Инфоурок Информатика Другие методич. материалыАлгоритмдеу және бағдарламалау негіздері пәнінен "Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиға өңдеушілер" тақырыбында сайыс сабақ

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері пәнінен "Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиға өңдеушілер" тақырыбында сайыс сабақ

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cайыс-сабақ

 

 

 

Пән: «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері»

Тақырыбы: «Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиға өңдеушілер»

Топ: 2 негізгі ВТ-2

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            .

                                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Ф.219

25. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)

 

Топ

Күні

2 нег. ВТ-2

09.11

 

 

 

 

 

 

Пән: Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

3 бөлім. Delphi-дің біріктірілген ортасы

Курс тақырыбы: 3.3 тақырып. Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиғаларды өңдеушілер

Сабақтың тақырыбы: Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиға өңдеушілер

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру

Сабақтың түрі: Дәріс, сайыс сабақ

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

БҚ 4. Әр түрлі ақпарат көзімен жұмысты ұйымдастыру – іздеу, өңдеу, сақтау және іске қосу;

БҚ 5. Жұмысты орындауда ең тиімді жолдарды таңдау, шешім қабылдауды ұжыммен бірлесе отырып шешу;

БҚ 7. Алға қойылған міндеттерді шешуде алгоритмдеудің ең тиімді жолдарын анықтау.

Кәсіптік  құзыреттілік

КҚ 1. Есепті шешу барысында мәліметтерді басқару, бағдарламаны машина тіліне аудару мен өңдеуді жүргізу;

КҚ 2. Барлық кезеңде (есептің қойылымынан ЭЕМ-да нәтиже алуға дейін) математикалық тәсілдер мен есептеуіш техниканы қолдану арқылы ғылым, техника, экономика және өндірістің әр түрлі салаларында міндеттерді шешу;

КҚ 4. Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін тұрғызу.

 

Сабақ мақсаттары

 

оқытушылық

Компоненттер, олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиға өңдеушілер туралы түсінік беру

тәрбиелік

Оқушылардың белсенділігін арттыру,  жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу

дамытушылық

Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

 

Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: 1.5.  Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері

Қамтамасыз етілетін

Пән: Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: № 3 Delphi ортасы

 

Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Тақта, бор

Таратпа материалдар

карточкалар

Оқытудың техникалық құралдары

ДК, Turbo Pascal 7.0

Әдебиет: негізгі

1.      Семакин И.Г., Шестаков А.П. «Основы программирования»

2.      Архангельский А.Я  Программирования в Delphi 7. М: ООО «Бином – Пресс». 2006 г

Қосымша

1.      Марченко А.И.  Марченко Л.А Программирование в среде Turbo Pascal. Киев: «Век». 1999г

2.       Каздаева Н.К. Боржим С.Л ., Бурмистрова Т.А Лабараторный практикум по Turbo Pascal. Часть 1,2., Алматы 2000 г

Сабақ мазмұны

 

 Эле-мент

Сабақ элементі,  қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

 

І. Кіріспе бөлім:

1)        Ұйымдастыру                                                   2 мин

ІІ. Негізгі бөлім:

2)  Үй тапсырмасын сұрау                                     25 мин

3)  Жаңа сабақ түсіндіру                                         20 мин

ІІІ. Қорытынды бөлім:

4)    Сабақты бекіту                                                 23 мин  

5)   Сабақты қорытындылау және бағалау           6 мин

6)   Үйге тапсырма беру                                 4 мин

 

1.

Ұйымдастыру (2 мин)

1)      Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

2)      Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

3)      Оқушылармен амандасу

4)      Оқушыларды түгендеу

5)      Сабақтың мақсатымен таныстыру

 

2.

Үй тапсырмасын сұрау (25 мин)

Конспектілерді тексеру және өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою

1.       жоба құрамы?

2.       жоба файлы? (Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен өңделетін бағдарлама)

3.       форма файлы?

4.       Модульдер? (бағдарламаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын бағдарламалық бірлік)

5.       ресурстар файлы?

6.       жоба параметрлері?

 

3.

Жаңа сабақ (20 мин)

Курс тақырыбы: 3.3 тақырып. Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиғаларды өңдеушілер

Сабақтың тақырыбы: Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиға өңдеушілер

    1. Компоненттер
    2. Олардың қасиеттері мен әдістері
    3. Оқиғалар, оқиға өңдеушілер

 

4.

Жаңа сабақты бекіту (23 мин)

Тәжірибелік жұмыс №1, №2

 

5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)

Сабаққа қатысулары мен үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалаймын.

 

6

Үйге тапсырма беру (4 мин)

1.      Бобровский С.И. «Delphi 7», 98-100 бет;

2.      Delphi ортасында қарапайым программа құру

 

 

 

Оқытушы __________ М.Е. Рахымжанова

 

 

 

 

 

Дәріс №25

 

Пән: Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: 3.3 тақырып. Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиғаларды өңдеушілер

Сабақтың тақырыбы: Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиға өңдеушілер

 

Сабақтың барысы

 

1. Ұйымдастыру бөлімі

-аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру;

-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

-сабақтың тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін баяндау.

 

2.Үй тапсырмасын сұрау:

 

Балалар, үй жұмысын сұрау сайыс түрінде өтеді. Топ екі командаға бөлінеді. Сайысымыз екі кезеңнен тұрады. Ал сайыстын кезеңдерімен таңысайық.

 

Сайыс кезеңдері:

1. Тапқырлар

2. Білімділер

 

 

1-кезең. ”Тапқырлар”. Бұл бөлімде сайыскерлер жылдам ия, жоқ деген сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

 

1-топ сұрақтары:

  1. Паскаль тілінде «Ctrl+F9» қос пернесі арқылы программаға компилияция жасалады. Ия
  2. Айнамалылар бөлімі «Begin» көмекші сөзімен басталады. Жоқ
  3. Тұрақтылар бөлімі басталатын көмекші сөз «Const». Ия
  4. «7» нақты сан. Жоқ
  5. Нақты тип «integer» идентификаторымен сипатталады. Жоқ
  6. Delphi – Windows ож-де жұмыс істеуге бағытталған бағддарлама құру ортасы. Ия
  7. Модульдер – бағдарламаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын бағдарламалық бірлік. Ия
  8. {$R*.RES} жолы түсініктеме емес, ол компиляторға берілген нұсқау болып табылады. Ия
  9. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Ия
  10. Initialize әдісі арқылы бағдарлама Windows-тің басқаруымен әртүрлі көмекші жұмыстарды орындайды. Ия

 

2-топ сұрақтары:

  1. Паскаль тілінде «Ctrl+F5» қос пернесі арқылы программаға компилияция жасалады. Жоқ
  2. Тұрақтылар бөлімі басталатын көмекші сөз «Var». Жоқ
  3. «1,2» нақты сан. Ия
  4. Нақты тип «Char» идентификаторымен сипатталады. Жоқ
  5. «Writeln» мәтінді экранға шығару операторы. Ия
  6. Конструктор объектіні құру және оны инициализациялау үшін тағайындалған. Ия
  7. Бағдарлама Program сөзімен басталып, Еnd сөзінен кейін қойылған үтірмен аяқталады. Жоқ
  8. Модуль тақырыбы Unit сөзінен басталады, содан соң модуль атауы және нүктелі үтір тұралы. Ия
  9. Класс деп объектілерді құрудағы қолданылатын үлгілерді айтады, ал объект сол үлгінің туындысы болып табылады. Ия
  10. CreatForm әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ия

 

3-кезең. Білімділер.  Бұл кезеңде екі топ тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Өздеріңіз көріп тұрғандай сұрақтар үш тақырып бойынша бөлінген. Бұл осы уақытқа дейін оқушыларымыздың танысқан тарауларының тақырыбы. Сұраққа жауап беруді ұпай саны жоғары топ бастайды. Сұраққа дұрыс жауап бермеген жағдайда өзге топтың мүшесі жауап беруге болады және ұпай сол топқа жазылады.

 

1.      Бағдарламалау негіздері. Delphi –дің консольдік режимінде жұмыс тақырыбы бойынша сұрақтар:

Сұрақтар

Жауаптар

Ұпай саны

1

Қолданушыға түсінікті тілде жазылған, қойылған мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер тізбегі

Алгоритм

10

2

Алгоритмдердің базалық құрылымдары:

Сызықтық, тармақталған, циклдік

20

3

Мәтінді енгізу-шығару операторлары

Write

Read

30

4

Шартты оператор көмекші сөздері

If then else

40

 

 2. Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері (ОББ) бойынша сұрақтар:

Сұрақтар

Жауаптар

Ұпай саны

1

ОББ қасиеттері:

Инкапсуляция, мұра, полиморфизм

10

2

Қасиеттер, әдістер және оқиғалар жиыны

Объект

20

3

Бұл принципте белгілі бір объектіден келесі бір объект туындап, туынды объект бастапқы объектінің барлық қасиеттеріне ие болады

Мұрагерлік принципі

30

4

Объектіні құру және жою әдісі?

Конструктор

Деструктор

40

 

3. Delphi-дің біріктірілген ортасы бойынша сұрақтар:

Сұрақтар

Жауаптар

Ұпай саны

1

Delphi-дегі бағдарлама қандай тілде жазылады

Object Pascal

10

2

Delphi-де бағдарлама қандай сөзден басталып, қандай сөзбен аяқталады?

Program - End.

20

3

Delphi-де қандай таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады?

(* *), //, {}

30

4

Модуль тақырыбы неден тұрады?

Unit сөзінен басталады және модуль атауы, нүктелі үтір тұрады.

40

 

 

3.Жаңа сабақ түсіндіру

 

Жоспар:

1.     Компоненттер

2.     Олардың қасиеттері мен әдістері

3.     Оқиғалар, оқиға өңдеушілер

 

Компонент – бұл белгілі бір қасиеті бар және программистпен форма терезесіне орналастырылатын функционалды элемент.

Қосымшаны құру процесі қажетті компоненттерді таңдауға және баптауға негізделеді.

Компоненттер Компоненттер палитрасында орналасады, бұл компоненттер витринасы болып табылады және өздерінің белгілері бойынша топтарға жинақталған.

Компоненттер визуальды, қосымшаның жұмысы кезінде көрінетін және визуальды емес, белгілі бір қызметші функцияларды орындайтын болуы мүмкін. Визуальды компоненттер жобалау процесінде экранда сіз қойған күйде, қосымшаны орындауға жіберу кезінде пайдаланушыға көрініп тұрады. Визуальды емес компоненттер жобалау процесінде формада значоктар түрінде көрініп тұрады, бірақ пайдаланушы орындауға жіберу кезінде олар көрінбейді.

Компоненттер атауы

Формада әрбір компоненттің әмбебап аты болуы керек, сондықтан Delphi компоненттер атаулары үшін кейбір ережелерді пайдаланады және оларға реттік номерлер береді. Мысалы, егер формада үш кнопка пайдаланылса, онда Delphi оларға рет бойынша Button1, Button2, Button3 атауларын береді. Формаға қойылған компоненттер атауларын өзгертіп, оларға мәнділік беруге болады.

Компоненттерді редактрлеу

Компоненттерді редактрлеу командалары Edit менюінде орналасқан. Мысалы, Copy, Cut және т.б.

Компонентпен операция орындау алдында ол белсенді (ерекшеленген) болуы керек. Бірнеше компоненттерді ерекшелеу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып және тышқанмен шерту керек.

Компоненттер қасиеті

Әрбір компоненттің белгілі бір қасиеті болады. Қасиеттердің мәнін Объекттер инспекторы арқылы қолмен (тышқан көмегімен) беруге, сонымен қатар программаның орындалу барысында анықтауға болады.

Программаның орындалу барысында компоненттер қасиеттеріне мәндер беру

Компонент қасиетіне қатынасу программада былайша жүреді:

Label1.CaptionLabell компонентінің Caption қасиетіне қатынасуы

Edit1.TextEdit1 компонентінің Text қасиетіне қатынасуы.

және т.с.с.

Программаның жұмыс істеуі барысында компоненттер қасиеттеріне мән беру үшін мәндерді меншіктеу операторы пайдаланылады.

Мысалы:

1. Формаға қызыл түс береді

Form1.Color:=clRed;

2. Кнопка енін 70 пт қояды

Button1.Width:=70;

3. Меткада (этикеткада) 'Привет!' фразасын шығару

Label1.Caption:='Привет!';

 

Компонеттердің көбі әр түрлі және әртүрлі есептерді орындау үшін қажет болғандығына қарамастан, олардың көбінің бірдей қасиеті бар. Төменде көптеген компоненттерде кездесетін қасиеттер сипатталған.

Оқиға және оқиғаны өңдеуіш

Оқиға программалардың компьютердің аппараттық қамтамасымен әрекеттесуі нәтижесінде операциялық жүйемен генерацияланады. Windows оқиғалар туралы мәліметтерді орындалатын программаларға берілетін хабарлардың үлкен санын құрайды. Оқиға компонентке тышқанмен шерту, пернетақта клавишасын басу және т.с.с. болуы мүмкін.

 

Delphi-де оқиғаға реакция оқиға өңдеуіш деп аталатын оны өңдеу процедурасы сияқты өңдіріледі. Демек, программист міндеті қажет оқиға өңдеуіштер жазудан тұрады. 

Оқиға өңдеуіш құру үшін келесі команданы орындау қажет:

1.     Оқиға өңдеуіш құрылатын компонентті белсенді ету керек.

2.     Объекттер инспекторы терезесінде Events вкладкасына көшу.

3.     Қажет оқиға атауының оң жағына (бос өрісте) екі рет шерту керек.

 

Нәтижесінде программаның Код редакторы терезесі процедура макетімен – оқиға өңдеуішпен ашылады. Delphi автоматты түрде өңдеуішке екі бөліктен тұратын атау меншіктейді. Бірінші бөлігі оқиға өңдеуіші құрылатын компоненттен тұратын форма анықталады. Атаудың екінші бөлігін компоненттің өзі және оқиға анықтайды.

Мысалы, егер кнопка бойынша (Button1) «тышқанмен шерту» оқиға өңдеуіші құрылса, онда процедура атауы келесідей болады: TForm1.Button1Click.

 

4.Жаңа сабақты бекіту

Практикалық жұмыс  № 1

«Салемдесу»

 Жұмыстың мақсаты – келесі әрекеттерді орындайтын программа құру.

  1. Программаны жүктегеннен кейін «Салемдесу» батырмасын басқанда «Алғашқы жетістіктер» хабарламасы шығады.

1-сурет

 

  1. Программадан шығу үшін «Шығу» батырмасын басу керек.

 Программаны құрастыру жоспары:

1.   Жаңа жобаны ашу.

2.   Формаға Label және 2 Button батырмаларын қою.

3.   Келесі әрекеттерді орындау:

Таблица 2.

Белгіленген объект

Терезе вкладкасы

Object Inspector

Қасиет аты/

Қасиет аты

Әрекет

Form1

Properties

Caption

Форма атын беру «Жоба

Label1

Properties

Caption

Мәтінді енгізу «Алғашқы жетістіктер»

Button1

Properties

Caption

Батырма атын беру «Салемдесу»

Events

OnClick

Label1.Caption:=’Алғашқы жетістіктер

Button2

Properties

Caption

Батырма атын беру «Шығу»

Events

OnClick

Close;

 

4.  Жобаны сақтаңыз, жүктеп оның жұмысын тексеріңіз.

Өздік жұмыс

1. Шығарылған мәтіннің «Алғашқы жетістіктер» шрифттінің түсі, өлшемі және стандартты көрінісін жақсарту.

Көмек. Object Inspector-ден Font қасиетінің сол жағынан екі рет шерту.

2. «Шығу» батырмасының түрін тартымдырақ қылу.

Көмек. Батырманы басқасына ауыстыру ол үшін ағымдағаны жойып  BitBtn батырмасын қолдану, оны компоненттер палитрасындағы Additional вкладкасынан іздеу. Сонан кейін оның түрін Kind қасиетінен өзгерту.

3. «Салемдесу» батырмасын басқаннан кейін экранда «Алғашқы және соңғы да емес» мәтіні шығу керек.

Көмек. Labell белгісінің Caption қасиетіннен, ал Buttonl OnClick әрекетінен өзгерті.

Программа листингісі

unit Unitl;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs, StdCtrls, Buttons;

type

TForral = class(TForm)

Labell: TLabel;

Buttonl: TButton;

BitBtnl: TBitBtn;

procedure ButtonlClick(Sender: TObject);

private

{Private declarations }

public

{Public declarations }

end;

 var

Forml: TFonnl;

implementation

{$R *.DFM)

procedure TForml.ButtonlClick(Sender: TObject);

begin

Label1.Caption:=Алғашқыда соңғыда емес!';

end;

end.

 

Практикалық жұмыс  № 2

«Кездейсоқ таңдау»

 

Жұмыстың мақсаты – келесі әрекеттерді орындайтын программа құру:

1.      Программаны жүктегеннен кейін «Кубикті лақтыр» мәтіні шығады.

2-сурет

2.       «Кубикті лақтыр» батырмасын басқаннан кейін 0-6 диапазонында берілген ұпай-сан туралы хабарлама шығада.

3-сурет

3.      Программадан шығу үшін тақырып жолындағы жабу батырмасын басу керек.

Программаны құрастыру жоспары:

1.   Жаңа жобаны ашу.

2.   Формаға Label және  Button батырмаларын қою.

3.   Келесі әрекеттерді орындау:

*Таблица 3.

Белгіленген объект

Терезе вкладкасы

Object Inspector

Қасиет аты/

Қасиет аты

Әрекет

Form1

Properties

Caption

Форма атын беру «Кубикті лақтыру»

Label1

Properties

Caption

Мәтінді енгізу «Кубикті лақтыр»

Button1

Properties

Caption

Батырма атын беру «Кубикті лақтыру»

Events

OnClick

Label1.Caption:= IntToStr(n);

 

4.  Жобаны сақтаңыз, жүктеп оның жұмысын тексеріңіз.

Программа үзіндісі

procedure TForml.ButtonlClick(Sender: TObject);

var n: Integer;

begin

n := random (6) + 1 ;

Label1.Caption := IntToStr (n) ;

end;

end.

 

  1. Қабырғаның сандық мәнін көрсететін функциясын құру.

Function Kubic (Sides:Integer): Integer;

   Begin

       If   Sides >= 1 then

begin 

   Result := random (Sides) +1 ;

end

                               else

begin

 Result :=0;

end;

   End;

 

 

5.Сабақты қорытындылау және бағалау
 

   Оқушылар,  бүгінгі сабағымызды қорытындылай келсек біз «Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиға өңдеушілер» туралы түсінік алдық. Сабақтын алдында қойылған мақсатқа жеттік. Сабақты қорытындылай келе жалпы топ оқушыларының бүгінгі сабаққа дайындығы және сабаққа қатысқанын және де сайысқа қатысқандарына айта кетем. Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықтаймын. Жеңімпаз команда оқушыларын  құттықтаймын!

 

               Сабаққа қатысулары бойынша бағалаймын.
 

6.Үйге тапсырма беру:

1.Бобровский С.И. «Delphi 7», 98-100 бет;

       2.Delphi ортасында қарапайым программа құру

 

 

 

 

Оқытушы:                 М.Е. Рахымжанова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері пәнінен "Компоненттер. Олардың қасиеттері мен әдістері. Оқиғалар, оқиға өңдеушілер" тақырыбында сайыс сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 3724
    • DOCX 382 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахымжанова Мөлдір Ержанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахымжанова Мөлдір Ержанқызы
    Рахымжанова Мөлдір Ержанқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52479
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 619 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 956 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 297 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе