Инфоурок Другое Другие методич. материалыАлтын күз ханшайымы, алтын күз ханзадасы

Алтын күз ханшайымы, алтын күз ханзадасы

Скачать материал

Тақырыбы:  «Алтын  күз ханшайымы, алтын күз  ханзадасы» (сайыс сабақ)

Мақсаты:

1. Оқушылардың білімін, тапқырлығын, іскерлігін бақылау.

2. Ұйымшылдығын, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу.

3. Табиғатты, қоршаған ортаны, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттер.

Жүргізуші:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілд.- деп, Қ. Мырзалиев ағамыз жырлағандай бүгінгі «Алтын  күз ханшайымы, алтын күз  ханзадасы!» атты мерекелік  тәрбие  сағатымызды   тамашалауға қош келдіңіздер. Табиғатты аялау табиғат сұлулығын сақтау тақырыптары мен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.

         Табиғат –күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілін өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары бояуға емес, екншіден алтын байлықтың белгісі. Міне,осы екеуін аттастырып «Алтын күз» деп атаған. Әрбір мектептерде  осы күз мерекесі тойланып отырады. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрлі мерекеге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Алтын   күз» мерекесімен құттықтаймыз. Өмірде жемісті, еңбекте табысты, оқуда озат, жанұяда бақытты болуларыңызға тілектеспін. Күз мереке, береке әкелсін, молшылық болсын. Бүгінгі кеште 5 сыныптың  ұлдары  мен  қыздары  сайысқа түспекші.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

1.     Таныстыру

2.     Сән үлгісі

3.     Би

4.     Күзге байланысты сыйлық жасау

5.     Сайыс  қорытындысы

Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Ал енді ортаға  қатысушы топтарды шақырайық.

-Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,

Алтын күзім тойланатын күн осы.

Жасыл далам, сары далаға айналып,

Алтын күзге арналады жыр осы.

Табиғатым сары көйлек киеді,

Күзгі балды тойлауға жұрт жиылды.

Рұқсат болса бастайын осы кешті.

Әрбір топ таныстыршы енді өзінді.

1-бөлім. Таныстыру.

2-бөлім. Сән үлгісі.

-Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз тәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін.

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе  келесі кезекте сән үлгісі.

 

3-бөлім. Өз өнерін көрсету.

-О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

Шақырған сайыстарға бірі-бірін.

Тыңдайық тамашалап көрермендер,

Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.

«Өнерлі өрге жүзеді» демекші, сайысымыздың үшінші бөлімін бастайық.

 

4-бөлім. Күзге байланысты сыйлық жасау.

Әрбір топ күзге байланысты сыйлық жасап  және оны таныстырады, мән-мағынасын ашып түсіндіреді.

     5-бөлім. Сайыс  қорытындысы

Ендігі кезекте «Алтын күз » мерекесінің жүлдегерін анықтайық. Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

Осы кештің қорытындысын шығару үшін әділ қазы  алқаларына сөз берейік.

-Күз ұсынып егісі мен жемісін,

Әкеліпті халыққа бір молшылық

Сары жапырақ алтындай болып төгілсін,

Елімізде болсын әркез  көпшілік,- дей келе, бүгінгі «Алтын  күз ханшайымы, алтын күз  ханзадасы»  мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     ЖББ Бұлан  орта мектеп – балабақша  кешені

 

 

 

 

 

 

 

«Алтын  күз ханшайымы, алтын күз  ханзадасы»

 

( тәрбие  сағаты)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Тұрғаналиева Ж.Г

5 - сынып жетекшісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы.

 

 

Анықтама

Сыныбы: 5

Оқушы  саны: 11

Өткізілген  орны: Информатика  кабинеті

Тақырыбы: «Алтын  күз ханшайымы, алтын күз  ханзадасы»

Өткізілген  күні: 29.09.2015 жыл

Мақсаты:  Оқушыларды  табиғаттың  4 мезгілінің  ішіндегі  ең  береке  әкелетін  мезгілін  құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Күз  туралы  түсініктерін  кеңейту. Оқушының өзіндік қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін дамыту . 

Тәрбие  сағатының  тақырыбы   «Алтын  күз ханшайымы, алтын күз  ханзадасы».Тәрбие  сағаты  барысында  күз  мезгілі  жайында  айтылды. Оқушылар 2 топқа  бөлініп, өз өнерлерін  көрсетіп  сайысты. Тәрбие  сағатының   соңында  жеңімпаз  команда  анықталып, марапатталды.

 

                      

 

                      

 

                        

 

                           

 

               

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алтын күз ханшайымы, алтын күз ханзадасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 453 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 1843
    • DOCX 11.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турганалиева Жанаргуль Ганмиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 98883
    • Всего материалов: 47

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой