Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты

Сабақтың мақсаты:

1.Автор туралы мағлұмат ала отырып, шығарманың толық мазмұнын меңгерту, алған білімдерін

одан әрі ұштау;

2.Оқушылардың өз бетімен ізденушілік қабілетін арттыру, тұжырымды пікір айтуға үйрету, тіл

байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту;

3.Ұйымшылдықққа баулу, спорттың денсаулыққа пайдасын ұғындыру;

Сабақтың түрі: білімді бекіту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ-жауап, іздену

Көрнекілігі: Қ.Әбдіқадыров, Қажымұқан суреттері.

Пәнаралық байланыс: тарих, дене шынықтыру

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. “Ой қозғау” стратегиясы.
- Қалмақан Әбдіқадыров кім?

Бhello_html_5ee47fbc.gifhello_html_m3d58c7b9.gifала жанды ақын Аудармашы

hello_html_13b38de5.gifhello_html_1bd876f3.gif Азамат ақын hello_html_0.gif


-Оның қандай шығармасын өтіп жатырмыз?

-Бұл шығарма кім туралы айтылған?

hello_html_368d1544.gifhello_html_m4cd7f77.gif


2. “Қажымұқан” хикаятының “Қар күреген бала”, “Жаяу сүйреген шана” бөлімін тест тапсырмасы арқылы тексеру .

1.Қ.Әбдіқадыров қай жылы туып, қай жылы дұниеден өтті?

А) 1903-1964 Ә) 1901-1965 Б) 1902-1966 В) 1903-1967

2. Мұқан қанша пұттық май құйып қатырған кеспекті шанаға салып қойды?

А) 8 пұт Ә) 2пұт Б) 30 пұт В) 75 пұт

3. Қар күреп берген еңбегіне Қажымұқан қанша тиын алды?

А) 75 Ә) 8 Б) 30 В) 15

4. Мұқанның әкесінің аты кім?

А) Мұңайтпас Ернақов Ә) Мұңайтпас Ержанов

Б) Мұңайтпас Ерханов В) Мұңайтпас Ерманов

5. Масликов жалданған жалшыларына айына қанша сом төледі?

А) 50 тиын Ә) 15 тиын Б) 1 сом 80 тиын В) 1 сом 50 тиын

6. Масликовка Мұқанның қандай мінезі ұнаушы еді?

А) Тіл алғыштығы, тәртіптілігі ә) қара күші

б) Тоңмойындығы В) Аңқау, алаңғасарлығы

7. Бай Қыстаң көзі қырауда Мұқанды қайда жұмсады?

А) Қалаға Ә) Азық-түлікке Б) Жылқыға В) шөп әкелуге

7. Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді?

А) пар атпен Ә) өгіз шанамен Б) Жаяу сүйреп В) тастап кетті



3. “Зерделі сұрақ, ұтымды жауап”.

Ұлы Петердің қаласында”, “Парижде” бөлімі бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Татарша орама жағасы бар, мақталы ұзын шапан киген екеу келіп, тұманды боз қырау басқан есіктің қоңырау тетігін басып тұр...

- Келген екеу кім?

- Олар неге келді?

-Кім жіберген еді?

2. “ Қандай байланысы барын сізге жазған хатында айтқан болар. Алдымен сіз мына хатты оқыңыз,”-деп аласа бойлы татар қойнынан сия қарындашты жалай отырып, ірі әріппен сойдита жазылған хатты қолына берді.

- Хатта не жазылған деп ойлайсың?

3. “Күш байқаған кісі тышқан аулаған мысықтай, үндемей келіп бас сала ма екен?”

-Кімнің сөзі?

-Бұлай айтудың себебі неде?

4. ... Хат танымайтын Мұқанға балуандық өнердің ең ауырларын үйренуге тура келді.

-Мұқан үшін өнердің ең ауыры не еді?

-Ал ең жеңілі деп қандай өнерді айтар едіңдер?

5. “Ағын су көлге құймай дамылдай ма, мырзам. Мен сіздің мектепті бітірмей, мейрамды қайтем.”

-Кімнің сөзі?

  • Бұл сөзді Мұқан неліктен айтты деп ойлайсың?

6. “Жас балуанның жиырма төрті мектептің биылғы бағдарламасын бітіріп, тәжірибе жұмысына шыққалы отыр. Бірінші – Дубный, екінші - Мұңайтпасов”

-Мұқанның екінші тұру себебі неде?

-Осы тәжірибе сынында Мұқанның алғаш көрсеткен өнері?

7. Жасы отыздан асып, “енді елге қайтпасам болмас” деп жүргенде, Дубный Ригадан бір топ балуанмен келді.

  • Мұқан Дубныйға еріп қайда барады?

  • Өзге ел балуандарының қандай өнерлерін көрді?

8. “-Ертең Ресей балуандарының өнерін көресіздер,- деді цирк басқарушысы.”

  • Ресей балуандары қандай өнер көрсетті?

9. ...Басында айыр қалпағы бар, үстінде ала жібек шапан киіп, жалпылдақ жүнді айыр өркешті атанға мінген біреу шықты.

-Бұл кім еді?

-Ол қандай өнер көрсетті?

Әңгіме мазмұнын қорытындылау.

4. Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы қосымша деректер беру.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен

өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған.

28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты

ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды..

Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған

Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.

1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.

1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады.

1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп,

100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды.

Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.

Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.


5. Топтастыру.

-Балалар, бүгінгі оқылған әңгіме, берілген қосымша мәліметтерді оқи отырып, Қажымұқанды қандай, кім деуге болады?

hello_html_m377e1a0b.gifhello_html_f5eebd8.gifhello_html_m2e38c9f9.gifhello_html_m2df47aa7.gifhello_html_5789e2f7.gifhello_html_1bd876f3.gifhello_html_48f17892.gif


6. Шығарма құрлысына талдау.


Шығарма авторы:

Тақырыбы:

Идеясы:

Негізгі кейіпкері:

7. Көп бейнеттің зейнеті болады.

Бірде дастархандас болып отырған жерлесі:

  • Қажеке, сіздің арманыңыз жоқ шығар?-деген екен.

Сонда Қажымұқан:

-Армансыз адам болмайды. Мен сол армандыорындау үшін қанша әрекет етсем де, күш өнеріндегі биікке шыққан қандастарымызды көруді армандаймын,-депті.

- Қажымұқанның осы арманы орындалды ма?

-Өзінің күш өнеріндегі жолын қуған ізбасарлары кімдер?

-Олар туралы не білеміз?


hello_html_m77bf7c4.gifhello_html_m72fed004.gifhello_html_m120935c0.gif


- «Ауырып ем іздегенше

Ауырмайтын жол ізде»- деген мақалды қалай түсінесің?

-Өздерің спорттың қандай түрлерін ұнатасыңдар?

-Мектебімізде қандай спорттық үйірмелер бар?

-Кім қандай үйірмелерге қатысады?



hello_html_0.gifhello_html_71fc9861.gif




Үйге тапсырма

  1. Хикаятты толық оқу.

  2. “Қазақстандық спотршылар туралы не білеміз?” қосымша іздену.

Бағалау



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров281
Номер материала ДВ-503396
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх