Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Алматы - әсем қала"

"Алматы - әсем қала"

Скачать материал

«Алматы – әсем қала»

1.Жүргізуші: Ар ма, ағайын!!!

Қайырлы күн, қымбатты қауым.

2. Жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер,кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар.Сіздерді көктемнің алғашқы мерекемелерімен құттықтай отырып «Алматы –әсем қала» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!!!

1.Жүргізуші: Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңқа бөлеп тұрғандай.

Көңілің алатаудың шуақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай

 Қалайша аяулы ана ұмыта алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай

Ән:

2. Жүргізуші:

Адамзатты жарататын

-Әйел. Ұлтын көбейтетін

-Әйел.Ұрпақ ұлыстарын

-Әйел. Еркекті ер ететін

-Әйел.

Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі-әйел. Махабаттың осы нұры-әйел.Өмір деген алтын сарай елігінің күміс кілті-әйел.

Махабаты.

Ананың қадірлі онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі ән жолдарын ұсынайық.

Ән : Оразбек Гүлжан

1.     Жүргізуші:

Күн болмаса, кім ерітер мұздарды,

Ағашы жоқ таулар қандай ызғарлы

Жігіттерге жақсы сая болсын деп,

Әуелерден жаратыпты-ау қыздарды

дей отыра «Таңшуақ» би тобының өнерін тамашалаңдар.

Би:

2.     Жүргізуші:

Қыздардың арманы

Жігіттердің серісі

Мектепміздің мақтанышы

Жалғас Бектас Ойыннан кейін көрініс

1.     Жүргізуші:

Құлайын деп бара жатамқұлдырап

Көңілім жүдеп , көзім алды бұлдырап.

Сол кезде бір ән естимін жақыннан

Аққан бұлақө секілденген сылдырап

Ән:

2.     Жүргізуші:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарылдап

Ана деген бәйтерегі өмірден

Ана деген- алтын қазық алтын бақ.

1.     Жүргізуші:

Ару қала Алматыға 1918 ж.2 наурызда Кеңес Үкіметі орнады.1921ж ежелгі Алматы атауын алды.

2.     Жүргізуші:

Жақсы екен ғой Алматым

Алтын үйек астанам.

Осы екен ғой жаннатың

Атам қазақ аңсаған

Келдім сені сағынып,

Алтын ұям –Алматым

Ән:

1.     Жүргізуші:

Әсем үнмен мүсіндеп

Тербемекпін алматым,

Сұлу жырым үшін де

Мен  керекпін, Алматым!

Би:  «Таңшуақ» би тобы

2.     Жүргізуші:

Алматымыз астанасы қазақтың

Тұрамын мен сол қаланың өзінде

Рим де емес ол, Париж де емес мақтаулы,...

Тарихы: Екуза Оразбай

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан. 
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі. 
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген. 
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты. 
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.

Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған. 
Б.з.д. 7 ғ. - б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» - шамдар, құрбандық шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болды. 
Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала
мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң даму, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған. 
10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады - Алматы. 
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай. 
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті.. 
4 ақпан 1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады. 
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды. 
1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды. 
1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г.А. Калпаковский болды. 
Бірінші қала жоспарының авторы Н. Криштановский болды. Оның жоспары бойынша қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне қарай Алматы өзенінің маңайы 2 км.; батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары 4 парктер салынды. Жаңа қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке бөлінді. Бірінші мен екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал соңғылары қала сыртындағы үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды. 
Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің жанынан салынды (қазіргі 28-гвардейшы-панфиловшылар паркі). 
Бірінші қала архитекторы Г.Н. Серебряников болды (1839-1883). 
1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы сағат төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен кірпіштен қаланған үйлер қирады. 
1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады. 
Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда жасалатын шаралар жүргізу үшін профессор И.В. Мушкетов басқарған комиссия құрылды. 
Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе саманнан жасалынды. Қаланы қалпына келтіруде үлкен үлес қосқан инженер-архитектор А. П. Зенков болды. Ол бірінші болып жер сілкінісіне қарсы құрылыстың принциптерінің жоспарын жасады. 
1910 ж. жер сілкінісі осы жоспардың дұрыстығын нақтылады. Осы кезеңдегі қаланы көгертуге үлес қосқан ағайынды Эдуард және Отто Баумдар. 
1909 ж. «Россия Полное географическое описание нашего Отечества» атты жинағында Верный қаласы былай суреттелді: Верныйда Жетісу ауданының барлық мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, доңған, сарт, татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды. 
Қаланың екінші және соңғы архитекторы Поль Гурдэ (1846-1914), қала елтаңбасының авторы. 
1917 жылғы көтеріліс қала көркін өзгерткен жоқ. Ескі мекемелерде жаңа атаулар пайда болды. 
1917ж. наурызында әскери губернатор, қала басшысы, әскери басшы орнынан алынды. Уақытша үкімет өз комиссарларын Шкапский мен Тынышпаевты тағайындады. 
1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы комитет сайланды. Оның басшысы П.М. Виноградов болды. 
1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді». 
1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады. 
Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді. 
1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады. 
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырыда басталды. 
1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл екі ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1 мамырда Түркісіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді. 
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды. 
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті. 
1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған. 
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жж. арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді. 
Тұрғын үй және мектеп құрылысы, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелер құрылысына бірінші болып беріле бастады. 
Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді. 
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26 мың көшірілегендерді қабылдау үшін жер босатылды. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды. 
Тылдағы ерен еңбектері үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы жіне үш авиациялық полк құрылды. 
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды. 
«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне қарсы көп қабатты үйлер салу ұйғарылды. 
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді. Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы Сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, медеу спорттық кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу. 1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

1.     Жүргізуші:

Түнгі Алматы!

Сұлусың , әдемісің

Жымыңдайды төбеден ай мен түнің.

Жасыл бақ та сабырсыз тына қалған

Сәлем салып тұруға кәдемсің.

Ән:

2.     Жүргізуші:

Гүлдей болсын өміріңіз

Нұрға толсын көңіліңіз

Биік болып жұлдызыңыз

Көктем гүліндей құлпырыңыз

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін тәңіріңіз.

1.     Жүргізуші:

Анаңды сыйла ізетпен, жас жанын сен деп күзеткен, сан айналсаңда таппайсың мұндай ана жер –көктен!!! дей отырып «Халықаралық әйел -қыздар мерекесімен,Ару қала Алматынан» 1000 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

      Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет.

«Тексердім»

Д.Т.Ж.О:   Ы.Жаңабаева

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Алматы - әсем қала""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 093 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 1869
    • DOCX 24.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Астаева Камила Бегимхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Астаева Камила Бегимхановна
    Астаева Камила Бегимхановна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3055
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой