Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Алтын сақа" ойыны (Абай өлеңдерінің желісі бойынша)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Алтын сақа" ойыны (Абай өлеңдерінің желісі бойынша)

библиотека
материалов

Тақырыбы. Бастауышым-балбұлағым


Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.


Кіріспе бөлім:

(Ертегі музыкасы ойнап тұрады)

Ортаға ертекші шығады:

Ерте, ерте ерте ме екен, әлде мүлде келер күн бе екен, әлемде мектеп деген мықты патшалық болса керек. Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен. Ол патшалық үш хандықтан тұрады екен. Ең кіші «Бастауыш» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп-тәтті бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Уақыт өте келе 10 жасқа толған «бастауыштықтар» « Орталық» хандыққа өтеді. Ол хандықта алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын «Жоғары» хандығына өтіп отырыпты. Бүгін міне, 2012 жылдың 22 мамыры да айтулы күн болып қалмақ. Дәл осы күні «Бастауыш» хан өзінің үлкен ағасына қонаққа келген болатын.

Орталық хан:

Пай, пай,пай, қош келдің бауырым!

Бастауыш хан:

Қош көрдім, ағатай! Өзіңді сағынған екенмін. Кел төс қағыстырып амандассам деп едім.

Орталық хан: Әрине, еркем! Кел, кел.

(Екеуі құшақтасып амандасады)

Бастауыш хан: Аға, менің хандығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің хандығыңа өткелі отырған бүлдіршіндерімнің жұмысымен келген едім. 2008 жылы тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер бүгін міне ақыл –ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырыта алатын шәкірт болды.

Орталық хан:

Е, бауырым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып – жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен, Сенің хандығыңнан келген барлық балаларға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес, мен хандығыма өнерлі, білімді шығармашыл балаларды қабылдаймын.

Бастауыш хан:

Аға, жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәт те келіп тұр. Ал, ендеше жайғасып отырып көрелік

Орталық хан: ал, көрсетсін , балалар, өнерін.

Көңілді әуен ойналып, ортаға сынып жетекшісі шығады.


Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Бастауышым-балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.


Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат

Балалардың бүгінгі тойын

Бірлесіп көрген –бір мұрат– дегендей, мерекелік кешті жүргізушілерді ортаға шақырайық!

Жүргізушілер ортаға шығады

Ақтолқын : Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!


Ғарышбек: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар


Ақерке: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!


Жания:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!


Ақтолқын : Дұрыс айтасың ,Жания! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.


Ақерке :Олай болса, Ақтолқын, алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!

Ән: «Мектебім

Ғарышбек : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше,сыныптастарымыздың мектепке, алғашқы ұстазына деген өнерлерін тамашалайық

Жания: Онда не тұрыс?, сыныптастарымызды ортаға шақырайық!



Ақтолқын:

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда?

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

Төртінші «а» сыныбын ортамызға!


Оқушылар топ-топ болып ортаға шығады:


Мұғалім: Міне, балалар ортаға келіп тұрды. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры: А.Керімбекқызына береміз.

Ән «Ұстаз туралы»


Бибатима:Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды ұғындырған төрт жылым,

Түстей болып міне бүгін артта қалды.

Асылжан:Қабыл етіп білімге алғаш қадамың,

Бағын ашқан талай – талай баланың.

Бетке ұстар мектебіне аулымның,

4 жыл бұрын біріншіге барғанмын.

Аяжан:Ел ардақтап ғұламаның есімін,

Біз тербеттік даналықтың бесігін.

Жамбыл ата атындағы мектептің,

Салтанатпен ашқан едік есігін.

Досбол:Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Гүлім:Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Айдын:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.


Ән./мектеп туралы/

Жания: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Ақерке?

Ақерке :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Ғарышбек:Дұрыс айтасың Ақерке,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Ақтолқын : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Аружан:Толқып, қорқып төрт жыл бұрын

Мектепке біз келгенбіз,

Қоңырауды алғаш естіп

Сыныпқа біз енгенбіз

Бірінші сынып мұғалімі

Күлипа апайды көргенбіз,

Жақсы оқып тәрбиелі

Болуға серт бергенбіз.

Әр отбасы еркесінің

Бабын таба білдіңіз,

Ұстаздықтың қиын жолын

Көтеріп сіз жүрдіңіз.

Болашақтың үлкен жолын

Сізден сызып бастадық

Еркеліктің, жалқаулықтың ,

Көп түрін біз тастадық.

Біз қаншама көп болсақ та

Сізге үмітпен қарадық,

Басқа ұстаздар алдында енді

Оқуға да жарадық.

Ерасыл:Мықты менің ұстазым

Мінді өзімнен іздейін,

Қалыс қалсам, қиналсам

Ұстазымнан көрмеймін.

Тәртіп бұзсақ өзіңізден

Кешіруді сұраймыз,

Терең білім алуды енді

Мақсат етіп шыңдаймыз.

Төрт жыл бойы тынбастан

Өнер – білім үйреттіңіз

Әрбір жүрек кілтін тауып,

Бүгін міне, түлеттіңіз!

Ақтолқын:Қадір тұтып, көптен толғап жүр едім,

Сендер жайлы жыр жазсам деп, мұғалім

Бір шәкіртің жаза басса қадамын,

Ең алдымен сен берерсің жауабын.

Адам жанын адам оңай ұққан ба?

Көрсе сол сәт жарар еді-ау құптарға.

Бар нәрсені сығып беріп шәкіртке,

Соңғы сағат қалжырап бір шыққанда.

Басын иіп, кішігің де ұлығың,

Сенен алар жүрегінің жылуын.

Бірге өтеді мектепте де ,үйде де,

Балалардың ортасында ғұмырың.

Сияр сені нендей ұлы десем де,

Тәлім алды ақын, ғалым, шешен де.

Анасыз жан болмайтыны секілді,

Мұғалімсіз болған емес көсем де.

Бұлдамайсың еңбегіңді ол үшін.

Қарапайым қалпыңнан бір жазбайтын,

Мен өзіңе бас иемін сол үшін,

Құрметтейді ел де сені сол үшін.

Барлық оқушылар қосылып:

Бастауышта білім алған өзіңнен

Құрметтейміз жан деп сізді киелі

Алғыс айтып адал жүрек, пейілмен

Күллі шәкірт сізге басын иеді.

Ән. Ұстаз туралы «Армандастар»

Ғарышбек: Осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Ақерке : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Ақтолқын: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Жания: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Ербол: Білімінің босағасын тұңғыш аттап,

Кірген кез есімізде гүл құшақтап

Қуанып ертіп келген ата-анамыз

Қарсы алып ұстаздар да тұрды шат боп

Досбол: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Шерхан: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Нұрсұлтан:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

Жасұлан :Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Шәкен :Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Ержан :Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ғарышбек :Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Ақтолқын:Олай болса, осы пәндерден алған білімдерімізді ортаға салсақ қалай болады?

Ғарышбек: Салсақ салайық.

Аяжан:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.


Жасұлан: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.


Ақерке: Бұл пәндерден бізге сабақ берген кім?.

Бәрі: Әлия мұғалім

Ақерке: балалар, менің тағы бір сұрақ қойғым келіп тұр. Биылғы оқу жылында қандай елеулі оқиға болды?

-Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы

-Дұрыс айтасыңдар. Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздерін білесіңдер ме, атап жіберіңдерші!

-Ту, Елтаңба, Әнұран

-Ендеше қазір ана тілі пәнінен «Елтаңба мен Ту туралы аңыз» атты көріністі тамашалаңыздар.

Ана тілінен көрініс көрсету / Елтаңба мен Ту туралы аңыз/


Ақтолқын: Сонау көне заманда, бүгінгі қазақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты қос пырақ өмір сүріпті. Сол қос Пырақты бүгінгі қазақтың, кешегі көк Түріктің ата-бабалары алғаш рет ауыздықтап, жанына серік етіпті.

Жания:Сөйтіп, желден жүйрік тұлпар мінген, тұлпар емес-ау, пырақ мінген ерлердің рухы биіктеп, бойларына желік бітіпті. Олар, ұшса- қайыспас қанат, ұмтылса қайырылмас қару болып, жер-дүниені кезіп, шарлап кетіпті.

Ақтолқын: бірақ, бір уақыттарда есін жиыпты. Өзге елдің ерге құт болмайтынын біліп, «Отан-оттан да ыстық», «Өз елім-өлең төсегім» деп, Ергенеқон еліне қайта оралыпты.

Олар оралғанда алдарынан қалқып қыран шығыпты.

Қыран:Ия, не көрдіңдер, , не түйдіңдер?

Пырақ: көргенімзді айтсақ- көп сөз. Түйгенімізді айтсақ «әркімнің өз жері жұмақ екен»

Қыран: Туған жер -тұғырың, туған ел- қыдырың» деген емес пе?

Пырақ: кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре» дегендей, алтын шаңырағымызды өз елімізідің төріне тігуге бел будық

Қыран: Онда, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп, мен де көк төрінде, төбелеріңнен қалықтайын. Алтын нұрлы күн астында айбарларыңды асқақтатайын.

Пырақ: тауып айттың, қыран, Қазақстан атты елдің мәңгілік рәмізіне айналсақ, біз үшін бақыт сол емес пе?

Үшеуі қосылып: Бақытымыз баянды болсын!

Ақерке: Әлия мұғалім бізге бейнелеу өнері, еңбек, дене шынықтыру пәндерінен де сабақ берді емес пе?



Ғарышбек:Олай болса, дүниенің таңғажайып қыры мен сымбаттылық сырын меңгерткен Әлия Дүйсенқызының құрметіне спорттық биді ұсынамыз

/олар дайын болғанша ата-аналармен ойын/

Назгүл: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

Гүлім: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлем мен сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

Ғарышбек:Математика мен қазақ тілінен бізге Күлипа мұғалім сабақ берді. Біздің білімімізге разы болды деп ойлаймын. Ал Күлипа мұғалімнің алып келген тапсырмаларын орындай алар ма екенсіңдер, соны білейік!

/Математикадан тапсырма/

Нұрсұлтан :Үйренеміз жалықпай,

Орыс тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Аружан: орыс тілін меңгердік,

Ағылшынға да ден қойдық.

Сауле, Әсел апайлардың

Айтқандарын екі етпедік.

Ғарышбек : Сауле, Әсел апайлардан сұрайық, балалардың айтқаны рас па екен?

Осы пәндерді олар ден қойып оқыды ма?

Оны өзіміз де тексеріп көрейік, куә болыңыздар.

Асылжан:Нет на свете почётней труда,

Чем учителя труд беспокойный.

Не забудем мы вас никогда

И любви вашей будем достойны.

Бибатима:Как самому близкому другу

Мы шлём горячий привет,

От чистого сердца желаем

Вам долгих и радостных лет!

Аяжан:Русский язык знать

Очень нужно сейчас.

Ваш серьёзный предмет

Никогда не забудем,

И, конечно, будем часто

Вспоминать мы о вас.

Жания: Мемлекетіміздің әрбір азаматы үш тілді қатар меңгеруі тиіс.Ол-ана тіліміз-қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі- орыс тілі, халықаралық тіл –ағылшын тілі. Орыс тілінде тақпақтар айттық, енді ағылшын тілі бойынша білімдерімізді ортаға салайық. /Ойын «Түсті тап»/

Ақтолқын:орыс тілі мен ағылшын тілін меңгертудегі еңбектеріне алғысымызды білдіре отырып, Сауле Абушахманқызы мен Әсел Мейрамқадырқызына келесі әнімізді арнаймыз

Ән «Учат в школе»


Ержан:Біздер үшін ән-күй пәні

Бұлақтан жыр шашқандай

Сауле апайдың тәлімі

Нұрын шашқан жарықтай.

Досбол: Өзін-өзі тану пәні

Шаттық мекен секілді

Ұстазымның әрбір сөзі

Жан дүниемді емдеді.

Жания: Ендеше балалар, ортаға «Шаттық шеңберіне» тұра қалыңдар да, Сәуле мұғалімнің тапсырмасын орындап жіберіңдер. /әуенді таптыру/

Ғарышбек. Бұл тапсырманы да орындап шықтық. Ендеше, осынша әнді жаттатқан Сәуле Нүркамалқызы мен бойымызға ізгіліктің нұрын құйған Айнжамал Меңлібекқызының құрметіне тамаша әнді тарту етеміз.

ӘН «Мектебім»

Ақтолқын:

Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар,

Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар.

Сол пәндердің құпиясын жеткізген

Әр ұстаздың жадымызда үні бар.

Ақерке: Құттықтау сөз кезегін пән мұғалімдеріне береміз.

Бастауыш хан: Құрметті орталық хан, балалар 4 жылғы алған білімдерін ортаға салды. Енді не айтасыз?

«Орталық» хан: Бәрекелді, жарайсыңдар! Жарайсыңдар! Мен сендерді өз хандығыма қуана қабылдаймын. Қанаттарың талмай самғай беріңдер жас өрендер!

Ғарышбек: Құрметті ұстаздар! Жасаған еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Және сіздердің алдарыңызда ант береміз.


Бәрі ант орындайды:

Біз, 4-сынып оқушылары бастауыш сыныпта оқытқан ұстаздарымыздың алдында, өсіріп тәрбиелеген ата-аналарымыздың алдында:

Тәртіпті де, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімізді одан әрі толықтыруға, хат танытқан алғашқы ұстазымызды ұмытпауға, бастауыш сыныптың түлегі деген атаққа лайықты болуға

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айтады)

Жания: Бастауыш мектептің білім кілтін тапсыру үшін ортаға оқу озаты Қожаберген Ерболды және даярлық сынып оқушысы шақырамыз!

Ербол: Құрметті бүлдіршін!

«Білім негізі-бастауышта» демекші, біздің санамызда білімнің алғашқы негізі қаланды. Біз міне білім нәрімен алғаш сусындатқан, өмірге тұңғыш жолдама берген бастауыш сыныпты аяқтап, орта буынға өткелі отырмыз. Бастауыш мектеп біз үшін ерке балалықтың куәсі ретінде мәңгілік есімізде сақталады.

Ал мынау кілт- сол бастауыш мектептің алтын кілті.

Сен де, келесі жылы «бастауыш мектептің шәкірті» атанасың. Саған осы кілтті салтанатты түрде табыс ете отырып, сапалы білім, саналы тәртіппен бастауыш мектептің абыройын асқақтата бер деген тілек білдіреміз.


Ақтолқын: Енді міне ең негізгі қобалжитын кезең де келіп жетті. Сіздерге ең бірінші құжат болатын – бастауыш сыныпты бітіру жөніндегі диплом беріледі.

Ғарышбек: Алдымен ортаға Күлипа мұғалімімізді шақырайық.

Ақерке:Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!



Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.


Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Енді дипломдарды табыс ету үшін мектеп директоры Айнұр Керімбекқызын ортаға шақырайын.

ІІ Бөлім концерттік бөлім

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар,

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,

Барша қауым тамсана таңдай қағар- дегендей сынып оқушыларының концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар

Оқушыларымыз дайын болғанша слайдқа назар аударыңыздар.

-Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жұптаспай,

Тәлім, тәрбие алар ма?- деген өлең жолдары біздің сыныпқа арналған деп ойлаймын. Өйткені менің оқушыларым білімі мен қатар өте өнерлі. Енді сынып оқушыларының қазақша биін тамашалаңыздар.

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй-деп тағы бір әсем әнге кезек береміз. Жаяу Мұсаның әні «ақ сиса» Орындайтындар: Төлен Е, Қожаберген Е..

Сынып оқушылары арасында «Балдаурен» би тобы құрылған. Бұл топ тек мектеп қана емес, кен ішіндегі, аудандағы, жезқазған қаласындағы мәдени шараларға қатысып өнерлерімен тінті етіп жүр. Биылғы «Тау самалы» фестивалі аясындағы аудандық «Күміс қоңырауға» қатысып, дипломдармен марапатталып қайтты.

Қазақ биі «Ата толғауы»

Ерғали Аяжан мен Төлен Ерасылдың орындауларында «Айгөлек» әнін шын жүрекпен қабыл алыңыздар.

4 жыл бойы біліммен сусындатқан ұстаздарына арнап Аманжол Г, Сабиғат Н «Ұядан ұшқан құстай» әнін тарту етеді.

Би «Ча-ча-ча»

Сыныпта 4 жыл бойы «жас Абайтанушылар» курсы жүрді. Оқушылар Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін жаттап, әндерін шырқады. Енді соның дәлелі ретінде Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін ұсынамыз. Орындайды. Қабдулла А. Мүгірова Б.

Төлен Ерасыл мен Ерғали Аяжанды «айналайын» әнімен ортаға шақырамыз.

Үнді биі

Ғарышбек, Ербол «Атамекен»

Жания, Ақтолқын, Ақерке «қазақтай ел қайда»

Би «Бипыл»




















«Білім мен даналық- адам көркі»

Ә.Науаи


Баланың жеке басы қабілетінің дамуына жағдай жасап,

ерекше қабілетті бала тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін

______________________ сынып оқушысы

______________________________________________________

ата –анасы ___________________________________________

___________________________________________

алғыс хатпен марапатталады



Мектеп директоры: А.Кемелбекова


Ә/б жетекшісі: А.Жаңабаева


Ұйымдастырушы: К.Кенжебекова







ҚАРСАҚБАЙ-2012
















«Білім мен даналық- адам көркі»

Ә.Науаи


Оқушының жан-жақты шығармашылық қабілетін айқындап,

ынта жігерін одан әрі дамытудағы

ерен еңбегі үшін _______________ сынып оқушысы

______________________________________________________

жетекшісі ___________________________________________

алғыс хатпен марапатталады



Мектеп директоры: А.Кемелбекова


Ә/б жетекшісі: А.Жаңабаева


Ұйымдастырушы: К.Кенжебекова







ҚАРСАҚБАЙ-2012





















Ана Баубек Бұлқышев


Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып- толғанғаны кімнің есінен кетеді!


Шырылдап жерге түскеннен –ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол-ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің- ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол-ана!

Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес.

Мен білетін қазақ әйелі- қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы.

Ана!! Сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.

Сондықтан барлық аналарды құрметтейік, достар!




Ана Баубек Бұлқышев


Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып- толғанғаны кімнің есінен кетеді!


Шырылдап жерге түскеннен –ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол-ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің- ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол-ана!

Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес.

Мен білетін қазақ әйелі- қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы.

Ана!! Сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.

Сондықтан барлық аналарды құрметтейік, достар!










































Алтын-сақа /Абайдың өлеңдері желісі бойынша/


Тақырыбы: Абай өлеңдері /Жас Абайтанушылар» курсына қатысушылар қатысады/

Мақсаты: Абай өлеңдерін қаншалықты білетіндерін көрсетеді, ұлы Абайдың өлеңдері

арқылы балаларды әдептілікке, адалдыққа, еңбекке баулу, оқушының есте

сақтау қабілеттерін байқау

Көрнекілігі: 4 күйме, 5 қоржын, асықтар, сұрақтар салынған конверт

Барысы:

Кіріспе бөлім:Құрметті, көрермендер! Бүгінгі өткізілгелі отырған «Алтын сақа» ойыны ұлы Абай Құнанбаевтың шығармалары желісі бойынша өтпекші. Өйткені, біздің сыныпта 1-сыныптан бері «Жас Абайтанушылар» курсы өтіп келеді. Осы жұмыстың қорытындысы ретінде балалар Абай және оның шығармаларынан өз білгендерін ортаға салады.

Ойынның барысы:

Ойын кезеңдерімен таныстыру

1-кезең: «Табалдырық» ойынғы қатысушыны оқушылар арасынан таңдаймын. 2 сұраққа жауап берген 4 оқушы таңдалады.Ойыншылар күйменің түсін өздері таңдайды.

2-кезең: «Әудем жер»

3-кезең: «Қозы көш»

4-кезең. «Беласар»

5-кезең: «Жолайрық»

Жолайрыққа шыққан оқушы жеңімпаз болып есептеледі. Ол осы кезеңге тігілген сыйлықты және 24 асықты қанағат тұтып «Алтын көмбе» ойынына қатыспауына да болады. Ал, тәуекелге бел буып, білімін әрі қарай сынаймын десе ,ескеретін нәрсе- «Алтын көмбе» сұрағына жауап бере алмаған жағдайда «жолайрықтағы» сыйлығынан айырылады. Ал, ұтқан жағдайда «алтын көмбе» сыйлығын иеленеді.

6-кезең: «Алтын көмбе»

Ескерту: Сұрақтарды асықтарды шиіру арқылы таңдайды. Асығы алшы түскен ойыншы сұрақ салынған конверт түсін таңдайды. Әр қоржында 6 асықтан. Ойыннан шыққан оқушы асықтарын барлық ойыншыларға тең бөліп береді.

Негізгі бөлім.

Ойынымызды бастамас бұрын Абайдың өмірі туралы шағын мәліметпен танысып отырыңыздар.Бірмағанбет Ақтолқын А.Құнанбаев өмірі туралы мәлімет береді.

1-кезең «Табалдырық»

1.Абай неше жасынан бастап өлең жазған?

-12 жасынан

2.Абай айтып кеткен 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап бер

Асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

3. «Шомшы» деген не? Бұл сөз қай өлеңде кездеседі?

Шомшы- астық екпеген ел басқа елге түйемен барып астық алып қайтады, сонда түйе бос барып, шом артып қайтады

4.Абай Құнанбаев неше қара сөз жазған?

-45

5.Бүркітші аңға қай уақытта шығады?

-Қансонарда

6.Мына жодарды әрі қарай жалғастыр Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы?

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы?

Қолымды дөп сермесем өстер ме едім?

Адамның бір қызығы- бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып төске өрледім,

Қазаққа қара сөзде дес бермедім.

Еңбегіңді білерік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

7. Абай Құнанабаев қай жылы дүниеге келді?

-1845 жылы

8. Абай өзінің 31-қара сөзінде Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар-дейді.

Соларды кім атап бере алады?

Әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек;

Екіншісі- сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;

Үшінші- сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;

Төртінші- ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез бола қалса, салынбау керек.



ІІ кезең: «Әудемжер»

А.Құнанбаевтың өлеңдерін оқып, жаттап, талдағанбыз. Алдарыңда ақынның 10 өлеңі жазылған / «Күз», «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Білімдіден шыққан сөз»/

Осы өлеңдері төңірегінде кез-келген сұраққа жауап беруге дайын болыңдар.Берілген әрбір сұраққа өлең жолдарымен жауап берілу керек.

1. /қызыл/Абайдың «Қыс» өлеңінде қандай қыстақтың аты аталады, және сол шумақты жатқа айтып бер.

Жауап: Қондыбай, Қанай қыстақтары

Соныға малды жайып, күзетіңдер,

Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды.

Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,

Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

2./сары/ Құлақтан кіріп, бойды алатын не?

Жауап: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

3. /көк/Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?- бұл қай өлеңі?

Жауап: «Өлсе өлер, табиғат адам өлмес»

4./жасыл/ «Күз» өлеңінде ағаш пен қурайды Абай кімдерге теңеген?

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылғн ағаш, қурай


Ең аз ұпай жинаған оқушы асықтарын бөліп беріп, ойыннан шығады




ІІІ кезең: «Қозыкөш» 1. /қызыл/ Мына шумақтар қай өлеңінен алынған?

Ұқпай жатып жалығар,

Ұйқылы-ояу бойкүйез.

Жас баладай жеңсік қой,

Байлаулы емес ақыл-ой.

Ойлағаны- айт пен той,

Ыржаң-қылжаң ит мінез.

- «Білімдіден шыққан сөз»

2. /сары/ Ұстаздар туралы айтылып жүрген нақыл сөз Абайдың қай өлеңінде кездеседі, және сол шумағын айтып бер?

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға.

3./көк/ Өлеңді әрі қарай жалғастыр және бұл қай өлең?

Жаз жіберіп, жан берген қара жерге...

Жауап: «Жазғытұры»

Жаз жіберіп, жан берген қара жерге,

Рахметіне алланың көңіл сенер.

Мал семірер, ақ пенен ас көбейіп,

Адамзаттың көңілі есіп көтерілер.

Кемпір, шал шуақ іздеп,бала шулар,

Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.

Жыршы құстар әуеде өлең айтып,

Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.

4./жасыл/ Ғалымға болмасаң да, ұқсап бақ-деп қай өлеңінде жырлайды?

-«Ғылым таппай мақтанба»

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Тағы бір ұпайы аз оқушы ойыннан шығады

Ән. «Желсіз түнде жарық ай»

ІҮ кезең «Беласар»

1. /қызыл/ Жайлауда байдың ауылға келгендегі іс-әрекеті

«Жаз» өлеңінде қалай суреттеледі?

Бай да келер ауылға, Аяңшылы жылпылдап.

Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып.

Жасы үлкендер бір бөлек, Кеңесіп, күліп, сылқылдап.

Жалшы алдаған жас бала Жағалайды шешесін.

Ет әпер деп қыңқылдап. Көлеңке қылып басына,

Кілем төсеп астына. Салтанатты байлардың, Самаурыны бұрқылдап.

2. /сары/ Көл жағасында балалар неге мәз? Өлең жолдарымен жауап бер.

-«Жазғытұры»

Көл жағалай мамырлап, қу менен қаз,

Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.

Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,

Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауыл баз.

3./көк/ Саудагерлер, диқаншылар, шаруалардың жұмысы қай уақытта қызады?

- «Жазғытұры»



Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,

Диқаншылар жер жыртып, егін егер.

Шаруаның бір малы екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.

4./жасыл/ Абай баласын медресеге неге берді?

-«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып төске өрледім,

Қазаққа қара сөзде дес бермедім.

Еңбегіңді білерік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

Аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады. 1 ғана оқушы қалады. Жеңімпаз ретінде сыйлыққа ие болады.Ол оқушының «Алтын көмбедегі» сұраққа жауап беруге құқы бар. Егер жауап берсе «Алтын көмбенің» сыйлығына ие болады.

Ү. «Жолайрық» «Бақи, фәни» деген сөздердің мағынасын түсіндір, және бұл сөздер ақынның қай өлеңінде кездеседі, сол шумақты айтып бер?

-«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»

Бақи--мәңгі жасаушы

Фәни- жалған дүние

Кім жүрер тіршілікке көңіл бөлмей,

Бақи қоймас, фәнидің мінін көрмей.

Міні қайда екенін біле алмассың,

Терең ойдың телміріп соңына ермей.

Жеңімпаздың құрметіне Абайдың «Құмырсқа мен шегіртке» мысалы желісіндегі сахналық қойылымды тамашалаңыздар.


Қорытынды

















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров182
Номер материала ДВ-419936
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх