Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Алтын күз" сайыс сабақ.

"Алтын күз" сайыс сабақ.


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Алтын күз» сайысы.


Мақсаты: Жұмбақ шешу, күз кереметтерін айту, мақалдар айту. Көкөністер - біздің күнделікті асымыз. Тез ойлауға, толық жауап беруге үйрету. Топтық жұмыс жасауға машықтандыру.
Түрі: сайыс сабақ.
Көрнекіліктер: Слайдтар, жеміс - жидек, көкөністер суреттері.

Би «күзгі дауыл»

Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.

Құрметті ұзтаздар, ата-аналар «алтын күз»атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Желдің лебі бізге де келіп жеткен секілді. (жел гуілі естіледі)
Балалар орындарынан тұрып, қолдарындағы жапырақтарды жерге шашады. Музыканын ауенімен билеп

Күз ханшайымы келеді.
Қош келдің, Күз ханшайымы! Өзіңмен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз. Оған біз өте қуаныштымыз.
Күз ханшайымы: Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Мен күз самалымын,
Бәріңе сәлем бердім.
Өң меніңнен өтетін,
Күзгі суық желмін.

Жүргізуші: Біздің балалар сіз туралы, күздің байлығы туралы тақпақтар, әндер, билер біледі. Ойын да ойнай алады. Отырыңыз, тыңдаңыз.
Ән:
Көбейсінова Жанерке «ән салам»

1-оқушы:

Қосып білім нұрға-нұр,

Біздер бүгін жарқынбыз.

Басы оқу жылының,

Берекелі Алтын күз.

2-оқушы:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

3-оқушы:

Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің қызық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқалармен таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңа,

-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.

Мектебіміздің кәсіп одақ төрайымы: Майданова Люся.

  • // - психологі: Пирманова Жанар.

  • // - аға тәлімгері: Ешбанова Салтанат.


Сайыстың шарты:

1. әр топ өздерін таныстыру.

2.Жұмбақ шешу.

3.1минут 10 сұрақтың нешеуіне жауап береді.

4. жапырақ жинау (топ басшысы)

5.күз туралы сурет салу,оны қорғау

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ

Сынып намысын қорғамақ

Топтар шықты ортаға,деп сайсымыздың

Таныстыру (Әр топ өз тобын таныстырады, төс белгілерін және көрсетеді)

1. тапсырма.

Өз - тобын таныстыру
Аттарын атау, ұрандарын айту. Төс белгісі.

1 «А»жүзім тобы, 1 «Ә» алма тобы, 1 «Б» алмұрт тобы,
2. тапсырма.
Әр топқа 5 жұмбақтан беріледі.
1.Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтеді,
Түймелеуге жетпейді (Қырыққабат)

2.Сырты қатты, іші жұмсақ,

Еті қызыл, сүті тәтті. (қарбыз)


3.Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр. (Пияз)

4.Көк ала костюм киеді,
Күнің көзін сүйеді. (Қарбыз)

5.Күннен көзін алмайды
Мойны бірақ талмайды. (Күнбағыс)

1. Күзде піседі,

Домалап түседі. (алма)



2.Бақшаның алып жемісі,
Қайнамай піспес келісі.
Қоңыр күзге сақтайды,
Сары майдай ел іші (Асқабақ)

3.Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Ұрлыққа торғай түседі. (Шие)

4.Түрлі - түрлі болатын.
Бірі ерте, бірі кеш,
Кезектесіп піседі. (Алма)

5.Қабығы қалың болатын.
Мөлт - мөлт еткен түрлері,
Моншақты еске салатын. (Анар)

1.Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. (Сәбіз)


2.Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен. (Жуа)



3. Көк лағым көгенде жатып семірді.

(қарбыз)

4.Піспеген де сырты қара,өзі қатты,

Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті.(Картоп)


5.Жер астында басы,

Жер үстінде шашы.

(сәбіз)

3. Тапсырма.

Әр топқа сұрақтар беріледі,1 минут ішінде қай топ көп жауап берсе сол топ алға шығады.
1. Ең еңбексүйгіш жәндік. (құмырсқа)
2. Қазақ аліпбиінеде неше әріп бар?
3. сәуле дегеніміз не?

4. 7 мысықтың неше құйрығы бар?(7)
5. Алтын түстес жыл мезгілі?(күз мезгілі)
6. 1 жылда неше ай бар? ( 12ай)

7.
Әріп дегеніміз не?
8.
дыбыс дегеніміз не?
9. Шыршаны қашан сәндейді?
10. Жыл мезгілдері нешеу?
11. Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?
12.
сызықтар нешеге бөлінеді?

13. Аспан көз жасы.
14. Қыста жауады.
15. Жылататын көкөніс

16. Көп киімді көкөніс

17.кесінді дегеніміз не?

18. Қазір қай ай? (қазан)
19.бұрыш дегеніміз не?

20. Оны қыста қолға киеміз
21.ең қадірлі жан.

22. бағдаршамда неше көз бар? (3)
23. адамда қанша көз бар? (2)
24 .жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
25. аспанда неше күн бар? (1)
26. бір аптада неше күн бар? (7)

27. адамда қанша саусақ бар? (10)

4. Тапсырма.

Жайып салып алдыңа қалағанды,

Жемісті күз кезінде келе қалды.

Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,

Жаратпайды бірақ ол тонағанды .

Жапырақ жинау әр топтың топбасшысы шығады.
Қай топтың топбасшысы көп жинаса сол топ жеңеді.

5. Тапсырма.

Алтын күз шаттық алып кел,

Өнерлі жанға шабыт бер.

Адасқан жанға бағыт бер,

Болсыншы біздің бақытты ел.

Күз туралы сурет салу. 10 минут беріледі.
Салынған суреттерін қорғау.

Ән: Оспанов Мұхаммедәли «болашақ елім»

Ән: Алдабергенова Гаухар «балалық шақ»

Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Біз сізді сағына күтеміз.
Алма, өрік, көкөніске,
Толтырды әкеп, Алтын күз.
Дастарханы таба нанға,
Айналыпты « Алтын күз».

Әділ - қазыларға сөз беру.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,

Қатысу да бір жеңіс, жаң болсан сен ұғатын.


Сабақты қорытындылау. Топтарды марапаттау.





Автор
Дата добавления 22.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров93
Номер материала ДБ-280810
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх