Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Алтын күз" тәрбиелік шара

"Алтын күз" тәрбиелік шара

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

15 С.Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп











Жомарт күз



Тәрбиелік шара

Шағын орталық тобы



Тәрбиеші: Сейткалиева Ж.А.











2016-2017 оқу жылы

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.Күз өнімдерімен таныстыру,олардың ағзаға падасын түсіндіру.Мерекелік көңіл – күй орнату.Балаларды ән салуға,би билеуге,бейімділікке арттыру.Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.Ата-аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ұстаздар!Асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті. Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз!

Төңірек толы сары алтын

Күз келді туған жеріме

Шуағы нұрлы жайнаған

Алтын күз әсем айналам!

Ортаға 3 бала шығады:

Ислам: Қуаныштың ағайын

Қоңырауын қағайын

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді!

Бақдәулет: Айнала сары ала

Қырманға дән тола

Жемістер пісіпті

Қоймаға түсіпті!

Сұлтанәли: Ендеше не тұрыс

Болмасын жан қалыс

Тойлайық, күлейік

Қуанып билейік!

Би "......Жапырақ..............."

(Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)

Сұлтанәли: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!

Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап

Басым айналып барады!

(Басқа балалар көмектесіп, демейді)

Ислам: Енді, енді не етеміз?!

(Құлаған баланың атын атайды) қалай көмектесеміз?

Бақдәулет: Сабыр сақта, саспайық

Дәрігер шақырайық!

Дәрігер Аймира: Мені неге шақырдыңдар,

Қандай шағым, арыздар бар?

Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек!

Дәрігер: Қазір қарап шығайын,

Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)

Дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)

Тістерің орнында, тамағың іспеген

Қол - аяғың әлсізденген

Қызуың ыссы екен

Білдім, неден ауырғаныңды...!

Жеткілікті мөлшерде ағзаңа

Дәрумендер жетіспеген!

Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,

Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Бақдәулет: Қазір күз мезгілі түсті ғой,

Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!

Қоймаға қоңырау шалайық

Күз өнімдерін осында алдырайық!

Ислам: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)

- Алло, алло! Қойма ма?

Бізге жемістер мен көкөністер керек

Машинаға тиеп жіберіңіз

Мүмкін болса тезірек!

(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)

Самал Жүзім: Мені бәрі жүзім дер

Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер

Қызықтырам көркіммен

Қатар - қатар тізілген

Жанерке Шие: Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қажеттімін адамға

Оны жақсы білемін!

Ұлболсын Қияр: Мен қиярмын, сәндімін

Салаттардың сәнімін

Дәруменім мол менің

Жегенге қуат сыйлаймын!

НұрайҚызанақ: Менің атым - қызанақ

Тұзды сеуіп молырақ

Банкілерге салыңыз

Аузын мықтап жабыңыз

Ислам Жаңғақ: Сырты қандай қатты

Дәні сондай тәтті

Шағып қара таңдап

Оның аты – жаңғақ

АзизаАсқабақ: Таңдандырар бәрін

Асқабақпын дәмді

Кептірілген дәнім

Таптырмайтын дәрі!

Айгерім Өрік: Мен - өрікпін, өрікпін

Дәміммен тәтті еліттім

Сүйіктімін сәбилерге

Айтпасам да бөліп тым

Маджида Картоп: Мен картоппын, картоппын

Бір қарасаң - доппын?!

Немен жесең де жағам

Мені қоссаң тәтті болар тағам!

Алшын жуа: Асханадан шықпаймын,Атым пияз –бұқпаймын

Көзден жасты шығарып,тұмаудан бірақ сақтаймын

АйғанымАлма: Мен - алмамын, алмамын

Таңдандырар бал дәмім

Пісіп толдым, мінекей!

Баптап ерек бағбаным

Дәулет Өрік: Дөп-дөңгелек сары

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп

Оныі аты – өрік

ЕрдәулетҚызылша: Үстіне тігіп көк шатыр,астында қызыл дәу жатыр

Кәусар Сәбіз: Жаздай інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әжем бір күні

Айсұлтан алма: Мен алмамын алмамын,таңдай жұлар бал дәмім

Аружан анар-гранат: Бұтақтан үзілген,Жарылса анармын

Моншақтай тізілген,Дәндерін аламын

Бақдәулет: Жайлы,жұмсақ төсегім,домаланып өсемін,

Қабат-қабат тоным бар,қалай оны шешемін

Тәрбиеші: Тентек жел шашып кетіпті

Жапырақтарды сан алуан

Тезірек жинап алайық

Қане, қане кім жылдам?!

Ойын «Кім жылдам?»

Қызықтайық бірге, сүйінелік,

Қолшатырлы қыздар биіне еріп!

Би «Қолшатырлы қыздар биі»

Келесі кезегімізде «дәмін татып атын ата» ойыны

Ортада «саңырауқұлақ биін» тамашалаймыз

Тәрбиеші: Күз тойын осыменен тамамдайық.Ал келген қонақтарымызға «Сау болыңыздар» дей отырып,күз берекелі,астықты болсын,отбасыларыңызға бақыт тілейміз





Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров48
Номер материала ДВ-442902
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх