Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Презентации / Алихан Бөкейханов жайлы презентация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Алихан Бөкейханов жайлы презентация

библиотека
материалов

Аннотация

Әлихан Бөкейхановтың ғылыми жұмыстары келешек ұрпаққа үлгі. Біртуар ғұлама атамыздың өмір жолы мен еңбектері өскелең ұрпақтың ұлтжанды, көреген болып өсуіне септігін тигізсе нұр үстіне нұр болар еді.

Мұғалімі:Арынтаева Д.Ө.

«Дүбірлі дәуір жаршысы»

Дауренбай А.А.

«№23ЖББОМ»КММ 6-сынып оқушысы


Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.

Әлихан Бөкейханов 1870 жылы 5 наурызда бұрынғы Семей, Қарқаралы уезінде, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келді. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын байқап, қаладағы үш сыныптық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Кейін он алты жасында Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданып, төрт жыл бойы үздік оқиды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қатыса отырып, студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына араласып, студенттік толқуларға қатысады. Әлихан Бөкейхановтың өнердегі інісі Сұлтанмахмұт Торайғыров ол жайлы өлең жолдарын жазған:

Әлихан әрқашда қазақтың жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек. 1927 жылдың 1 қазанынан бастап Әлихан Бөкейханов Мәскеуде органдардың бақылау астында тұруға тиіс болды. Содан Мәскеуде қызмет ету мүмкін болмағандықтан 1904 жылы Қазақстанға қайтып қоныс аударды. 1928 жылы Ә.Бөкейханов Алматыда ҚазМУ-да сабақ береді.

Оның ғылими еңбектеріне келетін болсақ.19 ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқутышылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 жылы көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс жағрапиялық қоғамы Батыс – Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Әлихан «Россия. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қоса қоғамдық – әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды. 1911 – 1914 жылдары Әлихан Бөкейханов «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің » 4 – 21 томдарына автор ретінде қатысады. Жалпы айтқанда ол – ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі пблицист ретінде қазақ халқына саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. 1919 жылы болшевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін ол қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнаған. 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартқан. Оның зор бедерінен қорыққан большевиктер Ә.Бөкейханов Қазақстанға жолатпады. Кейін ол он жыл үй қамауында отырып. 1937 жылы қайтадан тұтқындалды.Өтірік жала жабылып, 67 жасында Мәскеу қаласы Бутырская түрмесінде ату жазасына кесілген. Әлихан Алаштың шын көсемі болды және болашақ ұлт көсемдеріміздің тұлғалық үлгісі һәм кісілік бейнесінің өлшемі келбетімен Алашпен бірге мәңгі жасай бермек.

Алаш мемлекеттігі Әлиханмен басталады. Алаш мемлекеті мен халқы гүлденген сайын Әлиханның жарқын бейнесі тіптен жарқырай бермек. Әлиханды туған Алаш халқы Алаш мұратын жүзеге асыруды әсте тоқтатпақ емес.

Гүлден Қазақ, гүлденӘуелі болғың, Азат!


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан, ұлттық энциклопедиясы, 4 том

  2. «Жазушы» Баспасы 1976 ж.

  3. «Қазақ Әдебиеті» газеті 4 маусым, 1996 жыл. 10-бет


Автор
Дата добавления 28.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров3251
Номер материала ДВ-205060
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх