Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "алтын күз " мерекесі

"алтын күз " мерекесі

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

АЛТЫН КҮЗ МЕРЕКЕСІ

1 жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
2 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
2 жүргізуші: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
1 жүргізуші: күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
2 жүргізуші:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - дей келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.

Алтын күз: - Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Сіздерді “ Алтын күз” мерекесімен құттықтаймын. Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.

  • Сіздер білесіндер ме? Бүгін менің туған күнім. Соған менің қонақтарым, достарым келу керек еді, соларды күтіп жүрмін. / әуен ойналып, залға қолдарында жапырақтары бар балалар кіріп, айнала тұрады/

  1. Жүргізуші: Саламатсың ба, Алтын Күз? Туылған күнін құтты болсын. Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз. Өзіміздің ән, би, тақпақтарымызды ала келдік. Енді Алтын күз өзіңе арналған “ Листья желтые” ән қабыл алыңыз.

/ 7 сынып орындайды/

Алтын күз: Рахмет, достарым.

Құтты болсын тойымыз

Сәтті болсын ойымыз.

Бүгін менің мерекемде,

Той тойлайық бәріміз.

Күз туралы тақпақтар : / 5 сынып/

1. Жетті желмен Алтын Күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жифн теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз.

2. Алтын,алтын,сары алтын

Алтын күзде нұр жатар

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі

3. қандай өзі береген

Алмасын-ай, алмасын

Жеміс көп не деген

Жеп тауыса алмайсың.

4. Өрік, шие, балы бар

Қауын- қарбыз көбейді

Жегің келсе бәрін ал

Жеп тауыса алмайсың.

5. жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген!

2.Жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - деп 8 сыныпты ортаға шақырамыз. /
флешмоб/

1. Жүргізуші: Алтын сары, қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап, демекші,

Қазір біз сендермен күзгі баққа саяхатқа барамыз. Күзгі бақты тамашалап, аралап, жұмбақтар шешіп, тапқырлықтарыңды байқаймыз.

Жұмбақтар.
1. Ағайынды бәрі:

Шықса жасыл, түссе сары / жапырақ/

2. Тәтті, тәттінің іші қатты / өрік/

3. Жатып жерде желіндейді

Күз түскенше желінбейді / қауын/

4. Қөқ ала костюм киеді

Күннің көзің сүйеді / қарбыз/

5. Жер бетінде шашы бар

Жер астында басы бар. / сәбіз/

6 .Тігіп алып көк шалбар

Қызыл күрең доп жатыр./ қызылша/

2. жүргізуші:
Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін 99 рет қайталарсың.
Сондай ән туғызған қазағымды,
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.

Дей ортаға 8 сыныпты шақырамыз « Ән Күзгі қайын»

1.жүргізуші:Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша би билейді ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей отырып,
7 сынып бишілерін ортаға шақырамыз.

2.жүргізуші:

Күніндегі гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық нық басып
Биімен көрерменді тәнті ететін
Бишілер келді мені толқып, тасып
5-6 сынып қыздарын «Шляпа» биімен қарсы алайық.

Алтын күз: - Ой, жарайсыңдар, балалар. Сендер өнерлісіңдер. Сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

1.жүргізуші: Берекесін сыйлауға

өлкемізге күз келді

жемістерін жинауға

шақырады біздерді.

Картоп жинау” ойыны

Ойының шарты: екі топқа бөлініп, балалар шелекке картоп жинайды. Көп жинаған топ жеңімпаз болады. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Кім жылдам” ойыны. Ойын шарты: Екі оқушы, орындықта отырып шишкаларды жинайды. Ойын 2-3 рет қайталанады.

қырыққабат” ойыны. Ойының шарты: 5 балалар ойынға шығады. Шарды үрлеп, тапсырманы оқып, оны орындайды.

Алтын күз: Ал, балалар,менің де қоштасатын уақытым келді. Өнерлерің өрге жүрсін. Сеендерге әкелген сыйым бар, алмамнан ауыз тиіңдер.

Туған жерден кетерде

Қоныр әнге саламын

Қош болындар бәрің де

Қимай кетіп барамын.

2.Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын
дар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!

1.Жүргізуші: Бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгіілігіміз аяқталды. Жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Деніміз сау, аспанымыз ашық болсын!


Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1181
Номер материала ДВ-286263
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх