«Алтын қақпа» интеллектуалды ойын
(8-11 сыныптар арасында)
Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дамыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
Көрнекіліктер: Ақын, жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері, өлең шумақтары, сөзжұмбақ, ребус, жаңылтпаш жазылған плакат, интерактивті тақта.
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Кіріспе сөз
Құрметті жиналған қауым!
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметті өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.
Сүйемін туған тілім – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім мен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
Интерактивті тақта арқылы А. Байтұрсыновтың сөзін оқу: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады.»
Республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі құрметіне арналған «Алтын қақпа» атты сайысымызды бастайық.
(Сайысқа 10 оқушы қатысады. Сайыс 6 турдан тұрады.)
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Қазылар алқасымен таныстыру)
Сайысқа қатысатындарды ортаға шақыру.
Түсеміз біз білімнің жарысына,
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа.
Талапкердің талабы таудай болар,
Аямас тиіп кетсең, намысына.
І-тур: «Кім жүйрік?»
6 түрлі тапсырманы орындаған оқушылар «Алтын қақпа» ойынана қатысады. Қалғаны ойыннан шығады. (Жауап нақты, тез болуы керек.)
3-тапсырма:
1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады?( Фонетика)
2. Мәдениетті сөйлеу қалай аталады? (Эвфемизм)
3. Қазақ тілінде буын саны? (3)
4. Тіл туралы заң қанша баптан, тараудан тұрады?
5. Тіл туралы бір шумақ өлең айт.
6. «Үш бақытым» өлеңінің авторы. (М.Мақатаев)
7. «Тіл тағылымы» кітабының авторы кім? (А. Байтұрсынов)
8. Тіл мерекесі қай кезде аталынып өтеді? (22 қыркүйек)
Жауап берген оқушылар «Алтын қақпа» ойынына қатысады. (Жауап нақты, тез болуы керек. Қай оқушы қолындағы белгісін көтерсе, сол жауап береді. Жауабы дұрыс болса, ойында қалады, дұрыс болмаса, ойыннан шығады.)
Ал, жүйріктер түсті бәгеге, кімнің білімді екенін анықтап, қатысушыларды електен өткізейік.
ІІ тур.: «Бәйге»
Әр ойыншыға белгі таяқша беріледі.
1. Алакөбең – алакөбе үстеу. Елең-алаң кез.
2. Басқұр – ерегелер бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын өрнектелген жалпақ бау.
3. Бастырма – төбесі жабық, жан-жағы ашық етіп жасалған жай лапас.
4. Бишік – арбакештің ат айдайтын ұзын қамшысы.
5. Жампөз – түйенін асыл тұқымы, маңдай алды.
6. Желек – желбіреп тұратын шашақ.
7. Кешек – көне өлген кісінің моласын қоршап жасалған ескерткіш.
8. Көбе – батырлар киетін сауыт.
9. Құрапа – мәжіліс, кеңес.
10. Мәйек – жас төлдің ұлтабарынан алып, сүттен ірімшік жасауға пайдаланатын іріткіш зат.
11. Бөстек – жүнін сүтіне қаратып, теріден жасалған жұмсақ көрпеше.
Барлық қатысушыларды тыңдап болғаннан кейін, дұрыс жауап бермеген оқушыларды ойыннан біртіңдеп шығарып отырады.
Егер 2-3 адам қалса, әділ қазылар дайындалған тапсырмаларды береді. (Ойында бір адам қалу керек.)
Үш бидің суреті салынған плакаттар әрқайсысы өзі таңдаған биді алады, артында жазылған тапсырмаға 1 минутта жауап береді.
Әйтеке би сұрағы: Мына жаңылтпашты тез айтып бер.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім.
Төле би сұрағы: Мына ребусты шеш.
-ның , -ы ТІСІНДЕ
-ның
уы тілінде
Қазыбек би сұрағы: Қазықтың киіз үйі неше бөлшнетен тұрады? (б-47)
Жеңіп шыққан оқушы ойынның негізгі турына қатысады, ол біреу.
ІІІ тур: «Күміс қақпа»
Күміс қақпа ашылу үшін тізбек сөзді толтыр.
Үй мүлкі
төсеніш
ауру түрі
К жылқыға арналған құрал |
е |
б |
е |
ж |
е |
н |
т |
е |
к |
е |
м |
е |
т |
ұ |
с |
а |
у |
с |
ы |
л |
тағам түрі
ІV тур: «Алтын қақпа»
Күлдіреуіш сөзінің мағынасын түсіндір. (Сұраққа дұрыс жауап берсе, әділқазылар келесі турға өткізеді.)
V тур: «Алтын сандық»
Сандық ішін ашу үшін мына сұраққа жауап беруі тиіс.
Тайқазан қай жылы өз отанына оралды? Сұраққа жауап берсе, алтын сандық ашылып, қазына жатқан көмбенің картасын табады.
Картада былай жазылған: батысқа қарай қадам, сосын оңға бұрылып 3,5 адым жасайсың да тіл туралы бір өлеңді жатқа айтасың.
Сол кезде А. Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы кітабы» табылады.
Қорыту: Сөз қазылар алқасына беріледі.
Настоящий материал опубликован пользователем Копеева Фариза Боранбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалФайл будет скачан в форматах:
«Инфоурок»
Новогодняя раскраска математическая подойдет с 6 по 11 класс
Состоит из примеров содержащих обыкновенные дроби и смешанные числа.
Задание "Реши примеры и раскрась картинку в нужные цвета"
Пожелание "Пусть Новый год принесёт тебе новые знания, уверенность в себе и вдохновение для достижения всех твоих целей!"
В работе есть ОТВЕТЫ
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
7 023 458 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 182 369 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.