысал келтірілген болу керек)

 

VІ. Сабақты қорытындылау

«Сенемін, сенбеймін» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау.Оқушыларға бір-бір кестеден таратып береді. Кестедегі тұжырымға сенетін болса, яғни тұжырым дұрыс болса «+» таңбасын, тұжырым қате болса «-» таңбасын қоюды ескертеді.

 

Тұжырымдар

«+» -сенемін,

«-» сенбеймін

1.       

Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.

 

2.       

Алгоритмнің 3 түрі бар

 

3.       

Кез келген алгоритм «басы» деген бұйрықпен бітеді.

 

4.       

Алгоритмнің тізбектеле орныдалуын циклдік алгоритм деп атайды.

 

5.       

Блок-сызбада әр іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады.

 

6.       

Алгоритм дыбыстық формада беріледі.

 

7.       

Блок-сызбада шарт ромб тәріздес фигурада беріледі

 

 

VІI. Рефлексия

 

VІIІ. Үйге тапсырма: §10-11.Алгоритм типтері. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

 

IХ. Оқушыларды бағалау: Топ басшылары өзінің тобының мүшелерін бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алгоритм типтері. Algorithm tiptur"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 403 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.12.2016 785
    • DOCX 1.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айсаева Гузель Турдахуновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айсаева Гузель Турдахуновна
    Айсаева Гузель Турдахуновна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9736
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе