Инфоурок Дошкольное образование КонспектыАлтын күз мерекесіне арналған "Сыйлығы мол Алтын күз" атты ертеңгілігінің сценариі

Алтын күз мерекесіне арналған "Сыйлығы мол Алтын күз" атты ертеңгілігінің сценариі

Скачать материал

                                 «Сыйлығы мол , Алтын күз»

      Күзгі мерекеге сай безендірілген залға әуенмен балалар кіреді. Орындарына орналасады.

  Жүргізуші:  - Армысыздар, құрметті қонақтар, ата аналар , кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Сыйлығы мол , Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ай жапырақ сары, алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті Алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

      Ән «Сары алтындай сары күз».

Жүргізуші:  - Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтармен толқын билеп күз мезгілі де жетті. Күз мезгілі көңілсіз болсада, біздің көңіліміз әрдайым керемет! Ендеше соның дәлелі ретінде ертеңгілігіміздің тақпақтарына кезек берейік:

Нарынбай Сымбат:

Ағаштардан жамырап ,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай , тамаша,

Шашу шашты  жапырақ.

Әділжан :

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуанышты күн, біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!

Маркс Аружан:

Аспанды сұрғылт бұлт ,

Жан- жақты жабады.

Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

Әмір:

Жапырақтар боянып,

Сылдырлап жерге түседі.

Қызанақтар қызарып,

Күзге қарай піседі.

Даниял:

Біздің дала , бай дала,

Алтын астық айнала.

Мейіржан:

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқып тұр.

Жүргізуші: -Өте жақсы, балалар! Алайда күз мерекесі Күз ханшайымысыз қалай өтпек!?Барлығымыз Күз ханшайымын шақырайық.

Балалар: -Күз ханшайымы! ( 3 рет қайталайды)

 Саңырауқұлақ: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Мен орманнан келген саңырауқұлақпын! Мен сіздерге Күз ханшайымынан сәлемдеме әкелдім. Ол қазір орманды аралап , жапырақтарды сары алтынға бояп жүр. Ол сіздерге мына сыйлықты беріп жіберді. (Саңырауқұлақ себетке салынған көкөністер мен жемістерді көрсетеді.)

Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе, саңырауқұлақ! Қандай керемет  сыйлық! Бізде  де тосынсый бар: «Жемістер мен көкөністер шеруі».

Інжу:

Мен алмамын, алмамын,

Таңдайда қалар бар дәмім.

Жазда әдемі киінем

Тілді балдай үйірем.

Әдия:

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Ерхан:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып үзілдім.

Ерболатқызы Аружан:

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Мен өрікпін, өрікпін,

Бау бақшаға көрікпін.

Айбол:

Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Әмір:

Асханадан шықпаймын,

Атым- пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Елемес Кәусар:

Мен сәбізбін, сәбізбін,

Жейміз оны бәріміз.

Қытырлатып жегенде

Өседі екен бойымыз.

 Ойын: «Жемістер мен көкөністер»

 Балалар Саңырауқұлақпен «Буги вуги» биін билейді.

Саңырауқұлақ балаларға алғыс айтып , қоштасып кетеді.

 Сазды әуенмен залға Күз ханшайымы келеді:  -Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Күз ханшайымымын. Сіздер мені шақырдыңыз ба?

Балалар: -Ия.

 Күз ханшайымы: -Керемет! Мен сіздерге арнап сыйлық әкелдім. Егер маған тақпақ, өлең  айтып, би билеп берсеңіз бұл сыйлықты тарту етемін.(себеттегі бананды көрсетеді)

 Жүргізуші:  - Ендеше Күз ханшайымы , төрлет !  Балалардың тақпағын қабыл ал:

Расул:

Күздің қазан айында ,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр- сыбдыр түседі.

Нұртас:

Астық дала- сәулеті,

Астық отан- дәулеті.

Әсемай:

Жайдары күз, жомарт күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Ерасыл:

Берекелі күз келді,

Мерекелі күз келді.

Жеміс жидек мол пісіп,

Қуантады біздерді.

Дәулет:

Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

 Ән «Күз сыйы»

Жүргізуші:  -Біздің балаларымыз тек өлең, тақпақ қана айтып қоймай, ертегіні де сахналайды. «Шалқан» ертегісін тамашалаңыз!

Сахналау «Шалқан»:

Ата - Мирас,

Әже -Әдия,

Немере қызы -Інжу,

Ит- Расул,

Мысық-Кәусар Елемес,

Тышқан- Әсемай.

   Күз ханшайымы: -Керемет , балалар! Мен сіздермен  бірге мерекеде көңіл көтеріп қалдым. Мына сыйлықты тәрбиешіңізге тапсырамын. Мен басқа бақшаларға да барайын, сау болыңыздар!

   Көңілді әуенмен ортаға Дара мен Боти келеді: -Сәлеметсіздер ме, балақайлар! Hello! Hello!Мен Дарамын, ал мынау менің досым Боти.

Балалар: -Hello!

Дара: - Біз күзгі табиғатты қызықтап саяхатқа шықтық. Сөйтіп балабақшаға келдік. Б/б-ның алдында сарыға боянған әдемі ағаштар бар екен!

Жүргізуші:  -Өте жақсы! Ендеше балалармен көңіл көтеруге шақырамын.

Дара: -Балақайлар, қазір қай жыл мезгілі?

Балалар: -Күз мезгілі.

Дара: -Қандай айлары бар?

Балалар: -Қыркүйек, қазан,қараша.

Дара: -Күзде ауа- райы қандай болады?

Балалар: -Салқын, жел соғады, жаңбыр жауады.

Дара: -Рахмет! Сіздер күз мезгілі туралы біледі екенсіз.

Жүргізуші: -Ия, Дара! Біздің балалар өте ақылды! Олар ағылшын тілін үйреніп жатыр. Қазір ағылшын тілінде тақпақтар айтып береді.

Жаннұр:

Уан, уан , уан,

Литл дог ран.

Ерқуат:

Ту,ту,ту,

Кәт сиз ю.

Тайшыбек Кәусар:

Сри, сри, сри,

Бедз ин э три.

Фариза:

Фо,фо,фо,

Рэт он зе фло.

Еламан:

Көкөністі көп ектік,

Өссін, піссін деп ектік.

Айбар:

Көктемде еккен көкөніс,

Күзде берді көп өніс.

Жансезім:

Алма, жүзім, жемістің бәрі пісті,

Жапырақтар сарғайып тағы түсті.

Нұрасыл:

Сарғайып атырап,

Ажарын жасырды.

Жангелді:

Сары ала жапырақ,

Шашу боп шашылды.

Дара: -Керемет! Енді мен сіздерді  ойын ойнауға шақырамын.

Ойын «Жасыл-сары жапырақ»

Дара , Боти , топтың қыздары «Гамми биар» биін билейді.

Жүргізуші : -Балалар, мерекеде біз сіздердің өнеріңізді тамашаладық, біліміңізді тексердік. Ендігі кезекті ата-аналарымызға берейік.

Ата-анамен ойын «Дәміне қарай ажырат».

Жүргізуші: - Осымен құрметті ата-аналар, қонақтар, күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрқашан жанұяңызда балалардың сыңғырлаған дауысы шыға берсін, отбасыңыз аман болсын!

Балаларымыздың орындауында «Біз бақытты баламыз» әні. Қош, сау болыңыздар!

Ән «Біз бақытты баламыз»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алтын күз мерекесіне арналған "Сыйлығы мол Алтын күз" атты ертеңгілігінің сценариі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 167 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2016 980
    • DOCX 16 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанова Дина Силагановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Султанова Дина Силагановна
    Султанова Дина Силагановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 37925
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы организации безопасной среды в дошкольном образовании

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания архитектуры для детей дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы системы профилактики безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних в соответствии с федеральным законодательством

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 38 регионов

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе