"АЛҒЫРЛАР МЕН ТАПҚЫРЛАР" логикалық сайыс

Предпросмотр материала:

«Алғырлар мен тапқырлар» сайысы

МАҚСАТЫ:      

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, математикалық есеп, мысал шығара отырып, қызығушылығын арттыру

МІНДЕТІ:

Білімділік   Оқушылардың логикалық қызығушылығын арттыру,

                   сөздік қорын молайту.

Дамытушылық    Шапшаңдыққа, алғырлыққа, білімділікке және

                   оқушылардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік   Оқушыларды сауаттылыққа, ұжымдасып жұмыс істеуге,

                   ұлттық салт-санасын қалыптастыра отырып, патриот

                   болуға, ұлттық дәстүрді құрметтей білуге тәрбилелеу

І. Сәлемдесу   рәсімі

Ребусты шеш

ҚАЗЫНА

І қазына - Алғыр тазы

Тазы – иттің бір тұқымы. Ол өте алғыр,әрі сақ ит. Тазы итпен ата-бабаларымыз аң аулаған,

қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамды, сонымен бірге үй, малды күзетеді.   

Тазының тапсырмасы: ЖҰМБАҚ

1, Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жаңы ақ, бір жағы қара

ІІ қазына - Жүйрік ат

“Ер қанаты - ат” деген сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған, жылқының  етін жеп, сүтінен қымыз ішіп, терісін пайдаланған. Тұтқиылдан жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген

ТАЙБҰРЫЛ сөзінен сөз шығару

ІІІ қазына - Берен мылтық

Ертеде ата-бабаларымыздың әр үйінде найза, қылыш, айбалта, мылтық болған. Мылтықты аң аулауға пайдаланған. Жаугершілік заманда дұшпагдарын мылтықпен жайратқан.    

Ойлан тап

Амалды орындай отырып, жасырын сөздерді тап.

СУ + Е – У + МАЕ – А + Й =

МЕЙ + КУ + ЕТЕ – Й –УЕ +П =

ҚА + ЛА + АТ – АТ + М + СА +П=

КАІ –А+ ТА +П =  семей, мектеп қаламсап, кітап

ІV қазына - Ер жігіт

“Ер – ел қорғаны”  дейді дана халқымыз. Мына кең байтақ жерімізді, өзен-көл, орман-тоғай жерімізді, көгілдір аспанымыздың ашық болуы үшін өз жанын аямаған қаншама ерлеріміз бар десеңші.     

Есепте         Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда әр қапта неше кг картоп болуы тиіс?

V қазына - Сұлу әйел.

 Әйел ана, әйел жар, апа, қарындас. Ағаларымыз “сұлу әйел” дегенде көркі ғана емес, ажарына ақыл-парасатына сай, мінезге бай ананы айтады. Әрбір ана отбасының ұйытқысы, ырыс берекесі.     

VІ қазына - Қыран бүркіт

Ана шеті мен мына шетіне көз жеткізіс кең дала, көгілдір тауларды мекен еткен қазақ халқының ішінде қыран бүркіт ұстаған саяткерлер де мол болған. Қыран бүркітті балапан кезінен баулып, қанаты қатайғанда қасқыр, түлкіге салған. Ал қасқыр, тұлкінің терісінен тымақ, ішік жасап киген.

VІІ қазына - Ілім-білім

Адам баласы әрқашан ілім-білімге ұмтылып келеді. Тек білім, оқудың арқасында ғана осы жетістіктерге келіп отырмыз. 

Әділқазылар алқасына сөз береміз!

Назарларыңызға  рахмет!

 

Краткое описание материала

"АЛҒЫРЛАР МЕН ТАПҚЫРЛАР" логикалық сайыс

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Баешова Айгуль Кабденовна

бастауыш сынып мұғалімі

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 147585
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 28
  • 147585
    просмотров
  • 28
    материалов
  • 1
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Баешова Айгуль Кабденовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~260

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: