Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Алтын күз" атты тіл дамытуға арналған сабақ жоспары

"Алтын күз" атты тіл дамытуға арналған сабақ жоспары

Скачать материал

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алтын күз.

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

 

1)    Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.

2)    Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.

3)    Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.

 

Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері.

 

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

 

Оқу іс-әрекетінің барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайың.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз неше айдан тұрады?

- Күзді неге «алтын күз» деп атайды?

 

Ойын: «Табиғат мейірімді».

 

Ойын шарты: Тәрбиеші сөйлемді өзі бастап береді. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.

- Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).

- Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді).

 

Дәптермен жұмыс: Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі.

- Жемістер мен көкөністерді ата.

Жемістер: алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім, т.б.

Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын, т.б.

 

Сергіту сәті: (Баяу музыка әуенімен орындалады.)

Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады, ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз! (Балалар қимылмен көрсетеді).

 

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»

 

Ойын шарты: Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек.

Мұғалім балалардан күзгі табиғат көрінісі жөнінде сұрайды. Балалардың жауабы тыңдалады.

 

Жұмбақ шешу.

Жауып жаңбыр, жерде сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?                              (Күзде)

 

Қорытынды.

Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Ба­лалар мектепке барады. Жиын-терін болады.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Алтын күз" атты тіл дамытуға арналған сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2016 1108
    • DOCX 18.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оразгалиева Акжан Есболовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оразгалиева Акжан Есболовна
    Оразгалиева Акжан Есболовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9013
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проектирование и реализация деятельности педагога-организатора в соответствии с требованиями профессионального стандарта

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 690 человек

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста в логопедической группе

Воспитатель логопедической группы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 275 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 462 человека

Курс повышения квалификации

Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 687 человек

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек