Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Алғысым айтар көп менің..."

"Алғысым айтар көп менің..."

Скачать материал

ФАНФАР

 

Әлем:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Арай:

Үйретіп әріп сырын төзім бердің,
Тәрбиеңді дарыған өзім көрдім.
Еңбегің зейнет болсын, асыл ұстаз,
Қазіргінің батыры өзің дермін.

Әлем:

Білім – бұлақ бастауын сенен алдым,
Білмегенді үйретіп демеп алдың.
Мерекең құтты болсын, мерейлі ұстаз,
Қадаған тамыры терең терек – талдың.

 

Арай:

Саф алтыннан мүсіндеуге лайықты,
Ұлағатты, ұстам биік, ұстазым.
Ескегі боп көмектесер қайықтың,
Жарқын жүрек, алтын тірек, ұстазым.

 

Әлем: Армысыздар, қадірменді ұстаздар!

Арай:  Бармысыздар, білім нәрімен сусындатқан ардақты жандар!

 

Әлем: Міне, жылдағы игі дәстүрмен қазанның алғашқы демалысында ұстаз деген ұлы кәсіптің барша иелерінің төл мерекесі де келді. Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!

Арай: Құрметті ұстаз қауымы! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз

 

Әлем: "Ұстаздық ету жай ғана кәсіп емес. Бұл әркімге бұйыра бермейтін ұлы өнер." Бұл ұстаздар қауымын қашанда алақанда аялайтын, қамқорлығын аямайтын біздің елбасымыздың сөзі. Осындай қолдаудың арқасында еліміздің мұғалімдері де ұрпақ тәрбиесіне еселі еңбегін аяған емес.

Арай: Ендеше осынау ұлы мамандықты кәсіп еткен ардақты ұстаздарымызға арналған "Алғысым айтар көп менің..." атты мерекелік кешімізді сіздерге арнаймыз.

 

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Арай: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Әлем: Иә, Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Арай: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін сөз мектеп директоры Нәйлә Кеңесқызына жолданады.

 

 

Әлем: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

Арай: Дұрыс айтасың, Әлем. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.


Әлем: 1. Ендеше мерекелік кешіміздің шымылдығын ашу үшін ортаға "Наз" бишілер тобының өнерін тамашалаңыздар.

 

Әлем: Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

 

Арай: 2. Бейімбетқызы Асылжанның орындауында "Оқуда озат боламын" әнімен қабыл алыңыздар.

 

 

Арай:  «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Әлем, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.
Әлем: Олай ойлауыңның себебі неде?

Арай:  Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.
Әлем: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Арай: Әлем, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
Әлем: Дұрыс айтасың. Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

Арай:  Ендеше ұстаздық жолда еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымызды құттықтау үшін сөз кәсіподақ ұйымының басшысы Нұрболат Тағанқожаұлына жолдаймыз.

 

Әлем: Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.


Арай: Әлем, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

3. Зинетуллин Есболдың орындауында "Ата-ана" әнін қабыл алыңыздар.

 

Арай: Мейірімді, ұлағатты, ғазиз, ақылды, лайықты, іскер мамандар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

 

Әлем: Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

4. Негізгі сыныптардан құрылған "Есті тентектер" көңілді тапқыштар клубының өнерін тамашалаңыздар.

 

Әлем:

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?! 

5. "Туған жер" әнімен Маратова Раушанды қарсы алыңыздар.

Арай:

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!
6. "Үнді" биі. 10 "в" сыныбының өнерін тамашалаңыздар.

 

 

Арай:  

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай жақсы шын бақытын тапса адам

7. Жұмағазиева Самалдың орындауында "Мектебім" әнімен қарсы алыңыздар.

Әлем:

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

 

Ортаға 11-сынып түлектерінің құттықтауларын қабыл алыңыздар.

8. Ұстаздарға арнау. Оқитындар: Шапихова Данагүл, Шайхимова Ақмарал, Ермұратова Жаңылсын.

9. "Абай шәкірттері" көңілді тапқыштар клубы.

10. Ән "Ұстазым" орындайтын 11 "а" сынып оқушысы Нұрлығайынова Балнұр.

11. Келесі кезекте түлектердің жұптық биін тамашалаңыздар.

12. Ғапу Бекарыс "Ұстазым" әнімен.

Арай:

Ортамызда ең қадірлі қорғансыз,

Тар жолдардан қалт таймайтын тарлансыз,

Сіздің өмір - үлгі тұтар ұлағат,

Кейінгіге саялы ну ормансыз - дей келе мектебіміздің жас әншісі Зинетуллина Айнұрды "Ұстаздарға мың алғыс" әнімен ортаға шақырамыз.

 

Арай: Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар! Осымен ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымыз аяқталды!

 

Әлем: Елім дейтін шәкірттерімізге талмас талап беріп қанаттандырып отыратын ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Алғысым айтар көп менің...""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2015 1353
    • DOCX 52 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токаев Рустем Серикбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токаев Рустем Серикбаевич
    Токаев Рустем Серикбаевич
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40780
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов