Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы«Алтын күз!» атты ертеңгілігі

«Алтын күз!» атты ертеңгілігі

Скачать материал

Тақырыбы: «Алтын күз!»

Мақсаты: балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату; табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбелеу.

Көрнекілігі: мерекелік кешке орай безендірілген сынып.

Әдемі әуен ойнап тұрады.

                                        Барысы:

МЕН:Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін даярлық тобының балалары дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Оқушылар хормен: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

2- Жүргізуші:

 Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз.

-         Міне бізге күз де келіп жетті.

МЕН:
- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
- Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі қандай?
- Сары.

Дұрыс балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз

Күзмезгілі нешеге бөлінеді.

-Ерте күз,алтын күз,қара күз

Күзде күн қандай болады\суық\

Мен: Дұрыс балалар, ал күз айларын кім біледі?
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша айлары

Жақсы жарайсыңдар!
МЕН:

Ендеше, бүгінгі кешіміз күз ханшаймынсыз қалай өтпек?! Бәрімізі хормен күз ханшайымын ортаға шақырайық.

Хормен: Ханшайым3

(Күз ханшайымы ортаға келеді)

Күз ханшайымы:

Армысыздар қонақтар,

Армысыздар жас достар.

 - Келді міне, алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен
Риза етіп халқын қыз.

-бүгінгі Алтын күз атты мерекелік кешке шақырғандарыңызға рахмет. Енді маған қандай өнерлерің бар көрсетіңдер?

 

Ханшайым біздің балалар өнерлі күз туралы тақпақ,өлең,жұмбақ біледі.

АИДА:Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жарқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл бидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай.

Темірлан:Күз келді
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Хауана:Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Ерсұлтан: Айналажым-жырт,
Көкаспан сұрғылт.
Жержыртқантыңда
Трактор қырда.

Айым: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

 

Аслан: Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан

Жақсы балалар жарайсыңдар!

ХОР:

КӨРІНІС:Алма

Автор:

Қоян:Аида

Қарға:Темірлан

Кірпі:Хауана

Аю:Зият

 

Жемістер жыры

АМАНГЕЛДІ:Мен алмұртпын,алмұртпын,            

Аузындамын  бар  жұрттың. 

Гүлназ:

 Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақболыптізілдім

Бекежан:

Мен өрікпін,өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Айханым:

Мен алмамын,алмамын,    

Таңдайда  қалар бар дәмім.

 

Ханшайым:

Ал енді жас достар сендердің маған даярлаған тағы қандай өнерлерің бар. (ханшайым отырады)

Диляра: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

Ислам:Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ

Ақ сәулеге шомылып,

 Жапырақтар жүр ойнап.

Адель: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызықкөпкүзде.

Зият:Ой, балалалар, балалар                                     

Қоңырқай күз болыпты                                  

Қурап жапырақ солыпты  

Ел егінін орыпты

Альмира:                    

Алтын  күз міне алдымда
Сары ала кілем жапырақ
Қауын, қарбыз, жүзіммен
Көз тартады атырап
Егінім пісті алқапта
Қазағымның ырысы
Төрт түлігім семірді.
Көз тартады тұрысы

Рустем:Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Дания:Алақай,алақай

Шаттанды балақай

Береке салты күз

Мереке алтын күз.

ОЙЫН:Балалар енді ойын ойнайық

Ортаға 6 оқушы шығады мен көздерін жұмып ауыздарына жемістер саламын балалар болса жемістің атын айтады.

Жақсы жарайсыңдар!

Ән:Ертегілер елінде қыздар тобы

Жақсы жарайсыңдар!

Енді ата-аналарымзға балаларымызды дайындаған жұмбағы бар соны тыңдасақ

Жұмбақтар әлемі:

Айым.Бақшадан жер қазып,

           Жиып алдым жез қазық. 

                                                   (сәбіз)

 Амангелді: Аспай піскен,

                         Қайнамай түскен.

                                            (Жеміс) 

Нұрхан:Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-...(жүзім)

Адель:Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-...(өрік)

Айханым:Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-...(құлпынай)

Диляра:Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты-...(шие)

Гүлназ:Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...(Шабдалы)

 

Көрініс:Қайдан келдің бауырсақ?

Аида:Өтебай Тұрманжанов

Альмира:Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрды көзін сап

Аида:Қайдан келдің бауырсақ?- деп сұрады қуыршақ

Аслан:Дүкеннен келдім нан сатқын

Аида:деді оған бауырсақ

Альмира:Дүкенге келдің қай жақтан

Аслан:наубайдан келдім нан жапқан

Альмира:Наубайға келдің қай жақтан

Аслан:Диірменнен келдім ұн тартқан

Альмира.Жер анам менің көсілген

Диқандар мені өсірген

Аслан:Өңеші кең таңдайын

Дәнге тосты комбайн

 

 

ХОР:Балапан

Алан: Құттыболсын алтын күз
Берекесіхалқымның
Күзгібайлықтамаша
Шашуыкөпсалтымның

Аяжан:Сары алтындай сары күз -

Қамбадағы дәніміз.

Шелек – шелек балымыз,

Ағыл – тегіл ағымыз.

Саян:Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқып жүр.

Нұрхан:Мейірлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ арай таңыңда,

Шомыламыз нұрға біз

Дарын:Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп,

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп

Хор: «Ертегілер елінде»

 

Күз ханшайымы: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте талантты балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер.мынау сендерге әкелген сыйлығым бір себет жеміс жидекті ортаға қояды.

Ал мен сендермен қош айтысамын, сау болыңдар.

Сау болыңыз!

Құрметті ата-аналар ұстаздар осымен біздің бүгінгі   «Алтын күз»       атты ертеңгілігіміз аяқталды.Әрі қарай ертеңгілігіміз мерекелік дастарханмен жалғасады.

 

ХОР мен аяқтау.

Сөз беру ата-анаға

Тәрбие ісінің орынбасарына.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Алтын күз!» атты ертеңгілігі"
Смотреть ещё 5 764 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Алтын күз!»

Мақсаты: балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату; табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбелеу.

Көрнекілігі: мерекелік кешке орай безендірілген сынып.

Әдемі әуен ойнап тұрады.

                                        Барысы:

МЕН:Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін даярлық тобының балалары дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Оқушылар хормен: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

2- Жүргізуші:

 Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз.

-         Міне бізге күз де келіп жетті.

МЕН:
- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 288 660 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 10.01.2015 692
    • DOCX 23 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусова Балдырган Кадыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жунусова Балдырган Кадыровна
    Жунусова Балдырган Кадыровна

    учитель начальных классов

    • На сайте: 10 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5928
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    « Ұстаз ұлы есім» «Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, — деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан. Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен Абылай хан өзін Төле бидің, Шәкәрім, осы замандағы көптеген дарын иелері өздерін Абайдың шәкірттері деп есептеген. Шәкірттің өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрметі де айрықша болса керек. Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 258 200 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Современные стратегии построения бренда: от основ до продвижения в медиа и соцсетях

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы кулинарии

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Правовые аспекты корпоративного управления

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 764 курса