Инфоурок Другое Рабочие программы"Алтын қақпа" сайыс сабағы (5-6 сыныптар)

"Алтын қақпа" сайыс сабағы (5-6 сыныптар)

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: Алтын қақпа.

Білімділігі: Оқушыларды табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін

                      ұғындыру;

Тәрбиелілігі: Оқушылардың бойына қоршаған ортаны ластанудан, жанашыр

                         қамқорлық қасиеттерді, табиғатты қорғап, аялауға тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ;

Сабақтың түрі: Зияткерлік сайыс;

 

Көрнекілігі: Мақал-мәтел, суреттер, буклет, интерактивті тақта;

 

Ұйымдастыру кезеңі:

                    

               а) Сайысқа қатысатын топтарды орналастыру;

               ә) Сайыс шартымен таныстыру;

               б) Сайыскерлерді ортаға шақыру.

 

           Армысыз, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық экология мәселесіне орай ұйымдастырылып отырған «Алтын қақпа» атты өнегелі сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

           Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы есігі, қуатты қонысымен өсіп-өнер мекені. Табиғаттың басты байлығы жер, адамдар, жануарлар мен өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады – деген ұғымдар бір мағынада айтылады.

           

           Табиғат, әсемдіктің төркінісің,

           Ән саламын бір сенің көркің үшін.

           Жан-жануар табынып бір өзіңе,

           Сенен алып тұрғандай бар тынысын!

 

           Сырлары көп білімнің

           Шешілмеген әлі де,

           Тереңдігі білімнің

           Керек екен бәріңе.

 

           Әр топ, өз тобын ұрандатып таныстырып өтеді.

          

          1 топ – Сұңқар тобы.

          Ұранымыз: Қырандай сайыста самғаймыз,

                               Білімге біз шорқаң болмаймыз.

 

          2 топ Тұлпар тобы.

          Ұранымыз: Тұлпардай алысқа шабамыз,

                               Білімге біз жүйрік боламыз.

         Қай топ ойынды бірінші бастап отыратынын анықтап алу үшін екі топқа бірдей тапсырма беріледі:

         Әріптерден экологиялық ұғым, термин сөз құрастыру.

         Мысалы: (экология, атмосфера, гидросфера, биосфера, ландшафт, фитиотерапия, ноосфера, фенология, синоптикос, биология), т.б.

          Қай топ көп және тез сөз құрастырады, сол топ ойынның кезеңдерін бірінші бастау құқығына ие болады.

     

           Табиғатты талай тарих сынаған.

           Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған.

           Табиғат та әке болып еңіреп,

           Табиғат ана болып жылаған.

           Айта алмаймын қасиетін мүлде мен

           Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.

 

І кезең. «Тас қақпаның» сұрақтары.

 

1.     «Экология» деген нені білдіреді? (Ол гректің «эйкос»- үй, тұрған жер,

                                                            «логос» білім, ғылым деген екі

                                                            сөзінен құралған, қоршаған ортамен

                                                  қарым-қатынасты сипаттайтын ғылым)

2.     Экологияны ғылымға бірінші болып енгізген ғалым кім?

                                                           (Э.Геккель, 1869ж)

3.     Оңтүстік Қазақстан облысындағы дендробақ қай жылы ашылды және кімнің ұйымдастыруымен?

                                                           (1979жылы қарашада А.Асқаров)

4.     Мониторингтің мақсаты не?

                 (Табиғи ортаның барлық өзгерістеріне, жағдайына бақылау

                   жасап, баға беру, яғни бақылау және болжау жасау)

5.     Ауаның 78% және 21% неден тұрады? (78-азот, 21-оттек)

6.     Ауаның құрамын алғаш рет кім және анықтады?

                                                                   (А.Лавуазье, 1774жылы)

7.     Фенология қандай ғылым?  (грек. «құбылыс-ілім» , табиғаттағы

                                           маусым құбылыстар мен сол құбылыстардан

                                           келетін мезілдерін және олардың себептерін

                                           анықтайтын ғылым)

8.     Берілген телімге қандай көкөністі өсірдік? (Көгілдір алмаз баялдысын)

9.     Литосфера нені білдіреді? (Жердің қыртысы мен жоғарғы кристалдық

                                              тау жыныстарынан тұратын қабаты,

                                              латын. литос – тас, сфера – шар)

10.  Ландшафт деген не? (Геологиялық қалыптасу кезеңі, топырағы жер

                                     бедері, климаты бірдей аумақтар)

11.  Қызыл кітап дегеніміз не? (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған кітап)

12.  Фитотерапия деген нені білдіреді? (грек. өсімдік – емделу сөздері)

13.  Биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы академик кім? (Вернадский)

14.  Биосфера деген не? (грек. тіршілік – шар, жердің тірі организмдер

                                     және олардың өзгерген қабаты)

15.  Оңтүстік Қазақстан облысындағы қорықты ата және ол қай жылы құрылды?  (Ақсу-Жабағылы, 1927 жылы)

16.  Қазақстанда неше қорық бар? (10)

17.  Қорық деген не? (Белгілі бір аймақтағы жануарлар мен өсімдіктердің

                                территориясының қорғалатын аумағы)

18.  Гидросфера нені білдіреді? (су–шар деген сөздерден құралған)

19.  Наурыз сөзі нені білдіреді? (жаңа – күн деген мағынада)

20.  Ауыз судың тазалығын сақтауға арналған тыйым сөздер.

                                              (Суға түкірме; Суды лайлама; Су ішетін құдыққа

                                                 түкірме; Бұлақты былғама)

21. Құстар мерекесі қашаннан бері тойлануда? (1927ж 1 сәуір)

22.  «Жасыл аймақ» бағдарламасының мақсаты не? (Қоршаған ортаны

                                                     күл-қоқыстан тазартып, көгалдандыру)

 

ІІ кезең. «Күміс қақпа».

 

           Жұмбақтар:

1)    Бірі құяды, бірі жұтады.        (Жаңбыр мен жер)

 

2)    Жетіледі қабырғасынан жатынның,

Жейтін затқа қатысы бар атының.      ( Жеміс)

 

3)    Жол-жол сызық тоны бар,

Кісі қорқар жөні бар.           (Жолбарыс)

 

4)    Тіршіліктің іргетасы – тірегі,

Ағзалардың жеке тобы – жүрегі.

Тәуелді оған ағзалардың бәрі де,

Сол арқылы тіршілікте жүреді.    (Өсімдіктер)

 

5)    Биікке салған ағаш үй,

Сол ғой оның мекені,

Жаздай сайран салып ап,

Қыста алыс кетеді.                            (Қараторғай)

 

6)    Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.      (Бұлт)

7)    Аспанға ұшар бу болып,

Жерге қайтар су болып.        (Бұлт)

 

8)    Сұлы берсең – тыржияды,

Сүйек берсең – ыржияды.     (Ит)

 

9)    Қара орманда

Қара қазан қайнайды.     (Құмырсқаның илеуі)

 

10)          Ақ сарайын талқандап,

     Шықты біреу талтаңдап.    (Балапан)

 

         Тақпақтар, көрініс.

 

1)    Жалт-жұлт етер,

Жер бетіне жетер.      (Найзағай)

 

2)    Баяу зат жоқ оныменен тең келер,

Жапыраққа ерекше ол өң берер.

Күн сәулесі түскен кезде соларға,

Тіршіліктің доңғалағы дөңгеленер.         (Хлорофилл)

 

3)    Қашаудай мықты тұсымсығым,

Бәске тігем, бұл шыным,

Құрт-қоңыз, шыбын аулап жарысам,

Орман дәрігері болып табылам.              (Тоқылдақ)

 

4)    Жер бетіне содан шуақ тарайды,

Нұрға бөлер сәулесімен маңайды.

Тіршіліктің ұстап тұр ол тізгінін,

Халық оны қуат көзі деп санайды.       (Күн)

 

5)    Жалпақ тастың астынан,

Жұмыр белбеу табылды.       (Жылан)

 

6)    Сауыттан мықты шапаны,

Жәндіктің нағыз шабаны.      (Тасбақа)

 

7)    Үй үстінде, алтын тас,

Алайын десем, табылмас.      (Жұлдыз)

 

8)    Жылт-жылт еткен,

Жағадан өткен.                 (Су)

 

9)    Аспай түскен, қайнамай піскен.       (Жеміс)

10)                       Қызығып әр адам,

          Ұстап ап даладан.

          Жүніңді жұлып ап,

          Бесікке қадаған.

          Бұл қай құс?                  (Үкі)

 

        Ән.Би

 

      ІІІ кезең. «Алтын қақпа».

 

1)    Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары;

 

2)    Сөзжұмбақ «Н» әрпімен аяқталатын сөздер;

 

3)    Ойланып барып, орнын табыңдар!

 

4)    3 басқатырғы.

 

5)    Екі топқа суреттер көрсетіледі. Оқушылар сол суреттерге байланысты мақал-мәтел құрайды.

 

      ІV кезең. «Алтын сандық».

 

           Бұл кезеңге 3 кезеңнен кейінгі жеңімпаз топ қана қатысады. Мұнда «Құпия сөз» жасырылады.

 

Табиғат – асыл қазынам.

 

      – Құрметті ұстаздар, балалар «Алтан қақпа» сайысының барлық кезеңдеріне белсенді қатысқандарыңа рахмет! Сабақты бата өлеңімен қорытындылаймыз:

 

          Табиғатты сүйетін бала бол,                 Табиғат егіз адаммен.             

          Ер жеткенде дана бол.                            Ұқсастық табам содан мен,

          Туып өскен еліңнің                                    Мәңгілік болсын егіздер,

          Жел жағына пана бол!                             Жер-Ана көл, теңіздер.

         

              

Сабақты өткізген «Экорепортер» үйірмесінің жетекшісі Зияева.Х.А

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Алтын қақпа" сайыс сабағы (5-6 сыныптар)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 072 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.03.2017 1361
    • DOCX 27.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зияева Хадиша Адырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зияева Хадиша Адырбековна
    Зияева Хадиша Адырбековна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16119
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой