Инфоурок / Химия / Конспекты / Алкендердің құрылысы,изомерленуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы

Алкендердің құрылысы,изомерленуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы

библиотека
материалов

Күнтізбелік сабақтың жоспары

Пәні: химия

Сынып 11

Сабақ 12-13

Сабақтың тақырыбы

Алкендер

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Циклоалкандар, құрылысы, изомерленуі мен атаулары,табиғатта таралуы, физикалық-химиялық қасиеттерін түсіндіру

Дамытушылық: Оқушылардың кітаппен жұмыс істеуі және есептер шығару арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың топпен жұмыс орындауын ұйымдатыру және бір бірінің ойларын тыңдауға, пікірлесуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу


Оқытудың негізгі идеялары

Бір қос байланыс

Этилен қатарының көмірсутектері

Изомерлену: көміртегі қанқасы , еселік байланыс орнына сәйкес

Оқыту нәтижелері

кейбір қанықпаған қосылыстар үшін геометриялық изомерияның ("Е-Z" не цис-транс-изомерия) болу мүмкіндігін және оны стереоизомерияның бір түрі деп түсіну Физикалық қасиеттерін айта алады

Басқа көмірсутектермен салыстыра отырып химиялық қасиетін сипаттау

кейбір өндірісітік маңызды қосылу реакцияларын білу


Пайдаланатын әдебиеттер

  1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырған 3-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2015. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7

  2. Артеменко А.И. Органическая химия.- М.: Высшая школа, 1999.

  3. Ким К. "Органическая химия". Новосибирск, 2000.


Материалдар мен жабдықтар

Интерактивті такта,электронды кітап,менделеев кестесі,видео тәжірибелер,презентация

Сабақтың барысы

Сабақты өкізу кезеңдері

Уақыт

45 минут


Үйымдастыру кезеңі

2 минут

- сәлемдесу, түгендеу;

- Сынып тазалығына көңіл бөлу;

-Сабақтың ұстанымы,жоспары таныстырылады.

Жаңа тақырыпты өту

28мин

Алкендер — молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n болатын қанықпаған көмірсутектер.

Алкендердің ең қарапайым өкілі — құрамында екі көміртек атомы бар — этилен С2Н4. Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталатындықтан, алкендер этилен қатарының көмірсутектері немесе олефиндер деп те аталады. Алкендерде көміртек атомдары sр2-гибридтенген күйде болады. Этилен молекуласындағы әр көміртек атомының бір s-және екі р-электрон орбитальдары гибридтенуге қатысады. Яғни, әр көміртек атомында үш гибридтенген электрон бұлты және бір гибридтенбеген р-электрон орбиталь болады. Үш гибридтенген орбитальдың екеуі сутек атомдарының s-электронбұлттарымен екі σ-байланыс, ал үшінші гибридтенген орбиталь екінші көміртек атомының осындай орбиталімен қаптасып тағы бір σ-байланыс барлығы бес σ-байланыс [бір sp2 — sp2 (С — С) және төрт sp2— s(С — Н)] түзеді. Гибридтенбеген р- электрон орбитальдары σ-байланыстар орналасқан жазықтыққа перпендикуляр орналасып, бір-бірімен жазықтықтың екі жағында (астында және үстінде) каптасып, екі π-электрондар арасында (С — С) бір π-байланыс түзеді. Яғни, этеннің молекуласындағы көміртек атомдары өзара бір σ-және бір π-байланыстар арқылы жалғасады. Қос байланыстың ұзындығы 0,134 нм, байланыс энергиясы 612 кДж/моль болады. π-байланыс σ-байланысқа қарағанда әлсіз болады да, реакцияға түскенде оңай үзіледі.

hello_html_4476b176.png

1. Этиленнің жануы

СH2=CH2 + 3O2 ––> 2CO2 + 2H2O


II. Қосылу реакциялары

2. Гидрлеу (+Н2)

СH2=CH2 + Н2 ––> СН3 – СН3


3. Галогендеу (+Cl2, +Br2, +I2)

СH2=CH2 + Br2 ––> СН2 – СН2 
                                    ¦         ¦
                                   Br       Br

Сапалық реакция

4. Гидраттау (+H2O)

СH2=CH2 + H2O ––> СН3 – СН2OH

Техникалық этил спиртін алу

III. Тотығу реакиялары

5 калий перманганат ерітіндісімен

реакция

СH2=CH2 + [O] + H2O ––> СН2 – СН2
                                                ¦         ¦
                                              OH     OH

Қос байланысқа сапалық реакция. Этиленгликоль алынады –антифриздың құрамына кіреді.

IV. полимерлену реакциялары

6. Этиленнің полимерленуі

n СH2=CH2  ––> (– СН2 – СН2 –)n 
      этилен              полиэтилен
      мономер              полимер

Полиэтилен



Сабақты бекіту

10минут

  1. 33,6 литр (қ.ж.) этиленді гидратациялағанда түзілетін этанолдың массасын табыңдар.

  2. Термохимиялық теңдеуі бойынша
    C2H4 + 3O2 → 2CO2 + 2H2O + 1400 кДж
    нәтижесінде 9100 кДж жылу бөлінсе, жанған этиленнің массасы

  3. Бұл газ полиэтилен өндірісінде кеңінен қолданылады. Осы белгісіз көмірсутектің 73,85% берілген. Осы заттың құрамындағы сутектің массалық үлесі 13,07%, құрамындағы ОН тобының пайызы 13,07% болатын СхНу табыңыздар, егер оның ауа бойынша тығыздығы 4,48 құраса.

  4. Саяжайдағы көкөністерді сақтау мақсатында Х газы қажет болды. Ол үшін массасы 56 кг этил спиртін дегидраттау қажет болды. Осы газды анықтаңыздар;.



Сабақты қорытындылау рефлексия

3минут

Бүгін сабақта нені білдік?Нені білетінбіз?Нені білгіміз келеді?

Үйге тапсырма беру

2минут

§2.6-2,7







Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-244471

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG