Инфоурок / Информатика / Конспекты / Алгоритм және оның атқарушысы
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Алгоритм және оның атқарушысы

библиотека
материалов



Сыныбы: 6 а Күні: 24.10.2015ж

Сабақ тақырыбы: «Алгоритм және оның атқарушылары».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алгоритм түсінігі мен оны орындаушылар туралы негізгі түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Интерактивті тақта, кестелер, бейне материал.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет, математика

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • оқушыларды түгендеу;

  • топқа бөлу

  • сабақты бастауға жағдай жасау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.«Лото»ойыны(сұрақ-жауап)

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

Бейне материал.

ІV.Сабақты бекіту

Оқулықпен жұмыс

Шығармашылық тапсырма

V. Қорытындылау

Тест тапсырмасы

VІ Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

Топтың ережесі

1.Бір-бірімізді тыңдаймыз.

2.Уақытты үнемдейміз

3.Топ мүшелерінің пікірімен санасамыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.«Лото»ойыны(сұрақ-жауап)

1. Ақпарат дегеніміз не,ақпаратпен не істей аламыз? Латынның «түсіндіру, баяндау,мәлімет деген мағынаны береді.ақпаратты сақтаймыз,өңдейміз,жеткіземіз

2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? Бит

3. Бірінші есептеу машинасын кім ойлап шығарды? 1642 жылы Блез Паскаль

4. Алғашқы есептеу құрылғысы? Саусақ, түйіншектер

5. Компьютерлік вирус дегеніміз не? Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа

6. Файлдарды мұрағаттау деген не? Оларды бір мезгілде сыға отырып, бір файлға қою

7. 1946ж. ЭЕМ-нің жұмыс атқару принціпі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым ...

Американ математигі Джон Фон Нейман

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бейне материал

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Туғаннан бастап баланы тәрбиелеу, оларды әртүрлi ережелердi сақтауды, ертеңгiсiн жуыну, киiну, шешiну, тамақ iшу, сабаққа бару, жолдан өту .т.б. меңгерудi және қатаң орындауды талап етемiз. Одан әрi бала-бақшада және мектепте тәрбиеленудiң күн тәртiбi болады. Оларды оқыту белгiлi ретпен өтедi. Ал барлық мүмкiн болатын ойындар ереже бойынша ұйымдастырылады. Демек кез-келген iс-әрекеттер анықталған жарлық бойынша жүзеге асады, яғни анықталған алгоритм бойынша орындалады.

Адам жас кезiнен бастап күнделiктi өмiрде алгоритмдi меңгередi және орындайды. Яғни, алгоритм дегеніміз – жеке қадамдардан тұратын, реттелген нұсқаулар тізбегі

Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.

Атқарушы түсінігі

Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот және т.б. орындайды.

Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.

Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз.

Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және дұрыс болады.

Алгоритм дегеніміз іc-әрекеттің рет-ретімен орындалуы.
Алгоритмдегі кез келген іс-әрекет б ұ й р ы қ деп аталады.
Алгоритмді жүзеге асырушыны о р ы н д а у ш ы деп атаймыз.

Алгоритмнің негізгі қасиеттері :

  • Түсініктілік – алгоритмді атқарушысы оны қалай орындайтынын білуі керек.

  • Дискреттілік– алгоритм нақты әректтерден тұрады, келесі қадамы белгілі тәртіппен жүзеге асады.

  • Анықтылық – алгоритмнің әрбір ережесі анық , мағыналы болу керек.

  • Нәтижелілік – орындалатын қадамдардың соңында алгоритм нәтижеге жетуі керек.

  • Жалпылық – қандай да алгоритмді түрлі бастапқы мәліметтермен бірнеше рет қолдануға болады.

Мысалы: Студент болу үшін:
1. Мектепті тәмәмдау
2. ҰБТ-дан өту
3. Құжаттарды тиісті жерге өткізу
4. Конкурстан өту
5. Таңдаған мамандығы бойынша оқиты

жоғарғы оқу орнын анықтау

Бұйрық номері

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Қаламды ал

Қалам қолда тұр

2

«Ана» сөзін жаз

«Ана» сөзі жазылды

3

Қаламды орнына қой

Қалам үстелге қойылды

4

Соңы

Алгоритм орындалды

ІV. Жаңа сабақты бекіту.


1.Оқулықпен жұмыс

Тапсырма № 5
«Ағаш отырғызу» алгоритмін құрыңдар

Тапсырма № 6
«Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.


Бұйрық номері

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Көк қарындашты ал


2

Шардың суретін сал


3

Шарды боя


4

Қарындашты орнына қой


5

Соңы




3. Эссе «Болашақтың компьютері»

V . Қорытындылау

Тест тапсырмалары

1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?

А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан

Б) Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан

В) әл-Фараби атының латынша айтылуынан

2. Алгоритм дегеніміз не?

А) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар

Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым

В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау

3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет

А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі

Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы

В) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы

4.Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер:

А) Жазу үстелі

В) Адам

С) Ыдыс жуатын машина

Д) Робот

5. Кез – келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер

А) Бітіру

В) Алгоритмдегі іс –әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық

С) Соңы

VI. Үйге тапсырма § 8 Алгоритм және оның атқарушылары

«Көшені қиып өту» алгоритм құрып келу

VIІ. Бағалау.


















Тапсырма № 6
«Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.


Бұйрық номері

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Көк қарындашты ал


2

Шардың суретін сал


3

Шарды боя


4

Қарындашты орнына қой


5

Соңы



Тапсырма № 6
«Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.


Бұйрық номері

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Көк қарындашты ал


2

Шардың суретін сал


3

Шарды боя


4

Қарындашты орнына қой


5

Соңы



Тапсырма № 6
«Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.


Бұйрық номері

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Көк қарындашты ал


2

Шардың суретін сал


3

Шарды боя


4

Қарындашты орнына қой


5

Соңы



Тапсырма № 6
«Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.


Бұйрық номері

Алгоритмнің бұйрығы

Бұйрықтың орындалу нәтижесі

1

Көк қарындашты ал


2

Шардың суретін сал


3

Шарды боя


4

Қарындашты орнына қой


5

Соңы






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-131585

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"