Алгоритмді жазу пішімі (6 сынып)

Предпросмотр материала:

Сабақ 10

Сынып: 6 «А»

Күні: 12.11.2014                                    

Пән: информатика

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді  жазу  пішімі, блок – схемалар.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: алгоритмнің  қасиеттерін, жазу ережелерін түсіндіріп, блок – сызбалармен таныстыру

Дамытушылық: ойлау, есте  сақтау қабілетін дамытып, өз бетімен  жұмыс жасауға  үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, жеке

Сабақтың түрі: аралас  сабақ

Көрнекілік: дербес компьютер,  оқулық, тапсырмалар.

 

Сабақтың барысы

1.          Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме балалар!  Кітап, дәптер, қаламсаптарымызды  дайындайық.

Бүгін сабақта кім жоқ?

2.          Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

Бүгінгі  сабағымызда алгоритмді  жазу  пішімдерімен, блок схемалармен  танысамыз

3.          Үй тапсырманы  тексеру

Үй тапсырмасын орындау  алгоритмі

1.   Басы

2.      Күнделікті аламыз

3.      Үйге берліген  тапсырманы  қараймыз

4.      Кітапты аламыз

5.      Бетін  ашамыз, тапсырманы табамыз

6.      Дәптерді  ашамыз

7.      Тапсырманы  орындаймыз

8.      Дәптер  кітапты  сумкаға саламыз

9.      Бітті

4.          Жаңа  сабақ

Алгоритмді  әр  түрлі  формада  ұсынуға   болады. Алгоритмнің  жазылу  формалары  көбіне  орындаушыға  тәуелді  болады.

Алгоритмдер  мынадай  формалармен  ұсынылады:

·         Сөздік  формада

·         Графикалық

·         Алгоритмдік  тілде

·         Программалау  тілінде.

Сіздер  орындаған  үй тапсырмаларың  қандай  формада  болды?

Алгоритмді  ыңғайлы  түсіну  үшін  графикалық  әдіс  қолданылады. Оны блок – сызба  деп атайды.

   Блок  сызбада  әр  іс – әрекет  фигуралардың  көмегімен  сипатталады. Алгоритмнің  басы  және  соңы  сопақша  шеңбермен (эллипс) сипатталады. Іс – әрекет  төртбұрышқа  жазылады. Блок – сызбадағы  барлық  элементтер  бір – бірімен  нұсқармен (стрелка) байланысады, ол  алгоритмнің  орындалу  бағытын  көрсетеді.  Енгізу  және шығару  мәліметтерді  параллелограммға  жазылады.

Екі санды  қосудың  блок – сызбасы

 

 

Басы ,а,в енгіз,С = а+в,С- ның нәтижесін есепте,соңы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


5.          Жаңа білімді  тиянақтау

Дәптермен  жұмыс

Алгоритмді  орындағанда  не болатынын  анықтаңдар.

Басы

Карындашты ал

Шаршылар  бойынша  диктант  жаз: 1Ж,1О,3Ж,2С,3Ж,2О,1Ж,1О,3Т,1Ж,1О,2Т,1С,4Т,2О,1Ж,1О,1Ж,5С,2Т,2С

Алынған  суретті  аяқта

Қарындашты  орнына  қой.

соңы

6.           Қорытындылау

Бүгінгі  сабақта  біздің  білгеніміз:

·         Алгоритм  формалары

·         Блок - сызбалар

5.     Үй тапсырмасы

Оқулықтан §9  оқу, 9 тапсырманы орындау

 

 

Краткое описание материала

Алгоритмді жазу пішімі (6 сынып)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Саймбетова Галия Муратовна

учитель

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 16075
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 16075
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Саймбетова Галия Муратовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~100

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: